Табиғат Рисалесі
(Бұл, он жетінші Сәуленің он алтыншы мақаласы болатын, бірақ маңызды-лығына орай "Жиырма үшінші Сәуле" атанды. "Табиғатқа" негізделген бұл трактат "сенімсіздіктің идеясын", демек, Құдайдан безген атеистік ұғымды түбірлей бекерге шығарып, көзін жоюда, күпірліктің ірге тасын тас-талқан етуде.)
Ескерту
Бұл мақалада, жаратылыстанушылардың Құдайдан безген тобы жолының ішкі арқауы, оның мәнісі қаншалықты бос әрі бұрыс, өте қисынсыз әрі ақымақтық екендігі тоқсан аттың қуаты бар тоғыз қайырмамен баяндалады. Мұндай қисынсыздықтар басқа кітапшаларымда едәуір түсіндірілген; бүл мақала қысқа болғандықтан, кейбір сатыларды аттап өттік. Осыған орай бірден-ақ мынадай ой туады: "Неліктен мәшhүр философтар, көрінеу көзге осы бір ап-анық та қарапайым жөнсіздікті мақулдап сол жолды таңдады екен?"
Иә, олар өз ілімдерінің ішкі мәнін көре алмаған. Шынтуайтына келгенде, олардың доктриналарының шын мәні, мақаланың бас жағында баяндалған жөнсіз де қисынсыз әрі ұсқынсыз,(Сілтеме)1 ертегі тәрізді болмашы нәрселер. Бұған күмәнданушы-ларға өте анық та, бұлтартпас айғақтармен жан-жақты дәлелдеп беруге дайынмын.
1(Сілтеме) Бұл мақаланың жазылу себебі, Құдайдан безген кәпірлердің тым қатігез әрі оспадарсыз түрде, өздерінің ақылдары жетпейтін нәрселерге "аңыз" деп, атеизмді табиғатпен ұштастыра келіп, Қасиетті Қуранға тіл тигізулері болды. Жаныма қатты батқан бұл сұмдыққа шыдай алмай қолыма қалам алдым. Сөйтіп, Аллаhу Тағала, әлігі хақ жолынан тайғандарга менің қаламым арқылы күйрете соққы берді. Шынтуайтына келгенде "Рисалә-и Нур" қасиетті, епті де нәзік сөз.
Осы бір аят, болымсыз сұрақ қою арқылы "Құдай жайында ешқандай да күмән болуы мүмкін емес," -дей отырып, оның ешқандай да шүбәсіз, бар әрі бір екенін ап-анық баяндайды.
Бүл қүпияны ашпай турып тоқталар бір "Ескертпе".
1922 жылы мен Анкараға келгенмін. Грек әскерімен соғысып жеңіске жеткен екпінді Ислам әскерінің санасында, атеистік ұғымның ұшқындары бар екенін, жарақаттау үшін у жыландай шыр айналғанын көріп "Қап, мына сұм жылан иманның шарттарын зақымдайтын болды-ау!" деп қатты қынжылдым. Содан, анық түрде Аллаhтың бар, әрі бір екендігін білдіретін мына аятты көмекке шақырып, медет қылдым. Құраннан туындаған әлгі қуатты айғақты араб тілінде жаздым да оны "Жаңа күн" баспасында бастырып шығардым. Алайда ден қойып қарағандар мен арабша тіл білетіндер аз болғандықтан, өкінішке орай әлігі жинақты да нақты айғақтармен жазылған мақаламның әсері айтар-лықтай бола қоймады. Өкінішті-ақ, әлгі дінсіздік ұғымы өркен жайып күшейіп кетті. Амал жоқ, оны түрік тілінде баяндауға тура келді. Бұның кейбір жерлері басқа еңбектерімде кездесетіндіктен қазір қысқаша баяндалмақ. Басқа жерлердегі айғақтар осы айғаққа бірлесіп, ұштасып отырады. Әрқайсысы муның шағын үлгісі тәрізді.
КІРІСПЕ
Ей адам! Есіңде болсын жұрт аузында дінсіздіктің лебі есетін қорқынышты сөз бар. Онысынан бейхабар имандылар да бұл сөздерді қолданып қалады. Солардың маңыздыларынан үшеуін баяндап берейін.
БІРІНШІСІ: "Әужәдәтhүл- әсбаб", яғни денені себептер жаратады.
ЕКІНШІСІ: "Тәшәккәлә би нәфсиhи", яғни "Өзінен-өзі болады."
ҮШІНШІСІ: "Иктизатhүл табиғат", яғни "табиғи мұқтаждық" немесе "табиғат - муқтаждық туғызу арқылы зат жасайды."
Иә, Әлемде дене бар. Оны ешкім де жоққа шығара алмайды. Сондай-ақ, әрбір дене шебер әрі хикметті түрде пайда болуда. hәм, мәңгілік емес, сондықтан жаңадан жаңғырып отырады.
Олай болса, әй, дінсіз! Қандай жағдайда болмасын сен: "Мына болмысты, мәселен, мына хайуанды себептер жаратты, яғни себептер жиналып дене жаратты дейсің, болмаса өзінен-өзі пайда болуда немесе табиғаттың әсерінен пайда болуда... не болмаса Қадир-ы Зүлжәләлдың құдіретімен жаратылуда." -деуге мәжбүрсің.
Сонымен, ақылға салар болсаң аталған төрт жол дан басқа жол жоқ. Әуелгі үш жол жөнсіз, бұрыс әрі бос аңыз екендігі толық дәлелденсе, шарасыз қалып, амалсыз түрде төртінші жол— Уахданиет ұғымы, шүбәсіз де күмәнсіз дәлелденген болып шығады.
Ал, енді "себептер туындатады" деген бірінші жолға келейік. Мұның қисынға келмейтін қыруар жақтары бар. Олардан тек үшеуін ғана баяндаймыз.
Біріншісі: Көз алдымызға бір дәріхана елестетейік. Дәріхананың сөресінде дәрі-дәрімек жасауға қажетті заттар толтырылған жүздеген құтылар. Бізге әлгі заттардан жаны бар қоймалжың дәрі, сондай-ақ у қайтарғыш тірі таңғажайып дәрі жасау қажет бол ды дейік. Осы ниетпен дәріханаға кіріп едік, манағы таңғажайып дәрілер көп-ақ екен. Жаны бар қоймалжың дәріні зерттей бастап едік манағы құтылардың әр қайсысынан өзіндік бір таразымен өлшенген бір-екі грамм анадан, алты-жеті грамм мынадан тағы сол сияқты... көптеген мөлшерде заттар алынған екен. Егер, біреуінен бір грамм артық не кем алынса, манағы дәрі жандылығын жоғалтып, қасиетінен айырылар еді. Содан әлгі у қайтарғыш таңғажайып тірі дәріні де зерттеп едік, әрбір құтыдан өзіндік таразымен заттар алынғаны сондай, олардан зәррәдей артық кетсе, манағы дәрі өзінің қасиетін жоғалтады. Бейне бір әлгі жүзден аса құтылардың әр қайсысынан түрлі таразылармен өлшеніп алынғандай құрамы сан-алуан заттардан жасалған. Апырым-ай, манағы қутылардан алынған өлшемдер, құтылардың ғажап кездей-соқтықпен немесе аласұрған дауыл соғып шайқал-уының нәтижесінде әрқайсысынан белгілі ғана мөлшерлердің ағуынан, бірігіп тоғысуынан пайда болуы әсте мүмкін бе? Бұдан асқан ақымақтық, бүдан асқан қисынсыздық бар ма? Есек екі рет есекке айналып соңында адам болса, сөйтіп мұны естісе "жоқ, мүмкін емес,"- деп тұра қашар еді.
Міне, осы мысал сияқты... әрбір жанды мақұлық— әрине жаны бар қоймалжың бір дәрі, әрбір өсімдік— у қайтарғыш таңғажайып бір дәрі. Құрамы сан-алуан бөлшектерден, түрлі-түрлі заттардан құралған оларды, егер себептер, элементтер жаратты десе; дәл манағы дәріханадағы қоймалжыңның, құтылардың қулап кетуінен пайда болуы сияқты ақылға сыймайтын ақымақтық.
Түйін: Мына әлем атты алып дәріханада Хаким-і Әзәлидің тағдыр мен қаза таразысымен өлшеніп алынған жанды заттар, тек шексіз хикметпен, соңсыз іліммен және барлық нәрсеге шамасы жететін қудірет арқылы ғана пайда бола алады. "Соқыр, мылқау, шегін білмей селдей аққан элементтер немесе табиғат я болмаса себептер жаратты" дейтін бейбақ, әлігі құтылар өзінен-өзі қулап кетіп тоғысты да таңғажайып дәрі пайда болды" деген есуастан бетер ақымақ. Иә, мундай күпірлік есі ауысқандар мен көзі қызыл мастарға тән сандырақ.
Екіншісі: Егер жаратылыс атаулы Уахид-ы Әхадқа берілмей, себептерге жүктелсе, онда әлем-дегі барлық элементтер мен себептердің күллі жанды мақұлықтардың болмысына қосқан үлесі мен қатысы болуы тиіс. Алайда, шыбын сияқты өте ұсақ бір мақұлықтың болмысында сан-алуан бір-біріне қарама-қарсы себептердің асқан тәртіптілікпен жүйелі түрде бас қосуы мүлдем қисынсыз екені сондай, тауықтың миындай ақылы бар адам, "жалған, олай болуы мүмкін емес" дейді. Рас, бір шыбынның шағын болмысы, әлемнің көптеген элементтерімен, себептерімен тығыз байланысты, тіпті оның бір түйіні болып табылады. Егер Қадир-ы Әзәлиге берілмесе, әлігі материалдық себептер шыбынның болмысының жанында өзі болуы қажет, тіпті оның усақ болмысына енуі керек. Болмысының кішірейтілген өрнегі саналатын көзіндегі бір жасушаның (клетка) ішіне енуі қажет. Өйткені, себеп материалдық нәрсе, олай болса нәтиженің жанында әрі ішінде болуы қажет. Бұл дегеніміз екі шыбынның қылдай жіңішке аяқтары сыйыспайтын бір жасушада әлемнің элементтері, табиғаттар, ірі құбылыстар тоғысып, ұста сияқты ішінде қашау қашағандарын қабылдау керек.
Міне, нағыз сарыуайымшыл ақымақтардың өзі де мундай көзқарастан ұялады.
Үшіншісі: ![]()
нақты қағидасына сүйенер болсақ: "болмыста бірлік, бірегейлік болса, әлбетте ол бір қолдан ғана шыққан." Әсіресе, болмыс асқан тәртіппен, өте дәл өлшемдермен алынған күрделі тіршілікке ие болса, онда оның астан-кестен болған, бір-бірімен қырқыса соқтығысқан, көптеген қолдардан емес, керісінше өте Қадир, Хаким бір қолдан шыққаны белгілі. Солай бола тура, есепсіз әрі меңіреу, мылқау, топас әрі селдей соқтығысқан табиғи себептердің айқыш-уйқыш қолдарына; шексіз мүмкіндіктер, биліктер берілген сәтте себептердің соқырлығы мен атқарар міндеттері арта түседі. Ондай жағдайда оған жүйелі де тыянақты сүйкімді де бірегей болмысты беру, мыңдаған жөнсіздікті бірден мақұлдау сияқты ақымақтық. Муны санамағанның өзінде материал-дық себептердің денеге әсері әлбетте жанасу арқылы жүзеге асады. Алайда табиғи себептер, жан-жануарлардың сыртқы жағына ғана жанаса алады. Әйтсе де олардың қолдары жетпейтін ішкі қурылыс, сыртқы құрылыстан әлдеқайда тыянақты, әрі күрделі, шеберлік жагынан өте керемет. Материалдық себептердің қолдары әсте жетпейтін тіпті сыртқы жағына да толық жанаса алмайтын ұсақ жәндіктердің қурылысы, ірі мақұлықтардың құрылы-сынан шеберлігі тым керемет, жаратылысы жағынан ғажап бейнеде болғандарын көре тұра, бұларды меңіреу әрі сауатсыз, дөрекі де ірі себептер жаратты деу үшін жүз есе көрсоқыр, мың есе керең болу керек.
Ал енді, екінші жолга келетін болсақ: "Тәшәккәлә би нәфсиhи", ягни өздігінен пішімге иеленеді. Бұл сөздің де көптеген жөнсіз жақтары мен ақылға сыймайтын аңыз жақтары бар. Мысал ретінде үшеуін баяндаймыз.
Біріншісі: Әй, қасарысқан атеист! Тәкәббар-лығың сені ақымақ қылғаны сондай, жүздеген жөнсіздікті бірден қабылдауды жөн санайсың. Өйткені, сен барсың әрі қарапайым қара тас емес, үнемі қозғалыста болатын тыянақты машина, немесе тоқтаусыз жаңарып отыратын таңғажайып керемет зәулім сарай сияқтысың. Сенің болмы-сыңдағы атомдар (молекулалар) әрдайым қозғалыста. Сенің мына болмысың бүкіл әлеммен, әсіресе қоректену жағынан, нәсілін жалғастыру тұрғысынан өзара тығыз байланысты. Болмысыңда қозғалыста болған атомдар (молекулалар), манағы байланысты үзбеу, қарым-қатынасты бұзбау үшін, ақырын қимылдауда. Абайлап, мұқият түрде қозғалыс жасайды. Бейне бір бүкіл әлемді көріп тұрғандай. Сенің әлеммен араңдағы қатынасты көріп, соған қарай күйге енеді. Сен де ішкі және сыртқы мүшелеріңмен әлгі атомдардың ғажап күйлеріне қарай байланыс қүрасың. Егер сен, болмысыңдағы атомдарды Қадир-ы Әзәлидің тіл алғыш қызметшілері, тәртіпті әскері, сондай-ақ тағдыр қаламының ұштары, яғни әрбір атом белгілі бір қалам ушы, құдрет қаламының нүктелері, яғни әрбір атом бір нүкте екендігін мойындамай, қарсы шықсаң, ол кезде белгілі бір іс атқарған әлігі атомға сондай бір көз тағу керек, ол көз сенің тула бойыңды көретіні сияқты бүкіл әлемді де көре алатын қабілеті болуы керек. Әрі сенің болашағың мен өткеніңді, шыққан тегіңді, нәсілің мен асылыңды, құралған бөлшектерінің қайнар көзін сондай-ақ немен қоректенетінін білетін, тасқан ақылы, жүздеген ғұламалардың санасындай санасы болуы керек. Бұл тұрғыда ұғымы таяз сен сияқты бір адамның бір атомына мыңдаған Платонның ілімін беру бір емес мың есе ақымақтық.
Екіншісі: Сенің болмысыңбейне бір мыңкүмбезді зәулім сарай тәрізді. Күмбездің әрбір тасы ештеңеге тірелмей, жүйелі тәртіппен үйлесімді тұрғызылғаны сондай, зәулім сарайдан мың есе ғажап. Өйткені сенің сарай тәріздес болмысың әрдайым жаңаруда. Тым керемет рух, жүрек, ішкі сезімдерді есептемегеннің өзінде тек денеңдегі мүше, бір күмбезді үй тәріздес. Атомдар болса күмбездің тастарындай үйлесе қалып керемет ғимарат, асқан шеберлікті көрсетеді. Мысалы: көз немесе тіл. Булар таңғажайып қудіреттің муғжизәсі. Егер бұл атомдар, мына әлемнің ұстасының қол астындағы жауынгерлері деп саналмаса, онда әрбір атом денедегі барлық атомдарға тікелей әкім, hәм әрқайсысына тікелей тұтқын, hәм әрқайсысымен теңдес, hәм Уажиб-ы Ужудқа тән көптеген сипаттарға ие, оның қайнар көзі, hәм бір-біріне бағынышты. Онымен ғана қоймай Уахдеттің сырымен тек бір Уахид-ы Әхадтың туындысын әлігі шексіз атомдарға беру мүлдем жөнсіздік екенін аз ғана ақылы бар адам да түсінеді.
Үшіншісі: Егер сенің болмысыңды Уахид-ы Әхадтың қаламымен жазылган бір хат демей, табиғи немесе себептерден пайда болған баспа жазу десе, онда денеңде кішкене жасушадан бастап сонау толып жатқан қоспалар үшін саны қанша болса сонша табиғаттың қалыптары болуы қажет. Өйткені, мәселен, мына қолымыздағы кітапты хат деп алатын болсақ іс оңай. Бір ғана қалам, жазушының іліміне сүйеніп әп-сәтте жазар еді. Ал, егер ол, хат болмай да оның қаламына сүйенбесе, яғни өзінен-өзі пайда болды немесе табиғат жаратты десе ол кезде оның басылуы үшін бір кітап сияқты әрбір әрпіне арнайы бір темір қалам қажет. Баспаларда әрбір әріптің арнайы қалыбы болатыны мәлім, сонда ғана әлігі әріптер шығады. Мундай жағдайда бір қаламның орнына қанша әріп болса сонша қалам болуы қажет. Тіпті кейде бір бас әріптің үстіне майда жазумен бір бет өлең жазылады, ондай да бір әріп үшін мыңдаған қалам қажет болады. Егер ол жазулар бір-бірімен араласа үйлесіп сенің денең сияқты пішін алатын болса, ол кезде әрбір жерінде әрбір бөлігі үшін манағы қоспалардың шамасындай қалыптар қажет. Жә, осы бір түйіні көп қисынсыз нәрсені мақұлдасаң да мына тыянақты да шебер жасалған темір әріптерді, мына керемет қалыптар-ды, қаламдарды жасау үшін қайтадан бір қаламға берілмесе әлігі қалыптар, қаламдар, темір әріптер жасау үшін олардың шамасындай қалам, қалып, әріп жасау қажет. Қалай десеңіз оларда жасалған әрі өте шеберлі жасалған т.с.с... Осылайша сабақтасып кете береді.
Міне, енді сен де түсінген шығарсың, атеистік ұғым сондай бір үғым, іші тола қисынсыздықтар мен аңыз ертегілер. Ей, қасарысқан имансыз! Үялсаңшы... Бас тарт бұл адасушылықтан!
Үшінші жол: "Иктизатhү-т табиғат", ягни табиғат муқтаждық туғызу арқылы зат жасайды. Бұл көзқарастың да көптеген жөнсіз жақтары бар. Мысал ретінде үшеуін баяндалық.
Біріншісі: Әлемдегі болмыстардың, әсіресе жан-жануарлардың жаратылыстары зерделі де хикметті-ақ. Осы бір жаратылысты Шәмс-і Әзәли өзінің тағдыр және құдірет қаламымен жазды дегенді жоққа шығарып, түйсіксіз соқыр, мылқау әрі меңіреу табиғат, немесе басқа бір күш жаратты дейтін болса, ол кезде табиғат, барлық нәрседе өзінің толассыз машиналарын, баспаларын құруы керек, не болмаса барлық нәрсеге әлемді жарата алатын әрі басқара аяатын бір қудірет пен хикмет беру қажет. Себебі, мәселен, күн сәулесі жер бетіндегі кішкене шыны сынықтарында шағылысып жалт-жұлт етеді, егер әлігі үлгі тектес шағылысқан кішкене күндер аспандағы нағыз күнге берілмесе, онда иненің көзіндей шыны сынықтарының ішінде табиғи, кәдуілгі яғни күннің қасиеттеріне ие, болмысы шағын мағынасы терең күннің болмысы бар екенін және бір емес шыны молекулаларының саны қанша болса сонша, табиғи күн бар екенін мақұлдауға тура келеді... дәл осы мысал сияқты жаратылыс атаулы мен жан-жануарларды тікелей Шәмс-і Әзәлидің есімдерінің көріністері деп санамаса, онда әрбір болмыста әсіресе әрбір жан-жануардың бойында асқан қудірет пен билік, шексіз ілім мен хикмет әрі қудірет бар деп яғни әрқайсысының ішінде бір тәңір бар екенін мойындау керек. Мундай угым әлемдегі аңыздардың ең қисынсызы. Бүкіл әлемнің Жарату-шысының өнерін; қияли, мән-мағынасыз, қараңғы табиғатқа беретін адам, әлбетте хайуаннан жүз есе хайуан, мың есе санасыз.
Екінші ақымақгершілік: Егер мына көз алдымыздағы сұлу да әсем, дәйекті де шебер, әрі хикметті жаратылыстар шексіз Қадир, Хаким біреуге берілмесе, мәселен табиғатқа берілсе, онда ол, әр уыс топыраққа Еуропаның баспалары мен фабрикаларының саны шамасында машиналар мен фабрикалар қурсын да оған отырызылған сансыз гүлдерге қайнар көз бен мекенжәй болып жеміс беруіне, сондай-ақ түрленіп өркен жаюына себеп болсын. Өйткені, топырақ толы құтыға кезекпен отырызылған сан-алуан тұқымдардың бір-бірінен өзгеше түр, өзгеше түс өзгеше бейне алулары, бізге әлігі бір уыс топырақта гүл өндіру қабілеті бар екенін көрсетеді. Егер бұл құбылыс Қадир-ы Зүлжәләлға берілмесе, ол кезде манағы қутыдағы топырақтың ішінде әрбір гүл үшін арнайы табиғи машина болуы керек, әйтпесе гүл шықпас еді. Өйткені тұқым атаулы тектес, олар қандай да болмасын ұрық пен жумыртқа тәрізді сутек, оттек, көмірқышқыл және азоттан қуралады. Осылардың ретсіз, бей-берекет қамыр сияқты қоймалжыңнан қуралып, әрі ауа, су, жылу, жарық сияқты қарапайым әрі санасыз, айдаған жаққа кете беретін нәрселер арқылы болатындықтан, манағы сансыз гүлдердің түрлері басқа-басқа тым сүйкімді түрде шығуы, әлігі топырақтың ішінде ойша Еуропа үлкендігінде мағынауи әрі шағын мөлшерде баспалар мен фабрикалар болуын талап етеді. Сонда ғана осыншама тірі маталарды және мыңдаған түрлі-түсті тоқыма өнімдерін шығара алмақ.
Міне табиғаттанушылардың дінсіз үғымы неткен қисынсыз екенін ақылга салып сарапта. Сөйтіп табиғатты өздеріне "жаратушы" жасап, оны "табиғат ана" деп жүрген адам бейнесіндегі есерсоқтардың өздерін "ғылым адамымыз, ақылдымыз" деп көкірек қағуы олардың ақыл мен ғылымнан қаншалықты қол үзіп қалғандарын, болмашы аңыз ертегіні өздерінше мамандық деп білгендеріне қарап күл де түңіл!
Былай деп сауалдауыңыз мүмкін: Егер жаратылыс атаулы табиғатқа берілсе, қыруар қисынға келмейтін жөнсіздіктер пайда болады екен. Апырым-ай, бұларды Әхад әрі Сәмәдке бергенде аталған қиындықтар қалай жойыла қояды? Манағы толғауы жоқ мүмкінсіздіктер қалай жеңілдікке айнала қояды?
Жауап: Бірінші мысалда, есіңізде болар, Күн сәулесінің шағылысы еш қиындықсыз кіп-кішкене атомнан бастап, тым үлкен теңіз бетіне дейін өзінің нұр сәулесін, әсерін, өзі тектес кішкене мысали күндер арқылы көрсетеді. Егер оның күнмен арасындағы байланысы үзілсе, онда әрібір бөлшекте табиғи, кәдуілгі күннің сыртқы пішінін мүмкін болмаса да амалсыз қабылдауға тура келеді. Сол сияқты әрбір болмыс тікелей Зат-ы Әхад пен Сәмәдқа берілсе, өте оңай әрі жеңілдік пайда болып бір мансап, бір құбылыс пайда болады да сол арқылы бүкіл болмысқа не керек болса, сонымен қамтамасыз етіледі. Егер мұндай байланыс үзілсе және әлігіндей қызмет жүгенсіз, болмыс атаулы өзімен-өзі болып немесе табиғатқа қалса, ол кезде шешілмейтін түйіндерге, ақылға сыймайтын мүмкінсіздіктерге көз жұмып, шыбын тәрізді жәндіктің әлемнің шағын үлгісі тәрізді таңғажайып машинадай болмысын жаратқан, ішіндегі меңіреу табиғатта, әлемді жарататын құдірет пен хикмет бар екенін мақұл дауға тура келеді. Бұл дегеніміз бір емес, бәлки мың есе қисынсыздық.
Сонымен, мынадай қорытындыға к е л е м і з: Зат-ы Уажиб-үл Ужудтың серігі мен теңі жоқ, болуы да мүмкін емес. Сол сияқты оның құдіретіне және болмысты жарату ісіне өзгенің араласуы, серігі болуы мүмкін емес, бүл дегеніңіз қисынсыз әрі жөнсіз де.
Ал, екінші жөнсіздіктегі мүшкілге келетін болсақ; көптеген еңбектерімде дәлелденгені сияқ-ты, егер болмыс атаулы Уахид-ы Әхадқа берілсе, баршасы бір ғана болмыстай жеңіл әрі оңай болады. Егер іс себептерге, табиғатқа қалса, бір ғана болмыс, барша болмыс сияқты қиындық тудыратыны көпте-ген бүлтарпас айғақтармен дәлелденген болатын. Солардан біреуін ғана қысқаша баяндайтын болсақ; мәселен, біреу, патшаға әскер немесе қызметші болып байланса, сол байланыстың арқасында күш-жігері жүз мың есе артып, атқаратын қызметінен әлдеқайда көп істер тындырады. Кейде патшаның атынан ол басқа бір әкімді тұтқындай алады. Өйткені атқаруға тиісті істері мен жумыстарына қажетті жиhазат пен керек жарақтарды өзі тасымайды, тасуға да муқтаж емес... Қалыптасқан байланыс жүйесі бойынша патшаның қазыналарын сондай-ақ, оның әскерімен оның да сыртында турған тірек қызметтеріне арқа сүйейді. Демек, атқарған істері тап-туйнақтай, бейне бір патшаның ісі сияқты немесе қозғалысы бір орданың қозғалысы тәрізді таңқаларлық боп бітеді. Мысалға; құмырсқа сондай қызмет алу арқылы Перғауынның зәулім сарайын тас-талқан етеді...қара шыбын сондай байланыстың күшімен Нәмрудты жер жастандырады. Осындай байланыс арқасында құйтақандай қарағайдың дәні әп-әйдік қарағайды нәрмен, жиhаздармен қамтама-сыз етеді.(Сілтеме)2 Егер мұндай байланыс үзіліп, әлігіндей қызметтен босатылса, әлігі істерге қажетті нәрселерді, жиhаздарды, қару-жарақ, күш-қуатын белінде, білегінде тасуға мәжбүр болар еді. Ондайда, істі, бойындағы аз ғана қуат мөлшері, беліндегі қару-жарақ шамасына қарай атқарады. Әуелгі жағдайда өте оңай атқарған істерді енді осы ретте оны атқару үшін білегінде қалың әскер күші, арқасында патшаның қару-жарақ заводы болуы керек. Әрине, мұндай жағдайды қиялға жүйрік сай-қымазақтардың өзі естісе, қатты уялатын шығар.
2 (Сілтеме) Сонымен өзара байланыс болса, бір дәнге, Аллаhтан әмір келеді де әлігі дән гажап іс атқарады. Әлігі байланыс үзілген болса, әлігі дәннің зәулім агаш боп жаратылуы үшін жиhазат пен құдірет әрі өнер қажет болар еді. Өйткені, тау етегінде өскен -Құдайдың қудіретінің туындысы алып қарагай агашының барлық ағзалары, жиhазаттары тагдыр туындысы - магынауи дәнінде. Мына зәулім агаштың фабрикасы сол дәннің өзі емес пе? Ішіндегі тагдыры жазылган агаш, құдірет күшімен сыртқа шығып кәдуілгі зат - зәулім қарагайга айналады.
Сонымен, болмыс атаулыны Уажиб-үл Ужуда берсе қажетті мөлшерде сөзсіз жеңілдік пайда болады. Ал, әлгілерді табиғат жаратты десек жагдай мүшкіл, бұл ақылға қонбайтын іс.
Үшіншісі: Осы бір жөнсіздіктің қисынсыздығы түсінікті болу үшін бірсыпыра еңбектерімдегі екі мысалды баяндалық.
Бірінші мысал: Иесіз ен далада орналасқан, өркениеттің барлық жетістіктерімен безендірілген зәулім сарайға жабайы адам келеді. Қараса іші толған көздің жауын алатын тамаша өнер туындылары екен. Содан әлігі жабайы ақымақтық жасап "бұл жерге сырттан ешкім келген жоқ, араласқан да жоқ. Бұларды осы сарайдың ішіндегі заттардың біреуі жаратқан екен..." деп, оның ұстасын іздестіре бастады. Бірақ қай нәрсеге қарамасын әлігі пақыр бұ заттардың зәулім сарайды жарата алмайтынын біледі. Содан сарайдың жұмыс істеу жоспары мен ішіндегі заттардың тізімі бар дәптер тауып алады. Мына көзсіз, жансыз, күш-құдіреті жоқ дәптер сарай сала алмайды, оны безендіре алмайды. Алайда шарасыздықтан муны басқа нәрселермен салыстырганда, бул ғылыми заңдардың лақабы болып табылады. Сондықтан "сарай ішіндегі нәрселермен тығыз байланысты бул дәптер, мына сарайды салып, безендіріп, ішін дүние-мүлікпен толтырған екен," деп өзінің ақымақтығын мастардың сандырағына айналдырады...
Міне, дәл сол сияқты мысалдағы сарайдан аса керемет, тыянақты да таңғажайып, айналасы мүғжизә тәрізді хикметке тола, мына әлем атты сарайға Құдайдан безген жаратылыстанушы ұғымын жақтайтын жабайы адам келеді. Зат-ы Уажиб-үл Ужудтың мүмкіндік шеңберінің тысында да өнер туындылары бар екенін ойламай, ойлағысы да келмей, Иләhи тағдырының жазып-өшіретін тақтасы ретіндегі және Иләhи құдіреттің жарату заңдарының ауысып өзгеретін дәптері тәрізді сондай-ақ, байқа-май қателесіп "табиғат"деп аталып кеткен Иләhи дәстүрлер мен заңдардың жиынтығын, Раббани шеберліктің мазмунын көреді. "Рас, мына нәрселердің пайда болуы үшін бір себеп керек. Әрі олармен мына дәптер сияқты тығыз байланысын да көре алмай тұрмын. Шынында көзсіз, санасыз, құдіреті жоқ мына дәптер, толық Рубубиеттің ісі болып табылатын асқан күшке ие болмаған нәрсе мына істерді атқаруы әсте мүмкін емес. Бірақ мен, Сани-ы Қадимды мойында-маймын; олай болса, ең үйлесімді мына дәптер жаратты және жаратады деймін" дейді. Біз оған жауап ретінде былай дейміз:
Ей, ақымақтықтың шегіне шыққан, мас неме! Табиғаттың ұйығына батқан басыңды көтер, көзіңді аш! Атомнан бастап сонау планеталарға дейін толып жатқан болмыс атаулы сан-алуан тілде -Оның бар екеніне- шәhадат еткендігін әрі саусағымен мегзеп отырған Сани-ы Зүлжәләлді көр... әрі сол сарайды салған, сол дәптерге сарайдың жоспарын жасаған Наққаш-ы Әзәлидің құбылысына зер сал... әміріне құлақ түр... Құранын тыңда... әлігіндей сандырақтан аулақ бол!...
Екінші мысал: Мүлде жабайы адам, қалың әскер ордасына тап болады. Өте тәртіпті орданың ортақ әрі бәрі бірге тәлім алып жатқандарын, тәртіпті қимыл-істерін көреді. Бір нөкердің әрекетімен қалың әскер, бір бөлімше, бір топ жауынгер тұра қалады, отыра кетеді, жүгіре жөнеледі. "Атыңдар" бұйрығын алғанда оқ боратқандарын көреді. Мұның ожар әрі жабайы ақылы мына істер бір қолбасшының немесе мемлекеттің немесе патшаның заңымен атқарылып жақтанын аңғара алмағандықтан, жауынгерлер бір-біріне жіппен байланған екен деп қиялдайды. "Мына қияли жіп неткен ғажап еді" деп таңқалады. Содан жүріп отырып Аясофия тәрізді өте сәулетті де керемет мешітке тап болады. Күн жүма екен, мешіт толы мұсылмандар. Бір ғана адамның дауысына тұрып, иіліп еңкейіп сәжде жасағандарын көреді. Мағынауи әрі көктен келген шариғатты және шариғат иесінің әмірлерінен туындаған мағынауи дәстүрлерді ұқпағандықтан, "мына жамагат кәдуілгі жіппенен байланып қалған екен, оларды шырмап ойнатып тұрған таңғажайып жіп деп қиялдайды. Осылайша ол хайуан достарының өзін де күлкіге қарққылып, өзі де масқараболып шығып келеді...
Міне, дәл осы мысал сияқты; Сұлтан-ы Әзәл және Әбәдтің сансыз әскерінің ордасы болып табылатын мына әлемге, яғни Мәғбуд-ы Әзәлидің сәулетті мешіті болып табылатын мына дүниеге, әбден жабайы болып кеткен қырсық әрі Құдайдан безген, табигат ұғымын жақтайтын бір кәпір келеді. Сол бір Сұлтан-ы Әзәлидің хикметінен туындаған әлемнің жүйесінің мағынауи заңдарын, материалдық нәрсе деп ойлап және Рубубиеттің салтанатының заңдар жинағын сондай-ақ, әлігі Мәгбуд-у Әзәлидің алып жаратылыс заңдарын және мағынауи, тек гылыми түрдегі үкімдерін, дәстүрлерін материалдық нәрсе, дене деп қиялдап Иләhи құдіреттің орнына манағы ғылым мен кәламнан келетін тек ғылыми түрдегі заңдарды қою, сөйтіп оларға жарата алады деп қарау, сосын оларға "табиғат" деп әлдеқандай қылып айдар тагу, және Құдайдың құдіретінің көрінісі ғана болып табылатын күшті— құдірет иесі әрі ерікті қадир деп білу, мысалдағы жабайылықтан мың есе бетер жабайылық!...
Сонымен, жаратылыстанушылардың ойдан шығарған, жалған "табиғат"деп жүргендері көп болса әрі рас болса, өнер болуы мүмкін, жасампаз болуы мүмкін емес. Ол бір сурет қой, суретші емес. Үкімдер жинағы, бірақ Әкім бола алмайды. Ол бір жаратылыс заңы, Заңқой бола алмайды. Бүркеніш пердесі болып табылатын мақулық, Жаратқан бола алмайды. Қозғалысқа түскен жаратылыс, Қозғаушы емес. Әсер алушы, Әсер беруші емес. Ол бір заң, Қудірет те емес Қадир де емес. Құралған нәрсе, бірақ Қураған бол уы әсте мүмкін емес. . .
Иә, әлемде болмыс бар,оған күмән жоқ. Он алтыншы нотаның бас жағында айтылғандай болмыстың пайда болуына төрт жолдан басқа жол ақылға келмейді. Міне, төрт жолдың әуелгі үшеуі қисынсыз бекершілік екені толық түрде дәлелденді. Енді төртінші жолға келетін болсақ, бастапқы:
аяты, Зат-ы Уажиб-үл Ужудтың Улуhиетін, барлық нәрсе оның құдіретімен болатынын, жер мен көк оның билігінде, оның тікелей қол астында екенідігін ап-анық әрі сөзсіз түрде көрсетеді.
Ей, себептерге шырмалып, табиғатқа табынған бейшара адам!
Демек, әр нәрсенің мән-мағынасы, табиғаты басқа нәрселер сияқты мақұлық екен; өйткені жаңадан әрі шебер түрде пайда болуда...hәм нәтиже атаулы сияқты жәй себеп-салдарының өзі соңынан жара-тылуда. Сондай-ақ, әр нәрсенің болмысы, жаратылуы үшін көптеген жиhазат пен құралдар қажет. Олай болса, ол табиғатты жасаған және ол себепті жаратқан бір Қадир-ы Мутлақ бар. Ал, мұндай Қадир-ы Мутлақ өзінің жарату мен басқарма істеріне бейшара себептерді араластыруы әсте мүмкін емес. Жоқ, жоқ, ол нәтижені себептерімен бірге өзі ғана жаратады да, есімдерінің көркемдігін оның хикметін көрсету үшін оларға белгілі бір тәртіп, бір жүйе беріп сырт көзге бір себепкер, бір қатысты етеді де болмыстардағы сырт көзге нұқсандық, қайырым-сыздық, кемшілік болып көрінген нәрселердің қайнар көзі ретінде себептер мен табиғатты жаратып, өзінің аса құдіретіне перде еткен. Осылайша атына кір келтірмей намысын қорғап қалады. Апырым-ай, сағат ұстасы сағаттың бөлшектерін жасап алып, онымен сағат құрастыруы оңай ма, әлде таңғажайып бір машина ойлап тауып, әлігі бөлшектерді соның iшіне салып сағат жасауды машинаның жансыз қолдарына тапсыру оңай ма? 0, тоба! Бұлай болуы мүмкін бе? Жә, мұны нысапсыз ақылыңмен, сен ойла! Сен төрелік ет! Немесе бір жазушы; сия, қалам, қағаз әкелді дейік. Онымен бір кітапты жаза бастауы оңай ма, әлде ішінде қалам, сия, қағазы бар шебер жасалған әрі жасалуы қиынға түсетін тек сол кітапқа тән жазуы бар жазба машинасын құрастырсын да әлігі машинаға "қане, сен жаз" деп өзі араласпауы оңай ма? Бүл дегенің қолжазбадан жүз есе мүшкіл емес пе?
Егер десең: Дұрыс қой, бір кітап үшін жасалган әлігіндей машина жасау көп әуреге салады. Бірақ мүндай машина болса, сол кітаптың нүсқаларын көбейтуге пайдасы тимей ме? Сол жағынан бәлкім жеңілдік болар?
Жауабы: Наққаш-ы Әзәли асқан қүдіретімен өзінің есімдерінің көрінісін үнемі жаңалау арқылы, оларды сан-алуан түрде көрсету үшін болмыс атаулыға өзгеше түр, өзіндік бейне беруде. Тіпті ешбір Самәдани хат басқа бір Раббани кітаптың дәлме-дәл көшірмесі емес. Міндетті түрде басқа мағына білдіру үшін өзге бейнеде болады. Егер соқыр болмасаң, адамның жүзіне зер сал. Атам заманнан бері, бәлкім қияметке дейін осы бір алақандай жүзде, дене мүшелерімен қоса салыстырганда, басқа жүздерден айырмашылығы бар екенін аңғарасың. Демек әрбір жүз, өзгеше бір кітап. Оны тек көркемдеу үшін өзінше бір терушілік, басқа бір қүрастырма, өзге бір жазба керек. Қажетті заттарды әкелу, оларды орналыстыру, hәм басылуына қажетті нәрселерді орнына қою үшін мүлдем басқа баспа орны қажет. Жә, мүмкін емес болса да табиғатқа баспа деп қарадық дейік. Алайда баспаға қажетті теру мен басу, яғни дайын әріптерді қалыпқа қоюдан басқа, әлігі теру жұмысынан әлдеқайда мүшкіл болатын жанды мақүлықтың болмысындағы қажетті заттарды әлемнің түкпір-түкпірінен өзіндік өлшеммен, өте дәл әрі белгілі бір жүйемен жасау және тасу сондай-ақ, баспаға беру үшін қайтадан сол баспаны қурған Қадир-ы Мутлақтың құдіреті мен еркіне мұқтаждық туады. Демек, баспа деп ойлау мүлдем мағынасыз сандырақ.
Міне, аталған сағат пен баспа мысалдары сияқты; Сани-ы Зүлжәләл, Қадир-ы Күллі Шей, себептерді жаратқан екен, нәтижені де сол жаратуда. Хикметті түрде нәтижені себептермен ұштастыруда. Әлем құбылыстарының жүйесіне қатысты Аллаhтың әдет-заңдары болып табылатын Иләhи алып жаратылыс заңдарының бір көрінісін сондай-ақ, болмыстағы сол көрінісіне, әншейін бір айна, бір шағылыстырушы қызметін атқарып тұрған болмыс атаулының табигатын өзінің еркімен тағайындаған. Әрі сол табиғаттың денеге ұшыраған жағын қудіретімен жаратқан және болмыс атаулыны әлігі табиғаттың үстінде жаратқан... бір-бірімен шиленістіріп араластырып қойған... Апырым-ай, тым орынды әрі айғақтартармен дәлелденген осы бір ақиқатты мақулдау қиын болып па? 0, тоба, осылай болуы қажет емес пе? Әйтпесе меңіреу, қараңғы мақулық әрі қарапайым манағы себептер мен табиғат деген нәрселерге әрнәрсенің жаратылуы ушін қажетті жиhаздар мен қуралдарды қолына беріп, мына өте хикметті, әрі курделі жумыстарды атқарту оңай ма? Апырым-ай, бул дегеніміз мүмкінсіздік тысында мүмкінсіздік емес пе? Мұны сенің нысап білмейтін ақылыңа жүктеймін.
Әлігі кәпір, яғни табиғатқа табынушы былай дейді: Сен ғой мені нысапқа кел деп отырсың. Жарайды. Осы кезге дейін жүрген жолым тым қисынсыз әрі зиянды, шексіз усқынсыз әрі жиіркенішті жол екендігін түсіндім. Жогарыда аталган ақиқаттарыңызды естіген адам, егер дені дурыс болса, табигат жаратты деу сандырақ екендігін аңғарады деп ойлаймын. Ал, барлық нәрсені тікелей Уажиб-үл Ужуд жаратты дөу бултартпас шындық деймін.
"Әлхамдүлиллаhи аләл иман"-деп, иман еттім.
Көңілімде бір ғана күмәнім бар, соны айтсам деймін. Аллаhу Тағаланың Жаратушы екенін мақулдаймын; алайда кейбір бірең-сараң себептердің жарату ісіне араласуы, шамалы мадақтауға ие болуы Оның Рубубиетінің салтанатына зияны тие ме? Әкімшілігіне нұқсандық түсе ме?
Ж а у а б ы: Бул менің кейбір шығармаларымда өте толық түрде дәлелденген мәселе. Әкімшіліктің ерекшелігі, бөгде біреудің араласуына жол бермеу. Тіпті, керек десеңіз қарапайым бір әкім, бір қызметкер; басқарма істеріне баласының араласуын жөн көрмейді. Тіпті әкімшілігіме қол сұғады-ау деген оймен кейбір патшалар, халифа болса да өздерінің бейкүнә ұлдарын өлтіруі, "Басқаны араластырмау заңы"-ның әкімшілік ісінде қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Шағын ауылда екі бірдей бастықтан бастап, сонау бір өкіметте екі патшаға дейін әкімшілікті қолга алу үшін, яғни "Басқаны араластырмау заңы" бойынша адамзат тарихында қырғын қан төгістер болғаны мәлім. Апырым-ай, әлсіз әрі көмекке зәру адамдардағы басқарма мен әкімдіктің көлеңкесі әлсіз, көмекке зәру адамдарда осылай әсер ететін болса, яғни біреуді араластыр-мауын, билікке таластырмауық жанталаса қызғыш-тауын қара, сосын сөзсіз Әкімшілік Рубубиет дәрежесінде; Сөзсіз басқарма ісі Улухиет дәрежесінде; Сөзсіз бағымсыздық Әхадиет қуатында; Сөзсіз тоқшылық Қадириет қуатында, бір Зат-ы Зүлжәләлдің ісінде, оның әкімшілігінде мәжбүр түрде, өте қажет әрі шарт екенін салыстыра алсаң салыстыр.
Ал, сурагыңның екінші жагына келсек, "Кейбір себептер, кейбір ұсақ нәрселердің қүлшылықтарына иеленсе, Мағбуд-ы Мутлақ болып табылатын Зат-ы Уажиб-үл Ужудқа жасалған атомнан бастап планеталарга дейінгі мақұлық-тардың құлшылықтары азайып қала ма?" дейсің.
Жауабы: Мына әлемнің Халиқ-ы Хакимы әлемді бір агаш тәрізді жаратып оның жемісі ретінде саналыларды, ал саналылардың ішінде ең күрделі жемісі —адамды жаратқан. Адамның да өте маңызды жемісі, тіпті, оның жаратылысынан алынатын нәтижесі, жаратылғандағы мақсаты оның шүкір мен құлшылығы болып табылады. Міне соларды, әлігіндей Хаким-ы Мутлақ, Ерікті Әмірші, әрі өзін жақсы көргізу мен таныту үшін әлемді жаратқан манағы Уахид-ы Әхад, бүкіл әлемнің жемісі болып табылатын адамды және адамның ең құнды жемісі болып табылатын шүкір мен ғибадетті бөтен қолға беруі мүмкін бе? Хикметіне мүлдем керағар түрде жаратылыстың нәтижесін, әлемнің зор табысын мағынасыз әбестік жасай ма?Жоқ, жоқ. Әсте мүмкін емес...
Һәм хикметі мен Рубубиетін бекерге шығара-тындай мақұлықтардың ғибадеттерін басқаларға беретіндей не болыпты? Оған риза бола ма, ұлықсат бере ме?
hәм, өзін тым жақсы көрсеткісі және танытқысы келетінін іс жүзінде көрсете отырып, ең керемет мақұлықтардың шүкіршілігі мен алғыстарын, сүйіспеншілік пен құлдықтарын басқа себептерге беру арқылы өзін ұмыттырып, әлемдегі биік мақсатын жоқка шығаруы мүмкін бе?
-Ей, табиғатқа табынудан /жаратылыстанудан/ бас тартқан жолдас! Басқа айтатының бар ма?
-Бұған қарсы не деуге болады. Әлхәмдүлиллаh, көңілімде күдік қалмады. Сонымен қатар, Иләhи Уахдәниет туралы және Мағбүд-ү Билхақ жалғыз Ол екендігін сондай-ақ, Одан басқалары ғибадет жасауға лайық емес екендігін өте анық түрде, бұлтартпас айғақтармен дәлелдеп бергенің сонша оларды жоққа шығару, Күн мен Айды жоққа шығару сияқты ақиқатқа мүлде қайшы.
Соңы
Табиғат дейтін атеистік ұғымды тәрк етіп иманға келген адам былай деп тіл қатады: Қудайға шүкір, шырмалаған шүбәлардан арылдым. Алаңдатып отырған бірнеше сұрағым бар.
Бірінші сүрағым: Жалқау адамдардың көбісі және намазды тастап кеткендер былай дейді: "Құранның көптеген жерінде жанға батыра қайта-қайта, ғибадет (құлшылық) жасамағандардың зәресін алып жәhәннам сияқты адам төзгісіз жаза бар деп, қорқытып отырады. Біздің ғибатетіміздің оған не қажеті бар? Адамзатқа тура жол көрсетіп, жөнге салып отыратын әділетті Құранның баяндамасына бұлай сөйлеу жараспайтын сияқты. Түкке турғысыз кішкене қатеге бола адамның осыншама зәресін алуға бола ма екен?"
Жауабы: Рас, Аллаhу Тағала сенің ғибадетіңе тіпті ешнәрсеге де мұқтаж емес. Бірақ, ғибадетке сен мұқтажсың. Рухың сырқат. Жаның жаралы. Ал, құлшылық болса, рухани жараларыңа шипа екенін көптеген шығармаларымда дәлелдеген болатын-мын. Апырым-ай, бір науқас адам, оның науқастығын көріп жаны ашыған дәрігердің пайдалы кеңесіне, және дәрі-дәрмек іш деп қайта-қайта ескертуіне ренжігендей: "Мұны қайталай бергеннен саған пайда түсе ме?" десе, қаншалықты әбестік жасай-тынын аңғарған шығарсың.
Ал, Құранның ғибадетті тәрк ету тұрғысында қорқынышты да қатаң ескертулері мен ауыр жазаларына келетін болсақ; мәселен, бір патша әкімшілігінің хұқуғын сақтау үшін, қатардағы бір адамның әкімшілігінің хуқұғына зияны тиетін бір қатесіне бола оны ауыр жазаға кеседі. Сол сияқты, ғибадет пен намазды тастаған адам, Сұлтан-ы Әзәл және Әбәдтің әкімшілігі астындағы болмыс атаулының хуқуғына маңызы зор жауыздық әрі қастандық жасайды. Себебі, болмыс атаулының әсемдігі, Жаратушысын мадақтауы мен тәсбих ету жақтарымен көрінеді. Ғибадетті тәрк еткен адам болмыс атаулының ғибадетін көрмейді, көре алмайды, тіпті, жоққа шығарады. Ол кезде, ғибадет жасап, тәсбих етуі арқылы жоғары дәрежелі сондай-ақ, әрқайсысы Самәдәни хат, әрбірі Раббани есімдердің айнасы болып табылатын болмысты, жоғары дәрежесінен түсіргендіктен, түкке турғысыз, мағынасыз, меңіреу де аянышты халде деп көргендіктен олардың намысын таптайды; әсемдігін жоққа шығарып ақырында қастандық жасаган болады.
Иә, әркім әлемді өзінің айнасы арқылы көреді. Аллаhу Тағала, адам баласын бүкіл әлемнің үлгісі, таразысы түрінде жаратқан. Әрбір адамға арнайы мына әлемнен өзіне тән әлем берген. Ол әлемнің өңі, көңіл күйіне қарай өзгеріп отырады. Мәселен, өте мұңлы жабырқау адам, қоршаған ортаны жабырқау, муңайтып көреді. Ал өте көңілді, қуанышты адам, әлемді құлпыртып жайнатып көретіні сияқты; ойшыл әрі терең мағыналы ғибадет және тәсбихпен шугылданған адам, болмыс атаулының негізгі және ақиқат түрін яғни ғибадеті мен тәсбихтарына біршама көзі жетіп, аңғара алады. Қапы қалған немесе Құдайдан безіп ғибадетті тәрк еткен адам; болмыс атаулының шынайы әсемдіктеріне кереғар, үйлеспейтін, әбес түрде түсініп, олардың хуқуғына ойша қастандық жасайды.
Сонымен қатар, мұндай намаздан безген адам, өзіне-өзі би-патша бола алмагандықтан, би-патшасының бір құлы болып табылатын бойындағы нәпсісіне зұлымдық жасайды. Оның би-патшасы, құлының ақысын оның жүгенсіз нәпсісінен алу үшін қатаң естерту жасап қорқытып қояды.
Сондай-ақ, адам баласының жаратылысынан алынатын нәтижесі әрі жаратылғандағы мақсаты болып табылатын ғибадетті тәрк еткендіктен Иләhи хикметке әрі Раббани тілекке қарсы жауыздық болып саналады. Сол үшін жазаға тартылады.
Сонымен, әлігі ғибадетті тәрк еткен өзінің нәпсісіне де қастандық етеді; ал, нәпсі болса Аллаhу Тағаланың қулы әрі мәмлукі. hәм, бүкіл әлемнің әсемдігінің хуқұғына қол суққан, нәтижеде зүлымдық болып шығады. Иә, атеизм болмыс атаулыға жасалған жауыздық екендігі сияқты, ғибадеттен қашу да әлемнің әсемдігін жоққа шығару. Әрі, Иләhи хикметке қарсы келу болғандықтан қатаң ескерту-лерге және ауыр жазаға лайық.
Міне, осы бір хұқүқты және жоғарыда аталған ақиқатты білдіру үшін Қасиетті Қүран Керім, мүғжизәлы түрде осындай қатаң түсіндірме тәсілін пайдалана отырып нагыз шешендікке тән, орынды сөйлеуді өте тамаша қолданған.
Екінші сурағым: Болмыс атаулы қай жағынан болмасын, ісінде де өзінде де сипатында да Аллаhтың еркінде, оның құдіретіне тәуелді екені ұлы ақиқат қой. Үлы болғаны сондай таяз ақылымызға сыймайды. Әйтсе де көз алдымыздағы мына телегей теңіз молшылық hәм болмысты жаратардағы шапшаңдық пен жеңілдік сондай-ақ, жоғарыда аталған айғақтармен дәлелдегеніңіз уахдет тұрғысындағы оңайлық пен жеңілдік, hәм Құранда баяндалғандай:
сияқты аяттарының анық түрде көрсеткен өте жеңілдіктер, әлігі ұлы ақиқаттың өте орынды да дүрыс екендігін қуаттай түседі. Бұл жеңілдіктің сыры мен хикметі не?
Жауабы: Біріншіден; Жиырмасыншы Хаттың оныншы кәлимәсы болып табылатын
баяндамасында бұл сыр өте анық әрі толық қанағаттанарлық түрде баяндалған болатын. Әсіресе, хаттың соңында әлдеқайда анық түрде дәлелденген болатын. Егер қайталайтын болсақ: Болмыс атаулы, Сани-ы Уахидқа берілген кезде, бір ғана болмыс тәрізді жеңілдік пайда болады. Егер Уахид-ы Әхадқа берілмеген жағдайда, бір гана мақулықтың жара-тылуы барша болмыстың жаралуы сияқты мүшкілдік пайда болады. Ондайда бір дән, бір ағаш сияқты зорлық туғызады. Егер өзінің устасына берілсе, ол кезде бүкіл әлем бір ағаш сияқты, бір ағаш бір дән сияқты, ал жәннәт болса бір гүл сияқты оңайға түседі... жеңілдік пайда болады. Сондай-ақ, көз алдымыздағы молшылық пен арзаншылықтың және әрбір түрдің қиындықсыз көп болуының сондай-ақ, өте оңай әрі жылдам пайда болуының сырына қатысты әрі оның хикметтерін білдіретін жүздеген дәлелдер басқа шығармаларымда толық баяндалған болатын. Қазір оған қысқаша тоқталып өтелік.
Мысалға, жүз жауынгерді бір қолбасшының еркіне беру; бір жауынгерді жүз қолбасшының еркіне беруден жүз есе жеңілдік туғызатыны сияқты; сондай-ақ бір топ әскерді әскери жиhаздармен қамтамасыз ету ісі, бір орталықтан басқарылып, бір заңға багынышты, бір фабрикаға жүктеліп, бір патшаның басқаруымен атқарылған сәтте саны жағынан бір ғана жауынгердің қамтамасыз етілуі сияқты жеңіл болатыны мәлім. Сол сияқты бір жауынгерді қамтамасыз ету ісі, көптеген орталықтарга, сан-алуан фабрикаларға жүктеліп, бірнеше қолбасшылардың басқаруымен атқарылса, саны жағынан бір топ әскерді қамтамасыз ету сияқты мүшкіл халге түседі. Өйткені, бір ғана жауынгерді қамтамасыз ету үшін бүкіл әскерге қажетті фабрикалардың болуы тиіс.
Һәм, Уахдеттің сырымен бір ағашқа қажетті заттар бір тамырдан, бір орталықтан, бір заңмен беріліп отырғандықтан, мыңдаған жеміс беретін әлігі ағаш, бір жеміс сияқты оңай атқарылғанын көзімізбен көріп жүрміз. Егер жагдай Уахдеттен Кесретке өзгерсе, яғни әр жеміске қажетті заттар басқа басқа жақтардан берілсе, әрбір жеміс бір ағаш сияқты қиындық тудырады. Өйткені бір агаштың тіршілігіне қажетті заттар, бір дән үшін де қажет.
Міне, осы мысалдар тәрізді жүздеген мысалдар бар. Олар, Уахдетте өте оңай пайда болатын мыңдаган болмыс; ширк пен кесреттегі бір ғана болмыстан әлдеқайда оңай болатынын көрсетеді. Бұл ақиқат басқа еңбектерімде айдан анық, дәлелді түрде баяндалғандықтан, қазір осы бір жеңілдік пен оңайлыққа Иләhи ғылым мен тагдыр және Раббаии құдірет тұрғысынан қарап, осы терең де маңызды сырды ашуға тырысамыз.
Сен бір болмыссың. Егер өзіңді Қадир-ы Әзәлиге берсең, сіріңке шаққандай; асқан құдіретімен, бір ғана әмірімен, бір сәтте сені жоқтан бар етеді. Егер өзіңді оған бермесең, қандай да бір материалдық себеп-терге немесе табиғатқа сүйесең, ол кезде сен бүкіл әлемнің жинақы қорытындысы, жемісі мен кішкене мазмұны, тізімі болғандығыңнан; сені жарату үшін бүкіл әлемді, ондағы элементтерді өте майда елекпен елеп, дәлмә-дәл өлшемдермен әлемнің түкпір-түкпірінен сенің бойыңдағы заттарды жинастыру қажет болады. Себебі, материалдық себеп тек қана реттеп жинастырады. Өзінде жоқ нәрсені қайдан тапсын. Себептердің жоқтан бар жасай алмайтыны әркімге мәлім. Олай болса, ұсақ бір жәндіктің болмысын әлемнің түкпір-түкпірінен жинастыруға мәжбүр.
Міне, Уахдет пен Тәухидте неткен жеңіл әрі оңай іске асатынын, ал ширк пен азғындықта неткен қиын әрі мүшкіл атқарылатынын түсін!
Екіншіден: Бұл мәселегеғылымитүрғыдан қараганда жеңілдік пайда болады. Тагдыр-ғылымның бір түрі. Ол әр нәрсеге мағынауи, өзіндік қалып сияқты өлшемін белгілеп қояды. Әрі сол тағдырдың белгілеген өлшемі әлігі нәрсенің болмысына бір план, бір модель орнына жүреді. Құдірет жаратар кезде; өте жеңіл түрде манағы тағдырдың белгілеген өлшемге қарай жаратады. Егер әлігі нәрсе, телегей теңіз әрі соңсыз ілім иесі Қадир-ы Зүлжәләлға берілмесе; -жоғарыда аталған-дай мың емес миллиондаған қисынсыздықтар пайда болады. Себебі, әлігі тағдырдың белгілеген өлшемі мен ғылыми өлшем болмаса, бір жәндіктің болмысын жасау үшін мыңдаған сырттай және материалдық қалыптар қолдануға тура келеді.
Міне, Уахдетте асқан оңайлық, ал далалет пен ширкте қыруар қиындықтар пайда болатынын түсін,
аяты қаншалықты дұрыс, ақиқат әрі ұлы шындықты білдіретінін уғып ал!
Үшінші сурағым: Заманымыздың алдыңғы қатарлы философтары былай дейді: "Жоқтан ешнөрсе пайда болмайды, бар нәрсе жоқ болмайды; "әлем" фабрикасын жумыс істеткізіп тұрған тек қосылу мен ыдырау бар."
Жауабы: Дене—табиғи немесе себептердің салдарынан пайда болды дейтін, Құранның нұрынан қашқан философтардың белсенділері, ол жолда кездесетін -жогарыда дәлелденгендей- ақылға сыймайтын қисынсыздықтарды көріп, екі топқа бөлінді.
Бірінші топ. Бұлар түңілушілер деп аталады. Олар адамның ерекшеліктерінің бірі - ақылдан бас тартып, хайуаннан бетер төмендеп бүкіл әлемді, тіпті өздерін де жоққа шығаруды... далалет жолындағы себептер немесе табиғат жаратты дегеннен әлдеқайда оңай екенін түсінген, баста өздерін сосын әлемді жоққа шығарып әбден көрсоқырлыққа салынды.
Екінші топ. Бұлар, далалет жолымен себептер немесе табиғат жаратты дейін десе, бір ғана шыбын немесе бір ғана дәннің жаратылуы үшін қыруар қисынсыздықтар пайда болатынын, әрі ол үшін ақылға сыймайтын алып құдірет қажет екендігін байқаған. Сондықтан шарасыздан "жарату" дегенді жоққа шығарып, "жоқтан бар болмайды" дейді, жоқ болуды да қисынсыз санап, "бар нәрсе жоқ бол-майды" дейді. Тек қана атомдардың қозғалысының салдарынан әрі кездейсоқтықтың әсерінен ыдырау және қосылу, түрлену және шартты шоғырлану бар, сол арқылы белгілі күйге енеді, -деп ойламайды.
Міне, назарыңды сал, ақымақтық пен көрсоқыр-лықтың қою қараңғылығында тұрып, өздерін өте саналы санайтындарға қара! Далалет жолы, адам-ды қаншалықты аздырып, көрсоқыр әрі масқара қылатынын біліп қой, ғибрат ал! Апырымай, жыл сайын мақұлық атаулының жүз мыңдаған түрін жаратып отырған әрі Жер мен Көкті алты күнде жаратқан әрі алты аптаның ішінде әрбір көктемде әлемнен де бетер шебер әрі хикметті түрде жан-жануарлар әлемін жасаған Құдірет-і Әзәлие өзінің соңсыз ілімінің алаңында пландары мен өлшемдері тагайындалған ғылыми.түрдегі болмысты көзге көрінбейтін сиямен жазылган әрі көрінбейтін жазуды көрсету үшін қолданатын дәрі сияқты; өте жеңіл түрде әлігі сыртқы пішіні жоқ ғылыми болмысты денеге айналдыруды Құдірет-і Әзәлиге бермеу, жаратуды жоққа шығару; әуелгі топ түңілушілерден (скептик) бетер ақымақтық, олардан бетер көрсоқырлық. Бул сорлылар, өздерінің мүлдем әлсіз, тек қолында кішкене ерік қана бар, перғауын тәріздес нәпсілерінің еш нәрсені жоқ ете алмағандықтан, әрі еш бір бөлшекті, ешбір затты; ештен, жоқтан жарата алмағандықтан сондай-ақ, сенім артқан себептері мен табиғаттың қолынан жарату келмейтіндіктен, ақымақтыққа салынып: "Жоқтан бар болмайды, бар нәрсе жоқ болмайды."-деп, сол бір бұрыс та жалған дәстүрді Қадир-ы Мутлаққа көлденең қойғысы келеді.
Иә, Қадир-ы Зүлжәләлдің екі түрлі жаратуы бар.
Бірі: Ихтира және ибда, яғни, ештеңеден, жоқтан бар ету, бар болған соң оған қажетті әрнәрсені жоқтан бар етіп қамтамасыз ету.
Екіншісі: Инша және сан'ат арқылы, яғни, хикмет толы әсемдігін және көптеген есімдерінің қубылысын көрсету сияқты, өте нәзік хикметтер үшін кейбір болмысты әлемдегі элементтерден, бөлшектерден құрау. Барлық әміріне құлдық ұратын атомдар мен заттарды, өзінің Рәззақиет заңымен керекті жерге жөнелтіп, ол жерде жұмыс істетеді. Иә, Қадир-ы Мутлақтың екі түрлі, яғни ибда мен инша дейтін жаратуы бар. Бар нәрсені жоқ қылу, жоқ нәрсені бар қылу; тым оңай әрі өте жеңіл, тіпті, әрдайымгы жалпыға ортақ заңы болып табылады. Көктем маусымында жанды мақұлықтардың үш жүз мың түрін, бөлек пішінде, өзге сипатта, тіпті, олардың бөлшектерінен басқа барлық күй және ахуалдарын жоқтан бар еткен құдіретке қарсы келіп, "жоқты бар ете алмайдьГ-деген адамның өзі жоқ болуы керек.
Табиғатты тастап ақиқатқа бастаған адам, енді былай дейді: Әлемде қанша атом бөлшектері болса, Құдайға сонша шүкір етемін әрі мадақтау мен марапаттау бір Аллаhқа тән. Кәміл иманға қолым жетіп, жүрегімді торлаған күмәндардан құтылдым, көңілімде күдік атаулы қалмады...
СӨЗДІК
Анкара: Түркияның астанасы.
Әзәли: Бастауы жоқ, соңы жоқ мәңгілік иесі.
Әхад: Тек.Б'р.Жалғыз.
Әхадиет: Бірлік. Жалғыздық. Тек бір Аллаhқа тән.
Далалет: Иман немесе Ислам дінінен айрылғандар. Азғындар. Қудайдан безгендер.
Перғауын Нәмруд: Аллаhу Тағалаға иман келтірмеген, өзін қудайдай көрген ескі замандағы Мысыр билеушісі.
Рабб: Қожайын, ие, тәрбиелеп жетілдіруші.
Раббани: Раббығатән.
Рәззақиет: Азықтандырушы.
Рубубиет: Әрдайым әр жерде мақулықтарына барлық муқтаждықтарын беруші, азықтандырып, тәрбиелеуші әрі қожайын екенін көрсететін, тың іс-әрекеті, билігі.
Зат-ы Зүлжәләл: Шексіз үлкен, қай жағынан болса да шексіз қудіреті мен алыптығы ақылға сыймайтын, қурметке лайық.
Зат-ы Уажибул Ужуд: Әр уақыт бар болған, жоқ болуы мүмкін емес тұлға.
Ибда: Теңі жоқ түрде жоқтан жаратуы.
Инша: Бар нәрсені жинақтап бір жерге келтіруі арқылы жаратуы.
Иләhи: Аллаhқа қатысты, оған тиесілі.
Кәлам: Аллаhу Тағаланың сөйлеу сипаты.
Қадир-ы Әзәли: Басы мен соңы болмаған, барлық нәрсеге құдіреті жетуші.
Қадир: Қадир, Муқаддир. Мүктәдир. Қүдіреті мутлақ болған, әрі жан-жақты, барлық нәрсеге күші жететін. Шексіз қүдірет иесі- Аллаh.
Қадириет: Барлық нәрсеге құдіретінің жетуі.
Қадир-ы Мутлақ: Барлық нәрсеге құдіреті сөзсіз жететін.
Қадир-ы Күллі Шей: Жаратылыс атаулының иесі, оларды бар етіп, қажеттіліктерімен қамтамасыз етіп отыратын.
Қадир-ы Зүлжәлал: Теңдесі жоқ құдірет иесі.
Құдірет-і Әзәли: Бастауы жоқ, соңы жоқ мәңгілік құдірет иесі.
Мағынауи: Мағынаға қатысты. Материалдық емес. Дара. Рухани.
Ма'буд-у Әзәли: Құлшылық жасалуға лайық басы мен соңы болмаған Аллаh.
Ма'буд-ы Билхақ: Құлшылық жасалуға лайық Хақ Тағала.
Ма'буд-ы Мутлақ: Сөзсіз қулшылық жасалуға лайық.
Мүғжизе: Адамдардың қолынан келмейтін, тек пайғамбарларға тән Аллаh тарапынан берілетін таңғажайып уақиғалар.
Наққаш-ы Әзәли: Басы мен соңы болмаған нақыш, өрнек салушы.
Самед: Барлық нәрсе өзіне муқтаж, өзі еш нәрсеге, еш кімге мұқтаж емес - Аллаh • Өте жоғары, мәңгі.
Самедани: Әр нәрсе оған муқтаж, өзі еш нәрсеге мұқтаж емес Аллаhқа тән.
Сани-ы Зүлжәләл: Шексіз алып, ызғарлы да өте әділетті уста.
Сани-ы Қадим: Бастауы жоқ, соңы жоқ мәңгі уста жаратушы.
Сани -ы Уахид: Серіксіз, ортағы жоқ жаратушы уста, шебер.
Скептик: Түңілуші
Сұлтан-ы Әзел және Әбәд: Болашақ пен өткен шақтың иесі, бастама мен соңы дегенді білмейтін.
Сұлтан-ы Әзел: Бастауы жоқ, соңы жоқ мәңгілік иесі.
Тәсбих: Сүбханаллаh, яғни Аллаhтың кемшілік атаулыдан ада екенін білдіру, мадақтау.
Тәухид: Бірлеу. Бір Аллаhтан басқа Қудай жоқ екендігіне сену. "Лә иләhә илла Аллаh" сөзін қайталау. Барлық жерде, барлық нәрседе Аллаhтан басқаның әсері мен билігі жоқ екендігін түсіну, білу әрі біле отырып іс жүзінде көрсету.
Уахданиет: жалғыздық, теңі жоқ дара. Азайып көбеймейтін, нұқсандық атаулыдан пәк деген мағынада қолданатын Аллаhтың бір сипаты.
Уахид-ы Әхад: Жалғыз әрі дара Аллаh.
Уажибул Ужуд: Әр уақыт бар болған, жоқ болуы мүмкін емес.
Уахдет: БІірлік.
Улухиет: Ғибадет пен бойұсынуға лайық Аллаhтың бір сипаты.
Хаким-і Әзәли: Соңсыз, болашақ пен өткеннің иесі, әкімі.
Хаким: Әділетті, ақ пен қараны айырып үкім шығаратын, ешкімді араластырмай өзі шешетін.
Хаким-ы Мутлақ: Билігінде ортағы жоқ, әділетті түрде басқарушы, нағыз әкім Аллаh.
Халиқ-ы Хаким: Әділетті, ақ пен қараны айырып үкім шығаратын, ешкімді араластырмай өзі шешетін жаратушы.
Шәмс-і Әзәли: Бастауы жоқ, соңы жоқ Аллаh.
Ширк: ауыр күнә болып табылатын Алллаhқа серік қосу, беру. Оған ортақтас басқаның бар екенін мойындау. Қүдайдан үмітін үзіп, басқадан медет күту. Ширктің мағынасы мутлақ күпір (политеизм).