Pисале-и Нұp шығаpмалаp жинағынан

ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК

ХАШИP PИСАЛЕСI

Автоpы

Бәдиүззаман

Саид Нұpси

ОНЫНШЫ СӨЗ

Ескерту: Бул шығармада салыстырмалы мысалдар қолдануымның себебі, әрі түсіну оңай, эрі Ислам ақиқаттары қаншалықты ақылға қонымды, әрі бір-бірін қуаттап отыратындығын, тығыз байланысты екендігін көрсету. Хикаялардың мағыналары, соңындағы ақиқаттарда. Хикая ақиқатқа жол сілтеп отырады. Демек, қияли хикаялар емес - ақиқат.

بِسْمِ اللّهِ الرّحْمنِ الرّحِيمِ

فَانْظُرْ اِلَى آثَارِ رَحْمَةِ اللّهِ كَيْفَ يُحْيِى اْلاَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَآ اِنَّ ذَلِكَ َلمُحْيِى اْلمَوْتَى وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ

[Бауырым! Хашир мен ахиретті, жай ғана қарапайым тілмен түсіндіруді қаласаң, төмендегі мысал етіп алған хикаяларға нәпсіммен бірге құлақ бер.]

Бір уақыт екі адам жәннәтқа ұқсас әсем бір елге (бул дүниеге ишарет) барады. Барлық адамдар үйлері мен дүкендерінің есіктерін ашық тастап, қарауылдауға мән беріп жатпайды. Заттар да, ақшалар да ортада, иесіз қалған. Манағы екі адамның біреуі қалаған нәрселерге қол сұғып, ұрлап, жымқырып бағады. Нәпсінің құлқынына құл болып, ойына келгенін істейді. Айналасындағылар оған тиіспейді.

Екінші адам оған:

-"Не істеп жатырсың? Жазаға тартыласың, мені де бәлеге қалдырасың. Бұл заттар мемлекеттің мүлкі. Айналадағы адамдар бала-шағасымен әскер қатарында немесе мемлекет сақшылары. Бұл жұмыстарда кәдімгі қызметкер (штатскиий) ретінде іс атқаруда. Сондықтан да саған онша тиіспейді. Бірақ жаза өте ауыр. Патшаның барлық жерде телефоны мен сақшылары бар. Тез райдан қайтып кешірім сұра."

Бірақ анау өркөкірек, тәкәппарсып: "Жоқ, дәулет мүлкі емес, ортақ нәрсе, иесіз. Жұрттың бәрі керегінше жұмсай алады. Мына әдемі заттардан пайдалануыма кедергі боларлықтай еш нәрсе көріп тұрғаным жоқ. Көзіммен көрмеген нәрсеге сенбеймін."- деді. Әрі даурығып, көптеген қисынсыз нәрселер айтты. Екеуінің арасында айтыс басталды.

Өркөкірек адам әуелі:

"Патша деген кім? Танымаймын..." деді. Жолдасы да оған:

"Бір ауыл ауылнайсыз болмайды. Бір ине ұстасыз жасалмайды. Жазушысыз бір әріптің жазылмайтынын білесің. Осындай шексіз керемет елдің әкімсіз болуы мүмкін бе? Осынша байлық тиелген поезд, әр сағатта ғайыптан келгендей толып келіп, бул жерге төгіп босатып кетіп жатыр.(Сілтеме)(1) Олардың иесіз болуы мүмкін бе? Сондай-ақ әр жерде ілінген хабарландырулар, тулар, заттардың үстіне басылған мөрлер, таңбалар қалайша иесіз болады?

 

(1)(Сілтеме): Бір сағат деп отырғаны бір жыл, ризықтарға толы вағон болса көктем мезгілі.

 

Сен мына ислам жазуларын оқи алмай отырсың, білгеннен де сурамайсың. Кел, сөзіме қулақ түр. Саған үлкен жарлық оқып берейін,"- деді.

Манағы тәкәппар тағы да тайқып шықты:

"Ал мақұл, патша бар. Бірақ менің алған азғана заттарымнан оған қандай зиян келеді, қазынасы ортайып қала ма? Оның үстіне бұл жерде абақты, түрме жоқ, жаза да бола қоймас."

Жолдасы оған жауап ретінде:

"Бауырым-ау, көз алдыңдағы мына мемлекет бір тәжірибе алаңы. Әрі, Сұлтанның таңғажайып өнерінің көрмесі. Әрі ол - қонақүй, мейманхана. Күн сайын келіп-кетіп жатқан керуендерді көріп отырсың, Толассыз ағылып босалып отыр. Бір шама заман өткен соң бұл ел қоныс аударады. Мына тұрғындары да басқа бір мәңгілік мекендеріне тұрақты қоныс тебуге көшіріледі. Ол жерде әркім атқарған қызметіне, жасаған іс-әрекетіне қарай жаза не болмаса сый-құрмет көреді,"-деді. Әлгі өркөкірек тағы да қасарысып: "Сенбеймін, бұл мемлекеттің тас-талқаны шығып, басқа жаққа көшуі мүмкін емес,"-деді. Будан кейін жолдасы: "Қасарысып қоймадың, сөзіме құлақ қой. „Үлкен бір сот" (Махкеме-и кубра) бар екендігін, бір сый-құрмет жері мен жаза беретін зынданы бар екендігін, әрі мына мемлекет бос қалып тас-талқан болатынын бұлтартпас шексіз дәлелдерден тек бірнешеуін "Он екі сурет" арқылы көрсетіп берейін,"-деді.

БІРІНШІ СУРЕТ:

Бір салтанат, әсіресе мұндай кемелденген өзінің адал да жақсы қызмет етушілеріне сый-құрмет көрсетпеуі, ал қарсы шығып заңға бағынғысы келмегендерге жаза бермеуі мүмкін бе? Бұл жерде көре алмағаныңмен басқа жерде үлкен сот бар.

ЕКІНШІСУРЕТ:

Болып жатқан мына жағдайларға назар сал. Ең жарлы, ең нашарынан бастап бәріне де өте жүйелі түрде ризық берілуде. Ешкімі жоқ (жалғыз басты) науқас жандардың күтімі тым жақсы. Тәтті тағамдар, сырмалы нақыштар, безендірілген киімдер мен жасаулы дастарханға назарыңды сал. Сен секілді алаңғасардан басқаның бәрі өз істерін толық атқаруда. Титтей де болса артық кетіп жақтан ешкім жоқ. Ең жоғарғы мақам иесі, ең тілалғыш та сол. Оның үстіне патшаның әмірінен қорқып қызмет атқаруда. Демек, мына салтанат иесінің өте күшті жомарттығы, өте кең пейілі бар. Өте жоғары намысы, қаhары мен абыройы бар. Ал, жомарттық болса нығмет бергісі келеді, кең пейілі жақсылықсыз бола алмайды. Намыс болса жігер қажет етеді. Абырой мен намыс әдепсіздерді жөнге салуды қажет етеді. Ал, мына мемлекетте ондай мәрхамет пен намыстылыққа лайық істердің мыңнан бірі де атқарылып жатқан жоқ. Залым зұлымдығын жасап, жәбірленушілер қор болып, бұл жерден көшіп жатыр. Демек, үлкен бір сотқа қалып отыр.

ҮШІНШІСУРЕТ:

Назар салып қарасаң жұмыс біткен қаншама асқан хикметпен жүргізіліп жатқанын көресің. Әрі нағыз әділетті түрде. Үкімет болса, патша салтанатының қол астына кіргендерге хикметімен жақсылық жасауда. Әділет болса, үкіметтің абыройы мен салтанатының қадірін сақтау үшін қол астындағылардың құқын сақтап отыруы қажет. Шындығына келсек, бұл жерде ол хикметтер мен әділеттілікке лайық істердің мыңнан бірі атқарылып жатқан жоқ. Сен секілді бұзақылар жазасын тартпастан кетіп жатыр. Ендеше, үлкен бір сотқа қалып отыр.

ТӨРТІНШІСУРЕТ:

Жақсылап зер сал. Мына жаймадағы сансыз жауhарлар мен дастархандағы сансыз тағамдар, бұл жердің патшасының аса жомарт, байлығының шегі жоқ екендігін көрсетеді. Ал мұндай жомарттық пен шексіз байлық, барлық нәрселерге толы дастархан мәңгілікке жиналмай, келушілердің де үзілмегенін қалайды. Таусылып біту мен көз жазып, бөлек қалуды әсте қаламайды. Себебі, қайғы-қиыншылықтың бітуі ләззәт болғанындай, ләззәттің бітуі, таусылуы да қайғы-қасірет. Жаймаларға назар сал. Мына жарлықтар мен хабарландыруларға көңіл бөліп қара. Патшаның ғажайып өнер туындыларын жаймаға шығарып, әлемге жар салушы делдалдардың сөздеріне құлақ түр. Мағынауи кемелдігін көрсетіп, теңдесі жок, сұлулығын паш етуде. Жасырын сұлулығының жұмақтай әсемдігінен хабар беруде. Демек, оның аса таңқаларлық кемелдігі, мағынауи сұлулығы бар. Жасырын да кемшіліксіз кемелдік болса, қадір қасиетін біліп, сұлулығын танып „Машаллаh" деп куә болушыларға сырын ашқысы келеді. Жасырын, теңдесі жоқ сұлулық болса, көрінгісі және көргісі келеді. Яғни өз сұлулығын екі жақты көргісі келеді. Біріншісі; көптеген айналардан өзін көргісі келеді. Екіншісі; сулулығын танып, оны көруге құштар көрермендерге көріну арқылы өз сұлулығын көру. Әрі көргісі, әрі көрінгісі келеді, hәм мәңгі көрінгісі, hәм көргісі келеді. Ондай сұлулық, оны көріп таң қалушылардың да тоқтаусыз болғанын қалайды. Себебі, мәқгі сұлулық өткінші махаббатқа разы бола алмайды. Себебі, еш уақыт қайта оралмайтындай тұқғыйыққа айдауға кетіп бара жатқан жанның махаббаты дұшпандыққа айналады. Махаббаты мен қурметі тас-талқан болады. Себебі, адам баласы қолы жете алмаған, біле алмаған нәрселерге дұшпан келеді. Ал мына қонақжайдағылардың бәрі де тез кетіп, жоғалуда. Мынадай кемелдік пен сұлулықтың бір ғана сәулесін тіпті қараң еткен көлеңкесін аз уақыт ішінде қарап үлгірместен, тоя алмай кетіп жатыр. Демек, басқа жерде мәңгі тамашалау орны бар.

БЕСІНШІ СУРЕТ:

Жасалып жатқан мына істер теңдесі жоқ бір Күштің аса мейірімі бар екендігін көрсетеді. Неге десеңіз, бәлеге душар болғандардың бәріне көмекке келеді. Барлық сұрақтар мен талап-тілектерге жауап береді. Тіпті қарамағындағылардың ең төменгі сатысындағылардан болмашы бір қажеттілік көрсе, оны да қамтамасыз етеді. Бір қойшының қойының аяғы ақсап қалса, жарасына дәрі жағуға мал дәрігерін жіберіп отыр. Мына аралда үлкен бір жиналыс бар, ал енді соған барайық. Бул мемлекеттің барлық игі жақсылары сол жерге жиналуда. Назар сал, үлкен бір таңбасы, нышаны бар бір Яуер-и Әкрем сөз сөйлеуде. Мейірімді патшасынан бір нәрсе сұрауда. Жанындағылардың бәрі де „Иә, иә біз де қалаймыз,"-деп оны қуаттауда. Ал, патшаның сүйіктісі болса: „Әй, біздерді нығметтермен азықтандырушы Султанымыз! Бізге усынып отырған үлгілерің мен көлеңкелеріңнің асыл негіздері мен қайнарларын көрсет. Бізді салтанат сарайыңның орталығына ал. Бізді мына шөлдерде қақтатпа. Бізді құзырыңа ал. Бізге мәрhәмет ет. Бұл жерде дәмін татқызған ләззәтті нығметтеріңді ол жерде жегіз. Бізді жоқ етіп, өзіңнен ұзақ ұстап азап берме. Сені сағынып, саған шүкір етуші қол астыңдағы бізді бос тастап, жоқ ете көрме!"-деп қатты жалбарынуда. Оны сенде естіп отырсың. Апырым-ай, осыншама мейрімді де құдіретті патшаның ең төменгі дәрежедегі бір адамның болмашы тілегіне өте мән беріп қамтамасыз етіп ең сүйіктісі Яуер-і Әкрамының тілектерін қабылдамауы еш мүмкін бе ? Ал шындығында ол сүйіктісінің тілектері, көпшіліктің де мақсат тілегі. Әрі патшаның разы болып көңілінен шығатын нәрселері, hәм мерhаметі мен әділеттігіне сай. Әрі оған бұл істер өте оңай. Мына қонақжайдағы фәни өткінші көрсету алаңындағылардан да оңай. Үлгілерін ғана көрсету үшін бес-алты күндік жаймаларға осынша шығын жасаған екен. Әлбетте, нағыз қазыналары мен кемелдіктерін, өнерін көрсету үшін Салтанат Сарайының орталығында бір көрме ашатын болады. Ол көрменің кереметтігі сондай, көргендер есінен танады. Демек мына емтихан алаңында олар жәй әншейін емес. Оларды бақыт сарайлары мен зындандар күтуде.

АЛТЫНШЫ СУРЕТ:

Енді мыналарға зер сал: Мына поездар, ұшақтар, қоймалар, жаймалар мен жабдықтаулар перденің арғы жағында кереметтей патша салтанатының бар екендігін көрсетеді. (Сілтеме)(2)

 

(2)(Сілтеме): Мәселен: қазіргі заманда әскери жаттығуларда Қарулан, сүңгі тақ!" әмірімен үлкен әскери бөлім найзалы ормандай бола қалатыны секілді. Әр мейрам күндерінде парадқа шығушы әскерлардің "Формаларыңызды киіңіз, қару жарақтарыңызды алыңыз!" әмірімен горнизондағылар түрлі түсті шешек атқан әсем бақтарға үқсап қалатынындай-ақ, жер жүзінің майданында Султан-ы Эзәлидің шексіз әскерлері; періште, жын және адамзат пен хайуанат сияқты тіпті санасыз өсімдіктерде өмір үшін жасаған жиhадтарында كُنْ فَيَكُونُ эмірімен "Қорғану үшін қару-жарақтарыңызды алыңыз"-деген Аллаhтың әмірін алған кездерінде; жер жүзіндегі барлық тікенді өсімдіктер, тікендерін таққан кездерінде, манағы сүңгілерін тағып әзір турған әскерлерге уқсап қалады. Әрі көктемнің әр күні, әр аптасы, әр түрлі өсімдік тайпасының мейрамы секілді болғандықтан, әр бір тайпа өз Султанының ол тайпаға тарту етіп таққан нышандарын тағып Султан-ы Әзәлидің алдынан өтіп эскери парад жасайды. Бүкіл өсімдік атаулы мен ағаштар және гүлдер мен жемістер нышандарыңызды тағыңыз, шешек ашыңыз деген Раббани әмірлерді тыңдағандықтан, жер жүзі қулпырып, әскери формалары мен әскери нышандарын тағып парадқа шыққан әскерлерді еске түсіреді.

Осыншама хикметті дәрежедегі тәртіппен жиhаздалу, әлбетте шексіз қуатты бір султанның, өте әділ әкімнің әмірлерімен болып жатқандығын соқыр болып қалмағандарға көрсетеді.

 

Мұндай салтанат; өзіне лайық бас июшілердің болғанын қалайды. Солай бола тура өзің көріп отырғаныңдай бәрі де мына қонақ жайға жиналған. Ал қонақжай болса әр күн жаңарып отырады. Әрі барлық бағынушылар, мына емтихан алаңында. Ал алаң болса сағат сайын ауысып отыр. Һәм барлық қол астындағылар Патшаның қымбат сыйлықтарының үлгілерін, ғажайып өнер туындыларын жаймаларда қызықтау үшін мына көрмелерде бірнеше минут турып тамашалауда. Ал жаймалар минут сайын өзгеріп отыр. Кеткендер қайта оралмайды, ал келгендер кетеді. Ендеше мына қубылыс; бұл қонақ үй және алаң* сондай-ақ жаймалардың арғы жағында мәңгілік сарайлар, өзгермес орындар, мына үлгілер мен суреттердің негіздеріне толы бау мен қазына бар екенін көрсетеді. Демек бұл жердегі күйкі тірлік солар үшін. Бұл жерде жұмыс істеткізіп, ол жерде ақысын төлейді. Әркімнің қабілетіне қарай ол жерде бақыты бар.

ЖЕТІНШІ СУРЕТ:

Жүр, біраз серуендеп қайтайық. Мына мәдени тұрақтардың ішінде не бар, не жоқ аралап шығайық. Ал енді зер сал. Әр жерде әр бұрышта көптеген фото аспабы суретке түсіруде. Әне қара, әр жерде сансыз хатшылар отырып алып бір нәрселер жазуда. Барлық нәрселерді тіркеп қоюда. Түкке тұрғысыз істер мен болмашы оқиғаларға дейін жазып тіркеп қоюда. Әй әне қара, ана бір биік таудың басында Патшаның үлкен фотоаспабы құрылған екен. Ол бұл жердегі барлық оқиғаларды суретке түсіріп алуда. (Сілтеме)(3)

 

(3)(Сілтеме): Бул суреттің мегзеп отырған мағыналарының бір бөлімі жетінші ақиқатта баяндалған. Бір айта кететін жағдай, бул жердегі Патшаның фотоаспабы деп отырғанымыз шындығында Леух-и Махфуз. Леух-и Махфуздың бар екендігі Жиырма алтыншы сөзде былайша дәлелденген: Кішкене-кішкене куәліктер (паспорттар) үлкен мемлекеттік тіркеудің бар екендігін дәлелдейді. Кішкене-кішкене есеп қағаздар (чектер) үлкен есеп дәптердің бар екендігін көрсетеді. Сызақтап аққан тамшылар үлкен су көзінің бар екендігін дәлелдейтіні секілді, адамзаттың еске сақтау қабілеті, ағаштардың жемістері, жемістердің туқымдары әлбетте бір Хафыза-и Күбраның, Үлы дәптер мен Леух-и Махфуздың бар екендігін дәлелдейді. Тіпті ақылы барға керсетіп береді.

 

Демек, Патша қол астындағы мемлекетте жасалып жатқан іс-әрекеттердің барлығын тіркеп, жазып отыруға әмір берген. Олай болса оның көзінен еш нәрсе таса қалмайды. Міне, осыншама мүқият тіркеу, жазып отыру, әлбетте сұраққа тарту үшін. Олай болса ең төменгі дәрежедегі тұрғынның болмашы іс-әрекетін көзден таса қылмай отырған Хаким-ы Зүлжәлалдің тұрғындар ішінде ең жоғарғы дәрежедегілердің ең үлкен іс-әрекеттерін есепке алмай, сый-құрмет немесе жазаламауы мүмкін бола қояр ма? Ол патшаның абырой мен намысына тиіп, қамқорлығының қабыл ете алмайтын сойқандықтарды, әлгі жоғарғы дәрежедегілер жасауда. Бұл жерде жазаға тартылып жатқан жоқ.

Демек, Махкеме-и Күбраға қалып жатыр.

СЕГІЗІНШІ СУРЕТ:

Кел, саған әлгі патшадан келген хабарды оқып берейін. Қулақ сал, Ол уәде беруде әрі қатаң ескерту жасауда. Сендерді ол жерден алып, Салтанат сарайымның орталығына әкелемін. Маған тәуелді болып заңдарымды орындағандарды бақытқа бөлеймін. Қарсы шығып бас көтергендерді зынданға қамап тастаймын. Ал ана уақытша жердің тас-талқанын шығарамын. Мәңгі зәулім сарайлары мен зындандары бар басқа мемлекет құрамын. Уәдесі болған бұл нәрселер оған өте оңай. Қол астындағылар үшін де өте маңызды. Уәдесінде тұрмай сөзінен таю, әкімшілік қасиетіне қайшы келеді. Әй есалаң, ал енді бері қара. Сен жалған әрі турақсыз пікіріңді, қисынсыз ақылың мен алдатушы нәпсіңді мақұлдаудасың. Қай жағынан алсаң да өтірік пен уәде бұзуына мәжбүрлігі жоқ, әрі өтірік пен уәде бұзушылық қасиетінің жараспайтынын әрі барлық жасалып жатқан істер оның тура да әділ екендігін дәлелдеп отырған біреуді өтірікші қылғың келеді. Әлбетте ауыр жазаны тілеп алып отырсың. Мына бір мысалдағы батырға ұқсайсың: Бір жолаушы күннің жарығынан қашып көзін жүмады. Қиялдап, қияли жарқырауық қоңызы тәрізді басындағы шамның жарығымен қараңғы жолды жарық қылғысы келеді. Уәде берген екен әрине, орындайды. Алайда орындау оған өте оңай. Біздер және барлық жаратылыс атаулыға және оған, Оның салтанаты өте қажет. Демек, бір Махкеме-и Күбра және үлкен бақыт бар.

ТОҒЫЗЫНШЫ СУРЕТ:

Енді мынаған зер сал. Мына ұйымдар мен жамағаттардың басшыларында (Сілтеме)(4) тікелей Патшамен сөйлесе алатын телефондары бар.

 

(4)(Сілтеме): -Бул суреттегі дәлелденген мағыналар „Сегізінші ақиқатта" анықталады. Мысалдағы басшы деп отырғаны; Пайғамбарлар мен Әулиелер. Ал телефондар болса уаhилерді қабылдаушы жүректерден шыққан Илаhи байланыс. Журек, ол телефонның (трубкасы)қүлағы тәрізді.

 

Олардың кейбіреуі Патшаның Хұзырына шыққан. Олар не дейді құлақ берейік. Олар бірауыздан былай дейді: Ол; сый-құрметтер мен жаза беру үшін әрі көркем, әрі қорқынышты бір жер дайындаған. Орасан зор уәде беріп, қатаң да қаhарлы ескертулер жасауда. Әрі оның абыройы мен айбындылығы қай жағынан алсаң да уәдеден таюға жол бермейді. Ана хабаршылар болса бір ауыздан бірін-бірі қуаттай отырып мынаны хабар беруде: Кейбір нышандары көрінген мына үлкен салтанаттың негізгі орталығы, бұл жерден ұзақ басқа мемлекетте. Сондай-ақ мына емтихан алаңындағы үйлер уақытша нәрселер. Кейін тұрақты сарайларға өзгеретін болады. Бұл жерлер орын ауыстыратын болады. Себебі, шығармаларынан ұлылығы білініп тұрған мына зәулім мәңгілік салтанат; мынадай өткінші, жалған, түрақсыз, түкке тұрғысыз, қубылмалы, баянсыз, шолақ істер үшін болуы мүмкін емес. Демек оған лайық, мәңгі де тұрақты істер үшін қурылған. Демек, басқа бір ел бар; әлбетте сол орталыққа орналасатын болады.

ОНЫНШЫ СУРЕТ:

Кел, бүгін наурыз мейрамы. (Сілтеме)(5) Үлкен төңкерістер болып, таңғажайып істер жасамақ. Көктемнің мына уылжыған күнінде, жасыл желекті далаға серуенге шығайық. Міне қара! Халық та осы жаққа келе жатыр. Бір сиқыр бар. Әнебір үйлер бірден тас-талқаны шықты. Басқа түрге ене қойды. Зер сал, мүғжизе бар. Әлгі тас-талқаны шыққан үйлер; кенет бұл жерге қайта салынды. Бейне бір мына ен дала мәдени қалаға айналды. Қарашы! Кино перделері секілді әр сағатта әр түрлі әлем көрсетеді. Басқа бейнеге ене қояды. Көңіл бөліп қарасаң осынша аралас, тез, көптеген нақты перделерде неткен керемет тәртіп бар. Барлық нәрсе орынды орнына қойылуда. Қиялымыздағы кино кадрлары да осынша керемет бола алмайды. Миллиондаған сиқыршылар жиналса да мынадай өнер көрсете алмайды. Демек, бізге көрінбей тұрған әлгі патшаның өте күшті мүғжизелері бар.

 

(5)(Сілтеме): Бул суреттің сілтемесін “Тоғызыншы ақиқатта” көресің. Мәселен: Наурыз күні, көктем маусымын білдіреді. Қулпырған жасыл алқап болса; көктем айларындағы жер жүзі. Ал өзгеріп отыратын перделер мен көріністер болса; ерте көктемнен бастап жаздың аяғына дейінгі Сани-и Қадир-и Зүлжелалдың, Фатыр-ы Хаким-и Зүлжелалдың Қүдіретімен жүйелі түрде өзгеріп отырған асқан мейірімімен жаңартып, бірінен соң бірін жіберіп тырған көктемдегі мақүлықтардың түрлеріне, жаздық шығарма туындылардың тайпаларына және хайуанат пен адамзатқа жіберіп отырған азық, тағамдарға ишарет.

 

Әй, нақұрыс! Сен ғой: "Мына алып ірі мемлекет қалайша тас-талқан болып, басқа жерге көшірліеді?"-дейсің. Міне, сенің ақылыңа сыймай отырған манағы көшірілулерге ұқсас көптеген төңкерістер, өзгерістер жасалуда. Мына көз алдыңдағы бір жерге жиналулар, ыдыраулар, тағы сол сияқты көріністерден шығатын ұйғарым: мына көрінген жылдам жиналыстар, ыдыраулар, түрге ену, бузылулар босқа емес, онда бір мақсат бар.

Бір сағаттық жиналыс үшін он жылға жетерлік шығын жұмсалуда. Демек бұл түрге енулер басты мақсаттары емес. Бұл бір тәмсіл, бір еліктеу. Олардың суреттері алынып, нөмірленіп тіркеліп қойылсын, әрі нәтижелері сақталып жазылып алынсын деп, әлгі Мүғжизеші, мұны өз құдретімен атқаруда. Мәселен, соғыс тәсілін үйретерде сынақ алаңда болған барлық көріністер тіркеліп, жазылып қойылады.

Демек, "Үлы жиналыста" осы мәселелер талқыланады. "Мәhшәр-і ағзамда" әрдайым көрсетілетін болады. Олай болса, мына өткінші, турақсыз көріністер; нақты суреттер, бақи жемістер береді.

Демек, мына турақсыз, қүбылмалы жағдайлар; соңында тұрақты көрініс, мәңгі жемістер беретін болады.

Демек, бұл құбылыстар жәй емес, бір улы бақыт, бір Махкемә-и Күбра әрі біз білмейтін улы мақсаттар үшін жасалуда.

ОН БІРІНШІ СУРЕТ:

Кел, әй қасарысқан достым! Батыс пен шығысқа, яғни өткен шақ пен болашаққа апаратын ушаққа немесе отарбаға мінейік. Мына мүғжизеші тулғаның басқа жерлерде қандай мүғжизелер жасағандығын көрейік. Міне, қара! Куә болған алаңдар мен көрмелер сияқты ғажайыптар барлық жерде бар.Тек өнер тұрғысынан, пішіні жағынан бір-бірінен өзгеше. Ал, сен мынаған жақсылап назар аудар: әлгі тұрақсыз мекен-жайлар мен өткінші алаңдарда, әлгі баянсыз көрмелерде қаншалықты ашык, хикметтің тәртібі, қаншалықты жақсылықтың белгісі, өте жоғары әділеттің нышаны, қаншалықты мол мәрхаметтің жемістері бар екендігі көрінеді десеңізші! Оның хикметінен асқан хикмет, оның инаетінен өткен инает, оның мәрхаметінен күшті мәрхамет, оның әділетінен жоғары әділет болуы мүмкін еместігін, ақылға да келмейтінін соқыр емес көреді. Сонда да болса, сенің ойлағаныңдай оның мемлекетінде тұрақты мекендер, мәңгі жерлер, баянды мақамдар, отырықшы халық, бақытты мойынсұнушылары жоқ деп қараса; Мына хикмет, инает, мәрхамет және әділеттің ақиқаттарына мына жалған мемлекет лайық бола алмайтыны мәлім. Және оларға лайық болатын басқа жерде де болмайтын болса, ол кезде тал түсте Күн сәулесін көре тұра, Күнді жоққа шығару сияқты ақымақтық жасап, көз алдымыздағы хикметті жоққа шығаруға, өзіміз көріп отырған инаетті бекерге шығаруға, көріп жүрген мәрхаметті өтірікке шығаруға, мына толып жатқан нышандарды, ишареттерді, көрініп тұрған әділетті жоққа шығаруға тура келеді.

Ал, жасалып жатқан әділ де мейрімді істердің иесін, Астапыраллаh, артист залым деп білуіміз керек, Құдай сақтасын. Ал бұл дегенің ақиқаттардың теріс айналуы. Алайда, ойшылдардың бірлеьз қабылдағанындай, ақиқаттардың теріс айналуы мүмкін емес, әрі қисынсыз. Айта кететін жағдай: болмыс атаулыны жоққа шығаратын скептиктер дейтін ақымақтар ақыл иесіне жатпайды.

Демек, бул жерден басқа бір жер бар. Ол жерде бір „Махкеме-и Күбра" баl