ЫҚЫЛАС РИСАЛЕЛЕРИ

Жиырмасыншы лема

(Ықылас жәйінда)

(Он жетінші леманың Он жетінші ишаретінің жеті мәселесінен бес ишареттен туратын екінші мәселенің бірінші нүктесі еді. Маңыздылығына орай Жиырмасыншы лема болды.)

بِسْمِ اللّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ

اِنَّا اَنْزَلْنَا اِلْيْكَ الْكِتَابَ بِاْلحَقِّ فَاعْبُدِ اللّهَ مُخْلِصًا لَهُ الدِّينَ اَلاَ لِلّهِ الدِّينُ الْخَالِصُ

Аяты және

هَلَكَ النَّاسُ اِلاَّ الْعَالِمُونَ وَهَلَكَ الْعَالِمُونَ اِلاَّ الْعَامِلُونَ وَهَلَكَ الْعَامِلُونَ اِلاَّ الْمُخْلِصُونَ وَالْمُخْلِصُونَ عَلَى خَطَرٍ عَظِيمٍ.

(әу кәмә қал) Хадисі Шәрифі Ислам дінінде ықыластың қаншалықты маңызды рол атқаратынын көрсетеді. Осы ықылас мәселесінің шексіз нүктелерінен тек “Бес нүктені” қысқаша баяндаймыз.1

БІРІНШІ НҮКТЕ: Өтемаңыздыдатөтенше бірсұрақ:

-Неліктен дүниеқор, ғапыл, тіпті, хақ жолдан тайғандар мен екі жүзділер бақталасуды қойып бірігіп жатқан кезде, хақ пен достық жолындағы діндарлар, әхл-и ғылым мен әхл-и тариқат бақталасып, араздасады? Ауызбіршілік; достық жолындағылардың хаққы бола тұра, алауыздыққа түсіп отыр. Ал арандатушылар керісінше ынтымақ құруда? Неліктен бул хақ оларға, мына хақсыздық буларға келді?

 

1Ескерту: Мына берекетті Ыспартаның шүкір етуімізге себеп болған бір игілігі; Бұл жердегі әхл-и тақуа, әхл-и тариқат және әхл-и ілім, басқа жерлердегідей бақталасып, алауыздыққа түсіп жатқан жоқ. Шынын айту керек, ойлағанымыздай нағыз сүйіспеншілік пен ауызбіршілік бола қоймағанымен басқа жерлермен салыстырғанда бақталастық пен алауыздық жоқтың қасы.

 

Жауап: Нағыз отан сүйгіштердің жанын күйзелтіп, жылататын осы бір қайғылы оқиғаның көптеген себептерінен жеті себебін баяндаймыз.

Біріншісі: Шындық жолындағылардық араздығы ақиқатсыздықтан пайда болмағаны сияқты, ғапылдардың да бірігуі ақиқатшылдықтарынан емес. Керісінше дүние қуғандар мен саясатшылардың, әрі мектеп оқығандар секілді әлеуметтік тұрмыстағы орындарға байланысты белгіленген қызметпен және өзіндік бір міндетпен шуғылданған топтардың, жамағаттардың, сондай-ақ ұйымдардың атқарар міндеттері белгіленіп, тағайындалған. Әлгі міндеттері үшін алатын ақшалай, заттай ақы және атаққұмарлық пен даңгойлық жағынан халықтың назарын аударуынан алатын (сілтеме2) рухани ақы айқындалып, бөлініп берілген.

Қиындық, айтыс-тартыс, бақталастық туғызатын қатынастары жоқ. Сондықтан олар, қалшалықты жаман жолда жүрсе дағы бір-бірімен тіл табыса алады.

Алайда, діндарлар мен білім иелері, сондай-ақ, тариқат басшыларының атқарар қызметтері жалпыға ортақ. Бұл дүниедегі ақылары да нақты айқындалып берілмеген... әр қайсысының әлеуметтік мәртебесі мен халықтың арасындағы беделі, халықтың игі сезімі меншіктелмеген. Сондықтан да бір мақамға көптеген адам талапкер болады. Материалдық және мағынауи еңбек ақыға көп қолдар ұмтылуы мүмкін. Осы тұрғыдан бақталастық, қиындық туындап, достық араздыққа, ауызбіршілік айрылыққа айналады.

 

2(сілтеме) Халық арасында бедел жинауды тілеуге болмайды. Ол беріледі. Берілген күнде де масаттануға болмайды. Масаттанатын болса ықыласы қашып, көзбояушылық ететін болады. Даңққұмарлық мақсатпен халықтың назарын өзіне аудару болса, еңбегінің табысы немесе Сыйлық емес. Ол ықыластықтан келген сөгіс пен жаза болып табылады.

Иә, қайырымды істердің күре тамыры болған ықыласқа сиян беретін танымал болу мен даңққұмарлық, қабір ауызына дейін ғана болған өткінші ләззаттың орнына қабірдің арғы жағында қабір азабы секілді қорқынышты бір бейне алатындықтан, танымал болуды тілемей, қайта одан үркіп қашу керек. Атаққұмарлық пен даңғойлық соңында жүгіргендердің қүлақтары шуласын!

 

Міне, осы қатерлі дерттің дауасы ықылас болып табылады. Яғни, шындық сүйгішті нәпсіқұмарлықтан жоғары ұстап, нәпсі мен менменшілдікке шындық үстемдік ету арқылы

اِنْ اَجْرِىَ اِلاَّ عَلَى اللّهِ сырына бөленіп...халықтан келген рухани және материалдық ақыға истиғна ету, яғни қолда барға қанағат етіп алмау (сілтеме3)

وَمَا عَلَى الرَّسُولِ اِلاَّ الْبَلاَغُ сырына ие болып, халықтың игі қабылдауы мен жақсы әсеріне және қурметіне бөлену Аллаhу Тағаланың міндеті, оның жарылқауы екенін, өз міндеті болып табылатын тәблиғ, яғни тарату, жаю ісіне қатысты емес екенін, қажет те емес екендігін, оған жауапты да емес екендігін түсіну арқылы ықыласқа қол жетеді. Әйтпесе ықыласты жоғалтады.

 

3 (сілтеме) Қүранның мадақтауына бөленген сахабалардың “исар” мінездерінен өнеге алу. Яғни, сыйлық пен садақа қабылдауда басқаны өзінен артық көру. Дін жолындағы қызметтің ақысы ретінде материалдық пайданы тілемей, іштей де талап етпей тек Құдайдың жарылқауы деп біліп, халыққа міндет қылмай, дін жолындағы қызметім үшін деп те алмау. Себебі, ықыласты жоғалтпау үшін, дін жолындағы қызметтің ақысы ретінде бұл дүниеде бір нәрсе талап етпеуі керек. Үмбет, олардың түрмысқа қажетті заттарын қамтамасыз ету үшін аз да болса хақтары бар. Бірақ, бұл сұралмайды. ол беріледі. Берілген күнде де қызметімнің ақысы деуге болмайды. Мүмкіндігінше қанағаттылықпен, басқа біреуді өзінен әлдеқайда лайық деп біліп, оларды артық көріп

وَ يُؤْثِرُونَ عَلَى اََنْفُسِهِمْ وَلَوْ كَانَ بِهِمْ خَصَاصَةٌ сырына бөленіп, ықыласқа қол жеткізе алады.

 

ЕКІНШІ СЕБЕП: Ауызбіршіл ік; хақ жол дан тайған азғындардың арсыздығынан, ал алауыздық та хақ жолда жүргендердіқ намысқойлығынан болып отыр. Яғни әхл-и ғафлет дүние қорлар, хақ жолдан тайған азғындар хақ пен ақиқатқа сүйенбегендіктерінен, әлсіз әрі намыссыз келеді. Қорланғандары үшін күш-қуат алуға мұқтаж. Осы қажеттіліктен, басқалардың жәрдемімен өз ара бірігуге шын көңілдерімен тырысады. Тіпті, жолдары азғындық болса да ауызбіршілікті сақтап отырады. Бейне бір ондай хақсыздықта бір хақ құмарлық, әлгі далалетте бір ықылас, ондай дінсіздікте атейстер сияқты қасарысқандық, әрі ондай арандатушылықта бір татуластық құрады әрі табысқа жетеді. Өйткені шынайы бір ықылас; шерлі нәрседе де болса босқа кетпейді. Иә, ықыласты түрде кім не қаласа, Аллаh оны береді. (сілтеме4)

Ал, хақ жолдағылар мен діндарлар және білім мен тариқат жолындағылар хақ пен ақиқатқа сүйенгендіктерінен хақ жолында әр қайсысы тек Раббысын ойлап, оның таупығына сүйенгендіктен өз жолының мағынауи жағынан келген ар намысы бар. Әлсіздігін сезген кезде көмекті, адамдардан емес, Аллаhтан сұрайды. Мінез-құлықтарының өзгешелігінен ортақ жолына көмек алуды қажетсінбейді. Оның үстіне менмендік пен көкіретігі де болса, өзін дұрыс, ал қарсыласын бұрыс деп ойлап, ауызбірлік пен ынтымақтың орнына бөліну мен бәсеке басталып, ықылас жойылады, міндеті атқарылмай қалады.

 

 

4(сілтеме)Иә, مَنْ طَلَبَ وَ جَدَّ وَجَدَ Іс ақиқат дәстүрі. Мағынасы терең де ауқымды. Бізді де қамтып, ішіне алуы мүмкін.

 

Міне, осы қатерлі себептің салдарынан шыққан зиянды нәтижелерге ұшырамаудың шарасы “тоғыз әмр”

Біріншісі: Жағымды әрекет ету, яғни өз жолының сүйіспеншілігімен әрекет ету. Басқа жолдарға қастандық ету, оларды кемсіту, басқаның ой-пікіріне, іліміне араласу, шатасу сияқты жат қылықтардан аулақ болу.

Екіншісі: Тіпті Исләм жолындағы қайсібір мешрәб (жол) болсын, араларында сүйіспеншілік, бауырластық, ауызбіршілікке ұйытқы болатын байланыстар бар екенін ойлап, ынтымақта болу.

Үшіншісі: Қайсібір тура жолдың иесі, басқаның ісіне араласпауы тұрғысында “Жолым тура, хақ немесе әлдеқайда жақсы” деуге правосы бар. Бірақ, басқаның жолын бұрысқа шығаратын немесе жағымсыз жақтарын туспалдайтын “Менің жолым ғана хақ, жағымдысы менікі ғана деуге правосы жоқ,” дейтін нысап қағидасын сақтау...

Төртіншісі: Сондай-ақ, хақ жолындағылармен бірігу; Аллаhу Тағаланың таупықына бөлену, діннің өркен жаюына бірден бір себеп екендігін естен шығармау...

Бесіншісі: Һәм, азғындар мен хақсыздар -жәрдемдесудің арқасында- жамағат бейнесінде, қуатты бір мағынауи тұлға арқылы шабуылы кезінде, әлгі мағынауи тұлғаға қарсы, ең күшті деген жеке қарсыласудың жеңіліп қалатынын түсініп, хақ жолындағылар, бірігу арқылы бір мағынауи тұлға болып, әлгі азғындардың қауіпті мағынауи түлғасына қарсы тұрып, тура жолдан таймау...

Алтыншысы: Хақты жалақорлықтың басқыншылығынан қутқару...0л үшін де;

Жетіншісі: Нәпсісі мен менмендігін тәрк ету;

Сегізіншісі: Бұрыс түсінген ар-намысын тәрк ету;

Тоғызыншысы: Болмашы бәсекелесуді тәрк ету; Міне осылар арқылы ықыласқа қол жеткізеді, міндетін толық атқарады. (сілтеме5)

 

5(сілтеме)Тіпті қуатты хадис бойынша, ақырзаманда христиандардың хақиқи діндарлары Құран жолындағылармен бірігіп, ортақ дұшпандары болған дінсіздікке қарсы күресетіні секілді, осы заманда да діндарлар мен ақиқатшылар діндестері, әріптестері, бауырларымен шын көңілімен бірігіп қана қоймайды, тіпті христиандардың хақиқи діндар дінбасыларымен де араздыққа себеп нүктелерді уақытша айтыс-тартысқа себеп қылмай, ортақ дұшпандары болған зобалаң дінсіздерге қарсы бргуге мұқтаж.

 

ҮШІНШІ СЕБЕП: Хақ жолындағылардық алауыздығы қайратсыздығынан емес, сондай-ақ хақ жолдан тайған азғындардың ауызбіршілігі асқан қайраттылығымен емес. Хақ жолындағылардың алауыздығы, асқан қайрат-жігерлерін бұрыс пайдаланудан және азғындардың ауызбіршілігі жігерсіздіктен шыққан әлсіздік пен бейшаралығындан.

Хақ жолындағыларды жігерлерін теріс пайдалануға одан алауыздыққа және бәсекеге түсірген, ахирет тұрғысында сүйкімді жағымды іс деп есептелген сауапқа деген құштарлық пен ахиреттік міндетте қанағаттанбаушылықтың салдарынан болып отыр. Яғни, “мына сауапты іске мен ие болайын, бұл адамдарды мен жолға салайын, менің айтқанымды тыңдасындар,” деп алдындағы нағыз бауыры әрі шынымен-ақ сүйіспеншілік пен сүйенішіне, бауырластық пен жәрдеміне мұқтаж бір кісіге қарсы бәсекелес адамдай шеп алады. “Шәкірттерім неге оның қасына барады? Неге оның шәкірттеріндей шәкірттерім жоқ?”- деп, менмендік сезім осы арадан пұрсат тауып, нашар бір мінез болған мақам-мансапқұмарлыққа салынып, ықыласты жояды, көзбояушылық қаупі төнеді.

Міне, бул қателік пен жараның сондай-ақ, ауыр рухани науқастың емі: “Аллаhу Тағаланың ризашылығына шын ықылас қана бөлейді. Ізінен ергендердің көптігі және зор табыстарға жету арқылы емес.” Өйткені, олар Иләhи іс болып табылатындықтан сұралмайды, беріледі.

Иә, кейде бір ауыз сөз азаттыққа жеткізіп, ризашылыққа бөленуіне себеп болады. Көпшіліктің ролі әлгіндей назарға алынбағаны жөн. Өйткені кейде бір ғана адамның хақ жолға келуі мың адамның хақ жолға келуінен артық болып, Аллаhтың ризашылығына бөленуге басты себеп болады. Һәм ыхлас дегеніміз шындыққа жаны құмарлық. Мұсылмандардың қайдан болсын, кімнен болсын мағынауи пайда көруін мақұл көріп, тараптар болу. Әйтпесе,” Менен дәріс алсын, мен сауап алайын” деу, менмендік пен нәпсінің бір қулығы.

Әй, сауапқа тойымсыз, ахиреттік істерге қанағатсыз адам! Тыңдаушылары санаулы болса да пайғамбарлық маңызды міндетін атқәрып, мол ақысын алған кейбір пайғамбарлар болған. Демек, ізінен ергендерді көбейту өнер емес, өнер; Аллаhтық ризашылығына бөлену. Сен кімсің сондай-ақ, Құдайдың ісіне араласасың кеп? Мойындату, халықты үйіріп алып кету Аллаhтың ісі. Өз міндетіңді толық атқар! Аллаhтың ісіне араласпа! Сондай-ақ, хақ пен ақиқатты тыңдаушылар, айтқан адамға сауап жаздыратындар тек адамдар ғана емес, Аллаhтың саналы мақұлықтары, руханилары және періштелері әлемнің әр тарапында бар. Сен қыруар сауап алғың келсе, өзіңе ыхласты негіз деп ал, тек Аллаhтың ризашылығын ойла! Сонда сенің ауызыңнан шыққан әр бір мүбәрак сөз; ауадағы бөлшектерімен, ыхлас арқылы және адал ниет арқылы жанданып тіріледі де сансыз саналылардың құлақтарына кіріп, оларды нұрландырады әрі саған сауап жаздырады. Себебі; мәселен, сен әлхәмдулилләh” дедіқ. Бұл сөзің миллиондаған үлкенді-кішілі “әлхамдулилләh” деген сөздерді Аллаhтың құдретімен ауаға жазады. Наққаш-ы Хаким әбестік пен ысырап етуден аулақ болғаны үшін, әлгі мубәрак сөздерді тыңдайтын көптеген қүлақ жаратып қойған. Егер ыхласты түрде болып, және адал ниетпен манағы сөздер жанданса, ләззаты мол жеміс сияқты руханилердің құлақтарына кіреді. Ал егер, ыхлас пен Аллаhтың ризашылығы айтылған сөздерді жандандырмаса тыңдалмайды, әрі сауап тек ауыздан аспай қалады. Дауысы өте жақсы болмағандықтан, тыңдаушылар аз деп, тартыншақтайтын қарилардың құлақтары шуласын!

ТӨРТІНШІ СЕБЕП: Әхл-и хидаеттің бәсекелесе жік-жік болуы; істің соңын ойламағандықтан, ақылының таяздығынан еместігі белгілі, сол сияқты әхл-и далалеттің шынайы бірліктері істің соңын ойлап, өткір назарларынан емес. Әхли-хидает, хақ және ақиқаттың күшімен нәпсінің соқыр сезіміне берілмей, жүрек пен ақылдың турашыл пейіліне тәуелді болып, хақ жол мен ыхласты сақтай алмағандықтан әлгі жоғары мәртебеге ие бола алмай жік-жік болуда.

Әхли-далалет болса; нәпсі мен әуестіктің әсерімен, соқыр әрі істің соңын көрмейтіи және азғана дайын ләззат үшін келешекте берілетін батпан ләззатты тәрк ететін сезімнің күшімен бір-бірімен ынтымақ құрып, дайын олжа мен әзір ләззат үшін қуатты түрде ауызбірлік етуде.

Иә, дүниелік және әзір ләззат пен пайда үшін азғын да ниеті жаман нәпсі құмарлар ынталы түрде бас қосып, ұйымдасуда. Әхл-и хидает, ахиретке тиісті және ілгеріде берілетін жемістерге, табыстарға жүрек пен ақылдың қасиетті қағидаларымен көңіл бөлгендіктен іргесі берік тура жолда жүру, толық ықылас пен жанкештілік, ынтымақ қолдарынан келе тұра; менмендіктен құтыла алмай, асыра сілтеп немесе жеткізбей қойып, сарқылмас қуат болып табылатын ауызбіршілікті жоғалтып ыхластан айрылуда әрі ахиреттік ісі де оңбауда. Оңайлықпен Аллаhтың ризашылығына бөлене алмауда. Осы бір қауіпті аурудың емі яғни дәрісі;

 

 

“әл хуббу филләh” сырымен хақ жолда жүргендерге серік болып, мақтан тұту, олардың ізінен еру; және имамдықты оларға беру; әлгі хақ жолында кімді болса өзінен әлдеқайда жақсы екендігін ойлап менмендіктен баз кешіп ыхласқа қол жеткізу; ыхласпен жасалған азғана іс; ыхлассыз көптеген істерден үстем екендігін ескере отырып, жауапкершілігі ауыр қауіпті болған басқарма ісін тастап, қызметші болуды қалап әлгі аурудан тәуір болады әрі ықыласқа қолы жетіп ахиреттік міндетін адал атқаратын болады.

БЕСІНШІ СЕБЕП: Әхл-и хидаеттің келіс-пеушілігі, жік-жік болуы дәрменсізідіктерінен емес, сондай-ақ, әхл-и далалеттің ынтымақтастығы қуаттылығынан емес. Әхл-и хидаеттің келіспеушілігі; кәміл иманнан пайда болған сенім, және арқа сүйерінен қуат алғандықтан. Сол сияқты әхл-и ғафлет пен әхл-и далалеттің бірлігі; шын көңілден сенім артатын таба алмай, өздері болса әлсіз әрі дәрменсіздіктерінен туып отыр. Өйткені, әлсіздер, бірлікке мұқтаж болғандықтарынан қуатты ынтымақ құрады. Ал қуаттылар, қажеттілігін аңғара алмағандықтан бірліктері айтарлықтай емес. Арыстандар түлкілер сияқты бірлік құруға мұқтаж болмағандықтан жеке, дара өмір сүреді. Жабайы аттар, қасқырдан сақтану үшін үйір құрайды. Демек, әлсіздердің ұйымы және мағынауи тұлғасы қуатты келеді (сілтеме6), ал қуаттылардың ұйымы және мағынауи тұлғасы әлсіз келеді.

 

6 (сілтеме) Еуроғадағы ұйымдардың ең күштісі, ең әсерлісі әрі бір жағынан қуаттысы нәзік тайпа, әйелдердің Америкадағы әйел егемендігі және хұқы дейтін ұйым. Һәм, басқа ұлтқа қарағанда халқы аз әрі әлсіз Армян қоғамы, қуатты да жанкешті түрде ұйымшылдықтары осы айтқанымызға дәлел.

7 (“қалә”(сказал)мужской род)

8 (женский род)

 

Бул сырға қызықты бір ишарет әрі Құранның нәзік бір нүктесі: Әйелдер қауымы екі еселенген жағдайда;

وَ قَالَ نِسْوَةٌ فِى الْمَدِينَةِ деп ер кісіге тиісті етістікті قَالَ қолдануы; hәм ер кісілердің жамағатына قَالَتِ اْلاَعْرَابُ деп, әйел адамның сөйлеу түрін قَالَتِ қолдануы, әлсіз әрі жұмсақ мінезді әйелдердщ ұйымы қуатты келетінін, қатуланып жойқын болып бір жағынан батылдық пайда болатынын үйлесімді түрде وَ قَالَ نِسْوَةٌ ишарет еткен.

Ал, қуатты еркектер болса, әсіресе көшпенді араптар болса күшіне сенгендіктен ұйымдары әлсіз болып, hәм сақтық пен жұмсақтық күйге түсетіндіктен; бір жағынан әйелге тән ерекшелікке ие болатындықтан әйел адамға қатысты قَالَتِ اْلاَعْرَابُ деген етісігін қолдануы өте орынды.

Міне, әхл-и хақ, ынтымақтағы хақ қуатын ескермегендіктен әрі іздемегендіктен орынсыз да зиянды нәтиже болып табылатын жік-жік болып келіспеуде. Әділетсіз әхл-и далалет болса, әлсіздіктері арқылы ынтымақтағы қуатты түсінгендіктен мақсатқа жеткізетін бірден бір себеп, ынтыщқтастыққа қолдары жетуде.

Міне, әхл-и хақтың осы бір орынсыз келіспеушілік дейтін ауруының емі мен дәрісі: жақ-жақ болып бөлінуді қатаң тыйым салатын: وَلاَ تَنَازَعُوا فَتَفْشَلُوا وَتَذْهَبَ رِيحُكُمْ деген Қуран аяты, және وَتَعَاوَنُوا عَلَى الْبِرِّ وَالتَّقْوَى дейтін аятындағы қоғамдық өмірде мақызды рол атқаратын Иләhи әмірді тыңдау әрі бөлінудіқ Ислам діні үшін қаншалықты зиянды екенін ойлап, және осылайша әхл-и далалеттің әхл-и хаққа үстемдік етуіне жәрдем еткенін аңғарып, асқан әлсіздік пен өте дәрмәнсіздікпен әлгі әхл-и хақтың көшіне жан кешті әрі шынайы түрде қосылу болып табылады. Меншілдікті ұмыту арқылы екі жүзділік пен жасанды іс-әрекеттен құтылып, ыхласқа қол жеткізу.

АЛТЫНШЫ СЕБЕП: Мұсылмандардың бастарының қосылмауы: мәртсіздіктерінен, Аллаh үшін күш қайрат жұмсамағандықтарынан, немесе намыссыздық пен ұялмауларынан емес. Сондай-ақ, қапы қалып ахиретті ұмытушы кәпірлердің дүниеуи істердегі ауызбіршілігі, мәрттіктен, күш-қайраттары мен намысқойлықтарынан емес. Мүсылмандардың көпшілігі ахиретке пайдалы жұмыстарды ойлап, күш-қайраты мен намысын сол маңызды мәселелерге жұмсайды. Негізгі байлығы болған уақытын бір ғана мәселеде жұмсамағандықтан, қызметтестерімен (мусылмандармен) келісімі әлсізденеді. Себебі, ахиреттік маңызды мәселелер өте көп.

Ғапыл, бұл дүниені ғана ойлаушылар болса, тек қана дүниеуи өмірді ойлағандықтан барлық күш-қуатын жан-тәнімен, дүниеуи істерге жұмсауда. Бұл мәселелерде өзіне көмектескендерден де айрылғысы келмейді.

Шындығында бес тиынға алғысыз, хақ жолындағылардың он тиынға алмайтын мәселелеріне, есі ауысып, бес тиындық шиша сынықтарын бес теңгеге алған алмасшы еврей секілді, бес жүз сомдық уақытын жұмсауда.

Әлбетте, осынша күш-жігер мен уақытын беріп, дүниеуи мәселелерге қайрат еткендіктен, шын ықыластың арқасында, теріс жолда болғанымен хақ жолдағылардан озып отыр. Оладың осы жетістіктерінің нәтижесінде хақ жолдағылар (мұсылмандар) қор болып, көзбояушылық, жасанды әрекеттерге салынып, ықыласты жоғалтады.

Сондықтан да екі жүзді, намыссыз дүниені ғана ойлаушыларға(кәпірлерге) жалтақтауға мәжбүр болады.

Әй, хақ жолдағы мұсылмандар!

Әй, хақты сүйіп хақты ақтаушы шариғатшылар мен тариқатшылар! Мына алауыздық дертіне қарсы бір-біріңіздің кемшілігін көрмеуге тырысып, айыбына қарсы көздеріңізді жұмыңыз.

وَاِذَا مَرّوُا بِاللَّغْوِ مَرّوُا كِرَامًا

Фурқан (Құран) әдебімен әдептеніңіздер!

Сыртқы жаудың шабуылында, ішкі алауыздықты тастап, хақ жолдағыларды (мұсылмандарды) үні шықпас қорлықтан құтқаруды, ең бірінші және ең маңызды ухреуи міндетіңіз етіп, жүздеген аяттар мен хадистерде әмір етілген бауырлық махаббатпен жәрдемдесіп, барлық сезімдеріңізбен, дүниені ғана ойлаушылардан да қаттырақ бір суретте діндастарыңызбен бірлік жасаңыздар.

Яғни, ауызбірлікті жоғалтпаңыздар!

„Осындай түкке тұрғысыз нәрселерге қымбат уақытымды жоғалтқанша, алтын уақытымды зікір секілді қымбат істерге жұмсаймын”-деп, ауызбіршілікті әлсіретпеңіздер!

Себебі: Мына мағнеуи пікір жиhады заманында, болмашы деп ойлағаныңыз, үлкен мәселе де болуы мүмкін.

Бір жауынгердің, ауыр шарттар астындағы бір сағаттық күзеті; кейде, бір жылдық гибадет есебіне кіреді. Сол секілді, хақ жолдағылардың артта қалып, жеңіліс тауып отырған заманында, мағнеуи пікір жиhадында аз бір іске жұмсалған бір күндік уақыт, әлгі жауынгердің бір сағаты секілді, мың есе көбейіп, бір күніңіз мың күн есебін кіруі мүмкін.

Аллаh үшін болғандықтан, бұл мәселелердің үлкен кішілігіне қарамаңыздар.

Аллаh рызасы үшін, ықыласпен жасалғандықтан түйірдей нәрсе жұлдыздай болады. Істің бағасына емес, нәтижесіне қараңыз. Нәтижесі, Аллаh рызасы үшін, іргетасы ықылас болғандықтан ол мәселе кіші нәрсе емес.

ЖЕТІНШІ СЕБЕП: Хақ жолдағылардың келіспеушіліктері мен бәсекелері, қызғаншақтықтан және қасарысушылықтан емес. Сондай-ақ, дүниені ғана ойлаушылар мен ғапыл қалғандардың ауызбіршілігі; ақкөңіл, жомарттығы мен ұлылығынан емес.

Хақ жолдағылардың, ақиқаттан келген ұлылықты, күш-қайратпен хақ жолдағы жарысты шын мағынасымен орындай алмауларынан, арасына кірген екі жүзді сатқындардың кесірінен, бір-бірі жайлы жаман ойға кетіп, бақталастық пен алауыздыққа түсіп, әрі өздеріне әрі Ислам жамағатына зиян тигізуде.

Бұл дүниені ғана ойлап азғындық жолға түсушілер болса, қол жеткізген мақамдарын қолынан шығармау үшін және бас пайдасы үшін, қолпаштаған бастықтары мен жора-жолдастарын ренжітпеу үшін, екі жүзді намыссыз жолдастарымен, тіпті сатқын зиянкес те болса ауызбіршілік жасауға дайын болып, бас пайдасы үшін кіммен де болса тіл табысуда. Дос көрініп, пайдалануға тырысуда.

Әй, басы бәлеге душар болып, ауызбіршілігін жоғалытқан хақ жолдағылар!

Мына пәлекетті заманда, ықыласты жоғалтып, Аллаh рызасын мақсат етпегендіктеріңізден, хақ жолдағылардың жеңілістері мен қор болуына себеп болдыңыз.

Діни және ахиреттік жұмыстарда бәсеке мен қызғаныш болмауы керек. Қызғаныш, қасындағыларды көре алмаушылыққа әкеліп соқтырады.

Бір затқа көп қолдардың созылуы, бір м