Сөйлеуші, текқана Ақиқат.

Рисалә-и Нұрда дәлелденгендей: Кей кездерде зұлымдық ішінде әділет көрінеді. Яғни, адам бір себеппен бір әділетсіздікке, бір зұлымдыққа тап болады; Басына бір пәлекет келеді, түрмеге де душар болады, зынданға да түседі. Бұл себеп хақсыз болар; бұл үкім бір зұлым болар. Бірақ бұл оқиғалар әділдіктің көрінуіне бір себеп болады. Қадер-і Илахи, басқа себеп арқылы жазаға, түрмеге лайық болған біреуді, бүл жолы бір залымның қолымен жазаға ұшыратады, пәлекетке түсіреді. Бұл Илахи әділеттің бір көрінісі. Қазір ойлап отырсам: Жиырш сегіз жыл-обылыстан обылысқа, ауылдан ауылға айдалып, түрмеден түрмеге көшудемін. Бул зұлымдықты, қиыншылықты істеушілердің маған таққан айыптары не? Дінді саясатқа құрал қылу ма? Бірақ не үшін бұны жүзеге асыра алмайды? Өйткені шындықта бұндай бір нәрсе жоқ. Бір сот айлар, жылдар бойы кінә тауып, мені кінәлі қылуға әрекет етуде. Ол істі қойса, басқа бір сот бұрынғы істі қозғап мені қайтадан кінәләп жауап астына алуда. Бір уақыт ол айналысады, мені қинап, түрлі-түрлі азапқа душар қылады. Ол да нәтиже шығара алмай тастайды. Енді бірде үшіншісі жағама жабысады.

Осылайша қиындықтан-қиындыққа, бәледен-бәлеге айдалып жүріп жатырмын. Жиырма сегіз жыл өмірім осылай өтті. Маған таққан кінәларының негізсіз екендігін соңында өздері де түсінді. Олар, бұл жазаларын әдейі берді ме, әлде босқа уайымға түсті ма? Я әдейі, я да бос уайым болсын, менің мұндай бір жазаға қатысым, әрі байланысым болмағанын жүз дәреже арыммен білемін... Дінді, саясатқа құрал қылатын бір адам болмағанымды барлық намыс иелері біледі.... Тіпті, мені бұл кінәмен жазаландырғандар да біледі... Онда неге маған бұл зұлымды істеуге тырысты? Неге мен кінәсыз және таза болғанымның өзінде ылғый да осындай бір зұлымға және өте қатты қиындыққа душар болдым. Бүл оқиғалар, Илаhи әділетке қайшы келмейді ме?

Ширек ғасыр бул сұрақтардың жауаптарын таба алмадым. Маған деген зұлыммен қастықтарының анық себебін, осы кезде түсіндім. Мен толғаныспен айтқым келеді: Менің кінәм, Қуранға қызметімді мадди және мағынауи өсуіме, кемалатқа жетуіме құрал қылуым екен.

Қазір бұны түсініп, сезіндім. Аллаhқа мыңдаған шүкір етемін; Көп жылдар, шамамның тысында иманға қызметімді мадди және мағынауи кемалатқа өсуіме, азаптан, жәhәннәмнан құртылуыма, тіпті соңсыз бақытты өміріме жеткізуші себеп, я да қандайда бір мақсатқа құрал қылып қолдануыма, мағынауи әрі өте күшті кедергілер маған тосқауыл етті. Бул көңілден келген сезімдер және илhамдар, мені қайран қалдырды. Әркімнің қуанатын мағынеуи мақамы және ахирет қуанышы, салих амалымен қолға түсіру және бұл жолға бет бүру әркімнің адал пайы болғаны, әрі ешкімге ешқандай зарары тимеген жағдайда: Мен, рухыммен, жүрегіммен бұл жағдайлардан ұзақ қалатынмын. Аллаh рызасынан басқа, негізгі ілім міндетінің айдауымен, маған тек қана иманға қызмет жолы көрсетілді. Өйткені, бұл заманда ешбір нәрсеге құрал және еш нәрсеге жақын болмайтын әрі әр мақсаттың үстінде болатын иман ақиқаттарын, негізгі құлшылықпен білмегендерге, білуге көңіл бұрғандарға әсерлі бір суретте білдіру: мына аласапыран дүниеде иманды құтқаратын және дінсіздерге сөзсіз қанағат беретін, күфір пікірлерін және қайтпайтын қасарыспа далалеттің сағын сындыру үшін ешнәрсеге құрал болмайтын бір түрде -Құран дәрісін беру қажет. Әркімге сөзсіз қанағат берсін. Бұл жоспар - бұл заманда, бұл шарттар ішінде дінді, ешбір жеке бастың, ахиреттік және дүниеуи, мадди және мағынауи бір нәрсеге пайдалана алмайтынын білгенде ғана жүзеге асады,

Болмаса, ұйымдар мен комитеттерден шыққан қауіпті дінсіздік пікірлеріне қарсы шыққан бір адам, ең үлкен мағынауи бір мәртебеде болса да, бәрібір шүбәлерді түбімен құрта алмайды.

Өйткені: Иманға келгісі келген дінсіздің нәпсісі мен менмендігі: «Ол адам, даналығымен, керемет мақамымен бізді алдап түсірді»,-деп ішінде шүбә қалады.

Аллаhқа мыңдаған шүкір етемін; жиырма сегіз жыл, дінді саясатқа құрал қылып қолдану қаупінен Қадер-і Илаhи, шамамның сыртында дінді ешқандай пайдаға қолданбау үшін адамдардың зұлым қолдарымен дәл-әділдігін көрсетіп мені таяқпен тоқтатуда. Байқа дейді, иман ақиқаттарын өз пайдаңа қолданба. Иманға мұқтаж болғандар білсін: Жалғыз ақиқат сөйлеуде екенін түсінсін. Нәпсінің үрейі, шайтанның әзәзілдігі қалмасын. Үні де шықпасын.

Міне, Нұр рисалелерінің үлкен теңіздердің алып толқындары сияқты көңілдерде пайда болған толқыныстың, жүректерге, рухтарға тигізген әсерінің сыры осы. Басқа ештеңеде емес. Рисалә-и Нұр ақиқаттарының үлгісін, мыңдаған ғалымдар, жүз мыңдаған кітаптар өте көркем жазғандарымен дінсіздік, күпірлік пікірлерді тоқтата алмауда. Күпір-і мутлаққа қарсы күресте, бұндай ауыр шарттар астында Рисалә-и Нұр бір дәреже қол жеткізсе, бұның сыры міне осы. Саид жоқ. Саидтің құдіреті де жоқ, білгірлігі де жоқ. Сөйлейтін, тек қана ақиқат. Иман ақиқаты.

Сондай-ақ ақиқат нұры, иманға мұқтаж көңілдер-ге әсерін тигізуде: Бір Саид емес, мың Саид құрбан болсын. Жиырма сегіз жыл тартқан азаптар, душар болған қиындықтар, көрген ауырлықтарымды кештім. Маған зұлым еткендерге, мені ауылдан ауылға айдағандарға, зорлық көрсеткендерге, түрлі-түрлі айыптармен айыптағысы келгендерге, зындандар-дан маған орын дайындағандарға ақымды адал қылдым.

Әділ тағдырға айтатыным. Мен сенің бул мейрімді жазаңа лайық едім. Болмаса, әркім сияқты ашық және зарарсыз болған бір жолды таңдап өзімді ойласам; Мадди, мағынауи мақамдарымды сарып етпегенімде: Иман қызметінде бұл үлкен мағынауи құдіретті жоғалтып алар едім. Мен мадди және мағынауи әр нәрсемді құрбан еттім, әртүрлі қиындыққа шыдадым, әрбір азапқа сабырлық көрсеттім. Бұл жағдайда, иман ақиқаты әр тарапқа жайылды. Бул жағдайда нұр мектебінің жүз мыңдаған, бәлки де миллиондаған шәкірттері өсті. Артық бұл жолда иман қызметін олар жалғастырады. Менің мадди және мағынауи әр нәрседен „ферағат” дәстүрімнен айрылмайды. Тек қана, тек қана Аллаh рызасы үшін жұмыс істейді.

Бізге қиындық көрсеткендер, Қадер-і Илаhидің сырларына, терең әрекеттеріне ақылдары жетпей, біздің дауымызға, иман ақиқатының жайылуына қызмет етті. Біздің міндетіміз, олар үшін жалғыз hидает тілеуден тұрады. Мен өте қатты сырқатпын, жазуға да сөйлеуге де күшім қалмады. Мүмкін бұл сөздер менің соңғы сөздерім болар. Медресет-үз-Зеhраның Рисалә-и Нұр шәкірттері; бұл өсиетімді умытпасын.

САИД НҮРСИ.