New Page 1

АЛҒЫ СӨЗ

Қолыңыздағы „Жастар шы-рағы" жаңа әріптермен басылғаны сияқты, ескі әріптермен де Ыспартада көбейтілді. Бул іске үкімет пен заң орындарының араласпауы, жер-жерде қызыға оқылуы „Шырақтың14 халыққа, оның ішінде жастарға өте-мөте пайдалы екендігін дәлелдеді. Бірақ, Анкара ішкі істер басқармасының бастығы елу екінші беттің бесінші жолындағы „діни сабақтар мен жеке дәрісханалар ашылуына рұқсат берілуіне байланысты" сөйлемін оқымай, сегізінші жолдағы „мүмкін болғанынша барлық жерлерде Нұр дәрісханаларын ашу керек" сөйлеміне қарсылық танытқан болатын. Шынымен, кейінірек өзі де түсінген болар, кітаптардың таралуына бөгет болмады,

„һуә нүктесі", шындығында, өте терең мағыналы. Кім-кім де бірден түсіне алмайды. Бірақ ол нүкте табиғатшылдық пен дінсіздіктің ірге тасын тас-талқан еткені сияқты, қасарысқан философтарды таң қалдырып, көбін иманға келтірді.

Әрі ол Нүктенің кілтімен ашылған „Әлем мысалдағы" сая-хат арқылы ақырет әлемі теле-дидардан көрінгендей анық көрінді. Бірақ өте күрделі мәселе болғандықтан, бүл жерде жазыл-мады.

Бэдиуззаман Саид Нурси

 

Бірінші Сөз

«Бисмилләһ» - әр бір қайырлы істің басы. Біз де әуелі осыдан бастаймыз. Біл, әй, нәпсім! Бүл мүбарак сөз - Ислам нышаны болғаны секілді, бүкіл мәужудаттың да хал тілімен вирди зебаны.

«Бисмилләһ» - қаншама үлкен, сарқылмас бір қуат, қаншама көп, тау-сылмас бір береке екенін түсінгің келсе, бүл мысал болған шағын ғана хикаяға қара, тыңда... Былайша:

Көшпелі арабтардың шөлдерінде саяхат еткен адамға керегі: бір тайпа басшысының есімін алсын және қарамағына кірсін. Солайша қарақшы- лардың жамандығынан қүтылып, қажет нәрселерін ала алсын. Болмаса, жалғыз басымен шексіз көп дүшпандары мен мүқтаждықтарының қарсысында пүшайман болады. Міне, осындай бір саяхат үшін екі адам шөлге шығып кетіп барады. Олардың біреуі кішіпейіл, екіншісі болса, тәкаппар еді... Кішіпейіл болғаны бір басшының есімін алды, тәкаппар болса алмады... Алғаны барлық аймақта сау-саламаттылықпен кезді. Бір жолтосар қарақшыға кездес кендв: «мен пәлен басшының есімімен кезудемін» - десе, қарақшы оған тиісе алмай, жайына кететін еді. Бір шатырға кірсе, ол есім арқылы қүрмет көретін еді. Екінші тәкаппар болса, бүкіл саяха-тында сондай бәлелерге жолығар еді, айтып жеткізу мүмкін емес. Әрдайым дірілдейтін, әрдайым қайыршылық ететін еді. Әрі залил, әрі разил болды.

Міне, әй, тәкаппар нәпсім! Сен - сол саяхатшысың. Бүл дүние болса - бір шөл. Әлсіздігің мен пақырлығың шексіз. Дүшпандарың мен қажет нәрселерің де шексіз. Олай болса, бүл шөлдің Әбәди Маликі мен Әзәли Әкімінің есімін ал... Сонда бүкіл әлемнің қайыршылығынан және барлық уақиғалардың қарсысында дірілдеуден қүтыласың...

Ия, бүл сөз - сондай берекелі бір қазына, сенің шексіз әлсіздігің, пақыр-лығың - сені шексіз қүдіретке, рах-метке байлап, Қадыры Рахымның қүзырында әлсіздікті, пақырлықты ең мақбүл бір шапағатшы қылады. Ия, бүл сөзбен әрекет еткен - әскерлікке алынған сондай бір адамға үқсайды, ол адам үкімет атынан әрекет етеді, ешкімнен қорықпайды, «заң атынан, үкімет атынан» - дейді, барлық тір-лікті істейді, барлық нәрсеге қарсы түрады. Сөз басында: «бүкіл мәужудат өз хал тілімен «Бисмилләһ» дейді» - деп айтқан едік. Солай ма?

Ия, мәселен былай болса: жалғыз бір адам келді, бүкіл қала түрғындарын мәжбүрлеп бір жерге жіберді және мәжбүр етіп жүмыс істеттірді. Еш күмәнсіз білесің: ол адам өз есімімен, өз қуатымен әрекет етпейді, бәлкім ол - бір сарбаз, үкімет атынан әрекет етеді, бір патшаның қуатына сүйенеді.

Дәл осыған үқсас, барлық нәрсе Жанабы Хақтың атымен әрекет етеді: түйіршіктер сияқты үсақ үрықтар мен дәнектер бастарында үлкен ағаштарды, тау сияқты жүктерді көтеріп түрады. Демек, әр бір ағаш «Бисмилләһ» - дейді, Рахмет қазынасының жемісте-рінен қолдарын толтырады, біздерге үсынады. Әр бір бақша «Бисмилләһ» - дейді, Қүдірет асханасынан бір қазан болып, алуан түрлі, өте көп ләззатты тағамдар бірге пісіріледі. Әр бір сиыр, түйе, қой және ешкі сияқты берекелі хайуандар «Бисмилләһ» - дейді, Рах-меттің берекетінен бір сүт бүлағы болады. Біздерге Раззақ атымен ең тамаша, ең таза тіршілік қорегі сияқты тағамды үсынады. Әр бір өсімдік, ағаш және шөптердің жібек секілді жүмсақ түбірлері мен тамырлары «Бисмилләһ» - дейді, қатты тас пен топырақты жарып өтеді. «Алла атымен, Рахман атымен» - дейді, барлық нәрсе оған бағынышты болады.

Ия, бұтақтардың ауада жайылып өсуі және жеміс беруі сияқты, ол қатты тас пен топырақтағы тамырлардың өте оңай ғана таралуы және жер астында жеміс беруі, әрі айлар бойы нәзік, жасыл жапырақтарының өте қатты ыстыққа қарсы түрып, жас қалуы - табииунның аузына қатты тоқпақ үрады. Көр болғыр көзін шүқиды және айтадьі: ең сенім артқаның - қаттылық пен ыстықтық та Оның бұйрығымен әрекет етеді. ол жібек секілді жұмсақ тамырлардың әр бірі Мұса (Ғ С.)-ның асасы сияқты

 

әміріне оағынып, тастарды парша-парша етеді. Және ол темекінің қағазы сияқты жүқа, нәзік жапырақтардың әр бірі Ибраһим (Ғ.С.)-ның ағзалары сияқты от шашқан ыстыққа қарсы    Аятын оқуда.

Сондай-ақ барлық нәрсе рухани тілімен «Бисмилләһ» - деп айтады және Алла атымен Алланың нығмет-терін келтіріп, біздерге беруде екен, біз де «Бисмилләһ» - деуіміз керек. Алла атымен беруіміз, Алла атымен алуымыз керек. Олай болса, Алланың атымен бермеген ғафил адамдардан алмауы-мыз керек.

Сауал. сатушы саналған адамдарға бір ақы төлейміз. Ғажабы. негізгі мал-мүлік иесі болған Алла, бізден қандай ақы қалайды?

Жауабы. ия, Ол Хақиқи Мұнғим - бұл қымбатты нығметтерінің, малдары-ның орнына бізден қалаған ақысы үш нәрсе.- бірі - зікір, бірі - шүкір, бірі -пікір.

Басында «Бисмилләһ» - зікір. Соңында «Әлхамдулилләһ» - шүкір. Ортасында болса, бүл қымбатты, ғажайып өнер туындылары болған нығ-меттер - Ахад Самадтың қүдіретінің мүғжизасы және рахметінің сыйлығы екенін түсіну және ойлау - пікір. Бір патшаның бағалы бір сыйлығын саған алып келген бейшара бір адамның аяғына жығылып, сыйлық иесін таны-мау - қандай дәрежеде ақымақтық болса, хақиқи болмаған нығмет берушілерді мақтап және оларды жақсы көріп, Хақиқи Мүнғимды үмыту - одан да мың есе ақымақтық болады.

Әй, нәпсі! Бұндай ақымақ болмауды қаласаң, Алла атымен бер... Алла атымен ал... Алла атьмен баста... Алла атымен істе. Уәссалам.

 

ОН ҮШІНШІ СӨЗДІҢ ЕКІНШІ МАҚАМЫ

Заман ақырдың алай-тулей куйін кешіп, адамды еріксіз өзіне тартып кететін пәлекет иірімнің ішіпде жүріп ақылынан адаспай ақиқат ушін арпалысқан кейбір жастармен сухбаттасу.

Бір топ жас мына замандағы әзәзіл де сұмпайы нәпсіқұмарлыққа және әуестіктерге салынып кетпей, оған төтеп берулері үшін, „ақыретімізді қалай құтқарып қалуға бола-ды?" - деп, Рисалә-и Нұрдан медет сұрады. Рисалә-и Нұрдың терең мағынауи тәмсілі атынан былай дедім: Дүниеде қабір бар екені рас, оны ешкім жоққа шығара алмайды. Қаласақ та, қаламасақ та, бәріміздің де оған кіретініміз анық. Оған кірудің үш жолы бар. Өзге жолы жоқ.

Бірінші жол: Әлгі қабір - иманды жандар үшін бүл дүниеден әлдеқайда керемет о дүни-еге айқара ашылған есік.

Екінші жол: Ақыретті мойындағанымен, өз нәпсісін тыя алмай адасып жүргендер үшін ол - барлық дос атаулыдан айыратын жалғыз адамдық абақтыға мәңгілік қамалу. Ол пенде ақырет ісіне сеніп, біле тура орындамаған соң, тиісті жазасын алады.

Үшінші жол: Ақыре,тке сенбейтін кәпірлер мен хақ жолдан тайғандар үшін мәңгілікке жойылу қақпасы ...яғни өзінің, өзімен бірге барлық жақсы көрген адамдарының да көздерін жою үшін жасалған дар ағашы. Өзі де солай деп білгендіктен, күткенін айнытпай көретін болады.

Аталған соңғы екі жол өте айқын әрі түсінікті болғандықтан, дәлелдеудің қажеті жоқ; тиісті пенденің өз көзімен көруі қолға ұстатқандай анық.

Қашанда ажал дегеніңіз жасырын, ол табан астынан келмек. Кез келген жерде, кез кел-ген уақытта тап беруге әзір. Жасг кәрі деп те айырып жатпайды. Кірпік қақпастан сұқты көзін қадап қарап тұрған, әлгі мәңгілікке жойылудың тұңғиық терең де шексіз оқпанын мәңгілік әлемнің есігіне, шексіз бақыт пен нұр әлемінің қақпасына айналды-ру - Оейшара тірі адамның ең басты да зор мәселесі.

Бұл ащы шындыққа, яғни ажалға үш жол бар. Үш жолдың да аталған түрде болатын-дығынан кімдер хабар береді десеңіздер, олар: жүз жиырма төрт мың турашыл елшілер, халқына мойындату үшін қолында мүғжизелері бар пайғамбарлар, сондай-ақ олардың айтқандарын дәлме-дәл куәгерлік етіп, қызу қуаттап қол қойған жуз жиырма төрт миллион әулие әрі ақиқатқа жаны құмар сансыз жандар. Булар пайғамбарлар мен әулиелердің айтқан хабарларын дәлме-дәл, қисынды әрі ғылыми түрде дәделдей отырып^ әлгі жоқ болу мен мәңгі зынданға тусу бәлесінен қутылудың, сонымен қатар оны мәңгі бақыт әлеміне айналдырудың жолы жузден тоқсан тоғыз ықтимал Иман және Ал-лаһқа мойынсүну екендігіне бірлесе отырып бірауыздан хабар беруде.

Қауіптілігі жүзден бір ықтимал жолға түскен бір адам ескертуге қүлақ аспайг сол жолда кетсе, „Бір нәрсеге ұшырап қалам бан деген ой оның мазасын алып, тәбетін қашыратыны анық. Апырым-ай, жүз мыңдаған турашыл да әділ елшілер Құдайдан безу мен азғындықтың жолы - жүзде жүз ықтимал әлгі қарсы алдындағы қабір дар ағашына апаратынын және мәңгілікке жапа-дан-жалғыз қамалуға себеп болатынын хабар-лауда. Ал, имандылық пен қүлдық жолы: жүзде-жүз ықтимал әлгі дар ағашынан қүтқарып, жалғыздық абақтысы мен қарсы алдындағы қабірді мәңгілік қазынаға, сондай-ақ бақыт сарайына айнадыратынынан хабар беріп, белгілері мен ишараттарын көрсетуде. Осындай өте маңызды да өзекті мәселені толғанған адам баласы, әсіресе, мүсылман, егер иманы, жасаған қүлшылығы болмаса, оған дүниенің салтанаты берілсе, апырым-ай, бақытты бола қояр ма? Қарсы алдында қасқайып турған дар ағашынан пайда болған көңіліндегі үрейді баса қояр ма? Сіздерден сүраймын.

Мәселен, олардың бірі қолыңыздағы Рисалә-и Нүр шығармасы.

 

Қарттық, ауру-сыркау, уайым-қайғы, бақытсыздық, айналамызда күнделікті болып жататын ажал тәрізді оқиғалар, әлгі қасірет-қайғының көзін ашып, әрдайым еске түсіріп отырады. Қүдайдан безгендер мен азғындар жүз мыңдаған ләззат пен рахатқа батып жүргенімен, олардың көңілдерін мағнауи жәһәннам торлап, жанын жегідей жейді, ішін удай ашытады. Бірақ оны басып алған селқостық масаңдатып, уақытша сездірмейді.

Ал, имандылар мен қүлдық үрғандарға кел-сек, олар иман арқылы өздеріне қ^бір дегенді сарқылмас қазынаға кенейтін әрі мол бақытқа бөлейтін амалға және сондай үлкен „тағдыр11 лотереясының миллиард алтын ділдә мен алмас жәуһарлар үтатын билетіне айнал-дырады. Әрдайым „Келг билетіңді ал!" дейді деп күткендіктен, терең де пәк ләззатқа, ру-хани рақатқа бататыны сондай, сол ләззат егер денеге айналса немесе дән болып ағашқа айналса, иесіне өзіндік бір жәннат сыйлайды. Осындай рахат пен пәк ләззатты біле тұра тәрк етіп, жастықтың буымен әлгі қайғы-қасірет аралас улы бал тәріздес әуесқой, ойнақы да өткіңші тыйым салынған ләззаттарды қуған адам өзінің хайуаннан жүз есе төмен екенін көрсетеді. Бөгде жүрт сияқты дінсіз де бола алмайды, Өйткені олар пайғамбарын бекерге шығарса, басқа пайғамбарды қабылдауы мүмкін. Пайғамбар-ларын танымаса да, Қүдайын таниды. Қүдай-ын үмытса да, бойында мәдениетке татитын кейбір жақсы қасиеттер де қалуы мүмкін.

Бірақ мүсылман барлық пайғамбарды әрі Қүдайды, сондай-ақ кемелдік атаулыны Мүхаммед араби Ғалейһиссалату уәссалам-ның арқасында үйреніп, таниды. Оның тәрбиесінен тысқары қалған, яғни онымен байланысын үзген мұсылман ешбір пайғамбарды танымайды. Құдайды да үмыта-ды, бойында ізгіліктің нышаны қалмай, мүлдем көрсоқыр болады. Олай болатыны біздің пайғамбарымыз пайғамбарлардың ең соңғысы, ең үлкені әрі тура жолға шақыруы мен діні жалпыға ортақ, бүкіл адамзатқа үндеу жасаған, сондай-ақ діни тұрғыда бол-сын, мүғжизелері болсын бәрінен үстем және ақиқат тұрғысында адамзатқа үстаздық етіп, пайғамбарлығы он төрт ғасыр бойы іс жүзінде дәлелденген. Әрі адамзат атаулының мақтанышы мен бетке тұтары. Пайғамбардың осындай тәрбиелік негіздерін, діни дәстүр-лерін тәрк еткен адам кемелденуден мақүрым қалады, нүрға шомбайды, әбден азғындап, сөзсіз хайуан сатысына дейін қүлдырайды.

Әй, дүниенің қызығына қүмар, қысқа ғұмырының рахаты үшін тұрмысын ғана жақсартуға тырысқан бейшаралар! Өмірде бақыт, рахат, көңіл хоштығын қаласаңдар: Аллаһтың рүқсат беріп, кеңшілік еткен өл-шеулі ләззатына қанағат етіндер. Ол қара ба-сыңызға толық жетерлік. Онан артық заңсыз ләззат мыңдаған қайғыға душар ететінін енді түсінген шығарсыңдар. Кино өнері дамыған қазіргі кезде өткен күндердің оқиғаларын бүгін айнытпай көрсететініндей, болашақтағы, мәселен, елу жылдан кейінгі жағдайларды да киномен қазір көру мүмкін болса, осы кездегі азғындар, қазіргі шат-шадыман тіршіліктеріне қатты жиіркеніп, өкіне жылар еді. Демек, дүние мен ақыретте бақытты болғысы ке-летін адам имандылықтың ережелерін қүбы-ланама ретінде үстаушы Мүхаммедтің (с.ғ.с.) тәрбиесін алуы тиіс.

БІР КҮНІ ЕСКІШЕХИР АБАҚТЫСЫНЫҢ ТЕРЕЗЕСІ ШУАҒЫНДА ОТЫРҒАН ЕДІМ

Қарсы алдымдағы лицейдің ауласында, ере-сек қыздар билеп жатқан болатын. Оларды бұл дүние жәннатында жүрген жаһаннам қор қыздары турінде көрдім. Сол сәт олардың елу жылдан кейінгі жағдайлары бейне бір теледи-дар айнасына шыққандай көз алдыма келе берді. Әлгі асыр салған мәз-мейрам алпыс қыздың елуі қабірде азап шегіп жатыр. Қалған онының жастары жетпісте, қартай-ған, беттерін әжім басқаны сондай жұрт оларға жеркенішпен қарайды. Олардың бола-шағын ойлап жыладым.

Ақырзаман пәлекеттерінің шын мағына-сын көргендей болдым. Пәлекеттің ең қорқыныштысы намыссыз әйелдердің үятсыз-дығынан өрбитіндігін көрдім. Олар жұртты өзіне еріксіз тартып, нәпсіқұмарлықтың оты-на көбелектей тусіреді. Ақыреттегі шексіз өмірлерін жалған, өткінші дүниенің бір ми-нуттық ләззатына айырбастатады.

Бір күні көшеге қарап отырғанымда, бұл пәлекеттің нақты, тым әсерлі бір мысалын көрдім. Жастарға қатты жаным ашыды. „Маг-ниттей тартып кететін осы пәлекеттен бул бейшаралардың өздерін өздері құтқарулары қиын" деп, ойланып отырғанымда, көз алдыма бұл пәлекеттердің отын лаулатып, дінсіздікті жаюшылардың мағынауи тулғасы келді. Оған және одан дәріс алушы имансыз кәпірлерге мен былай дедім:

Әй, жаһаннамның қор қыздарымен көңіл көтеру үшін дінін сатып, азғындық жолда н^псінің құлы болған дінсіз! Дүние қызығын қі^май, өлімнен қорқып қабірді үмытқысы кеЛген, дінін сатушы бейшара бейбақ! Есіңде болдын! Имансыз көзқарастағы сенің бүл дүнгіең өмір сүріп отырған сағаттарың, ми-нуттсфың ғана. Дінсіздігі мен имансыздығы үшін бұрынғы өткен адамдар мен жан-жану-арлар өліп, жоқ болып, топыраққа айналған, Келешектегілерді көзіңмен көрмегендігіңнен сен үшін олар да өлі, жоқ. Сондай-ақ, иман-сыз көзқарас тек қана ақыл мен дүниеауи жағына қарағандықтан, әлемдегі планеталар мен барлық жаратылыстың дамылсыз қозғалысын жүйесіз, кездейсоқ деп біліп, олардың қақтығысып қалуынан қорқады. Өлім қорқынышы жанды өртеп, ақылды қайғыға салады. Бір сағаттық мастық пен жиіркенішті ләззат манағы қорқыныш пен қайғыны баса алатын болса, солай жалғастыра бер. Болмаса, ақылға кел. Тірі кезіңде жанынды жегідей жеп, өміріңді то-заққа айналдыратын ойлардан қүгылып, жа-ның рахат тапсын десең, әрі өмірдің ләззатын татқың келсе, Құранның дәрісін тында. Өткінші, жалған минуттық ләззатты шексіз, түпсіз имандылық ләззатына айырбаста1.

 

Иә, иман бүл дүниеде де жәннәт ләззатгарын ойша татқыза да алады. Ләззаттын, жүздеген пайдасынан мына бір ғана пайдасына көзің сал: сенің жанындай жақсы көретін бір кісің әл үсгінде көз жүмғалы жатқанда, Лұқпан мен Қызырдай бір дәрігер келді де, кісі бірден тәуір болып кетті. Сонда кдншама сүйініп, қуанасың. Иман да сенің бүрынғы өткен жақындарың мен қымбатгыларың кднша болса, сонша қуаныш бере алады. Сенің мазарлардағы миллиондаған қымбатгыларың иман нүрымен ғана көз алдында қайта тіріліп келеді. Олардың: „Біз өлген жоқпыз, өлмейміз де," - деп, тіршіліктерін кдйта жалғастырғандарын иман нүрымен көре аласың. Айырылып, көз жазып қалудан болатын кдйғылардың орнын олардың тіріліктерінен, қайта табысудан пайда болған сүйініш басады. Демек, иман имандыларға бүл дүниенің өзін де жәннат ләззаттарын береді, бере де бермек.

 

„Мен хайуан секілді өмір сүремін11 дем^. Себебі олар үшін болашақ пен өткен ш^қ жоқ. Жәнаб-ы Хаким-и Рахим жануарларға ақыл мен ойлау қабілетін бермеу арқщлы оларды шексіз қайғылардан қүгқарған. Тіпті, сойылу үшін жатқызылған тауық ешқандай да уайым-қайғы сезбейді. Пышақ кескен кез-де ғана сезгісі келеді, алайда ол кезде сезім кетеді, ол уайымнан да құтылады. Жәнаб-ы Хақтың оларға деген өте жоғары дәрежедегі рақымдылығы, рақметі мен мейірімі ғайыпты білдірмеуінде. Бұл, әсіресе, жуас үй жануарла-рында анық байқалады. Демек, еш нәрсе ойламай хайуанша өмір сүріп, ойнап-күлу жағынан сен хайуанға жете алмайсың. Одан мыңдаған дәреже төменсің. Себебі хайуанмен салыстырғанда, сенің өткен шақ пен бола-шақты ойлау қабілетің, ақылың бар. Мұңсыз емес, мұндысың.

Достық, бауырластық, сыйластық, ар мен отансүйгіштік тәрізді сенің мақтан тұтқан қасиеттерің өткінші болғандықтан, осынау иен даладан тырнақтай ғана жер алғанмен бірдей. Шексіз заманға салыстырғанда, осы өткінші шаққа тәуелді болғандықтан сенің адамгершілігің мен кемелдіктерің жасанды, жалған, негізсіз, түкке тұрғысыз болып азып-тозатыны сондай, оның бірте-бірте азып, мүлдем жойылып та кетеді. Оның үстіне иманды жандардың имандылығында достық, бауырластық, құрмет, адалдық секілді қасиеттер өткен мен болашақты да қамтығандықтан, оның адамгершілік пен ке-мелдік дәрежесі жоғары шығады.

Сенің бүл дүниедегі жеңістерің шыны сы-нықтарын алмас бағ^сына сатыц алушы диуа^ на еврейдің әрекетіне ұқсайды.'Сен өткінші ёміріңнің өтеуіне шексіз өміріңнің құнын бе-рудесің. Бар күшінді бұл дүние үшін жүіісағандықтан, тіршілікте белгілі бір жегі^істерге жетуің мүмкін. Сенің ақыл, рух, жүрек сезімдерің негізгі міндеттерін тастап, нәпсінің жиіркенішті істеріне жәрдем бер-гендіктен, дүниеуи табыстарға жетуің әбден мүмкін. Бір минутқа бір жылдық жойқын құмарлық, махаббат, кек сияқты сезімдеріңді пайдаланғандықтан, діндар қауымға уақытша үстемдік те етесің.

Сенің ақыл, рух, жүрек сезімдерің қасиетті міндеттерін былай тастап, азғын нәпсіңнің құлы болып, хайуандық дәрежеге құлды-рағандықтан, әлбетте, бұ тірліктегі иманды жандарды жеңесің де, сырт көзге әлдеқайда жағымды да көрінесің. Сенің ақылың, рухың өте азғындап, құлдырап кеткені сондай, олар нас әуестік пен нәпсіге айналып кеткен. Бүл саған жаһаннамды, бейшара имандыларға жәннатты алып беретін уақытша ғана жеңісің болады.

 

ҮСТАЗЫМЫЗДЫҢ „ЖАІЛАІ-

ШЫРАҒЫНА" АЛЫНУЫ

ЛАЗЫМ ПІКІРІ

Мәрсиннен келген „Шы-рақтың" бас жағындағы „Маңызды мәселедегі" жиырма үшінші және жиырма төртінші бетгерді алып тастау керек. Өйткені „Нүрдағы" маңызды мәселелердің бірі мейірбандық болғандықтан, ер кісілерге қарағанда, ханымдар нұрлармен шын ықыластарымен шүғыл-дануда. Мейірбандық қаһар-мандары болған мүбәрак апа-қарындастарымыз бүл екі беттегі қатты кеткен жерлерден әсерленіп ренжімесін. Себебі бүл мәселелер Стамбул секілді жер-лерде жартылай жалаңаш грек, армян қыздарына еліктеп, со-ларға ұқсағысы келген кеибір Ислам қыздарына ғибрат үшш жазылды. Стамбулдағы мүна-пықтар мен масондар және „Шы-раққа" қарсы кейбір газеттер, бүнымызға бурыс мағыналар тағып, әйелдердің Рисалә-и Нүрға деген ықыластарын азаиту пейілімен жалалап отыр. Әзірге бұл екі бет алынып, орнына „Әйелдермен әңгіме" атты Әйелдер Рисаләсі қойылсын.1

Саид Нүрси

 

Бұрынырақта жастарды азғырып, бүзу үшін Ислам тәрбиесіне қарсы ұйымдар әрекет жасаганындай, бейшара әйелдерді жолдан тай-дыру үшін, қазір де кейбір астыртын дінсіз үйымдар әрекет жасауда.

Мүндай арандатушы азғын ұйымдардың сөэдеріне еріп, есегіне алданбау үшін, қолдарында „Жастар шырағы" барларға жоғарыдағы мақаладан бір нүсқа берілсін.

Ол екі беттің орнына хавымдар „Әйелдер-мен әңгіме" атты рисаләсі мен „Қарттар мен жас ханымдар" қүбылнамасын оқысын. Алып тасталған екі беттің орнына үстазымыздың жоғарыдағы пікірі қойылсын.

 

ОЙЛАМАҒАН ЖЕРДЕН КЕЛГЕН МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

Ақырзаманның пәлекеттерінде ең маңызды рөл ойнайтын әйелдер қауымы және олардың азғындықтары екендігі хадис-терден белгілі.

Бұрынғы заманда Амазондар дейтін тым жауынгер әйел тайпаларының таңғаларлық ұрыстар жүргізгендігі тарихтан белгілі. Сол сияқты қазіргі заманда да азғын дінсіздердің Исламға қарсы жүргізген соғыстарының ең маңызды әскері, жүгенсіз нәпсі мен шайтан-ның қоластына берілген әскердің ең қауіптісі - жартылай жалаңаш әйелдер.

Ашық-шашық, аяқтары пышақтан бетер. Олар иманды мүсылмандарға тұтқиылдан күйрете шабуыл жасауда. Некеге түруды азайтып, жезөкшеліктің етек алуына ықпал етуде. Көпшіліктің сезімін тұтқындап, рухы мен жүрегін ауыр күнәлармен жаралауда. Ол, тіпті, кейбір жүректерді өлтіріп те жатыр.

Әлгі пышақ тәрізді аяқтар бірнеше жылдар бойы бөтен көзге көрсетудің толық жазасы ретінде жаһаннамның отыны болып алдымен жанады. Әрі сенім мен адалдықты жоғалтқандықтан, бүл өмірде де арманда өтіп, жаратылысынан өте мұқтаж бір жар таба ал-майды. Тапса да, басына пәле боп жабысады. Осындай жағдайлардың салдарынан ақырзаманда некеге талап болмағандықтан, кей жерлерде қырық әйелге бір еркек қожалық ететіндей пәсі кетіп, бағасының ар-зандайтыны хадистерден белгілі.

Бүл рас. Әр сұлу өз сұлулығын сүйеді, қолынан келгенінше сол сұлулығын сақтап қалуға тырысатыны да рас. Әрі сұлулық бір нығмет, егер ол нығметке шүкір етсе, мағынасы мен мәні арта түседі. Егер шүкір етпесе, өңі оңып көріксізденеді. Ақылы бар ару болса өз сұлулығы мен көркінің басына пәле болып, күнә арқалатуынан, нығметтердің қадірін білмеу арқылы азапқа салатын басты себеп жасаудан жанын сала қашады. Беоон жылдық қана жалған сұлулықты мәңгілік ету үшін осы қасиетін дүрыс жолда қолданып, бар нығметтерге шүкір етеді. Әйтпесе, қартайған шағында ұятқа қалып, үмітсіз көз жасын төгуден басқа амалы қалмайды.

Ислам тәрбиесі Қүранның сүлу дәстүрімен әйелдің сұлулығы арта түссе, әлгі өткінші әдемілік мағыналық жағынан мәңгілікке айналады. Жәннатта хор қыздарының көркінен де сұлу турге енетіндігі хадистерден айқын белгілі. Сұлуда титтей ақыл болса, мәңгілік сүлулықты қолынан шығармауға ты-рысады.

 

 

Әзиз, шынай байырларым!

Рисалә-и Нұрдың жас шәкірттерінің алған бағыты намыс пен тазалық, пайғамбарымыз-дың лайықты сүннеті болмақ. Бүлар жастық шақта қаншалықты маңызды екендігін, нағыз шаттыққа толы жастық кезеңі осы жолда екендігін тағы бір дәлелдеп, нағыз Түрк жас-тары кім екендігін көрсете білулері үшін, „Қауіпті жағдайда турған жастарға ескерту" атты бір мақала жіберіп отырмыз.

 

Бауырыңыз Саид Нурси

 

БІР ТОП ЖАСТЫҢ ЫНТАСЫН АРТТЫРЫП,

ЖІГЕРЛЕНДІРУ ҮШІН БЕРІЛГЕН

ДӘРІС НЕМЕСЕ НҮСҚАУ

 

Бірде жарқын жүзді бірнеше жас қасыма келді. Өмірде кездесетін қауіптерден, жас-тықтың албырттығынан сақтану үшін әсерлі насихат сүраған оларға ертеректе Рисалә-и Нұрдан медет сүраған жастарға айтқанымды қайталап, былай дедім:

„Жастық шақ сөзсіз өтеді де кетеді. Егер сендер занды да ұлықсат берілген жолмен жүрмей, бет алды лақсаңдар, мына жастық шақ босқа кетіп, тек мына дүниеде ғана емес, қабір мен ақыретте де тіршілікте берген ләззатынан әлдеқайда мол қайғы-қасіретке душар етеді. Егер берілген жастық шақты нығметке шүкіршілікпен абырой мен намыс жолында әрі оны мойынсүнуға сарп етсеңдер, әлгі жастық шақ рухани турде мәңгілікке айналып, бақи жастық шақты иеленуге се-бепші болады.

Иә, егер өмірдің иманы болмаса немесе тоңмойындықтан иман әсер етпесе, өмір де-геніміздің алдамшы, қысқа ләззаты бар, бірақ сол ләззаттары мен қызықтарынан уайым мен қайғысы көп болып кетеді. Өйткені адам баласының хайуаннан айырмашылығы оның саналылығы, осы шақпен бірге өткен және келешектен де алаңдар болуы. Үзап кеткен сол шақтардың ләззатына қанып, қайғысын да жұтады.

Хайуан болса олай емес. Санасы болмаған соң, өткен күндердің өкініштері мен келе-шектің үрейлері оның алар ләззатына еш әсер етпейді, мазаламайды да.

Егер адам азғындық пен немқүрайлылыққа салынған болса, оның қазір алған ләззатын өткен шақтың өкініштері мен келешектің уайым-қайғысы мазасын май ішкендей етеді. Әсіресе, ол ләззаттар заңсыз болса, одан сай-ын улы бал болып ішті зәһардай өртейді. Де-мек, өмірдің қызығын қууға келгенде, хайуаннан жүз есе кем... Құдайдан безгендер мен азғындардыңг сондай-ақ бейқам адамдар-дың өмірі, керек десеңіз, тіпті, болмысына дейін өзінің сол сәттегі күні ғана. Оның ойынша өткен күндер мен әлемдер жым-жы-лас жоқ. Саналы болғандықтан ол жақтан қараңғылықтың лебі есіп, тас түнек болып көрінеді. Ал, келешек болса да жым-жылас. Міне, осылардан пайда болған мәңгілік қощтасулар жолын тауып оның өміріне әрдайым қараңғылықтың ызғарын еседі.

Ал егер иман өмірді жандандырса, өткен шақ пен келешек әлгі иман нұрымен жа-рыққа толады. Оның рухы мен көңіліне имандылық тұрғысынан осылайша болмыс сыйлап, рахатқа бөлейді. Бұл ақиқат „Қарттар рисаләсі11 деген кітапшаның „Жетінші үмітінде" баяндалған. Сол жерге қараңыздар.

Міне, өмір деген осы. Тіршіліктің ләззаты мен рахатын қаласаңдар, өмірлеріңді иман-мен жандандырыңдар, парыздармен әшекейлеп, күнәлардан аулақ тұру арқылы сақтап бағыңдар.

Кез келген жерде, кез келген уақытта күн сайын болып жатқан қайғылы қазалар бізге нені меңзейді? Олар өлімнің ақиқат екенін, одан қашып қүтылу мүмкін еместігін білдіреді. Бұл туралы басқа жастарға да айтқан болатынмын. Тағы да қайталаудың реті келіп тұр.

Мәселен, әне бір жерде дар ағашы тұр дейік. Оның қасында лотерея (билетінің үгыс-тары өте құнды да қымбат) кеңсесі орна-ласқан. Осы отырған бәріміз қаласақ та, қаламасақ таг жаппай әлгі жерге шақырыламыз. Шақыру мезгілі белгісіз болғандықтан, кез келген уақыт бізге: „Кел, өлім жазасына кесілдің, дар ағашына шық", не болмаса: „Кел, үтыс билеті шықты, милли-он алтын ділдәға ие болдың" дейтін хабарын күтіп тұрғанда, кенет есіктен екі адам кіріп келді. Біреуі: киімі әлем-жәлем, жартылай жа-лаңаш, сұрқия сүлу әйел, қолында сырты бүтін, іші түтін у қосылған халуа бар, бізге жегізгісі келеді. Екіншісі: салмақты да сабыр-лы әрі алдамайтын да алданбайтын адам. Ол манағы әйелдің ізін ала кіріп келді де, бізге бұрылып:

„Сендерге бір тылсым дәріс әкелдім. Мүны оқып, манағы халуаны жемесеңдер, көз алда-рындағы дарға асылудан аман қаласындар. Сондай-ақ осы тылсымның арқасында әлгі құнды билетке қолдарың жететін болады. Көз алдарыңда дар ағашы қасқайып тұр. Манағы халуа жегендерді көріп отырсыңдар, олар да дар ағашына барып асылып жатыр. Тіпті, дар ағашына барғанша жеген халуасы асқазанын бүріп, шаншып ауыртады. Ал қүнды ұтысты иеленгендер болса шынында көзге көрінбейді. Олар да сырт көзге дарға шыққандай болады, бірақ олардың асылмай, қайта ол жерді бас-палдақ жасап ұтыс тарататын кеңсеге өтіп кеткендерінен миллиондаған куәгерлер хабар беруде. Сенбесеңдер, терезеден қараңдар. Жауапты қызметкерлер мен бүл іске тікелей қатысты даналар айналаға жар салып хабар таратып жатыр. Хабарына қүлақ түретін бол-сақ, онда былай дейді: "Әлгі дар ағашына бет алғандарды көздеріңмен көргендерің сияқты мына қымбат ұтысы бар билеттерді де мен әкелген тылсымды қабылдағандар ғана иелен-гендігіне күмәнсіз сеніңдер. Ол ашық күндей рас, шүбәларың болмасын."

Міне, осы тәмсіл сияқты жастық шақтағы балдай дәмді, бірақ тыйым салынған заңсыз әрекеттер мен орынсыз көңіл көтерулер мәңгілік қазына әрі мол бақытқа бөленудің билеті және куәлігі болып табылатын иманды-лықты зақымдап, тіптіг'жоғалуъша себеп бола-тындықтан, дар ағашы тәріздес өлімнің және түңғиық қараңғылық әлемнің есігі сияқты қабірдің азабына душар етеді. Ажал жасырын болғандықтан жас, кәрі деп айырып жатпай, қылышын сүйретіп кез келген уақытта бас салуға келіп қалуы әбден мүмкін. Егер манағы улы балдай заңсыз әуесқой әрекеттерді тәрк етіп, Қүран тылсымы - иман және парыздар-ды орындағандардың тағдырдың керемет ло-тереясынан шығатын мәңгілік бақыт билетін алатынына жүз жиырма төрт мың пайғамбар (ғаләһимүссәләм) мен сансыз әулиелер бірауыздан хабар беруде, оның негізгі ұшқындарын көрсетіп те қояды.

Сонымен, жастық шақ өтеді де кетеді. Ол азғындыққа сарп етілген болса, тіршілікте болсын, ақыретте болсын, қыруар қайғыға ду-шар етеді. Ондай жастар көбінесе жат қылықтардан және шамадан тыс ысыраптан болатын үрейлі ауруға шалдығып, емханаға, сондай-ақ бойын билеген албырттықпен абақтыға немесе қызық қуып, көңіл көте-ретін бұзық жерлерге және іші пысып жаны күйзелгендіктен ішімдік ішетін жерлерге үйір болатынына көз жеткізгілерің келсе, түрме-лерге, емханаларға, зираттарға барып көріңдер. Әлбетте, емхананың өзіне тән тілінен, жастық шақтың қызбалықтары мен теріс әрёкеттерінен туатын сырқаттардан жа-ны қиналып, „қап, әттеген-ай" деген өкінішті дауыстар естілетіні сияқты, түрмеден де ішінде отырған албырттыққа салынып, заңға қарсы әрекеттің соңында ащы таяқ жеген байғұс жастардың өкініш толы күйініштерін естисіңдер. Ал, зираттан, яғни жолаушыларға тынбастан есігі ашылып жабылған берзах әлемінен азапқа шыдай алмай шыңғырған да-уыстар естисіңдер. Мүның себебін қабірде не болып жатқанын көре алатын көзі қарақты әулиелер мен ақиқат қүрбандарынан сұрар болсақ, олардың айтуынша, жастық албырт-тығы мен теріс әрекеттердің нәтижесі екендігіне көз жеткізесіңдер.

Сондай-ақ адамзаттың басым көпшілігін құрайтын қарттардан, ауру-сырқат кісілерден сұрандар. Әлбетте олардың көпшілігі мұңын шағып, өкіне: „Қап, әттеген-ай, жастық шағымызды босқа өткіздік, тіпті, зиянды жер-лерге сарп еттік. Абай болыңдар! Біз сияқты болмаңдар..." дейді. Өйткені бес-он жылдық жастық шақтағы заңсыз ләззат үшін тіршілікте көп жылдар уайым мен қайғыға, берзахта азап пен зардапқа, ал ақыретте бол-са жәһаннам мен тозаққа тап болады,

Әйтседе: деген үміт бойынша тозақтағы пенде қаншалықты аянышты халде болса даг жан ашуға лайық емес. Неге десеңіз, өзінің қалауымен зиян шеккен адамға жанашырлық жасауға болмайды,

Аллаһу Тағала сендерді және мені мына алай-түлей заманның бүліктерінен, бәле-жала-сынан сақтасын, амин.

РИСАЛӘ-И НҮР ШӘКІРТТЕРІ ТАРАПЫНАН

ҚОЙЫЛҒАН БІР САУАЛҒА ЖАУАП

 

„Ислам әлемінің тағдырымен тікелей бай-ланысты мына Екінші дүниежүзілік соғыстың қиын-қыстау шағында екі жылдан бері, қазір он жылдан асты, я бізден, я әр күн сізге қызмет етіп жүрген Әминнен бір рет болсын сүрамадыңыз. Апырым-ай, осы үлкен оқиғаның маңыздылығын жоятын одан үлкен өзге ақиқат бар ма? Әлде онымен шүғылдану зиянды ма?11 деп үстазымыздан сүрап едікг жауап ретінде былай дегені бар:

Иә, мына Екінші дүниежүзілік соғыстан әлдеқайда маңызды басқа бір ақиқат, орасан зор оқиға болгандықтан, мына соғыс оның қасында елеусіз. Қалай десеңдер, бүл соғыста екі ірі мемлекет жер-жаһанның билігі үшін қырқысып жатыр. Бір жағынан екі үлкен дін бір-бірімен мақүлдасып, келісімге келетін күн туып, бір жақтан от шашқан дінсіздік пен сәмауи діндер арпалысып, аласапыран бас-талғанда, адамзаттың „социалист" тобы мен „буржуй" тобы арасында болып жатқан дау-шардан әлдеқайда маңызды мәселе туып отыр. Әрі өте-мөте маңызды бір ақиқат шыққаны сондай бүл мәселенің әр адам басы-на шаққанда түсетін мөлшері мына болып жатқан Екінші дүниежүзілік соғыстан әлдеқайда салмақты. Ол не қылған мәселе? Ол мынау:

Қазіргі таңда әрбір мүмин үшін, тіпті, бар-шаға жер шарындай мәңгі алқап, алқап болғанда да, бастан-аяқ бау-бақша, зәулім са-райлар салынып қалған еш бітпейтін мәңгі бір мүлікке ие болу немесе уыстан шығарып алу мәселесі тур. Демек, баршаны толғандыратын бүл мәселенің маңыздылығы сондай, егер бір адамның Англия, Германия елі сияқты байлығы мен күш-қуаты болса әрі ақылы да болса, жалғыз әлгі мәселені шешу үшін қолда барын сарп етер еді. Әрине, ол мәселені шешпей түрып басқа мәселелермен айналысқан адам - диуана. Тіпті, бүл мәселенің шиеленісіп кеткені сондай, бір көріпкел әһли кәшфтің көргеніндей бір жерде ажалы жетіп көз жүмған қырық адамның біреуінің ғана табысқа қолы жеткен екен. Қалған отыз тоғызы қүралақан қалған.

Міне, осы маңызды да өзекті мәселені ше-шетін және жиырма жылдан бері тәжірибелерімен он адамның сегізін табысқа жеткізген бір би табылса, әлбетте, есі бар әрбір адам бәрінен бүрын әлгі мәселеден та-бысқа жеткізетін биге жүгінуі тиіс.

Міне, осындай билердің бірі, тіпті, ең біріншісі Қүран-ы Мүғжизүл Баянның мағынауи и'жазынан сүзілген әрі туындаған Рисалә-и Нүр екендігіне, сол арқылы әлгі мәселеде табысқа жеткен мыңдаған куәгерлер бар.

Иә, мына дүниеге міндет жүктеліп жіберілген әрбір адам бүл жерде қонақ әрі фәни, өзінің де кім екендігі және мәңгілік өмірмен тығыз байланыстылығы іс жүзінде анықталып отыр. Бүл заманда мәңгі өмірге зақым бермей сақтап қалатын қорғандар қирап қалғандықтан, әрбір адамның бүл дүние-мен және ондағы жақын жандарымен келме-ске қоштасуы, сондай-ақ тіршіліктен мың есе әдемі әрі мәңгі бір мүлікке қол жеткізуі не болмаса айырылып қалуы сияқты өзекті мәселе туып отыр. Егер қолында иман куәлігі мен ақтау қағазы әрі құжаты болып табыла-тын иманы толық болмаса, әлгі мәселеде ұты-лып қалады. Апырым-ай, манағы үтылып қалған нәрсенің орнын немен толтыруға бо-лар еді?

Міне, осы ақиқатқа сүйене отырып, менің және достарымның әрқайсысының ақылы жүз есе артып, ұғымы молайса да, бәріміз жұмылып оны мына улы әрі киелі істің жолы-на арнасақ, әрең жетеді. Басқа мәселелермен шүғылдану біз үшін түкке турғысыз әрі бос әурешілік. Алайда Рисалә-и Нүрдың бірқатар шәкірттері басқа мәселерді шешу жолында күрескені (1), сондай-ақ кейбір ақымақтардың бізге нақақтан-нақақ тиісіп, зомбылық жа-саған кездерінде мәжбүр болып амалсыздан айналысқанымыз бар.

hәм мына ақиқат әрі үлкен мәселеден тыс дау-шарларға ойша болсын, көңілмен болсын араласу зиянды. Себебі ондай саяси кең алаңдарды қадағалап, шұғылданып жүретін адам тар алаңдағы жүктелген міндетте және маңызды істерде кейін қалады не болмаса ынтасы азаяды. Сондай-ақ үшы-қиырсыз әрі өзіне тартып кететін саясат пен қырқысу алаңдарын бағдарлағандар кейде оның ішіне біржола еніп кетеді. Сөйтіп, міндетін атқара алмағанымен де тұрмай, көңіл хоштығын, адал ниетін, дурыс үғымын, қызметтегі ықыласын жоғалтып алмаса да, солай айыпта-луы мүмкін. Тіпті, сотта бүл түрғыдан шабуыл жасалғанда, былай дегенім бар:

 

(1) Сот кезіндегі өзін-өзі қорғауын айтып отыр.

 

„Күндей жарқын Иман мен Құранның ақиқаттары жерде жатқан фәни жа-рықтардың тартылысына көнбейтіні, оған тәуелді әрі қолшоқпар болмайтыны сияқты осы ақиқатты толық түсінген адам жердегі кейбір оқиғаларға ғана емес, бүкіл әлемдегі оқиғаларға да қолшоқпар бола алмайды," - деп, олардың аузына құм құйдым.

Мінег осымен үстазымыздың жауабы бітті. Біз де жан-тәнімізбен қуаттап, дүрыс дедік.

 

Рисалә-и Нур шәкірттері.

 

РИСАЛӘ-И НҮРДЫҢ ТАРАЗЫЛАРЫНАН ОН ҮШІНШІ СӨЗДІҢ ЕКІНШІ МАҚАМЫНЫҢ ТҮСІНДІРМЕСІ

 

Қамаудағылар Рисалә-и Нурдағы нағыз жұбанышқа өте зәру. Әсіресе, жастықтың ал-бырттығынан соққы жеп, уылжыған тәтті өмірін турмеде өткізгендер нұрларға аса мұқтаж.

Рас, албырттығы мол жастық шақ көбінесе ақылды емес, сезімді тыңдайды. Ал сезім мен әуестік болса соқыр емес пе, істің соңын көрмейді. Дайын тұрған азғантай ләззатқа бо-ла кейіннен келетін батпан ләззатты тәрк етеді. Бір минуттық кек алудағы ләззатқа бо-ла адам өлтіріп, сексен мың сағат түрменің азабын тартады. Бір сағаттық нәпсі қандыру, рахатқа бату үшін біреудің намысын таптап, арын төгеді де, мыңдаған күндер бойы абақты мен дүшпанның қорлығынан жаны күйзеліп, өмірі тас-талқан болады. Бейшара жастардың өміріне осылайша көптеген қауіп төніп тұр. Олар уылжыған тәтті өмірді тым ащы да аянышты ахуалға айналдырады. Әсіресе, солтүстікте орналасқан ірі бір мемлекет жас-тардың әуесқой мінезін пайдаланып, ғасырымызға бейім апаттармен дүр сілкіндіруде. Ары таза кісілердің бойжеткен қыздары мен жұбайларын бойын соқыр сезім билеген жастардың еншісіне беріп, „ештеңе етпейді" дегендей көз жұмуда. Тіпті, моншала-рында әйел мен еркектің бірге тусуіне де үлықсат беріп, жезөкшелікке осылайша ықпал етуде. Сондай-ақ байлардың дүние мүлкін талан-тараж етіп, пақыр әумесерлерге таратып беруде. Бүрын-соңды болып көрме-ген мұндай апатқа бүкіл адамзаттың төбе ша-шы тік тұрып, зәресі ұшуда.

Міне, бұл ғасырда Ислам және Түрк жаста-ры батылдық көрсетіп, мұндай екі жақты соққыға Рисалә-и Нүрдың „Миуа", „Жастар шырағы" сияқты кітапшаларының өткір қылышын қолға алып, қарсы шабулары ке-рек. Әйтпесе, әлгі бейшара жастар өздерінің жарқын болашағынан, бақыты мен ақыреттегі бағынан да айырылып, о дүниедегі өмірін азап пен қайғыға толтырады. Бойын-дағы күш-жігерді орынсыз шығындап, азғындыққа салынудың салдарынан емхана-ларға, қызуқандылықтың зардабынан түрмеге де түседі. Қартайған шағында „Қап, әттеген-ай" деп, сандарын соға өкінеді.

Егер Қүраннан тәрбие алып, Рисалә-и Нұрдың ақиқаттары арқылы аяғын нық бас-са, нағыз қаһарман әрі жақсы адам, ол бағы жанған бір мүсылман, сондай-ақ басқа да тіршілік иелеріне сүлтан да болады.

 

Иә, түрмеде отырған бір жігіт жиырма төрт сағаттық бір күннің тек бір сағатын бес уақыт намазға жұмсаса, түрме көп күнә жа-сауға кедергі болатыны сияқты, мына азапқа душар еткен қателіктен де тәубаға келіп, басқа да зиянды әрі қайғылы күнәлардан аулақ және туыстарына көп пайдасы тиетіні сияқты, өзінің бес-он жылдық фәни жастық шағымен мәңгілік жарқын жастық шаққа ие болатындығын ең бірінші болып Құран-ы Мүғжиз-ил Баян, содан соң Аллаһтан келген бүкіл кітаптар мен парақтар анық хабарлар беріп, сүйсіндіруде.

Иә, мұндай тәтті де әдемі жастық шақ сияқты нығметке дүрыс жолда жүру және мойынсүну арқылы шүкір етсе, сол жастық молайып, әрі мәңгі-бақи түрге еніп, ләззаты арта туседі. Әйтпесе, басқа пәле болып, қайғы-мұңға салып, зардап шектіреді. Сон-дай-ақ туған-туыстарына, Отанына, халқына кір келтіретін әпербақанға айналуына се-бепші болады.

Егер тұтқын жала жабылып, нақақтан сот-талған болса, намаз оқу шартын орындаса, әрбір сағаты бір күн қүлшылық ретінде бола-тыны сияқты, түрме оның залымдардан сақтайтын баспанасына айналып, ескі заман-дағыдай үңгірде бас сауғалап қүлшылық ет-кен адал да тақуа адам болып саналады. Егер ол пақыр не болмаса қарт кісі, я науқас неме-се иман ақиқаттарына жаны қүмар біреу бол-са, парызды орындау және тәубаға келу шартымен әрбір сағаты жиырмаға жуық құлшылық сағатына айналып, турме оған де-малыс орны әрі ол жерде өзіне мейрімін^гөге қараған достары болса, сүйіспеншілік жері, сондай-ақ тәрбиелеу орны - бір дәрісхана кейпіне енеді. Мүндай адам, өзінің сырт-тағы лас әрі айналасын күнәлар шырмаған бостандықта емес, түрмеде отырғанына ри-за болуы мүмкін. Түрмеде тәрбие алыпг бос-тандыққа шыққанда, қаскүнем қылмыскер емес, қайта тәубәға келіп, тәжірибе жи-наған тәртіпті әрі халқына пайдалы адам боп шығады. Тіпті, „Денизли" дейтін түрме-дегі адамдардың қысқа мерзім ішінде Ри-салә-и Нұрдың әдемі мінез-құлық туралы дәрісін тыңдап, жөнделгендері сондай, олар-ды көрген кейбір абақты қызметшілері бы-лай деген екен: „қылмыскерді тәрбиелеу үшін оны он бес жыл қамаудың орнына он бес апта Рисалә-и Нұрдың дәрісін тыңдатса, жетіп жатыр",

Иә, өлімнің өлімі жоқ, әрі өзі жасырынып келеді. Кез келген уақытта, кез келген жерде шап береді. Қабірдің апандай есігі жабылатын түрі жоқ, адамдар топ-топ болып сол жерге келгенде, омақаса құлап, көзден таса болуда. Имандылар үшін өлім дегеніміз жоғалу емес, қайта демалысқа шығу екенін Қүранның ақиқатынан белгілі болып отыр. Ал, Құдайдан безгендер үшін сыртқы көрінісі сияқты мәңгілікке жойылу, сондай-ақ барлық жақсы адамдардан, қоршаған ' ортамен мәңгілікке қоштасу болып табылады.

Шүбәсіз ең бақытты кім десеңдер, әлбетте, Ол - сабыр сақтап, Іпүкір еткен, сол қамау-дан өткен күндерін пайдалана отырып Ри-салә-и Нұрдың дәрісін көңіліне тоқып, тура жолда жүріп, Иман мен Қүранға қызмет ет-кен адам.

Уа, рахат пен ләззатқа жаны құмар адам! Қазір мен жетпіс бес жастамын. Өмірімде ба-сымнан өткен мыңдаған тәжірибелер, дәлелдер, шындықтар арқасында мынаған көзім әбден жетті.

Нағыз рахат пен уайымсыз ләззатты әрі шынайы шаттық пен өмірдің бақытын, тек қана имандылықтан және иманның ақиқаттарының маңынан табасың. Әйтпесе дүниеуи бір ләззат көптеген қайғыларға ұрындырады. Бір түйір жүзім беріп, он дүре соғатыны сияқты өмірдің шырқын бұзады.

Әйг қамаудан жаны күйзелген бейшаралар! Дүниелерің қирап, өмірлерің астан-кестен болған екен, еңбек етіңдер, тырысыңдар! Со-нау ақыреттерің аман болсын. Мәңгі өмірлерің жаздай жадырап, балдай тәтті бол-сын! Қамаудағы мерзімдеріңді тиімді пайдала-ныңдар, Мәселен, кейде қиян-кескі қиын жағдайда дүшпан оғының астындағы бір сағат күзет бір жыл құлшылық болып саналады. Сол сияқты сендердің де мына ауыр шарттарда жа-саған әрбір сағаттармен пара-пар болып, көрген қиындықтарың сауапты мейірімдерге айналады.

 

 

Аса қадірлі де сенімді бауырларым!

Абақтының қиын күндерін бастан кешіріп жатқандарға және оған сырттан келген азық-түліктерге бақылау жасап әрі қол ұшын бергендерге өте күшті бір демеу. Мұны „үш нүкте" арқылы баяндап берейін.

Бірінші нүкте. Абақтыда өткен әр күнді он күндік ғибадатқа, сол фәни сағаттарды руха-ни да бақи сағаттарға айналдыруға болады. Әрі бес-он жылдық жаза өтеу мерзімі арқылы миллиондаған жылдық шексіз қамалудан құтылуға болады. Міне бұл имандылар үшін өте қүнды әрі мол табыс. Бүл табысқа қалай қол жеткізуге болады дейсіңдер ғой, оның шарты: парыз болған намазды оқу; торға түсу-ге себеп болған күнәлардан тәубаға келу; са-быр сақтап, шүкір ету, Онсыз да түрме кунәға одан әрі бата бермеуге, оны жасауға жол бер-мейтін, кедергі емес пе?

Екінші нүкте. Ләззаттың аяқталуы қайғы екендігі тәрізді қайғының аяқталуы да ләззат болып табылады, Рас, әркім-ақ өткен күндердің шаттыққа толы кезеңдерін ойлаған шақта, өкіне де қамыға көңілі құлазып: „Қап, сол бір күндер-ай!" дейді, ал өткеннің қайғылы да ауыр күндерін еске алса, өтіп кет-кеніне іштей қуанып: „Әлхамдү-лиллаһ, Қүдайға шүкір, сол бір қараңғы күндер өтті кетті, орнына сауабы қалды" дер еді, көңілі жай тауып, терең тыныс алар еді.

Демек, өткінші бір сағаттық қайғы, жанға мағынауи ләззат береді. Ал, ләззатқа толы бір сағат, керісінше, терең қайғылы із қалдырады. Бұл рас болса, өткен қайғылы сағаттар уайымдарымен қоса жым-жылас >коғалады. Ал келешектің қаралы күндерінің әзірге ауылы алыс, көрінбейді. Жоқ нәрседе қайғы қайдан болсын. Мәселен, бірнеше күннен соң аш-жалаңаш, сусыз қаламын деп бүгіннен бастап өлермендене нан жеп, су ішу, қалың киіну - барып турған ақымақтық. Дәл сол сияқты жым-жылас жоқ болған өткен мен келешектің қайғылы сағаттарын дәл қазір ойлап сабырсыздану, сондай-ақ кемшілігі көп нәпсісін үмытып, Қүдайға кінә артқандай уһілеп-аһылап аһ үру да ақымақтық. Егер бойындағы сабырлылықты оңды-солды шашпай, яғни өткен мен келе-шекке сарп етпей, қазіргі уақытына, сол күніне дәйектетсе, толық жетеді. Күйзеліс мыңнан бірге түседі. Шағымдану деп қабылдамағайсыңдар, сендерге мынаны да айта кетейін:

Мен, мына Жүсіптің медресесінде (1) өткізген бірнеше күнімде, өмірімде көрмеген дүниелік һәм рухани зардап шеккен кезімде, бір жағынан науқастық жабысып, бәрінен бүрын Рисалә-и Нүрдың қызметінен мақүрым қалғандығымнан туындаған үмітсіздік пен ру-хани күйзелістер жанымды жегідей жеген сәтте, Аллаһтан жәрдем келіп, аталған ақиқатты көрсетті. Мен дағы жанымды күйзеген науқастығыма, қамалғаныма разы болдым. Өйткені: „Мен сияқты қабір аузын-дағы бейшараның қапы қалып өткізіп алатын бір сағатын оншақты қүлшылық сағатына айналдыру мен үшін үлкен табыс" депг Қүдайға шүкір еттім.

Үшінші нүкте. Түтқындарға мейірлене қызмет етіп көмектесу: қажетті азықтарын беру; жаралы жандарын жүбанышпен емдеу сияқты шамалы ғана істермен де үлкен та-бысқа қол жеткізуге болады. Сырттан келген тамақтарын жеткізер болса, сол түрме күзетшісі мен қызметкерлерінің амал дәптеріне садақа ретінде дәл сол тамақтың мөлшеріндей сауап жазылады. Қиналған жан яғни тұтқын, кәрі не болмаса науқас, пақыр немесе кіріптар болса, бұл мағынауи са-дақаның сауабы да арта түседі.

Міне, осы мол табыстың шарты - әлгі қызмет Құдайға бағышталмағы үшін парыз болған намазды оқу. Тағы бір шарты оларға сенімді дос ретінде міндетсінбей жанашыр-лықпен, мейірлене әрі сүйсіне жәрдем ету.

 

(1) Жүсіп пайгамбарға (ғ.с.) жала жауып, оны нақақтан нақақ •түрмеге қамаған екен. Соған теңеу ретінде Иман мен Қүранға қызмет жасағандарды үстап, қамаған жерлердің атауы.

 

 

 

Әй, турмедегі достарым мен діпдес бауыр-ларым!

Дүние мен ақыреттің азабынан қүтқаратын ақиқатты мыналарға баянда деп көңіліме нұсқау келді. Ол ақиқат мынау болған:

Мәселен, біреу екінші біреудің ағасын не-месе туысын өлтірді делік. Кек алудағы бір минуттық ләззат миллиондаған минут жүректі сыздатып қана қоймай, түрменің де азабын тарттырады. Әлгі өлген адамның ту-ысқаны да қарсы дұшпанынан „қайтсем кек аламын"1 деп ойлай-ойлай өмірінің мәні кетіп, шырқы бұзылады. Бойын үрей билеп, ашу-ыза да кернеп, азапқа түседі. Бұдан қүгылудың бір ғана шарасы бар, ол - Құранның әмірін тыңдау және хақ пен ақиқат әрі игілікті іс және адамгершілік, сондай-ақ Ислам діні та-лап етіп шақыратын келісімге келуг татуласу.

Иә, ақиқат пен игілік татулықта. Себебі ажал біреу, өзгермейді. Әлгі өлген кісінің ажалы жетіп тур екен, бәлкім ол адам артық өмір сүрмейтін шығар. Өлтірген кісі Ал-лаһтың жазған тағдырына себепші болды. Егер келісім болмаса, екі жақты да үрей би-леп, кек алудың азабын шегеді. Сондықтан Ислам дініміз: „Бір м'үмин басқа бір мүминге үш күннен артық ренжімеуі тиіс" деп бұйырады.

Егер мүндай қылмыс қастық емес не өш алу да емес, бір мұнапықтың шығарған бүлігі болса, тез арада татуласулары керек. Әйтпесе, аз ғана қайғы одан әрі үлгайып, ұйығына сіңіре береді. Егер татуласса әрі өлтірген адам да тәубаға келіп, марқұмға әрдайым дүға етсе, онда екі жақ та ұтады, туысқан сияқты бола-ды. Кеткен бір бауырының орнына бірнеше діндар бауыр табады. Құдайдың басқа салғанына көніп, дұшпанының қүнын кешеді. Оның үстіне мына Рисалә-и Нұр дәрісін тыңдаған болса, ңгілікке жетелейді, жеке бас пен баршаның тыныштығы араларында бо-лып өткен барлық кикілжіңдерді ұмытуын та-лап етеді.

Мәселен, „Денизли" турмесіндегі біріне-бірі қас тұтқындар Нұрдың дәрісін алғаннан кейін достасты. Біздің ақталып шығуымызға олар-дың ықпалы болды, тіпті, мұны көрген надан-дар мен есерсоқтарға дейін „Бәрекаллаһ, Мәшааллаһ" десті. Сөйтіп ондағы тұтқындардың бойлары жазылып, рахаттанып қалды. Байқаймын, бул жерде де бір адамның кесірінен жүз адам күйзелген және ешбірінде де «рахат жоқ. Бүл деген зұлымдық қой. Мәрт, ар-намысы бар бір мү'мин ешқашан да өзінің кішкене қателігімен немесе бас пайдасын көздеп, иманды жандарға көп зиян шектірмейді. Егер қателесіп зияны тисе, лезде тәубаға келуі керек.

 

 

Жaңадан тускеп қадірменді достарым және бурыннан жатқан тутқындар!

Менің бұл жерге тап болуыма Аллаһтың жарылқауы турғысынан басты себеп сендер екендеріңе толық көзім жетті, Яғни Нұрлар, өзінің жұбаныштарымен, сондай-ақ имани ақиқаттарымен сендерді түрменің мына аза-бынан және көптеген дүниеуи зардаптан қүтқарып, өкінішке толы өте шығатын өмірлеріңді бостан-бос өткізбей әрі о дүние-лерінде жыламай, ең болмаса, ақыреттеріңді аман сақтау сендерге нағыз демеу болып та-былады. Сонымен, ақиқат осы болса, әлбетте сендер „Денизлинің11 тұтқындары мен Нұр шәкірттері сияқты бір-бірлеріңе дос болула-рың керек. Көрмейсіңдер ме, бірін-бірі пы-шақтап тастамасын, біріне-бірі қастандық жасамасын деп, тамақ болсын, нан болсын, сырттан келген заттарыңды мың байланса да ақтарып тексеріп жатыр. Сендерге адал қызмет етіп жүрген күзетшілер әбігер. Сон-дай-ақ өздерің де дем алуға сыртқа шығарылмай отырсыңдар. Өйткені сендерді бір-бірлеріңе бас салып, жұлыса кетеді деп ойлайды. Сіз секілді тумысынан қаһарман жаңа тускен тұтқын достарым! Енді мағынауи қаһармандықпен батыл болып, түрме қызметшілеріне былай деңдер:

„Қолымызға пышақ емес, маузер револвер берілсе де, тіпті, оның үстіне бүйрық берілсе де, біз мына өзіміз сияқты қиындық көрген бейшара бауырларымызға қол жұмсамаймыз. Ескіден ала алмай жүрген кегіміз бен қастығымыз болса да кешіп, көңілдерін қалдырмауға, Құранның әмірі бойынша әрі иман және Ислам дінінің бауырмалдығының. атынан, сондай-ақ игілік пейілімен, оның бер-ген тәрбиесімен ант еттік" деп, осы бір турмені мүбарәк - қүтты дәрісханаға айнал-дырыңдар.

 

 

ОН ҮШІНШІ СӨЗДІҢ

ЕКІНШІ МАҚАМЫНЫҢ

ҚОСЫМШАСЫ

 

Қадір түнінде ойыма келген маңызды мәселе

 

Адамзат екінші дүниежүзілік соғыстың ора-сан зор зұлымдығы мен мейірімдігінен, бір дүшпанның кесірінен жүздеген жазықсыз жандарды аяусыз қырып жоюынан жеңілгендер үмітсіздікке түсіп, жеңгендер болса билікті қолдарында үстап тұру, қираған қалаларды қалпына келтіру уайымы және мәдениет қиялының жалған әрі бұл дүниенің өткінші екендігін сезіну сияқты мәндерден ауыр зардап шекті. Адамзат баласының жоғары дәрежедегі қабілеті мен ішкі дүниесі тас-талқан болды. Азғындықтың ең қорқыныштысы - жер жүзіндегі саясаттың бет пердесі ашылды. Дүниедегі зұлымдық пен жөнсіздікті Қүран ғана тузей алатындығын білді. Бүған дәлел: Солтүстікте, Батыста және Америкада көптеген кісілер дүниенің өткінші, алдамшы екендігін сезіп, адамзаттың жараты-лысында мәңгі жасау тілегі бар екенін біліп, енді сол мәңгілік өмір сүру жолын іздестіреді. Егер адамзат ақылдан жұрдай болып, есуасқа айналмаса, Швеция, Норвегия, Финляндия және Англияның атақты ғалымдары мен Аме-риканың Ислам зерттеу ұйымдары сияқты Қүран жолымен, Ислам жолымен жүруге үмтылады.

Мың үш жуз алпыс жылдан бері әр ғасырда үш жүз елу миллионнан астам шәкірті болған және миллиондаған қарилардың жадында әрі жүрегінде сақтаулы, басқа ешбір кітадта болмаған ерекшеліктерге үйлесімді, адамзатқа шексіз өмір мен мәңгілік бақыттылықтан хабар берген, адамзаттың ру-хани жарасына ем, дертіне шипа болған Қасиетті Қүран, қайта-қайта, қуатты да қатал түрде мындаған аяттарымен дем салып, айғақтарымен , дәлелдеп, мәңгі өмірді сүйіншілеп, мол бақытқа бөлену бар екенін айтуы адамзат мірдетті турде ақылдан мүлдем адаспаса, дүниеуи немесе мағыналық қиямет болмаса, Швеция, Финляндия, Англияның Құранды қабылдауға тырысқан атақты наси-хатшылары, сондай-ақ Американың хақ дін іздеген ұйымдары сияқты, жер шарының ірі материктері және ірі елдері Құран-ы Мүғжизүл Баянды шарқ үра іздестіретінін, ақиқаттығына көзі жеткен соңг жан-тәнімен ұмтылатынын көрсетеді. Себебі бұл турғыда оған шақ келер ешбір кітап жоқ әрі міндетті түрде болмайды да. Еш нәрсе де Мүғжизе-і Әкбардың орнын баса алмайды.

Екіншіден: Рисалә-и Нұр үлкен мұғжизенің алмас қылышы тәрізді қасарысқан душпан-дарды бағынуға мәжбүр етті. Рисалә-и Нүр Құраннан нәр ала отырып, жүректер мен рух-тарды және сезімдерді нүрға бөлеп, Құран ақиқаттарын халыққа жеткізуде. Рисалә-и Нүрга қарсы үгіт жүргізушілердің еңбегі босқа кетті. Дінсіздіктің алынбас қорғанындай болған табиғатшылдықты „Та-биғат рисаләсі" арқылы тас-талқан етті, мәңгүрттік ұйығында туншыққандарға „Аса-и Мұсадағы" Миуаның Алтыншы Мәселесі және Бірінші, Екінші, Үшінші, Сегізінші айғақтармен ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Қазіргі кезде дін дәрістерін беру және жеке дәрісханалар ашуға ресми түрде рұқсат етілді. Нұр шәкірттері де мүмкін болғанынша, бар-лық жерлерде Нүр дәрісханаларын ашуы ке-рек. Негізінде әркім өз бетімен оқыса, айтарлықтай пайдасы тиеді. Алайда кім-кімнің де мәселелерді түгелдвй түсіне қоюы қиын. ІНегізінде бүл мәселелер Иман ақиқаттарының түсіндірмесі болғандықтан әрі ғылым әрі Аллаһты тану, көңіл. хоштығы, әрі ғибадат.

Рисалә-и Нүр медреселерінің 0ес-он апталық табысы еСкі медреселердің бес-он жылы-на татиды. Жиырма жылдық еңбегіміз осыны көрсетті. Әрі үкіметіміздін, Рисалә-и Нүрға қарсы шығудың орнына басылып шығуына және таратылуына көмектескені жөн. Себебі Рисалә-и Нұр халқымыздың күнделікті өмірін ғана емес, о дүниедегі өміріне де өте пайдалы. Басымыздан өткен қателіктердің орнын тол-тырып, келешекте пәлекеттер мен топа-ландарға жол бермейтін болады.

 

Саид Нурси.

 

 

 

(Жиырма алтыншы лема)

ЖЕТІНШІҮМІТ

Ескі Саидтің күлкілері Жаңа Саидтің көз жасына айналып, қартая бастаған шағында Анкарадағылар мені ескі Саид деп ойлап, Ан-караға шақырды. Күздің соңына таман менен де бетер қартайып, қаусап қалған Анкара қорғанының басына шықтым.

Жылдың кәрілік мезгілінде менің қарттыгым, қорғанның қарттығы, адамзаттың қарттығы, Османлы дәулетінің карттығы, һалифаттың қарттығы, жер шарының қарттығы маған өте аянышты халде көрінді. Өткен өмірдің ой-щұқыры мен болашақтың белестеріне зер салдым. Мені қаумалай қоршаған бұл қарттықтардың ішінде Анкарадан да рухани қараңғылық сездім. Бір нұр, жүбаныш, уміт іздедім.(1)  Оңыма, яғни өткен шағыма қарағанымда, ата-бабаларымның ғана емес, нәсілімнің де мазары бейнесінде көрінді, Жұбаныш іздеп отырғанда, қорқыныш берді. Қүтылудың жолын іздеп, сол тарапымдағы болашаққа зер салдым. Бүл жағымда менің және болашақ ұрпақтың қараңғы қабір бейнесі көрінді. Сүйінерім деп үміттеніп едім, күйініш берді.

 

(1) Сол уақыт, сол рухани халдерім мінәжат түрінде жазылып, Анкарада, „Хубаб" рисаләсіне алынды.

 

 

Оңым мен солымнан шошынып, бүгінгі күнге қарадым. Жартылай өліп, жанталасқан денемді көтеріп бара жатқан табытты көрдім. Бұл жақтан да үмітім үзілген соң, басымды көтеріп, өмір ағашымның үшарына көз сал-дым. Бір ғана жемісі бар, ол да менің мәйітім. Өмір ағашының астына, тамырларына қарадым. Денем топыраққа айналып, тамыр-дағы топырақпен бірге аяқ асты тапталуда. Дертімді одан бетер асқындыра түсті. Шара-сыздықтан артыма қарадым. Бүл фәни дүние түрақтай алмай қаңбақтай домалап барады. Жарама дәрі емес, у сепкендей болды. Бүл жақтан да қайыр көре алмағандықтан, ал-дыңғы жаққа қөз салдым. Қабірімнің аузы арандай ашылып мені күтіп түр. Арғы жағында шексіздік жолы мен сол жолға кет-кендер алыстан-ақ топ-тобымен көрініп бара жатыр. Алты жағымнан бірдей қоршаған қорқыныштарға титімдей болса да қарсы турарлық қорғаныс қаруы мен тіреніш нүктесі қалмады. Дүшпандар мен зиянкестер-ге қарсы адам баласы қолынан келгенінше ғана күресе алады. Ал мына жағдайға адам заттың қабілет-күші жетпегендіктен, мен де шарасыз қалдым. Алты жағымнан анталаған уайым-қайғыдан үмітсіздіктің қараңғы қүрды-мына қүлағалы турғанда, Құран-ы Мұғжизул Баяннан күш алушы иман нұры көмекке жетті. Алты жағымды да жарықтандырып, нұрға бөлегендігі сонша уайым қараңғылығы жүз есе қоюлана туссе де, иман нурының сәулесі жеткілікті болар еді. Барлық қасіретімді қуанышқа, қайғыларымды сүйінішке айналдьірды. Былайша:

Иман: әлгі өткен шақтың қорқынышты ма-зар бейнесін қақ айырып, үйреншікті зиялы-лар мәжілісі мен сүйікті жандардың жиналысы екендігін айнәляқын көрсетті.

һәм иман: қапы қалып, үлкен қабір түрінде көрінген болашақты жағымды бақыт сарайла-рында беріліп жатқан Рахмани қонақасы, мәжіліс түрінде ғылмәляқын көрсетті.

һәм иман: қапы қалған назарда бүгінімді әкетіп бара жатқан табыттың тас-талқанын шығарып, Рахманның қонақ үйінде ақырет үшін саудаласып жүргендігімді көрсетті.

һәм иман: өмір ағашының басында жаназа сияқты көрінген бір ғана жемістің мәйіт емес, шексіз өмір үшін жаратылған рухым-ның тозған кебінінен шығып, аспанға серуен-ге самғау үшін шыққандығын илмеляақын көрсетті.

һәм иман: сүйектерім мен жаратылысым-ның басталуы болып табылатын топырақ аяқасты болып езілген елеусіз сүйектер емес, ол топырақ рахмет қақпасы, Жәннат қонақжайының бір пердесі екендігін иман-ның сыры арқылы көрсетті.

һәм иман: ғапыл назармен артымда жоғалып, қүрып бара жатқан дүниенің күйін Қүранның сыры арқылы былайша көрсетті: әлгі сырт көзге қараңғы болып көрінген дүние өз міндетін атқарған, мағынасы бідаДрілген, алайда орнына нәтижелерш қалдырып бара жатқан Самәдани хаттың бір паршасы әрі Субхани нақыш өрнектің па-рақтары екендігін көрсетті. Дүниенің шын мәнісін ғылмәляқын түрде көрсетті.

һәм иман: алдымдағы аузын арандай ашып, мені күтіп турған қабірдің ар жағындағы са-пар мәңгілік өмірмен дәнекер жолы екендігш Қүран нүрымен көрсетті. Ол қабірдің апан аузы емес, нұр әлемінің есігі, мәңгілік бақыт қақпасы екендігін біліп, дертіме шипа таптым.

һәм иман: қолымдағы кәсіп қалған аз ғана жүз-і ықтиариды алып, орнына қыруар дүшпандар мен қараңғылықтарға қарсы шексіз қүдіретке арқа сүйеу үшін және шексіз мейірімділікпен байланыс қүру үшш әлгі жүз-і ықтиярдың қолына куәлік тапсыр-ды. Тіпті, иман әлгі жүз-і ықтиярдың қолына бір куәлік болды һәм манағы жүз-і ықтияри дейтін адамның қаруы, негізінде, іске жарам-сыз қысқа әрі дәрменсіз. Алайда қалайша бір жауынгер шағын қуатын мемлекет атына қолданған кезде, өзінің қуатынан мың есе ар-тық істер атқарады; сол сияқты иманның сы-рымен әлгі шағын жүз-і ықтияри Аллаһу Тағаланың атына, оның жолына қолданылған кезде, бес жүз жылдық кең жәннатгы да алып береді.

һәм иман: келешек пен өткен шаққа дәнекер бола алмайтын әлгі жүз-І ықтияридың тізгінін дененің қолынан алып, жүрек пен рухқа тапсырады. Рух пен жүректің тіршілік тынысы дененікі сияқты осы шаққа тәуелді оолмағандықтан, көп жыл-дар өткен шақтан, ұзақ жылдар болашақтан қамтып, тіршілік тынысы кеңиді. Сондықтан әлгі жүз-і ықтияри шағын көйлегін шешіп, молшылыққа кенеледі. Иманның қуатымен өткен шақтың терең сайларына барып, қайғыларын сейілтетіні сияқты иманның нурымен болашақтың шыңдарына шығып, үрей мен қорқыныштың тамырын кеседі.

Әй, мен сияқты қарттықтан үрейленген қариялар, Иманда нүрлы, ләззәтті қазыналардың бар екендігін біліңіз. Кәрілік біздің иман қазынамызды одан әрі байыта тусуде, Олай болса, кәрілігімізге шағымшы бо-лудың орнына алғысшыл болуымыз керек.

 

СЕПЗШШІ ҮМІТ

Дүниежүзілік соғыстың аласапыраны мен әскери тутқындықтан құтылып, Стамбулдағы қызметімді қайта бастаған кезім болатын. Халифенің, Шейхулислам, басқолбасшы және медресе шәкірттерінің маған көрсеткен құрметтерімен шашымның ақтығына қарамастан жастық шақтық буына бөлендім. Бүл дүниеде мәңгі жасайтын адамдай сезіндім. Рамазан айының бір күнінде Баязит мешітінің ықыласты қарилерін тындауға бар-дым, Адамзаттың және барлық тіршілік атау-лының өлім табатындығы жайлы Құран-ы Мұғжизүл Баян жарлығын қарилер жариялады. Ол менің де жүрегіме үялап, жастық шақтың буынан сергітті, Көпке дейін әңкі-тәңкі боп, бағытын жоғалтқан кеменің күйін кештім, Айнаға қараған сайын ақ шаштарым „Байқа11 дейтіндей. Шынында да сенім артып, масат-танған жастық шағым қоштасып барады. Кеткім келмеген дүнием - өмірім сөнгелі тұр, Өте тығыз байланыста болған жер шары да уақытша екендігін мойындаймын. Қүран-ы Кәрімнің аяты: адамзат бір нәпсі, қайта тірілу үшін өледі. Жер шары бір нәпсі, мәңгілік бейне алу үшін ол да өледі, Жаратылыс атаулы бір нәпсі, оның да өлетіндігін еске түсірді.

Өз халіме назар аудардым да: шаттық бақшасындай болған жастықтың, жүлдыздай жарқыраған нұрлы өмірдің орнына қараңғы да үрейлі өлім жақындап келе жатқанын көрдім. Стамбулдағы қызметім мен сый-қүрметтер жанымда түрған қабыр аузына дейін ғана. Атаққүмарлардың арман-қиялы атақ-даңқ, дәреже мен мақтан екендігін түсіндім. Осы уақытқа дейін мені де алдап келген бүл істерде ешқандай да нүр сәуле жоқ екендігін көрдім.

Қүранның киелі дәрістерін тыңдау үшін Баязит мешітіне екінші рет барғанымда, киелі хабарлардың сүйіншісін естідім. Өзгелерден жарылқау іздеп, босқа әуре бо-лыппын. Қүранның шапағаты арқасында дертіме шипа, қараңғылықтан нүр, үрей тара-тушылардан жүбаныш таптым. Жәнаб-ы Хаққа жүз мың шүкір еттім.

 

Сырт көзге тас қараңғы тұңғиық болып көрінгенмен, өлім, мумин үшін нұрлы, жарқын жузді екендігін Қүран сәулесімен көре алдым. Бүл ақиқаттар басқа да көптеген шығармаларымызда дәлеленген. Сегізінші Сөз, Жиырмасыншы Хат секілді тәпсірлерде көрсетілгендей, өлім азап шегіп жоқ болу емес, мәңгілік өмірдің бастамасы, негізгі өмірдің күйбең тіршілігінен демалысқа шығу, жәй ғана мекен ауыстыру,, Берзақ әлеміне көшкен жақындарымызға қауышу. Осы секілді ақиқаттар арқылы өлімнің шын сулу-лығын көрдім. Өлімнен қорқудың орнына жүзіне күле қарадым, Рабыта-и Мәуттің құпияларын тусіндім. Сонан соң жұрттың бәрін ынтазар етіп, өзіне тартатын жастық шақтың жүзіне зер салдым. Егер жастық шақтың негізі мен ішкі жүзін білмегенімде, бірнеше жылдар бойғы ойын-күлкіні аңсап, өмір бойы жылаған болар едім. Осындай біреу

 

яғни „Шіркін, жастық шағым бір күн қайта келсе ғой, Кәріліктің қаншалықты қиын хал-дер әкелгендігі жайлы шағым айтар едім", деген екен.

Осы секілді жастық шақтың шын мағынасын тусіне алмаған қариялар қасірет шегуде. Ақылды мұсылман болса жастық шақтың қуатын ғибадат пен игі істерге, діни міндеттерін атқаруға жұмсап, Аллаһтың нығметі екендігін тусінер еді. Түзу бағыт пен ар-намыстылық және тақуалық болмаса, қауіп-қатер де мол. Албырттылықтарынан мәңгілік бақыты мен ақыреттік өміріне зиян келтіреді. Тіпті, бұ дүниелік тіршілігін де ас-тан-кестен қылады. Оған қоса бір-екі жылдық жастық шағы пайдасыз, зиянды істерге жұмсалуда. Біздер, яғни қарттар, жастық шақтың албырттығы мен қауіп-қатерінен құтылғанымызға Аллаһқа шүкір еткеніміз жөн. Егер ғибратты игі істерге сарп етсе, ақыретте де мәңгі жас қалпында қалады.

Бүдан соң адамдардың көбі кеткісі кел-мейтін дүниеге зер салдым. Дүниенің үш түрлі жүзі бар екендігін Қүран Нүрының көмегімен көрдім.

Біріншісі: Аллаһтың есімдерінің айнасы.

Екіншісі: Ақыреттегі жәннат жемістерінің бақшасы суретінде.

Үшіншісі: Ақыретке сенбеуші имансыздар-дың ойын-сауық жері. Сондай-ақ бүл дүниеде әр адамның өзіне тән үлкен дүниесі бар. Адамдардың есебінше, бүл - бірімен-бірі са-пырылысып жатқан дүние. Бірақ әр адамның өзіндік дүниесінің тірегі - өз өмірі. Денесі қай уақытта қүлап түссе, сол уақытта дүниесі де тас-талқан болады, ол үшін бүдан былай қиямет. Қапы қалған имансыздар өз дүние-лерінің кез-келген уақытта тас-талқан болуы мүмкін екендігінен бейхабар болғандықтан, жалпыға ортақ кең дүние мәңгі деп ойлап, оған қүштар келеді. мАпырым-ай, басқалардың дүниесі секілді тез қирап, тез бүзылатын менің де өзіндік дүнием бар. Осы бір өзіндік дүнием мен қып-қысқа өмірімнің маған не пайдасы бар?" деген ойға баттым. Бүл дүние - мен және басқалар үшін де үлкен сауда орны әрі тұрғындары күн сайын азайып-көбейетін қонақүй, келіп-ке-тушілердің сауда-саттық жасауларына ар-налған базар. Наққаш-ы Әзәлидің әр уақыт жаңалап отыратын хикмет толы дәптері. Әр көктем - оның бір хаты, әр жаз - оның шығармасы, ал ақырет үшін көшет өсіретін бақша екендігін көрдім. Хикметтерге толы мына дүниені жаратушы Халиқ-ы Зүлжәлалға мың да бір шүкір еттім. Адамзат баласына дүниенің ақыретпен қатысы және Аллаһтың есімдерімен байланысты әсем, шын мәнісіне деген сүйіспеншілік сезімді фәни, үсқынсыз, зиянды да елеусіз жағына сарп еткендіктері тернен дейтін киелі хадистің сырына нысана болғандарын аңғардым.

Әй, құрметті қариялар! Құранның нұры, қарттығымның ескертуімен мен осы бір ақиқатты көрдім. Көптеген еңбектерімде мұны дәлелдедім, кәрілігіме риза болдымг жао тық шақтың өтіп кеткеніне қуандым. Сіздер де өкініп, таусылмаңыздар, шүкір етіңіздер! Аталған ақиқаттар рас екенін білеміз, иманы-мыз да бар, Олай болса қапы қалғандар мен Құдайдан безгендер жыласын...

 

 

("Миуа" тәпсірінен)

 

АЛТЫНШЫ МӘСЕЛЕ

Рисалә-и Нүр еңбектерінің көптеген жерлерінде баяндалып, бултартпас айгақтармен дәлел-денген Аллаһқа иман шартының ауқымды айгақтарының бір ғана айғагьша қысқаша ишарат. Кастамоны қаласына барғанымда, орта мектеп оқушылары қасыма келіп, үймелей қоршап алды. „Бізге Жаратқан Иемізді таныс-тыр. Мұғалімдер Аллаһ туралы айтпайды" деп өтінді. Мен оларға: „Сендердің оқып жатқан пәндеріңнің әрқайсысы өз керектігін көрсетіп отырады. Сендер мүғалімнің орнына оларды тыңдаңдар. Қане, олар не дейтінін тыңдап көрейік" - дедім.

Мәселен, көз алдарыңа керемет бір дәріхана елестетіңдер. Әрбір қүтыда өте дәл өлшеммен жасалған тірі қоймалжың ғажайып дәрілер және уға қарсы дәрмектер сақтаулы. Бүл біздің көз алдымызға сөз жоқ, өте епті әрі химик дана дәрі жасаушыны елестетеді. Жер шары да сол сияқты үлкен дәріхана. Онда төрт жүз мың өсімдік пен жануарлар қүты-сында тірі қоймалжың дәрілер мен дәрмектер бар. Бүл түрғыдан алып қарағанда, әлгі дәріханадан бүл дәріхана қаншалық зор әрі үлкен болса, сендер оқитын дәрігерлік оқуы түрғысынан Жер шары да соншалық алып дәріхана. Оның дәрі жасаушысы - Хаким-ы Зүлжәлал екендігі тіпті соқырларға да мәлім.

һәм, мәселен, таңғажайып бір фабриканы алайық. Ол фабрика маталардың мыңдаған түрін қарапайым шикізаттан тоқиды дейік. Бүл іс бір фабриканттың, бір үста маши-нистің бар екендігін шүбәсіз білдіреді. Сол сияқты „Жер шары" атты жүз мыңдаған ба-сы бар, әр басында жүз мыңдаған керемет фабрика орнатылған мына жылжымалы Раб-бани машина адамдар салған фабрикадан әлдеқайда үлкен әрі керемет болса, сендердің оқып жатқан механика пәні Жер шарының үстасының бар екендігін білдіреді әрі тантады да.

һәм, мысалға, өте керемет, жан-жағынан мың бір турлі азық-тулік келіп тұратын, іші тола жүк және қоректік заттар оның иесі, қожайыны және қызметкері бар екендігін білдіреді. Сол сияқты бір жылында жиырма төрт мың жылдық уақыт бар алаңда жүйелі түрде саяхаттап жүрген, арқасына жүз мыңдаған түрлі-түрлі қоректенетін мақұлықтар салып алыпг сол саяхат барысын-да маусымдарға соғып, көктемде мыңдаған турлі-тусті тағамдармен толтырып, қыста азығы біткен бейшара тірі жандарға әкеп беріп туратын, бейне бір вагон тәрізді Жер шары дейтін мына Рахмани азық қоймасы, осы бір Субхани кеме және мың бір турлі жабдықтар мен заттарды, сондай-ақ қалбыр қүтыларын таситын бұл сарай, бұл Раббани дүкен әлгі фабрикадан қаншалықты үлкен әрі керемет болса, оқып жатқан немесе келешек-те оқитын жеңіл өнеркәсіп тұрғысынан, Жер шары қоймасының иесі, билеушісі, ұйымдас-тырушысы бар екендігін соншалықты бұлтартпас түрде білдіреді де таныттырады әрі сонысына сүйсіндіреді.

Тағы бір мысал, төрт жүз мың ұлттан құралған, әр улттың қалаған тағамы басқа, қолданатын қаруы басқа, киетін киімі басқа, тәлім тәрбиесі басқа, демалысқа шығу ке-зеңдері басқа, бір әскердің мұғжезани бір қолбасшысы жалғыз өзі әлгі сан-алуан улттар-дың түрлі-түрлі азықтарын, басқа-басқа қару-жарақтарын, киім-кешектерін, құрал саймандарын еш біреуін ұмытпай, шатыстыр-май берсег әлгі ғажап әскер мен әскери бөлімше, манағы керемет қолбасшыны шүбәсіз анық турде көрсетіп, ғажаптығына таңдандыра сүйсіндірмей ме. Дәл сол сияқты жер жүзінің әскери бөлімшесінде және көктем сайын жаңадан қару-жарақпен жаб-дықталған, жаңа бір Субхани әскерде өсімдіктер мен жануарлар ұлтынан қүралған төрт жүз мың түрдің сан алуан киімдері, азық-түлік, қару-жарақ, тәлім-тәрбие мен ты-нықтыруы өте жүйелі де тәртіпті, ешбірі ұмыт қалмаған, шатыстырылмаған бір ғана ұлы қолбасшы тарапынан берілген Жер ша-рының „Көктем" деген әскери бөлімшесі аталған адамзат әскері мен әскери бөлімшеден неғурлым улкен әрі керемет бол-са, сендердегі келешекте оқитын әскери дай-ындық оқуы ұқыпты, ақылды балаларға Жер шарының Хаким-ы Раббысының Мүтеббирі, және Үлы қолбасшысының соғұрлым таңқаларлық мақтаулы екенділігін білдіреді, шүкір тәсбих еттіре сүйсіндірелд.

һәм, мәселен, бір таңғажайып қалада жүрміз дейік. Миллиондаған электр шамдар жылжып отырып жер жүзін шарлайды, жа-нармайлары да бітпейді. Осындай электр шамдар мен заводтар электр істерін басқарып отырған және жылжымалы шамдарды жа-саған заводты салған, жанармайды жеткізіп отырған мұғжезеші ұстаға, аса керемет қудіретті электршіге күмәнсіз түрде, танданарлық қошеметтермен сүйсінерсің, еріксіз „Жасасын!11 дерсің. Дәл сол сияқты мына әлем атты қалада дүние дейтін сарай-дың төбесінде жулдыз шамдар, космография-ның айтуынша, Жер шарынан мың есе үлкен, зеңбірек оғынан жетпіс ёсе жылдам қозғалса да жуйесін бүзбай, бір-біріне қақтығыспай, сөніп те қалмай, жанар майы сарқылмастан жанып тұр. Тағы сол сендер оқитын космографияның айтқанына сүйенетін болсақ, Жер шарынан миллион есе үлкен және миллион жылдан да астам кәрі Рахмани қонақүйде шам әрі ошақ қызметін атқарып түрған Күннің бір күн сөнбей жанып түруы үшін, жер жүзінің теңізіндей жанармай, тау-ларындай көмір немесе жер шарының мыңдаған көлеміндей отын керек екен. Мүны және бүл сияқты алып жұлдыздарды жанар-майсыз, көмірсіз жандырған, сөндірмеген, қай-қайсын да өте жылдам кездірген, бір-біріне соғыстырмай турған асқан құдірет пен салтанатты өзінің жарқын бармақтарымен көрсетіп түрған, әлем атты мына зәулім қаланың, дүние дейтін үлкен сарайдың электр шамдары және оны басқару істері үлкен әрі керемет те тамаша болса, сендер оқыған не-месе келешекте оқитын электр пәні тұрғысынан мына әлем атты ғажайып солғүрлым көрменің Сүлтанын, Мүнәууирін, Мүдәббирін, Үстасын әлгі нүр шашқан жүлдыздарды куә ретінде көрсетіп, танытты-рады? тәсбихпен, қошаметпен сүйсіндіреді әрі ынтықтырады.

һәм, мәселен, қолымызда бір кітап болса, оның бір жолыңа майда жазумен бір кітап жазылған екен. Әрбір сөзіне майда қаламмен Қүранның бір сүресі жазылған екен. Кітап өте ^гамаша. Ішіндегі тақырыптары бірін-бірі қуаттап, өзінің жазушысын, авторының асқан шеберлігін, бның қүдіретті екенін көрсететін мүндай кітап, міндетті түрде, өзінің жазушысын, қүрастырушысын өнерімен бірге ерекшеліктерін күндізгідей анық білдіреді әрі таныстырады. Машаллаһ, Бәрекелді дегізіп жоғары бағалатады. Дәл сол сияқты мына әлем атты үлы кітапты алып қарайық. Бір ғана парағы болып табылатын жер жүзінде, бір ғана бөлімі болып табылатын көктемде үш жүз мың түрлі өсімдік пен жану-арларды бірге, аралас-қүралас, бірімен бірін шатыстырмастан, қатесіз, жаңылыспай, ауыстырып жібермей, керемет әрі тиянақты түрде, кейде ағаш атты бір сөзде бір өлең, дән дейтін бір нүктеде бір кітаптың толық мазмүнын жазған бір қалам көз алдымызда ғажайып іс атқарғанын көріп отырмыз. Міне, осындай шексіз әдемі, әрбір сөзі хикмет толы мына әлем, иә осы бір денеге айналған үлы Қүран, аталған мысалдан қаншалықты үлкен әрі керемет әсем болса, сендердің оқыған фи-лософия саласы түрғысынан және мектептер-де іс жүзінде көріп жүрген оқу мен жазу ілімі өз түрғысынан дүрбі тәріздес көздерімен мы-на әлем атты кітаптың Наққашын, Катибын, жазушысы мен суретшісін өнерімен бірге соншалықты таныттырады. Аллаһу Әкбар сөзімен білдіреді, Сүбханаллаһ сөзімен қадірлетеді, Әлхамдүлиллаһ сөзімен ма-дақтатады. Міне, осындай ілім салаларына қарай жүздеген пәндердің әрқайсысы ауқымды өлшемімен, өзіндік айнасымен, дүрбі тәріздес көздерімен^ ғибратты назарларымен мына әлемнің Хаким-ы Зүлжәлалын есімдерімен бірге білдіреді әрі оның сипатта-рын, әсемдіктерін таныттырады.

Осы бір заңғар да жарқын Уахданиет айғағы болып табылатын дәлелді бізге үғындыру үшін, Қүран-ы Мүғжизүл Баян көп мәрте, әсіресе:

 

деген аяттармен Жаратқан Иемізді танысты рып отырады" деп әлгі сауалдың жауабын аяқтадым. Оқушылар да толық растап: „Раб-бымызға шексіз шүкір. Толық қанағаттанар-лық нағыз ақиқат жауап алдық. Аллаһ сізге разы болсын!" деді. Мен оларға арналған сөзімді былайша түйіндедім,

Адам баласы сан-алуан қайғы жеп, қамығатын, сан-алуан ләззат алып, шаттана-тын таңғажайып тірі машина іспеттес. Өзі өте әлсіз бола тұра, дүниелік, рухани дұшпан-дарды тым пақыр бола тұра, белгілі, белгісіз сансыз қажеттіліктері бар. Әрдайым қоштасу мен аяқталудың соққыларын жейтін бір бей-ІІІара мақүлық. Осындай күйдегі мұңлық иман және құлшылық арқылы әлгіндей Пади-шах-ы Зүлжәлалға мойынсұнып, кенет оны барлық дұшпанына қарсы арқа сүйер тіреніш әрі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қамқоршы етіп, әркім өзінің мойынсұнған мырзасының абыройымен, даңқымен масат-танатыны сияқты, ол да иман арқылы Қадир, Рахим бір цатшаның қол астына кірсе, құлшылық арқылы қызмет етсе, сондай-ақ ажалдың жою жарлығын өзі турасында міндеттен босату жарлығына айналдырса, қаншалықты қуанарын, алғьгс айтып шатта-нарын, қарыздар болатынын, қаншалықты шүкір ете мақтанатынын өздерің ойлап көріндер.

Әлгі мектеп оқушыларына айтқанымды абақтыдағыларға да қайталап былай дедім: „Оны танып, мойынсүнған адам зынданда жатса да бақытты. Оны үмьггад11 зәулім са-райда жүрсе де зынданда, әрі бейбақ, әрі бей-шара." Тіпті, бақытты бір жан дарға асылар алдында бейбақ залымдарға былай деген екен: „Негізінде көзі жойылғалы турған мен емес,

сендерсіндер. Бәріңнің мәңгіге жойылатында-рыңа кәміл сенгендігімнен, қазірден-ақ әбден кегімді алып тұрмын... ЛӘ ИЛӘҺӘ ИЛЛАЛ-ЛАҺ..." деп күлімсірей жан тапсырған екен

 

Оныншы сөздің қосымшасы және жалғасының бірінші бөлімі

 

 

 

 

Иманның шексіз екендігін көрсететін осы бір сәмауи үлы аяттардың және хаширді рас-тайтын мына киелі бүлтартпас айғақтардың бір нүктесі мен күшті дәлелі төменде, „Тоғызыншы шуақта" баяндалмақ.

Аллаһтың қызғылықты бір инаеті. Осындан отыз жыл бұрын Ескі Саидтың жазған тәпсірі „Кіріспе11 атты еңбегінің соңында:

Екінші мақсат: Құранда хаширға ишарат ететін екі аятқа тәпсір және түсіндірме жасалады.

 

деп тоқтап қалған екен, Одан әрі жаза ал-маған. Халиқ-ы Рахимыма әлемде қанша дәлелдер, хаширға қанша нышандар болса, со-нша шүкір мен хамд болсын. Отыз жылдан соң таупық ихсан етті, Иә, мұнан тоғыз жыл бүрын әлгі екі аяттың біріншісі болған мына:

 

Илаһи әмірдін, екі жарқын әрі өте қуатты айғақтары мен тәпсірлері болып табылатын „Оныншы сөз" бен „Жиырма тоғызыншы сөзді" үсынды, Сөйтіп, құдайдан безгендердің аузына құм қүйылды. һәм хаширға иманның берік екі қорғанынан тоғыз-он жыл кейін екінші аят болып табылатын жоғарыда аталған алып аяттың бірінші тәпсірін осы жазба арқылы сыйлады. Міне, осы „Тоғызыншы Шуақ" аталған аяты мен ишарат етілген „Тоғыз биік мақам" жәнё маңызды „Кіріспеден" -Ьұрады.

 

 

КІРІСПЕ

Хашир нанымының көптеген рухани пайдаларынан және өмірдегі нәтижелерінен бір гана курделі нэтижені қысқаша баян-дайтын және адам өміріне, әсіресе, қогамдъщ өмірге қаншалъщты қажет, тіпті, ауадай қажет екенін көрсететін әрі Хаширға иман мәселесшің өте көп айгақтарьшан бір ғана ауқымды дэлелін жинақы турде көрсететін, сондай-ақ осы Хашир нанымының қаншальщты ашық эрі шубэсіз екендігіп тусіндіретін „ЕКІ НҮКТЕ"

БІРІНШІ НҮКТЕ

Ақыретке сенім әлеуметтік тұрмыстың және жеке өмірдің іргетасы әрі бақытының, сондай-ақ кемелденіп жетілуінің бірден-бір себебі екеніне мысал ретінде төрт дәлел үсы-намыз.

Біріншісі. Адамзаттың жартысы жасөс-пірімдер екені мәлім. Олар өздеріне тым қорқынышты әрі қайғылы көрінетін қазаларға тек жәннат ұғымын қарсы қойып, тек сол арқылы төтеп береді. Олардың тым әлсіз әрі нәзік жаратылыстары тек осылайша рухани төзімділік танытады, Әр нәседен тез сағы сынғыш, қорғансыз да әлсіз көңілдері әлгіндей жәннат ұғымынан үміттеніп, шат өмір сүреді. • Мысалға жәннат ұғымымен бы-лай дейді: „Менің кішкентай інім немесе жолдасым өлді. Ол жәннаттың бір құсына айналды. Ол жерде самғап, сайрандап жүр. Бізден әлдеқайда жақсы өмір сүруде." Әйтпесе, әрдайым айналасында болып жата-тын өзі сияқты балалар мен қарттардың қайғылы қазалары әлгі бейшараның үрейін ұшырып, көңіл куйін тас-талқан етеді. Тек көзін ғана емес, рух, жүрек, ақыл сияқты сезімдерін де жылатып, оны я жойып, я диуа-на хайуанға айналдырады.

Екіншісі. Адамзаттың шамамен жартысы болып табылатын қарттар бауыр басып қалған дүниелерінің жақында өшіп қараң қалатынын ойлап күйзелгенде, тек о дүниелік өмір арқылы ғана көңілін жұбатады. Яғни, та-яп қалған қабіріне үрейлене емес, сабырлы-лықпен байыпты қарайды. Сәби тәріздес нәзік рухтары мен морт сынғыш көңілдері ажалды ойлап, айырылысудан болатын ауыр қайғыға, үрейлі үмітсіздікке қарсы, тек, сол мәңгі өмір сүру үмітімен қарсы тұра алады. Әйтпесе, осы бір ардақты да аяулы, жан ты-ныштығына тым мүқтаж уайымшыл қариялардың көңілдері құлазып, рухани зар-дап шегетіні сондай, мына дүние оларға бір зындан, ал өмір болса жан төзгісіз ауыр азап болар еді.

Үшіншісі. Адамзат қауымында маңызды рөл атқаратын жастар болып табылады. Олар-дың бойындағы алып ұшқан сезімдерін, кейде асыра сілтеп жіберетін нәпсі мен әуестіктерін жөнге салып, зұлымдық пен бүзақылықтан тежеп, қоғамдық өмірді реттеп отыратын тек жәһәннам ұғымы. Әйтпесе, билік жеңімпаздың қолында қағидасы орнап, ал жастар әуестікке салынып, бейшара әлсіздер мен нәзіктерге зорлық-зомбылық жасап, дүниені жәһәннамға, ал жоғары адам-гершілікті азғын айуандыққа айналдырар еді.

Төртіншісі. Қоғамда ұйымшыл орталық, дүниеуи жәннат, бір баспана қорған, әр адам-ның отбасы - негізгі күш. Әркімнің отбасы - оның өзіндік дүниесі. Тұрмыс-тіршілігі мен бақыты адалдық, сыйластық, мейірбандық, жанкештілік сияқты қасиеттер арқылы бола-ды. Ал шынайы сыйластық мейірбандық бол-са мәңгі жалғасатын ынтымақ, достық, шексіз жолдастық, өшпес серіктік, сондай-ақ мәңгі өмірде де әкелік, перзенттік, ағайындық, жұбайлық қарым-қатынас одан әрі де жалғаса бермек деген ұғым зор сеніммен ғана іске асады.

Мәселен, мына жұбайым о дүниедегі мәңгі өмірде айырылмас серігім. Қазір қартайып жүзінен көркі тайса да оқасы жоқ. Өйткені қайтып оралатын мәңгі көркі бар. Осындай мәңгі жұбайлықтың құрметіне қандай да бол-сын қолымнан келген жанкештілікті, мейірімділікті жасаймын" деп, әлгі мосқалдау зайыбына сұлу хор қызындай қарапг махабба-ты мен жанашырлығы арта түседі. Әйтпесе екі сағаттық қана қып-қысқа жұбайлық жалған, мәңгілікке қоштасу, қайта көріспейтін ажырасумен тынатын жұбайлық тым алдамшы, баянсыз да негізсіз. Хайуан секілді өз жынысынан болғандықтан ғана бірін-бірі сыйлап, жанашырлық етуі мүмкін. Бас пайдасы мен басқа да сезімдер сыйлас-тық пен мейірімділікті басып кетер болса, дүниеуи жәннат хайуандардағыдай жәһәннамға айналады.

Міне, көріп отырсыздар, бұл - хаширға нанымның жүздеген нәтижелерінің бірі, адамның қоғамдық өміріне тигізер зор пайда-сы. Әрі осы бір ғана пайдасының жүздеген тиімді жақтары мен қыр-сырын жоғарыда аталған төрт дәлелге салып қарайтын болсақ, хаширдың ақиқат екендігі әрі оның жүзеге асуы - адамгершілік деген үлы ақиқатпен үштасып жатқандығы айдан анық мәселе, Адам тәнінің ашығуы тағамның бар екендігіне бүлтартпас айғақ болатыны сияқты, оның да жүзеге асуы, болатыны анық. Егер хашир ақиқатының нәтижелері адамзаттан аулақ қалса, өте маңызды әрі күрделі, жоғары да өміршең адамгершілік микроб дорбасына, сасық қоқысқа айналып, қүлдырап кетер еді,

Адамзатты басқару мінез-құлық, әлеуметтік тіршілікпен тікелей байланысты, социологтар, саясатшылар, эстетика-этика мамандарының қүлақтары шыңылдасын. Келсін... мына бос жерді немен толтырар екен? Олар осы бір те-рең жараны емдей алар ма?

ЕКІНШІ НҮКТЕ

 

Хаширдың шындық екендігіне шексіз айғақтар бар. Соларды басқа иман шарттары қалай дәлелдейді? Соны күрделі де қысқаша баяндаймыз, Хазіреті Мүхаммед Ғалейһиссалату Уәссаламның елшілігін дәлелдейтін, барлық мүғжизелері әне пайғамбарлығы мен оның ақиқаттығын дәлелдейтін өрнек айғақтар түгел тұтаса келіп, хаширдың хақ әрі міндетті үрде болатындығына шәһәдет етіп, нықтай түседі.

Өйткені оның өмір бойы күресіп, ұмтылган дауасы уахданиет болатын болса, одан кейінгі дауасы хаширға келіп тіреледі. Және барлық пайғамбарларды мойындаған да мойындатқан мұғжизелері, айғақтары сол бір ақиқатқа қайта келіп тіреледі. һәм кәлимесінен түратын шәһәдетін толықтырып, анықтай тусетін шәһәдеті де сол бір ақиқатты дәлелдей туседі. Былайша: әуелі Қасиетті Құранның хақ екендігін ақиқаттайтын бар-лық мұғжизелері мен айғақты шындықтары тү^елдей тұтаса келіп хаширдың болатынын куәландырып, анықтай түседі дедік қой. Енді соған тоқталып өтейік, Қасиетті Қүранға зер салып қарайтын болсақ, оның үштен бірі ха-шир болып келеді, Көптеген қысқа сүрелердің бас жағындағы аяттар хашир аяттары. Мыңдаған аяттар сол бір ақиқатты кейде ашық, кейде астарлап білдіреді әрі дәлелдеп береді. Мәселен:

 

сияқты отыз-қырық сүре бастаулары хашир ақиқатын бүкіл әлемдегі ең маңызды да нағыз ақиқаттың өзі екендігін анық түрде білдіреді. Сол сияқты басқа аяттары да хашир ақиқатын көптеген дәлелдермен оаяндаи оты-рып мойындатады. Апырым-ай, Ислам ілімдері ішінде бір ғана аятының бір ғана ишараты көз алдымызда сан-алуан ғылым мен жараты-лыстану саласында маңызды рөл атқарған Ислам білімінде күнімізде бір аяты, бір ишараты ғылыми болсын, жаратылыстану саласында болсын көптеген ақиқат шашқан бір кітаптың осыншама куәліктері, дауалары ха-ширдың айдан анық екенін көрсетіп түрғанда, оны өтірік деу айды жоққа шығару немесе бүкіл әлемді жоққа шығару сияқты ақымақтық емес пе? Жүз есе бекершілік пен жалған болмай ма? Апыр-ай, бір сүлтанның бір ғана ишаратын өтірікке шығармау үшін, кейде қалың әскер майданға шығыпг соғысқандары да мәлім емес пе? Ал әлгі тым салмақты да намысты Сұлтанның мыңнан аса сөздері мен уәделері, сондай-ақ ескерту-лері өтірік, бекершілік болуы әсте мүмкін бе? Ақиқат болмауы мүмкін бе? Он үш ғасыр үздіксіз сансыз рухтарға, саналарға, көңілдерге, жандарға хақпен, ақиқатпен үкім еткен, тәрбиелеп, билеп, басқарған осы бір мағынауи аса абыройлы Сүлтанның бір ғана ишараты әлгіндей бір ақиқатты толық дәлелдеуге жеткілікті бола тұра, оның үстіне мыңдаған анықтамалар жасап, хашир ақиқатын көрсетіп дәлелдегеннен кейін, оны мойындамаған бір қараңғы ақымақ үшін жәһәннамның зор азабы қажет емес пе? Әрі тым әділетті іс емес пе? Сондайақ өз заманын, дәуірін басқарған барлық сәмауи па-рақтар мен қасиетті кітаптар болашақ пен өткенді, яғни барлық заманға үкім ететін Қүранның дәлелдерімен, анықтамаларымен, түсініктемелерімен баяндаған хашир ақиқатын ғасырына, заманына сай түрде қабылдай отырып, ашық түрде емес, мухтасар түрде баяндап келген. Алайда олар да бүлтарт-пас айғақ болып табылады. Демек, олар да Қүранның дауасын мыңдаған ишараттармен қуаттап отыр. Тақырыбымызға орай Рисалә-и Нүр Мінәжат рисаләсінің соңында „Ақыретке иман" шартына басқа иман шарт-тары, әсіресе, „Расул" мен „Күтуб" шәһәдеті мінәжат түрінде тым қуатты да өзекті, әрі қандай да болмасын күмәндерді жоққа шығаратындай мәнде баяндалған болатын. Сондықтан осы жерде қайталанбақ:

Әй, Рабб-ы Рахимым! Расул-ы Әкремнің тәлімімен, Қасиетті Қүранның дәрісінің арқасында мынаны түсіндім: әуелі Қүран мен Расул-ы Әкрем, сонан соң қасиетті кітаптар мен пайғамбарлар сенің бүл дүниеде, сондай-ақ әр тарапта өрнектері көрінген аса желал әрі жәмал есімдеріңнің көріністері одан әрі әсем түрде Әбедул Әбадта жалғасын табаты-нын, сондай-ақ мына фәни әлемде Рахимане көріністері әрі өрнектері көрінген ихсандарының бақыт әлемінде одан да көркем түрде жалғасатынын, мәңгі екенін және мына қысқа дүниеде оларды таңдана тамашалаған, сүйсіне бірге болған қүмарпаздардың мәңгілік әлемінде де бірге болатындарына ижма бірауыздан шәһәдет етіп дәлелдей түседі.

Сондай-ақ жүздеген күшті мүғжизелеріне, нақты аяттарына сүйене отырып, әуелі Ардақты Пайғамбарымыз және Қүран-ы Хаким болып, барлық нүрланған көңілдердің кутуп-тары уәлилер мен өткір де нұры ойлардың қайнар көздері бблып табылатын барлық сыд-дықтар сенің сәмәуи парақтарың мен қасиетті кітаптарыңда қайта-қайта берген мыңдаған уәделеріңе, ескертулеріңе сүйене отырып, һәм сенің құдірет, рахмет, қамқор, хикмет, желал, жемал тәрізді ақыретті қажет қылатын киелі сипаттарыңа, атқарған істеріңде, сондай-ақ сенің Желаліңнің қол жетпес үстемдігіне, Рубубиетіңнің салтанаты-на орай, сонымен қатар ақыреттің іздері мен оның бар екенін мегзейтін жаңалықтарына, көргендеріне және ғылмеляқын, айнеляқын нанымдары мен имандарына сүйене отырып, адамдарға мәңгі бақыт бар екенін сүйіндіре хабарлайды. Тура жолдан тайғандар үшін тозақ, хидает бұйырғандар үшін жұмақ бар екенін хабарымен білдіреді. Сарсылмас иман етіп, шәһәдет етуде.

Әй, Қадир-ы Хаким! Әй, Рахман-ы Рахим! Әй, Садақул уадил Кәрім! Әй, Иззет пен Азамет әрі Жәлел иесі Қаһһар-ы Зүлжәлал!. Мүнша сенімді достарыңды, осыншалық уәделерінді әрі осыншалық сипат пен қүбы-лыстарыңды бекерге шығарып, жалған ету және Рубубиетінің салтанатының сөзсіз та-лап-тілектерін жоққа шығарып, орындамау әрі өзіңнің сүйіп, олар да сені мақүлдап мой-ынсүну арқылы өздерін саған сүйгізген көпте-ген адал қүлдарыңның ақыретке қатысты дүғаларын, дауларын тыңдамай кері қайтару, сондай-ақ өздерінің күпіршілігімен, бас көте-рулерімен сенің уәдеңді бекерге шығарып, алыптығың мен үстемдігіңе тіл тигізген, әрі Жәлалыңның абыройына, Улухиетіңнің қажеттілігін таптап, Рубубиетіңнің мейірімділігін ренжіткен азғындарды, діннен безгендерді жақтап, хашир жоқ дегендерін мақүлдаудан аулақ мың есе ада, шексіз пәк әрі үстемсің. Мүндай шексіз қатігездіктен, тым жиіркенішті қасиеттен сенің өте әділеттігің, үшан-теңіз Жәмалың мен Рах-метің шәксіз деп білеміз.

Сені жүз мыңдаған сенімді елшілерің және көптеген салтанатыңның турашыл жаршыла-ры болатын пайғамбарлар, асқан әулиелерін хаққаляқын, ғылмеляқын түрінде сенің ақыреттегі мейірімділік қазыналарыңа мәңгілік әлемдегі жарылқауларықның қоймаларына бақыт әлемінде толық бейнеде көрінетін есімдеріңнің таңғажайып сүлу көріністері шәһәдеттері хақ әрі ақиқат. Сон-дай-ақ ишараттары дүрыс әрі орынды. Әрі сүйінішті екендігіне жан тәнімізбен иман етеміз. Бешареттері шын әрі болған. Олар ақиқат атаулының бастау өзегі болып табыла-тын Хақ есімінің үлкен шуағы; осы бір Ха-шир мәселесінің үлкен ақиқаты екеніне иман ете отырып, сенің әміріңмен қүлдарға хақ дәрісін беруде. Әрі нағыз ақиқатты тәлім беРУДе.

Әй, Раб! Осылардың дәріс-тәлімдерінің ақысы мен қүрметіне бізге және Рисалә-и Нүр шәкірттеріне толық иман мен ақыры хайыр бер. Бізді олардың шапағатына бөле! Амин...

һәм Қүранның, тіпті, барлық семауи кітаптардың хақ екендігін дәлелдейтін күллі айғақтар, дәлелдер әрі Хабибуллаһтың, тіпті, барлық пайғамбарлардың елшіліктерін дәлелдейтін күллі мүғжизелер, бүлтартпас айғақтар айналып келіп ең маңызды мүадесі болған ақыреттің шындыққа айналуына тіреледі. Сол сияқты Уажибул Ужудтың бар екендігіне, бір екендігіне шәһәдет ететін көптеген дәлелдер мен айғақтар түптің тубінде Рубубиет пен Улухиеттің ең маңызды негізі мен мекені болып табылатын бақыт әлемінің, мәңгілік дүниесінің бар екендігін, ашылатынын дәлелдей туседі. Неге десеңіз, төменде баяндалатыны сияқты Зат-ы Уажиб-үл Ужудтың әрі болмысы, әрі толық сипатта-рыг сондай-ақ көптеген есімдері һәм Рубубиет, Улухиет, Рахмет, Инает, Хикмет, Азамет сияқты қасиеттері, істері ақыретсіз болмайтыны, міндетті түрде бақи әлемді қажет қылып, сөзсіз жазалау мен сый-сияпат жері болып табылатын Хашир мен Нешрге мұқтаж.

Әзәлиде Әбәди бір Аллаһтың бар екені рас болса, әлбетте, Улухиетінің Салтанатының бітпес өзегі болып табылатын ақырет бар. Сондай-ақ, бұл әлемде және ондағы тіршілік атаулыда өте айбынды әрі хикмет толы мут-лақ Рубубиет бар, әрі көзге көрініп тұр, олай болса, әлбетте, сол Рубубиеттің айбынды-лығын күйреуден, хикметін әбестіктен, мейірімділігін зүлымдықтан сақтайтын мәңгі бақыт әлемі болады, әрі енгізілетін болады.

Сондай-ақ мына көз алдымыздағы нығметтер беру, ихсандар, жарылқаулар, ша-пағаттар, сыйлықтар, көмектер мен рахмет-тер, суалмаған саналар мен жанды көңілдерге ғайып бір перде артында бір Зат-ы Рахман-ы Рахимның бар екендігін көрсетеді. Әлбетте, нығметтер беруді масқаралаудан, жа-рылқауды алдаудан, көмектесуді қастандық жасаудан, жанашырлықты азаптаудан, сыйға бөлеуді қиянат жасаудан қүтқаратын, нығметті нығмет, жарылқауды жарылқау етіп тұрған Мәңгілік әлемде шексіз өмір бар және болады.

һәм, көктем маусымында жер жаһанның алақандай парағына мыңдаған кітапты аралас-қүралас, бірақ қатесіз бір Құдіретті қаламның жазғанын көріп отырмыз. Шарша-мастан да, тынбастан жазуда. Олай болса сол қаламның иесі: „Мына тар жерде аралас-қүрмалас көктем атты кітаптан әлдеқайда оңай әрі кең жерге әсем әрі мәңгі бір кітап жазамын да сендерге оқытқызамын" деп, бүкіл әмірлерінде де әлгі кітаптан әңгіме қозғайды. Әлбетте, ол кітаптың негізі жазы-лып қойылған, ол хашир мен нәшир арқылы толықтырылып, жалпының амал дәптерлері тіркелетін болады.

һәм жер шарымыз қыруар мақүлықтардың үйі, жүз мыңдаған турлі тіршілік иелері мен жан-жануарлардың сан құбылған баспанасы, фабрикасы, көрмесі, маһшәрі болғандықтан, бұл әлемнің жүрегі, орталығы өзегі әрі нәтижесі, жаратылу себебі болып, өте маңызды рөлге ие. Өзінің кішкене болмысы-мен түрмай, алып аспанмен тайталасады.

Сәмауи әмірлерде әрдайым дедд.

Сондай-ақ, осы аталған жер шарының әр тарапына үкім еткен, көптеген мақұлықтарға билік жүргізгенг тіршілік иелерінің көцшілігін бағындырып, өзінің айналасына жинат-тырған, көптеген туындыларын өзінің қалауы мен қажеттілігіне орай реттеп, көркейтіп, жайнатып, таңғажайыптарын кейбір жерлер-ге жинап, безендіріп қойған. Безендіргені сондай, тек адам мен жын атаулының ғана назарын емес, тіпті, аспан тұрғындарының, бүкіл әлемнің назарын аударып, таңқалдырған, оның үстіне бүкіл әлем иесінің көңілінен шығып, маңыздылығы мен қадірі артқан, осылайша әлемнің жаратылыс хик-меті, зор нәтижесі, қүнды жемісі, жер жаһанның халифасы екендігін білімімен, өнерімен дәлелдеген әрі дүниелік жағынан қарағанда, әлемнің үстасының муғжизелі ту-ындыларын ете жақсы таныстырып, ретте-гені үшін және қасарысқандық және күпірлігімен бірге дүниеге жіберілген, жазасы болса кейінге қалдырылып, атқарған қызметі үшін кешіріліп, табысқа жеткен адам дейтін тірі жан бар.

Осындай күрделі де'қызық адам жараты-лысы өзінің мінез-құлқы жаратылыс жағынан тым әлсіз әрі бишара, өте мүсәпір де пақырг оның үстіне толассыз мұң-мұқтажы мен уайым-қайғысы бола тұра күш-қуаты мен ерік тысында әп-әйдік Жер жаһан оның қажетті заттар қоймасы, әр турлі тағамдар, тиімді әр турлі нәрселермен көмкерілген бір дүкен бейнесіне енген. Осыларды істеп отырған асқан құдірет пен мол хикмет иесі, мейірімді Мүтсаррыф бар. Ол, адам баласына қарайлап, азықтандырып, қалағанын беріп отырады.

Иә, осындай бір Раб әрі адамды жақсы көреді, әрі өзін адамға жақсы көргізеді, әрі мәңгілік иесі, әрі бақи әлемдері бар. Атқарған әр ісі әділетті әрі хикметке толы. Мына қысқа фәни тірлікте, мына тар ад?імзат дүни-есіне, мына баянсыз жерге әлгі Хаким-ы Әзәлидің салтанатының айбындылығы, әкімшілігінің шексіздігі сыймайды. Адамзат арасында әлемнің заңына, әділет пен тәртібіне, тартымды жүзіне керағар үлкен зұлымдықтар, бас көтерулер болып, нығмет беріп, мейірлене азық берген мейірбанға қарсы қиянаттар мен қасарысулар, күпірліктер бұл дүниеде жазасыз қалып, қанішер залым рахат өмір сүріп, бишара жәбірленуші машақаттармен бұл дүниеден көшіп барады. Қанішер залымдар мен үмітсіз мақүлықтар өлген соң тең болып, айырмашы-лық болмауы - әлемде байқалатын мутлақ әділдікке қайшы қүбылыс. Ол оған әсте рүқсат бермейді.

Сондай-ақ әлем иесі, бүкіл әлем ішінен жер жаһанды, одан адамзатты таңдап, тым маңызды рөл, мән бергені сияқты адамзаттан да Рубубиеттің мақсаттарына сай болған, өздерін иман және тәслім арқылы сүйсіндірген, нағыз адамдық қасиетке ие пайғамбарларды, әулиелер мен асфияларды тандап, өзіне дос әрі әңгімелесуші етіп, оларды мұғжизелер, таупықтармен жарылқап, дүшпандарын сәмауи тоқпақтармен азаптап отырады. Және осы қадірлі де сүйікті достарының ішінен олардың имамы әрі мақтанышы, ардақты Мүхаммед Ғалейһиссалату Уәссаламды таңдап, жер жаһанның құнды бөлігін, адам баласының маңызды бестен бір бөлігін ұзақ ғасырлар бойы оның нұрымен нұрға бөледі. Бейне бір әлем оның үшін жаратылғандай: барлық мақсаттары онымен, оның дінімен, Құранымен сабақтас. Аса қадірлі әрі миллион жылдар бойы жалғаса беретін еңбегінің қызметінің ақысын шексіз заманда алуга тиіс әрі лайық бола тұра ауыр кундер мен машақатты күреспен алпыс үш жыл ғана қыііқысқа өмір сүрді. Апыр-ай, ол жан барлық жолдастарымен, достарымен тірілмеуі әсте мүмкін бе? Жоқ, жоқ. Еш мүмкін емес. Қазірдің өзінде тірі болмауы, жансыз болып, мәңгілікке жойылуы мүмкін бе? Астапыраллаһ! Құдай сақтасын! Олай болуы мүмкін емес. Иә, бүкіл әлем, әлемнің ақиқаттары оның тірілуін даулап, әлем иесінен өмір сүруін талап етеді...

Сондай-ақ жетінші шуақ Аят-үл Кубра деп аталатын еңбегімізде әр қайсысы таудай заңғар отыз үш алып айғақ келтірген бола-тынбыз. Ол былайша: мына бүкіл әлем бір қолдан шыққан, бір ісінің мүлкі. Ол Илаһи кемелдіктің негізі болып табылатын Уахдет пен Әхадиетті ап-анық көрсетеді. Он сегіз мың әлем Уахдет гіен Әхадиет арқылы әлгі Зат-ы Уахидтің тіл алғыш нөкерлері, бас иген қызметшілері бейнесіне енген. Ақыреттің ке-луі арқылы кемелденуі қүлдыраудан, қатыгез зулымдықтак сөзсіз әділдігін айғақтап, толық хикметі бос әбестіктен, асқан мейірімі әжуалықтан, асқан намысқой қүдіреті бейша-ра мүсәпірліктен аман қалып, жоғары қасиетке ие болады. Әлбетте, Аллаһқа иман-ның жүздеген нүктесінен және жоғарыда аталған ақиқаттардың ықпалъщен қиямет қайым болады. Хашир мен нешир болады. Жазаға тарту мен қүрметке бөлеу орны турғызылады. Содан жер жаһанның аталған маңыздылығы мен өзектілігі, адамның мәнісі мен қадірі артады. Жер мен адамның жарату-шы Халық Рабб-ы Мутасарраф-ы Хакимнің аталған әділдігі, хикмет пен мейірімділігі әрі салтанаты орнайды. Мәңгілік иесі Рабтың жоғарыда аталған нағыз достары, ынтық болғандары мәңгі жоқ болудан аман қалу үшін және сол достардың ең үлысы, ең ар-дақтысы бүкіл әлемді риза қылған жан баға жетпес қызметінің нәтижесін көру үшін және Сүтан-ы Сәрмәдидің кемелдігі нүқсандықтан, қүдіреті әлсіздіктен, хикметі әжуалықтан, әділдігі зүлымдықтан арылып, даңқы арта беруі үшін, тазаруы ушін жаза мен сый орны ашылатын болады. Сонымен Аллаһ бар екені рас, әлбетте, ақырет бар. Жоғарыда аталған үш иман шарты, өздерінің дәлелдврімен бірге қалайша хаширге шәһәдет етті, солайша

 

деген иманның шарты да хаышрды қажетсініп, бақи әлемнің бар екеніне қуатты турде дәлел болып, былайша шәһәдет етеді.

Періштелердің болмысы, сондай-ақ олар-дың қүлдық міндеттерін дәлелейтін барлық айғақтар, сансыз оқиғалар мен әңгімелесулер рухтар әлемінің бар екенін, әрі ғайып әлемі, мәңгілік әлемі, ақырет әлемі, сондай-ақ келе-шекте жын мен адам атаулы мақүлықтармен ажарланатын бақыт сарайы жәннат пен жәһәннам сияқты әлемдердің бар екенін орайлы турде дәлелдей туседі. Қалай десеңіз де періштелер мына әлемді Аллаһтың рүқсатымен көріп, оған Аллаһтың руқсатымен кіре де алады. Хазіреті Жәбрайыл сйяқты адамдармен кездескен Муқаррабин періштелер сол әлемнің бар екендігін, өздері де сол жерде кез-гендіктерінен бір ауыздан хабар беруде. Ол жақтан келгендер арқылы өз көзімізбен көрмеген Америка қурлығының бар екенін анық білгеніміз сияқты жүз теуатур қуатында періштелер әкелген ақпараттар-мен бақи әлемнің, ақырет дүниесінің, жәннат пен жаһаннамның бар екендігіне қанық түрде иман ету керек. Әрине, солай иман етеміз. һәм „Жиырма алтыншы сөз" деп аталған „Тағдыр рисаләсінде" тағдырға иман шартын дәлелдейтін барлық айғақтар, айналып келгенде, Хашир мен Нешір-і Суһуфқа әрі ұлы таразы басында амалдар-дың тартылатынына дәлел болады. Өйткені әр нәрсенің тағдыры көз алдымызда. Тәртіп пен жүйе таспаларына тіркеп қою әрі тіршілік атаулының өмір жолдарын ес-терінде, дәндерінде, сондай-ақ басқа да сол іспеттес таспаларда тізу әрі әрбір рух иелерінің, әсіресе, адамдардың амал дәптерлерін сақтаулы таспаларға тіркеп, белгілеп қою дегеніңіз, яғни ондай ауқымды тағдыр, хикметті жазу, мүқият тіркеме, сақтаулы жазба, тек қана ұлы сот кезінде жалпыға ортақ сараптаумен зерттеліп, шешім қабылдау нәтижесінде мәңгілік бір құрмет-теу немесе жазалау мақсатымен жасалады. Әйтпесе ол көлемді де мүқият тіркемелер, сақтаулар мағынасыз, пайдасыз болып қалар еді. Хикмет пен ақиқатқа кереғар һәм хашир болмаса, Тағдыр қаламымен жа-зылған мына „әлем" атты кітаптың барлық хақ мағыналары жойылвга, құрып кетеді. Бүлай болуы мүмкін емес. Бұл ықтимал - бұлай ойлау, әлемнің бар екенін жоққа шығару сияқты далбаса. Тіпті, ертегі деуге болады.

Қорытынды. Иманның бес шарты барлық дәлелдёрімен бірге Хашир мен Хаширдің бо-латыньіна, болмысына және о дүниенің бар екеніне, ашылатынына дәлел болып, шәһәдет етеді, тіпті, талап етеді.

Міне, хашир ақиқатының азаметіне сәйкес осындай терең де бүлтартпас айғақтар мен дәлелдер болғандықтан, Қасиетті Қүран-ы Кәрімнің, шамамен, үштен бірі хашир және ақырет болып келеді. Оны барлық ақиқаттарына іргетас, негіз жасап, әр нәрсенің үстіне өрбітеді...

(Кіріспе тамам болды)

 

 

 

„ҺУӘНЫҢ СЫРЫ"

 

 

Аса қадірлі де сенімді достарым!

Бауырларым, сөйлемдерінде кездесетін сөзінде, әрі оның тек дүниеуи жағында пікір жүргізіп жа-саған қияли саяхатымда ауа қабатын бақылау нәтижесінде кенеттен көрінген өте нәзік тәухид нүктесіне имандылық көзбен қарайтын болсақ, тым оңай әрі міндетті түрде жеңіл шешілетін, ал ширк пен құдайсыздық көзқараста тым мүшкіл әрі тығырыққа тірелетін мындаған тұйықтар бар екенін көрдім. Сол бір терең де күрделі сырды тым қысқа ишаратпен баяндап берейін.

Иә, мәселен, көз алдымызға ішіне бір уыс топырақ толтырылған шағын гул қүтысын елестетелік. Егер құтыдағы гүлдерді табиғат жаратты не болмаса себептердің салдарынан пайда болды дейтін болсақ, онда мына қүты-ның ішінде шағын мөлшерде жүздеген, тіпті, гүлдердің санындай мағынауи машиналар, фабрикалар болуы тиіс, Не болмаса манағы бір уыс топырақ қүрамындағы әрбір молекула қүтыдағы сан-алуан гулдердің түрлі-түрлі ерекшеліктерін сақтай отырып, жанды орга-никалық заттарымен бірге жарата алуы тиіс. Бейне бір Жаратушы тәрізді үшан-теңіз ілімі мен шексіз тасқан құдіреті болуы қажет. Әрине, бұл дегеніңіз барып түрған ақымақтық, Дәл сол сияқты, Аллаһу Тағаланың әмірі мен билік алаңы болып табы-латын ауаның, сондай-ақ желдің әрбір бөлшегінде, тіпті, бір ғана тыныста яғни бір ауыз сөзіндегі ауада, шағын мөлшерде, әлемдегі барлық телефондар, телеграфтар, радио, теледидар сияқты толып жатқан бай-ланыс қүрададры болуы тиіс. Әрі манағы қыруар жұмыстарды бірге, бір сәтте, атқарулары керек немесе мына дағы ауаның, тіпті, қүрамындағы әрбір моле-куласының әрбір атомы әлемдегі бүкіл теле-фонистер мен сансыз телеграфистердің, әуе толқыңдарын крлданушылардың ерек-шеліктері мен қабілеттеріне ие болуы қажет. Сонымен қатар олардың барлық тілдерін біліп, дереу басқа молекулаларға үйретіп, оларға жеткізіп отырулары тиіс, Өйткені бүл қүбылыс кәдімгідей ап-анық көрінуде әрі аталған қабілет ауаның барлық бөлшек-терінде кездесетіні мәлім.

Міне, кәпірлер мен табиғаттанушылар және материалистердің кәсіптері қанша-лықты қисынсыз, мүшкіл әрі тығырыққа то-лы жөнсіздік екені анық көрініп отыр.

Егер Сани-ы Зүлжәлал жаратты дейтій бол-сақ, онда ауаның барлық бөлшектері Ал-лаһтың тіл алғыш әскеріне айналады. Ауа қабаты бір бөлшектің белгілі бір міндетін атқарғаны сияқты қыруар алып істерді Ха-лиқының қүдіретімен, оның қуатымен, оған арқа сүйеу арқылы әп-сәтте жылдам атқара қояды. Жылдам атқаратыны сондай дыбысының және ауа толқынының жылдам-дығындай. Былайынша айтқанда, ауа қабаты Аллаһтың қүдірет қаламының көптеген таңғажайып көркем жазбаларына арналған бір парақ тәрізді. Оның бөлшектері болса сол қаламның үштары, ал бөлшектердің атқарар міндеттері болса тағдыр қаламының нүкте-лері болып табылады. Жүмысы бір ғана бөлшектің қозғалысы сияқты жеңіл болады.

Міне, менің сөйлемдеріне пікірге мініп жасаған саяха-тымда ауа қабатын тамашалап, әрі ауаның парағын бақылаған кезімде, мына күрделі ақиқатты өте анық әрі айнәляқын түрде көркөрдім, Сонымен қатар, сөзінде және ауасында мүндай жарқын бір айғақ, бір Уахи-диеттің сәулесі болғаны сияқты, мағынасында әрі ишаратында өте нүрлы Әхадиеттің көрінісі мен қуаты күшті тәухид айғағы бар, есімдігінің тура және жанама ишараты кімді меңзейді?" Бұл ишаратқа әлгі айғақтың ішінде айқын сілтеме болғандықтан, һәм Қасиетті Қүран, һәм зікір салушылар тәухид мақамында осы киелі сөзді көп қайталайды депг ғылмеляқын турде көңілге түйдім.

Иә, мәселен, көлемі бір нүктедей ақ қағазға екі-үш нүкте қойылса, шатасып кететіні, бір адам бірнеше жұмысты бір сәтте атқарса, сасқалақтап қалатыны, тірі жанға көп жүк артылса, астында қалып езілетіні, тіл мен қүлақ бір мезгілде сан-алуан сөздерді қатар шығарып әрі тыңдаса, сөзсіз жүйесі бұзылып, шатыстыратыны белгілі. Алайда ні өзіме кілт әрі құбылнама жасап, пікірге мініп жасаған саяхатымда ауа құрамының ішінде сан қилы мыңдаған нүктелер, әріптер, сөздер жүктелсе де немесе жүктеле қалған жағдайда шатаспай, іркілмей, үйреншікті жүйесін бүзбағандығын айнәляқын көрдім. Сондай-ақ бір емес, көптеген түрлі-түрлі істерді атқарса да шатаспайтынын әрі сол бір бөлшекке және молекулаға қыруар ауыр жүк артылса да ешқашан әлсіздік көрсетпей, арт-та қалмай жүйелі түрде тасығанын, һәм мыңдаған басқа-басқа сөздер сан-алуан үлгіде, турлі мағынада әлгі кішкене құлақтар мен тілдерге асқан тәртіппен кіріп-шығып жатса да бір-бірімен араласпай, бүзылмастан сол кішкене құлақтарға кіріп, әлгі өте үсақ тілдерден шыққанын; сондай-ақ әрбір молеку-ла, әрбір бөлшек, мына ғажап істерді атқарып қана қоймай сонымен бірге еркін әрі жағымды да тартымды хал .тілімен және жоғарыда аталған ақиқаттың шәһадатымен, тілімен кезетіндіктерін, тіші, боранды дауылдарда, сон-дай-ақ найзағай, күн күркіреу сияқты ауаны бүзатын толқындарда өзінің ретгілігін, жұмысын бүзбайтынын, адаспайтынын, бір іс басқа бір іске кедергі болмайтынын айнәляқын көрдім.

Демек, мына істердің атқарылуы үшін әрбір молекуланың, әрбір бөлшек ауаның шексіз хикметі мен сансыз ілімі әрі ерлігі мен асқан қуаты және құдіреті, сондай-ақ бүкіл молеулаларға әкімшілік ететін қабілеті болуы тиіс. Бұл дегеніңіз әлемде қаншалықты моле-кула болса, соншалықты жөнсіздік пен ақымақтық. Мұндай ой шайтанның ақылына да келмейді. Олай болса мына ауа қабаты, хаққаляқын, айнәляқын, ғылмәляқын түрде Зат-ы Зүлжәлалдың ұлан-ғайыр ілімімен, да-налығымен қозғап отыратын құдірет пен тағдыр қаламының сан құбылатын парағы, сондай-ақ бір ләух-і махфуздың қүбылмалы әлемде, дамылсыз істерінде бір ләух-і махф уә испат дейтін бірде өшіріп, бірде жазатын тақтасы тәрізді.

Міне, ауа қабатының тек дыбыс тасымал-дау жұмысындағы аталған Уахданиет шағылысын және баяндалған таңғажайыптар көрсеткенін, сондай-ақ дінсіздіктің сансыз жөнсіздіктерін көрсеткенін, сонымен қатар ауа қабатының "басқа да маңызды істер атқаратынын, яғни электр, тарту мен тебу күші, жарық сияқты нәрселерді тасымалдау кезінде шатаспай, тиянақты түрде, тіпті, бір жағынан дыбыс тасымалдап, бір жағынан бүл істерді атқарса да, оның үстіне барлық өсімдіктер мен жануарларға тыныс алу және үрық шашу сияқты өмірге қажетті заттарды жүйелі түрде жеткізіп отырғанын, бір қызығы, осьгаың бәрін бір мезетте атқарып жатқандығын көреміз. Міне, бүлар ауа қабатының Аллаһтың әмірі мен ерік алаңы екендігін анық түрде шүбәсіз растайды. Әумесер кездейсоқтық пен соқыр қуат және меңіреу табиғат пен жансыз себептердің, дәрменсіз де жансыз әрі сауатсыз нәрселердің мына ауаның парағына жазу жа-зуы, ісіне араласуы әсте мүмкін еместігін айнәляқын түрде дәлелдегеніне шүбәсіз илан-дым. Әрбір молекула және әрбір бөлшек хәл тілдерімен дейтіндерін білдім, Мына көмегімен ауаның дүниеуи жағындағы осы бір ғажайыпты көргенім сияқты ауа қабатыда -ға аиналып, әлем-І мысал мен әлем-і мағынаға жол ашты.

Әлем-і мысалды былайша көрдім: көптеген фотожиһаздар. Әрбір фотожиһаз дүниеде бо-лып жатқан шексіз оқиғаларды заматында тиянақты түрде суретке түсіріп алуда. Мыңдаған дүние үлкендігіндей алып бір ухрәуи синема фәнилердің өткінші әрі тез бітетін хал-жағдайларын, олардың баянсыз өмірлерінің табыстарын мәңгі көрмелерде және жәннатта мәңгі бақытқа қауыш-қандарға дүниелік бастан кешкен оқиғала-рын, өткен күндегі естеліктерін таспаларымен бірге көрсету үшін қүрылған тым үлкен бір фотожиһаз бейнесінде көрдім.(1)

 

(1) Алайда ашық ақиқаттар сияқты қуатты айғақтармен, дәлелдермен растап беруге уақыт, мекен, хал, жағдай көтермегендіктен қысқартылды.

һәм ләух-і махфуздың, һәм әлем-і мысал-дың екі айғағы мен екі өрнегі әрі нүктесі бо-лып табылатын адам басындағы есте сақтау және қиялдау қабілеті өздері иненің үшындай болса да, үлкен кітапхананың мағлүматтарын-дай мағлүматтарды еш араластырмай, өте күшті реттілікпен жазып алады. Мінег бүлар әлгі екі қабілеттің алып өрнегі мен үлкен үлгісі, әлем-і мысал мен ләух-ы махфуз екендігін толық дәлелдейді.

Ауа мен су сияқты нәрселердің, әсіресе, үрық суы мен ауа қабатының топыраққа қарағанда әлдеқайда ашық түрде, хикметті әрі ерікті түрде, қүдірет-күшпен жа-зылғандығы, оған кездейсоқтық пен көр-қуаттың, меңіреу табиғаттың әрі жансыз да жөнсіз себептердің араласуы барып түрған жөнсіздік, олай болуы мүлдем мүмкін еместігі, ол бір Хаким-ы Зүлжәлалдың тағдыр мен хик-мет қаламының ақ парағы екендігі ғылмәля-қын түрде анықталды.

 

 

(Қалған жақтары әзірге жаздырылмады) 

Баршаңызга мың-мың сәлем

 

 

ОН ЖЕТІНШІ СӨЗ Екінші мақамы (1)

Бейшара, бәледен қорқып зарлама! Тәуекел ет!

Зарласаң егер, бәле үстіне бәле, жамадым, бүным қате деп біл, бәле деп біл!

Бәленің қайдан келгенін аңғарсаң егер, жарылқайды шаттық сыйлап. Бәленің мәнісін біл.

Егер соны аңғармасаң, дүние қараң, мағынасыз, оны біл.

Жаһан толы бәле екені мәлім. Неге жылай-сың болмашы бәледен! Кел, тәуекел де.

Тәуекел деп, бәлеге қарсы күл, ол да күлсін.

Сен күлген сайын ол кішірейіп, өңін өзгер-теді, оны да біл!

Әй, менменшіл! Бақыт іздесең, дүниені тәрк ет.

Қүдайшыл болсаң, сырт айнал одан, Аллаһ жетеді, оны біл.

Менмен болсаң, од бір түпсіз қүрдым, істесең, бәрі де зарарлы.

Демек, бүл дүниеде не болса да тәрк еткен жөн.

Тәрк етпек Қүдайдың мүлкін өз рүқсатымен өз жолында жүмсау деген,

Сауданы қаласаң, фәни өміріңді мәңгіге

айналдыр. Нәпсіқүмар болсаң, негізсіз әрі өткінші.

Байлықты қаласаң, баянсыз екенін біл, ол анық.

Демек, бүл базардан не алсаң да бәрі баян-сыз, түрақсыз.

Олай болса, тұрма, жүр, жақсы заттар арғы бетінде.

 

(1) Ескерту: Бүл жазбалар өлең тәрізді болғанымен, бірақ өлең емес. Әдейіліп жазылмаған. Ақиқаттар өте жүйелі жазылғандықтан, өлеңге ұқсас болып шықты (автордан).

 

ҚАРА ТҮГТЫҢ МИУАСЫ

(Сол бір киелі түт агашыныц басында отырып, ескі Саид жаца Саид тэрізді эцгімелейді.)

Сөзім Зия пашаға емес, Европа ғашықтарына.

Сөйлеуші нәпсім емес, жүрегім Құран шәкірті атына.

Айтылған сөздер ақиқат, таңданба, шегіңді біл.

Бөтен пікірді қостап адаспа, өкінесің, қүлақ аспа.

Көресің әлі, ақылды жандар адасып:

„Түһ, кімнен кімге шағым айтайын, мен-дағы састым11, - дегендерін таңқалып.

Қүран айтқызады, мен тайсалмай айтамын.

Одан оған шағым айтам, сен сияқты сас-паймын.

Зарымды Хақтан Хаққа айтамын, сен сияқты шектен тыс аспаймын.

Жер мен Көк менікі деп дау саламын, сен сияқты қашпаймын.

Құран толы хақ пен хикмет, керек болса дәлелдеймін, керағар пәлсәпәға құлақ аспай-мын.

Фурқанда ғой алмастай ақиқат, жаным пи-да, сен сияқты сатпаймын.

Жаратылғандардан Жаратқанға сайран етемін, сен сияқты адаспаймын.

Тікенді жолда тайраңдаймын, сен сияқты баспаймын.

Жерден ғарышқа шүкір етемін, сен сияқты шектен аспаймын.

Мәйітке, ажалға жылы қараймын, сен сияқты қорықпаймын.

Қабірге күлімдеп кіремін, сен сияқты үрікпеймін.

Оны аждаһа ауызыг үрейлі орын, жойылу деп көрмеймін.

Мені жақындарыма қауыштыратын қабірден суып, сен сияқты ренжімеймін.

Ол - рахмет есігі, нұр есігі, хақ есігіг оған ренжімеймін, кері де қайтпаймын.

„Бисмиллаһ11 деп есігін қағам (1), сыртыма жалтақтап, үрейленбеймін.

„Әлхамдулиллаһ" деп, рахаттана жатып аламын, қиындық пен қорқыныш сезбеймін.

„Аллаһу Әкбар" деп, хашир азанын есітіп, түрамын(2), Үлы маһшерден кері қалып, Үлы мешіттен тысқары қалмаймын.

Қүдай жарылқап, Құранның нуры мен Иманның фәйізінің саясында мұңаймаймын.

Дем алмастан жүгіремін, Рахман ғарышының саясына үшатын боламын, сен сияқты саспаймын. Иншәллаһ.

 

 

(1) „Қап", - деп өкінбеймін.

(2) Исрафилдың азан дауысын хашир таңында естіп, „Аллаһу Әкбар" деп түрегелемін, Үлы намаздан кеш қалмаймын, Үлы жиналыстан тыс қалмаймын.

 

 

Аса қадірлі де бекем бауырларым!

Әуелі барлық Нүршылдардың, сондай-ақ Хаж-ы Әкбарда жүрген нұр шәкірттерінің, ондағы нұрға дос кісілердің мүбарак мейра-мын құттықтаймын. Үзақ жылдар отаршыл-дық күн кешіп, бостандық аңсаған Индия, Арабстан сияқты мұсылман елдердің ірі, бас-тылары Ислам республикасы атанып, Индияда жүз миллиондық Ислам республикасы, Жауа-да елу миллионнан астам Ислам республика-сыг Арабстанда төрт-бес үкімет, Одақтас республикалар сияқты „Араб бірлігі11 мен Ис-лам бірлігінің ынтымақтастығы қүрылды. Міне, бұл мереке қуанышымызға қуаныш қосып, сүйінішті хабар әкелді.

Екіншіден: Стамбүлдан Рефет мырза мен Мүстафа Оружтың жазғандарына қарағанда, үзақ уақыт Ислам әскерінің басқармасы, кейін университет болған Қорғаныс министрі мен Әскери күштер үйінің маңдайшасында

Қүран әрпімен сол бір көркем Қүран аяты жазылған болатын. Соңғы заманда оны мәрмәр таспен жауып, нүрлары көрінбейтін болған. Қазір қайтадан ашылып, Қүран жазбасына рүқсат берілетініне ишарат әрі Рисалә-и Нұр алдына қойған мақсатына себепкер әрі университет келешекте Нүр медресесі бола-тынына бір ишарат деп білеміз. Сол сияқты Денізлінің нүршысы Ахметтердің жазбасында мәшһүр ғалым, он тоғызыншы ғасырдың сан-алы тұлғаларының бірі, қоғамдық философия-ның бетке тутар белсендісі Бисмарк туралы жазылған. Бисмарк өзінің еңбегінде былай дейді:

„Қүранды жан жақты зерттеДім. Әр сөзінде хикмет бар. Бүған тең келетін, адамзатқа жол көрсететін өзге шығарма, кітап жоқ. Әрі кел-мейді де".

Сосын ол ардақты Пайғамбарымызға үндеп, былай деді:

„Әй, Мұхаммед! Сенімен ғасырлас бола ал-мағаным өкінішті-ақ. Адамзат сен сияқты ерекше, әсем де керемет, дана қүдіретті жалғыз рет-ақ көрдіг бұдан соң көре алмас. Сондықтан сенің құзырыңа аса құрметпен бас иемін."

 

Бисмарк.

 

деп қолтаңбасын қойған екен.(1) Онда бұзы-лып, көп өзгеріске ұшыраған сәмәуи кітапты артықтау әшкерелегені үшін кейбір сөйлем-дер жазылмағаны жөн деп, мен де оның он тоғызыншы ғасырдың ең ақылды үлкен философыг саясаткері әрі қоғамның маңызды тұлғасы болғандықтан, сондай-ақ Ислам әлемінің бостандыққа аз да болса қолы жетуі және шет елдер Құранның ақиқатын іздестіруі, батыс пен солтустік батыста Құранға деген қызығушылық пайда болуы һәм Американың дарынды танымал филосо-фы Мистер Карлайл де Бисмарк сияқты, ол да былай дейді:

 

(1) Ахметтің хатында жазганындай, ол жазба осы хатымен бірге „Шыраққа" жазылуы мүмкін.

Рисалә-и Нүрдың арабша „Ишарат-үл ижаз" атты тәпсірі отыз жыл бүрын оның осы қүнды да шыншыл ойына ишарат еткен.

 

„Басқа кітаптар, қай жағынан болсын Құранға жете алмайды. Міне сөз деп соны айтады. Оны тыңдаған жөн", - деп толық шешім қабылдауы(1), сонымен қатар Нұр шығармасының жан-жақты баса көрсетуі, кеңінен таралуы үлкен жақсылықтың бастамасы.

Демек, шет елдерде көптеген Бисмарк пен Мистер Карллайл сияқты шындыққа жаны қүмарлар шығатын болды. Оның белгілері де жоқ емес. Бұл хабарды Нұршыларға мере-келік сыйлық ретінде Бисмарктың жазбасы-мен қосып жіберіп отырмыз. Жалпыға сәлем...

 

Бауырыцыз Саид Нурси.

 

 

(Ахметтің қолындағы Бисмарктың баяндамасы)

АРДАҚТЫ ҮСТАЗЫМЫЗ!

 

Атақты неміс үкімет басшыларынан Пренс Бисмарктың турлі діндер туралы, әсіресе, Ис-лам діні туралы айтқан сөздерін сізге үсынып отырмыз, Батыс елдерінде Ислам дінінің қаншалықты кең жайылатынын мына сөздер-ден аңғаруға болады,

Жалпы қогам жайындагы те-рең ойларымнан, әсіресе, он тоғызыншы ғасырдъщ атақты данасы, көптеген салада еңбек жазган Пренс Бисмарктың үкімі жарамсыз қалган діндер жайын-да айтқан баяны:

„Қилы замандарда адамзатқа тура жол көрсететін құпия әлемінен тусті деген сәмәуи кітаптарды зерттедім. Өзгеріске ұшы-рағандықтан болар, керек хикметті таба ал-мадым. Ондағы зандар адамзатты бақытқа бөлейтін жолдан тым алыс. Бірақ, Мұхам-медшілердің Құраны бүл айтқанымның сыр-тында. Құранды жан-жақтыг әр нүктесіне дейін талдадым. Әрбір сөзі хикметке толы. Бұл кітапты Ардақты Мұхаммедтің өзі жазды дейтіндер бар. Мүндай таңғажайып шығарма, керемет даналық бір санадан шықты деу ақиқатқа көз жұмып, ыза мен кек сақтауға үйытқы болып табылады. Бұл - ілім мен хик-метке кереғар құбылыс. Менің ойымша: Хазіреті Мұхаммед - аса керемет бір құдірет. Қүдірет күштің мұндай екінші бір қүдіретті әлемге әкелуі мүмкін емес.

Әй, Мұхаммед! Сенімен ғасырлас бола ал-мадым. Өкінішті-ақ, Сен мына кітаптың жар-шысысың. Бірақ ол сенің өзіндікі емес, Ол қүпия әлемінен келген. Оны жоққа шығару - әлемнің қағидаларын жоққа шығару сияқты күлкілі нәрсе. Адамзат сен сияқты әсем де керемет дананы жалғыз-ақ рет көрді. Бұдан соң көре алмас. Сондықтан сенің құзы-рыңа аса қүрметпен бас иемін!"

 

Бисмарк.

 

(Мектубат жинагынан)

Бесінші мәселе. Дүние шіркін фәни ғой. Өмір де қысқа. Әрі атқаратын істер де көп. Мәңгі өмірге қол жету мәселесі осы жерде шешіледі. Әрі мына „тіршілік" атты қонақжай иесіз бостан емес. Оның өте дана әрі аса қамқор үйымдастырушысы, Мүдеббирі бар. Оның үстіне дүниедегі игілік пен жамаидық екеуі де ескерусіз қалмайтын болады. Сондай-ақ,

 

қағидасынша, шамадан тыс ауыр жүк арқалау жоқ. Әрі тиімді жол зарарлы жолдан үстем. Әлдеқайда артық. Және дүниелік атақ пен даңқ, доожарандар қабір аузына дейін ғана.

Олай болса кім бақытты деген сұраққа: „Дүние деп ақыретін әсте ұмытпаған, ақыретін дүние қызығына пида етпеген, шексіз өмірін дүниелік өмір үшін зақымдамай, түкке тұрғысыз нәрселермен өмірін босқа өткізбеген әрі өзін қонақпын деп, қонақжай иесінің айтқанын істеп, аман-дықпен қабір есігін қағып, мәңгілік бақыт әлеміне сапар шеккен кісі", - деп жауап береміз.

 

 

Сауал:

Мына сөз хадис пе? Мүраты не?

Жауап: Хадис деп естідім. Ондағы мақсаты мынау; Қайырымды жас кім десеңдер? Олар - албырттыққа салынбай, қарт кісздей өлімді ойлап, ақыретке байсалды турде еңбектен-гендер әрі қапы қалмағандар. Нашар қарттар болса: олар - жастарға еліктеп, немқурайлы-лыққа, әуестікке салынып, жас баладай нәпсінің айтқанынан шыға алмағандар.

Сен менің бас жағыма хикметті сөз деп асып қойған тақтаны көрген шығарсың. Ол жазбаның тура мағынасы төмендегідей. Мен оны оқып, әрдайым дәріс аламын.

„Дос қаласаң, Аллаһ бар, сөл жетеді." Иә, Аллаһ дос болса, барлық нәрсе де дос.

„Сүйікті жан керек болса, Қүран жетеді11. Рас, Құрандағы пайғамбарлармен, періште-лермен ойша жүздесіп, бастан кешкендерін тамашалап, достық құруға болады.

„Байлық керек болса, қанағат ет, сол же-теді." Рас, қанағат еткен үнемшіл болады. Үнемшіл адам береке табады.

„Жау іздесең, нәпсі жеткілікті." Иә, өзін жақсы көрген адам басына бәле тілёп алады. Азап шегеді. Өзін ұнатпаған адамның, көңілі жай, мейірімге бөленеді.

„Насихат керек болса, өлім жетеді.11 Рас, өлімді ойлаған адам дүниеқоңыздықтан құты-лады. Сөйтіп, ақыретіне байсалды еңбек ететін болады.

 

 

("Лемалар" жинағынан)

Бесінші шипа: Әй, ауруға шалдыққан науқас! Менің ойымша, осы күні кей-біреулердің сырқаттанып қалуы - Аллаһ-тың бір ихсаны, Рахманның сыйы. Сегіз-тоғыз жыл болды, лайық болмаса да науқас жастар дуғамды әрі батамды алуға келетін болды. Байқаймын, науқас жастар басқа жас-тарға қарғанда, ақыретін ойлап, байсалды ке-леді... Жастықтың мастығы жоқ. Қацы қалып, хайуанға тән әуестіктен біршама аулақ тұра-тын сияқты. Мен де оларға қарап, негізінде шыдауға болатын сырқаттарының илахи их-сан, Қүдайдың бергені екенін ескертіп, жасгарға былай дейтінмін: „Достым, ауруыңның ^намсыз жағын көре алмай тұрмын. Дүға этейін десем, саған жаным ашып тұрған жоқ, Науқастық әбден көзіңді ашқанша, сабыр :ақта, науқастық міндетін аяқтаған соң, Аллаһу Гағала иншаллаһ шипа беріп, тәуір боласың.

Сенің жолдастарыңның бірқатары денсаулuқтың кесірінен қапыда қалып, намазын эқымай, өлімді ойламай, Құдайын ұмытып, ^үниелік бір сәттік алдамшы ләззат үшін шексіз мәңгі өміріне зиян келтіруде, тіпті, эны тас-талқан етіп те жүр. Сен науқастанған соң сөзсіз баратын баспанаң - кдбіріңді, онан кейінгі ақыреттік сапарды шріп, соған қарай әрекет етесің, Демек, сен ушін науқастық - денсаулық, Бірқатар жолдастарыңдағы денсаулық науқастық болып табылады,"

 

 

Мағынасы: „Нәпсі әрдайым жамандыққа итермелейді" деген аяттың әрі

 

Мағынасы: „Сенің ең қауіпті дүшпаның - нәпсің" дейтін хадистің нүктесі. Асау да жүгенсіз нәпсі иесі әрі өзін ұнатып жақсы көрген адам өзгені жақсы көрмейді. Жақсы көрген күнде де, шынайы түрде емес, жалған, эдан тусер пайданы, ләззәтті ғана жақсы көреді. Қашан да жағымпазданып, жақсы көрінгісі келеді. Ағаттық көрсе, жанына жолатпай, өзін адвокат тәрізді қорғаштап, ақтауға тырысады. Асыра сілтеп, тіпті, өтірік айтып, жалғандықпен нәпсісін мадақтап, ақтап отырады. Бейне бір қателік атаулыдан ададай қасиеттеп жібереді.Содан да істеген ісіне қарай аятының ауыр жазасын тартады. Ақырында да көкіректігімен жақсы көрінбекші әдеті, керісінше, оны жеккөрінішті етіп, жағымсыз атанады.

Сондай-ақ ақыретке тиіс істері ықылассыз болып, екіжүзділік басталады, Істің соңын көрмейтін, неге апаратынын ойламайтын, дайын ләззатқа қүмар сезім мен нәпсіқүмар-лыққа жеңіліп, бір сағаттық ләззат үшін бір жыл абақтыда жатады. Бір минуттық кеудем-соқтық немесе кек алу салдарынан он жыл ауыр жаза шегеді. Сабағы болған „Амме" па-расын бір түйір кәмпитке сатып жіберген әуесқой бала сияқты рахатқа батып, нәпсісін қандыру үшін алмас қүндылығындай игі істерін тукке тұрғысыз шыны тәріздес ләззат пен менмендікке жүмсап, ұтатын жерде шығынға ұшырайды.

 

 

("Меснеуи Нурие" атты кітаптан)

Біл, әй, қадірлі дос! Қараңғы түн секілді жастық шағымда көзім жүмулы үйқыда едім. Тек қарттық келіп, таң атқанда ғана ояндым, - деп келетін

 

өлеңін қызу қуаттаймын. Неге десеңіз, мен де жас кезімде кәмелетке жеттім, шыңға шықтым деп ойлайтынмын. Енді қазір ойла-сам, ол кездегі кемелдену кемелдену емес екен. Оны терең ұйқыға кіру деуге болады. Сондықтан мәдениетшілердің көкірек керіп кемелдену, өркендеу деп жар салып жүрген-дері - менің сол жастық шағымдағы кемел-дену сияқты бір бүлыңғыр нәрсе. Оларды мынаған ұқсатамын: Түсінде оянған болып, көрген тусін халыққа әңгімелейтін найм, яғни ұйқыдағы адам. Алайда түсіндегі оның оянуы болса жеңіл үйқыдан терең ұйқыға кіріскеніне ишарат. Мүндай ұйқы өлі кісімен бірдей. Шала үйқыдағы адам адамдарды қайтіп жөнге салады?

Әй, ұйқыда жүріп өздерін ояу санайтын-дар! Діни істерге келгенде селқос болып, мәденилерге еліктеп, жақындамаңдар. Неге десеңдер, арамызда өте терең сай бар. Өткел жасап байланыс қүру мүмкін емес. Сендер оларға еріп кетесіңдер немесе азғындыққа түсіп адасасыңдар.

 

(Меснеуи Нуриеден)

Үшінші ишарат: Әй адам, Фатыр-ы Хаким сенің бойыңа берген таңқаларлық жағдай кейде дүниеге сыймай кетесің. Зынданда та-мағы қылғынып қалған адамдай „оф, оф" деп, дүниеден әлдеқайда кең бір жер іздеп тұрғанда, құйтақандай бір шаруа, бір ес-телікпен, бір сәтте тынышталасың. Алып дүниеге сыймаған әлгі көңіл, әлгі пікір құйтақандай алаңға жерленеді. Тым кушті сезіміңмен әлгі сәтте сол бір естеліктен шыға алмай, шыркөбелек боласың.

Әйг адам! Фатыр-ы Хаким сенің бойыңа осындай күш берген. һәм сенің бойыңа мағынауи жиһаздар, сезімдер берілгені сон-дай, кейбірі дүниені жұтса да, тойдым де-мейді, Ал кейбірі зәрредей бір нәрсеге қақалып қалады. Бес батпан жүк көтеріп, көздің бір қылға күші жетпегені сияқты, әлгі сезім аз ғана соққыға қапы қалып, селқостық пен азғындықтан пайда болған сәл күйзеліске шыдай алмайды. Тіпті, кейде өшіп, сөніп қалады. Олай болса, абайла! Аяғыңды мұқият бас, батып кетуден қорық! Бір жұтым, бір ауыз сөз, бір түйір, бір жарық, бір ишаратқа, бір сүймекке берілме! Дүниені жұтып қоятын сезімдеріңді ондай жерге жұмсап, өлтірме! Өйткені дүниеде кішігірім нәрселер бар, тым үлкен нәрселерді бір жақтан жұтып қояды. Мәселен, кішкене шыны паршаның жүзіне аспан жұлдыздарымен бірге тусіп, батып ке-теді. Иненің ұшындай жадыңда амал дәптеріңнің көптеген парақтары, өмір жолдарыңның көбісі сақталатыны сияқты, тым үсақ, кішкентай нәрселер бар, бір жақтан ол тым үлкен нәрселерді де қойнына алады.

 

(Қастамону лахикасынан)

Рисалә-и Нұр шәкірттерінен бір жас қари көп адамдардың аузынан естігенімдей, „Мен-де ұмытшақтық кеселі арта тусуде. Не істеуім керек", - деді. „Мүмкіндігінше харам нәрселерге қарамауға тырыс", - дедім. Имам-ы Шәфидің (р.а) айтқанындай, „Харам нәрселерге қарау адамды умытшақ қылады". Иә, мүсылмандар, харамға назар салу көбей-ген сайын, нәпсіқүмарлық арта туседі. Ағзаны бұрыс жерге қолдану салдарынан ысырап пайда болады. Аптада бірнеше рет ғусыл алуға мәжбүр болады. Бүл да медициналық тұрғыдан есте сақтау қабілетін азайтады.

Бұл ғасырдағы әдепсіздіктің кесірінен, әсіресе, экваторға жақын өлкелерде ұмыт-шақтық дерті көбеюде. Көп адамдар осы дерттен қүтылудың жолын іздеуде.

„Ақырзаманда Қүран қарилердің көкірегі-нен шығып, ұмытылатын болады", - деген киелі хадис бар. Демек, бүл дерт өрши түседі, Қүранның жатталуына кедергі жасап, ха-дистің айтқаны болады.

 

 

 

(Бул хат өте маңызды)

 

 

 

Әзиз, сыздық бауырларым!

Соңғы күндері Қүран-ы Хакимнің наза-рындағы иманнан кейінгі ең негізгі мәселе тақуалық пен салих амалдардың негіздері жайлы көп ойландым.

Тақуалық: Шариғаттың тыйым салған нәрселері мен күнәлардан аулақ болу.

Салих амалдар: Аллаһтың әмір еткен істерін орындау мен игілік жасау.

Қашанда шерлі нәрседен қашу пайдалы нәрсеге үмтылудан үстем. Сондықтан мына астаң-кестең ойрандау, бүзу етек алған әуесқойлық заманда тақуалық болып табыла-тын мүндай шерлерден сақтану, ауыр күнәларды тәрк ету негізгі мәселе болып, ал-дыңғы қатарға шығып отыр.

Қазіргі таңда бүзу мен келеңсіз көріністер етек алғандықтан, тақуалық осы бүзықтықтарға қарсы түратын өте күшті қалқан, Парыздарды орындап, ауыр күнәларды істемеген адам өзін жәһаннамнан аман алып қалады. Ауыр күнәлар кез келген жерде жасалып, азғындаған мына заманда са-лих амалдарды ықыласпен жасау өте сирек.

һәм осындай ауыр шарттар ішінде жа-салған салих амалдардың сауабы арта түседі. Тақуалықта бірқатар салих амалдар бар. Өйткені: харамнан қашып алыс тұру - уәжиб. Бір уәжибті орындау, көптеген сүннет-терді орындаумен бірдей. Мына замандағы мыңдаған харамдардың ортасында аз ғана амал жасап, жүздеген харамдардан қашу арқылы жүздеген уәжиб орындайды. Бұл маңызды мәселе тақуалық ниетімен, харам-дардан қашу мақсатымен жасалғанда ғана са-лих амал болып есептеледі.

Рисалә-и Нұр шәкірттерінің мына заман-дағы ең басты міндеттері - күнәлар мен жөнсіздіктерге қарсы тақуа болу. Бір минутта мыңдаған күнәлар жасалып жатқан қазіргідей ортада адамдар жүздеген кунәлар-мен қарсыласуда. Әлбетте, тақуалық арқылы харамнан қашу ниетімен жуздеген салих амалдар жасауға болады.

Бір-ақ күнде тас-талқанын шығарған бір адамның сарайын жиырма адам жиырма күнде қалпына келтіре алмайтыны белгілі.

Бір адамның бүзғандарын қалпына келтіру үшін, жиырма адам керек болса, бүгінгі таңда мыңдаған орта бүзушыларға қарсы Рисалә-и Нұр секілді бір ғана жөндеушінің ерліктері таң қалдырардай.

Егер қарама-қарсы күш саны жағынан тең болғанда, жөндеушінің кереметі сонда көрінер еді.

Қоғам өмірінің ең маңызды негіздері - мейірім мен сыйластық қатты сарқылды. Кей жерлерде құрметке мұқтаж бейшара қарттар мен әжелерімізге бұл жағдай қиынға соғуда.

Аллаһқа Іыүкір, Рисалә-и Нүр осы бір қорқынышты апатқа қарсы тұрып, жөнге келтіру жолында табыстарға жетуде.

Зұлқарнайын қорғанының жығылуымен Ежуш-Мәжуш қауымының дүниені жайлап, зұлымдық орнатқаны сияқты, Құранның қамалындай болған Мұхаммедтің (С.Ғ.С.) ша-риғатының зақымдалуынан адам өмірі мен абыройына қастандық цен дінсіздік Ежуш-Мәжуштен де бетер зүлымдық жасауда.

Осы жағдайларға қарсы Рисалә-и Нүр шәкірттерінің рухани жихадтары Сахабалар заманындағы секілді аз амал істеп, көп сауап алып, салих амалдар жасауына дәнекер болады.

Әзиз бауырларым, осындай бір заманда апатты жағдайларға қарсы ықылас қуатынан кейінгі ең үлкен күшіміз - „иштирак-ы амал-и ухреви" дәстүрі. Қаламдарымен екіншісінің салих амал дәптеріне игі сауаптар жазатыны сияқты, тілдерімен де басқалардың тақуалық қорғанына көмек жіберу.

Қардай бораған шабуылдарға ұшырап жатқан мына бейшара бауырларыңа қасиетті үш айда және киелі күндерде көмекке келу - сендер сияқты қаһармандар үшін жарасар ерлік. Мағынауи көмектеріңізді шын жүрек-тен өтінемін.

Иманды және шын берілген Рисалә-и Нүр шәкірттерін барлық дуғамда мағынауи табыс-тарыма ортақ қылып, жиырма төрт сағат бойы „иштирак-ы амал-и ухреви" дәстүрімен кейде жүз мәрте Рисалә-и Нұр тәлабалары де-ген атпен ортақтастырып отырамын.

 

 

Саид Нүрси. 

(Қастамону лахикасынан)

 

 

Өмір тарихымды білетіндерге мәлім. Осы-дан елу бес жыл бұрын жиырма екі жасымда Битлисте марқұм уәли Омар Пашаның ғылымға д^ген құрметі мен өтінішін қия ал-май, оның үйінде екі жыл турдым. Оның алты қызы бар еді. Үшеуі бойжетіп қалған, үшеуі жас. Екі жыл бір үйде тұрғанымызға қарамаста^, үлкен қыздарын бір-бірінен ажы-ратып та^и алмадым. Өйткені мән беріп қарамайтцрмын. Бір күні бір ғалым досым қонаққа ^елді. Екі күн ішінде қыздарды бірінен б^рін ажыратып, танитын болды. Жүрт ме^ің халіме қайран қалып, „Неге қарамайсад?" дейтін. „Ғылымның абыройын сақтау ма^саты мойнымды бүрғызбайды11 - дейтінмін. Тағы бір оқиға: Қырық жыл бүрын Стамбұлда бір мейрам күнінде Көпірден Қағытхана^а дейін қайық жалдадық. Қасымда марқум хадық өкілі Молла Сейіт Таһа мен ха-лық өкілі һажы Ілияс бар-ды. һаличтің екі жағында серуендеп жүрген әлем-жәлем киінген Грекг Армян және Стамбұлдық қыздардық жанынан өтуге мәжбүр болдық. Менің еш нәрседен хабарым жоқ. Ал Молла Таһа мен һажы Ілияс мені сынау үшін кезек-кезек бақылап отырыпты. Жағаға шыққаннан кейін: „Сенің халіңе қайран қалдық, еш назар салмадың11, - деді. „Түкке турғысыз, өткиншi, харам ләззаттардің соңы өкініш пей қасірет болғандықтан, керегі жоқ", - дедім.

 

(Өмірбаянынан)

 

(Отыз екінші сөздің ушінші тарауы)

ЕКІНШІ НҮКТЕНЩ ЕКІНІНІ БӨЛІМІ

Әхли далалеттің, яғни азғындар тобының өкілі азғындығын неге тірерін білмей сасқалақтап, бір сәт үндемей қалды да, былай деді:

„Менің ойымша, дүниедегі бақытқа, өмірдің рахаты мен өркениетке, техника мен ғылым жетістіктеріне жетудің жолы - ақыретті естен шығарып, Құдайды ұмытып, дүниеге құштар тартып, еркін әрі өзіңе сенімді болу. Сондықтанда көпшілікті шай-танның ықпалымен осы жолға тусірдім, әрі түсірмектемін4<.

Жауап. Біз де жауап ретінде Құран атынан былай дейміз: „Әй, бейшара адам! Ақылға кел! Әхли далалеттің айтқанына қүлақ аспа! Егер тыңдайтын болсаң, зиян шегетінің сон-дай, ойлаудың өзі төбе шашты тік турғызады. Сенің алдында екі жол бар;

Бірі: Әхли далалеттің өкілі айтқан қауіпті жол,

Бірі: Қасиетті Құран сілтеген бақытты жол. Бүл жолдардың теңеулерін „Сөздер" атты, әсіресе, „Қысқа сөздер11 атты еңбектерімнен көріп, әрі түсінген шығарсың. Енді орайы келген соң, мыңдаған теңеуден біреуін баяндап берейін. Назарыңды сал, қүлақ тур:

Ширк пен далалеттің, пасықтық пен азғындықтың жолы адам баласын әбден азды-рып жібереді. Шексіз мұңға салып, өте ауыр жүкті әлсіз де қылдай мойынға жүктейді. Не-ге десеңіз, егер адам Аллаһу Тағаланы таны-маса әрі оған сеніп тәуекел етпесе, өте әлсіз бейшара, шексіз қажеттіліктерге мұқтаж пақыр, толассыз қайғыға душар, өкінішті де мұңлық фәни хайуан тәріздес болып, барлық сүйікті жандармен қатынаста болған қоршаған орта оны тастап, қош айтысқандықтан, күйіне келе бүл да өзінен кейін қалған сүйіктілерімен өкіне қоштасып, қабір түнегіне жалғыз өзі кете барады. һәм өмірінің соңына дейін қолда бар аз ерікпен, аз ғана қуат, қысқа өмір, шамалы тіршілігі және шектеулі санасымен қыруар өкініштерге, қайғы-мүңдарға қарсы тұрып, аңсаған арманына жетуге бостан-бос шапқылайды. Мақсатыма жетем деп, нәтижесіз жанталасады. Өзі денесін көтеріп жүре алмағанымен тұрмай, қылдай беліне дүниенің аламат жүгін артып, мойнына су қүйылады, Жәһаннамның азабын шегеді.

Рас, осы бір ауыр мүң мен қорқынышты, рухани күйзелісті сезбеу үшін, әхли далалет дегеніміз - Қүдайдан безгендер сезімді жою үшін, ғаплет мастығымен уақытша ғана сез-бейді, Бірақ уақыты келгенде, яғни қабірге та-яп қалғанда, бір-ақ сезінеді. Өйткені адам Аллаһу Тағалаға нағыз құл болмаса, өзі-өзіне қожайынмын деп ойлайды. Алайда оның азғантай еркі, шектеулі қуаты мына алай-түлей дүниеде еш нәрсеге жарамайды. Өміріне қауіпті нәрселер, зарарлы микробтан бастап, сонау зілзәләға дейін, мындаған тобыр дүшпандары оның нәзік өміріне қауіп төндіруде. Жаны қиналып, үрей басып, әрдайым өңі суық, сүсты қабірін күйзеле ойлайды. Оның үстіне адам болған соң, адам-затпен, дүниемен де байланысты, бірақ дүни-ені, ондағы адамдардың: Хаким, Алым, Қадир, Кәрім бірінің қол астында екеніне сенбе-гендіктен, яғни кездейсоқтық, табиғи құбы-лыс дегендіктен, дүние мен адамдардың ахуалы оның жанын үнемі жегідей жейді. Өз басының қайғысымен бірге адамзаттың қайғысын да жұтады. Дүниенің зілзәлә, аш-тық, топан, індет, жойылу мен жоқ болу сияқты қүбылыстары оған тым жәбірлеуші, азаптаушы, тас қараңғы әрі қасірет беруші түрінде көрініп, жанын азаптайды.

Алайда мұндай күй кешкен адамға жан ашып, мейірімділік етуге болмайды, оған ол лайық емес. Өйткені ол мүндай күйді өзі тілеп алды. Сегізінші сөзде екі ағайынды жігіттің кешкен күйлерін теңеуде былай делінген бо-латын.

Мәселен, бір адам миуалы сұлу бауда кере-мет бай дастарқан үстінде, сүйікті ағайындар ортасында орынды да тәттіг әсем, тамаша ләззәт пен көңіл көтеруді місе тұтпай, орын-сыз, әрі жағымсыз ләззәт үшін нашар нәжіс бір шарапты ішіп алып, мас болса, сөйтіп өзін ызғарлы қыс ортасында, тіпті, орманда айуан-дармен бірге жүрмін деп, қызыл кеңірдек боп айқайлап шуласа, әрине, өзінің мейірімге лайық еместігін көрсетеді. Себебі абыройлы да қадірлі жолдастарын жануарға теңеп, олар-дың намысына тиеді һәм дастарқандағы тәтті тағамдарды, таза ыдыстарды лас тастарға теңеп, сындыра бастайды. Отырыстағы құнды кггаптарды, тартымды да терең мағыналы хаттарды қарапайым, түкке турғысыз ою-өрнек деп жыртып, аяғымен таптай бастайды. Мұндай адам мейірімге бөленуге емес, жаза-лануға лайық. Сол сияқты жағымсыз іс-әрекеттен туындайтын күпірлік мастығымен және далалет бассыздығымен Сани-ы Ха-кимнің мына „дүние" атты қонақжайын кез-дейсоқтық пен табиғат туындысы деп, ал ондағы заман ағынымен үнемі ескіріп, міндеттерін аяқтап, жаңарып отырған Илаһи туындыларды, яғни Аллаһтың есімдерінің шағылыстарын жойылып, құрдымға кетті деп, ал олардың тәсбих еткен дыбыстарын қоштасу мен мәңгіге айырылысудың жоқтауы деп ойлағандықтан, сондай-ақ Самеданий хаттар болып табылатын мына болмыс атау-лыны мағынасыз, астан-кестен деп тусініп әрі мейірімділік толы әлемге бастайтын қабір есігін жойылу түнегінің есігі деп, ал нақты сүйіктілерге қауышу болып табылатын ажал-ды болса да қоштасу сәті деп есептегендіктен, һәм өзін, һәм болмыс атаулыны қайғылы күйде көреді. Аллаһу Тағаланың есімдерін һәм хаттарын қадірін тусіріп қорлағандықтан, мейірім мен жанашырлықтан тысқары қалып қана қоймай, төзгісіз азап шегуге лайық ата-нады. Ондай адамға ешқандай түрде де қайырымдылық жасауға болмайды.

Міне, әй байғус ахли далалет пен азғындар! Мына аталған қорқынышты құлдырау мен жанды күйзелтетін үмітсіздікті қайсыбір өркениеттеріңмен, қайсыбір ғылымдарың-мен, қайсыбір жетістіктеріңменг қайсыбір мәдениеттеріңмен, қайсыбір табыстарыңмен өтейсіңдер немесе тоқтатасыңдар? Адам жа-нының өте құмар, аса мұқтаж, шынайы деме ушісін басқа қай жерден табамын дейсіңдер? Арқа сүйеп сеніп жүрген, тіпті, Илахи туын-дыларды, Раббани жарылқауларды еншілеп берген қайсыбір табиғатың, қайсыбір себеп-терің, қайсыбір шериктерің, қайсыбір жаңалықтарың, қайсыбір зат пен қайсыбір жалған жаратушыларың өздері мәңгілік жоқ болу деп ойлайтын ажалдан алып қалады? Өлген соң қабірден, берзахтан, махшардан, қыл көпірден емін-еркін өткізіп, аман-сау мәңгі бақыт әлеміне жетектеп, бақытқа бөлейді?

Алайда, сендер қабірден қашып құтыла ал-мағандарың үшін де бұл жолдың күмәнсіз жо-лаушысы болып табыласыңдар. Әрине, мұндай күйдегі бір жолаушы әлгі ұшы-қиырсыз аудандар мен шексіз жайылып жатқан шекараларды қол астында ұстап, би-леп турған біреуге арқа сүйеуі керек.

һәм, әй сорлы әхли далалет пен қаперсіз бейқамдар! „Орынсыз қолданған махаббат-тың ақыры аяусыз азап шегу" қағидасының сырымен, сендер бойларыңдағы Аллаһу Тағаланың өзіне, сыпаты мен есімдеріне ар-налған махаббатты, сауаттылық қабілетті, шүкір ететін, құлшылық ететін мүшелерді нәпсілеріңе, дүниеге заңсыз турде жүмсағандықтарыңнан, өте орынды турде жа-засын тартасыңдар. Себебі Аллаһу Тағалаға тиесілі махаббатты нәпсілеріңе бердіндер, Сөйтіп, өліп-өшкен нәпсілеріңнің толассыз қайғысын жүтасыңдар. Неге десеңіз, ынтық болған ол нәпсілеріңді толық қанағаттандыра алмайсыңдар. Әрі оны нағыз ынталы болуға лайық Қадыр-ы Мутлаққа тәуекел деп, тәсілім етпей отырсындар. Осылайша әрдайым жан-дарың қиналады һәм Аллаһу Тағаланың есімдері мен сыпаттарына арналған махаббат-ты қу дүниеге арнадыңдар, өнер туындыла-рын әлемдегі себептерге бөліп бердіңдер, бастарыңа бәле тілеп алдыңдар. Өйткені он-дай толып жатқан көптеген сүйіктілерің, ын-тық болған ғашықтарыңның кейбірі сендерге „қош бол11 демей сырт айналып, тастап кетіп барады. Кейбірі сендерді мүлдем танымайды. Таныған күнде де сендерді үнатпайды, үнатса да, олардан қайыр жоқ. Толассыз қоштасулар мен келмеске кету, үмітсіз айырылулардан пайда болған осыншалық азап жандарыңды жегідей жейді. Міне, әхли-далалетті „өмірдің, бақыты адамның өркендеуі, мәдениет жетістіктері, бостандық, еркіндіктің ләззаты" деп жүргендеріңнің шын мәнісі - осы. Азғындық пен мастық бір перде.

Ол адамға уақытша сездірмейтін боларг „олардың ақылдарына болайын11 деп жиіркен. Алайда Қасиетті Құранның нурлы да кең жо-лына келетін болсақ, манағы әхли далалеттің бойындағы жараларды имандылықтың ақиқаттарымен емдеп жазады. Бастапқы жол-дағы барлық қараңғылықты жойып, жарқыратады, далалет пен қүрдымға кету қаупінің алдын алып, амандыққа қауыштырады. Былайша: Адам баласының әлсіздік пен пақырлық, мұқтаждық жақтарын Қадир-ы Рахимге тәуекел еткізіп, емдей бас-тайды. Өмір тауқыметін, тұрмыс тынысын Оның қүдіретіне, рахметіне тәсілім етеді. Ол ауыр жүкті мойнына артпай, керісінше, оны өмірге, нәпсісіне жүктегендей рахаттық сый-лайды. Өзінің „Сөйлейтін хайуан" емес, қайта нағыз адам, Рахманның сүйкімді қонағы екендігін білдіреді. Дүние Рахманның қонақжайы екендігін көрсете отырып, дүниедегі болмыс атаулы Илаһи есімдердің айнала-ры екендігін, жаратылғандар болса әрдайым жаңарып отырған Сәмадани хаттар екендігін білдіру арқылы адам баласының дүниенің фәнилігінен, нәрселердің көзден таса болула-рынан, фәни нәрселерге ынтық болудан ту-ындайтын жараларын жақсылап емдеп, күдікті қайғылардан қүтқарады. Сондай-ақ өлім мен ажал берзах әлеміне бастайтын мәңгілік әлемдегі сүйіктілерге қауышу, кезде-судің жолы екендігін көрсетеді. Әхли дала-леттің ойынша, барлық сүйікті жандардан мәңгіге қоштасу болып табылатын өлім жара-ларын осылайша емдеп қоя береді. Ондай қоштасу қоштасу емес, нағыз табысу, қауышу екендігін дәлелдеп береді. һәм қабір дегеніміз қайырымдылық әлеміне, бақыт сарайына, жәннат бау-бақшасынаг Рахманның нұрста-нына айқара ашылған есік екендігін дәлелдей отырып, адамзаттың ең үрейлі қорқынышын сейілтіп, қайғы-қасірет, өкініш толы берзах саяхатының өте тартымды, үйреншікті де көңілді бір саяхат екендігін көрсетеді. Қабір арқылы айдаһар аузын бітеп, сүлу бауға есік ашады. Яғни, қабірдің айдаһар еместігін, керісіншег қайырымдылық бағына бастайтын есік, баспалдақ екендігін көрсетеді.

Сондай-ақ муминге былай деп тіл қатады: „Қолдағы еркің шамалы болса, шаруаңды өз Иеңнің күллі бүйрық пен тілегіне тапсыр. Әлсіз болсаң, Қадир-ы Мутлақтың қүдіретіне сен! Өмірің қысқа болса, мәңгі өмірің бар. Қам жеме! Пікірің таяз келсе, Қүранның күнінің астына ен. Сөйтіп, иман нүрымен қарасаң, әлгі көмескі пікірің Қүран аяттары болып, жарқыраған жүлдыздай сәуле шашады., Уайым мен талап-тілектерің көп болса, алдыңда сені күтіп тұрған аяқталмайтын сауап, шексіз қайырымдылық бар. Мақсат пен арма-ның көп болса, оларды уайымдап қайғырма, мұңайма! Олар бұл дүниеге сыймайды. Оларға бұл дүние тар келеді. Олардың орны басқа жерде. Оларды орындап беретін де басқа біреу. Сөзін жалғап, былай дейді: Әй, адам, Сен өзің қожайын емессің. Сен қүдіреті шексіз Қадирдың, Аса қамқор Рахим-ы Заты Зүлжалалдың мемлүкісің. Олай болса, өмір тауқыметін мойныңа арқалап қиналма, өйткені өмірді сыйлаған - Аллаһ. Билеп басқаратын да Аллаһ һәм дүние иесіз, бостан емес. Қылдай мойныңа дүниенің ауырлығын артып, үрейленіп мұңайма. Себебі, оның иесі - әрі һаким, әрі Алим. Сен болсаң бір қонақсың, босқа шатыспа, өзгені де шатыс-тырма! һәм мына адамдар, хайуандар барлық болмыс атаулы бостан емес. Олар міндет жүктелген қызметшілер болыгі табылады. Олар бір Хаким-і Рахимның бағымында. Олардың уайым-қайғысын, шеккен қиын-шылықтарын ойлап, жаныңды қинама. Оларға Халиқ-ы Рахимнің қамқорлығынан артық қамқорлық жасаймын деп езеуреме. һәм саған дұшпан көрінген микробтан бас-тап, сонау обаг топан, аштық, зілзәла сияқты қорқыныштардың тізгіні әлгі Рахим-ы Ха-кимнің қолында. Ол - Хаким ғой, әбестік жасамайды. Ол - Рахим ғой, қайырым-дылығында шек жоқ. Істеген әр ісінде біртүрлі жарылқау, ізгіліктің нышаны бар. Әрі мына әлем, шынында, фәни. Бірақ мәңгі әлемге қажетті нәрселер дайындайды. Негізінде, өткіңші, баянсыз екені рас, бірақ мәңгі бітпес миуалар береді, Бақи бірінің бақи есімдерінің шағылыстарын көрсетеді. Шыньшда да қуанышты аз, қаиғысы бірақі^ахман-ы Рахимнің ілтипаты бітпейді. Нағыз л^ззат деп соны айт. Қайғылар болса, сауап ж^ғынан алып қарағанда, мағынауи ләззат сыйлайды. Шариғатқа сәйкес тұрмыс жүрек, рух, нәпсінің ләззат алуына, шаттану-ына, масайрауына толық қанағаттанарлық-тай жеткілікті. Оның сыртына шықпа. Өйткені оның сыртындағы бір ғана ләззәт кейде мың қайғыға душар етеді һәм ондай жат іс-әрекет Рахмани ілтипаттан мақұрым қалдырады. һәм жоғарыда баяндалғандай, да-лалет жолы адамды әсфәли-сәфилин шыңырауына құлдыратып жіберетіні сондай, оны одан ешбір мәдениет, өшбір философия шығарудан шарасыз қалғанда, Қасиетті Құран мен иман және салих амалдар арқылы әлгі әсфәли-сәфилин құрдымынан алай-ы ил-лииіне шығарады. Шығаратынына бүлтартпас айғақтар беріп дәлелдейді. Әлгі терең шыңырауды мағынауи жетістіктерімен, руха-ни байлақтарымен көміп, толтырып отырады. һәм мәңгілік тарапына бастайтын алдындағы ұзақг дауылды сапарды өте жеңілдетіп, оңайлатады. Мың жылдық, тіпті, елу мың жылдық қашықтықты, бір күнде жүріп өтетін жолдарды көрсетеді. һәм Әзел мен Әбед Сүлтаны, Зат-ы Зүлжалалды таныстыру арқылы адамды қызметші қүл, міндет жүктел-ген қонақ деген мақам береді, һәм "дүние" атты қонақжайда, һәм Бәрзахтағы, һәм ақыреттегі өткелдерінде жақсылап саяхаттау-ына ықпал жасайды.

Мәселен, бір патшаның тілалғыш қызмет-шісі патшаның елді мекендерін, билік қүрған жерлерін рахат үшақ, кеме, отарба сияқты жедел тасымалдау жолдарын пайдалана отырып кезетіні сияқты, Әзел-Сұлтанына иман арқылы қол астына кіріп, салійс амал арқылы мойынсұнған адам мын^: дүние қонақжайындағы қилы өткелдердён және берзах пен мақшар әлемінің аудандарынан, сол сияқты қабірден, содан соң барлық әлемдердің кең байтақ ой-қыратынан най-зағай жылдамдығымен өте шығады. Сөйтіп, мәңгі бақытын табады.

Міне, аталған ақиқатты толық дәлелдеп бе-реді. Әрі асфия мен әулиелерге көрсетеді. һәм Қүранның ақиқат сөзін жалғап, былай дейді: „Әй, мүмин! Бойыңдағы шексіз сүйіспеншілік қабілетіңді жаман әрі нұқсан келтіретін шерлі де зиянкес жүгенсіз нәпсіңе берме! Оған ынтығып, айтқанын істеп, табынушы болма! Әуестікке салынба! Оны Құдайдай көрме! Қайта сол шексіз махаббат қабілетіңді, шексіз махаббатқа лайық шексіз жарылқай алатын, болашақта сені бақытқа бөлейтін, қарым-қатынаста болыц, қайғысы мен қуанышыңа ортақ болған адамдарды ихсанда-рымен шаттыққа жеткізетін, сондай-ақ шексіз кемелдік иесі, тым қасиетті де киелі, нұқсандық атаулыдан ада, кемшіліксіз, мінсіз, бітпес жәмал иесі әрі барлық атаулары мен есімдері аса керемет сүлу, сондай-ақ әр есімі көріктіліктің нұрына толы, көріктілердің көріктісі, теңдесі жоқ сүлу, Жәннат барлық жақсы жақтарымен, нығметтерімен оның мейірімділік сымбатын, аса қамқор әсемдігін көрсететін және бүкіл әлемдегі көз тартар •барлық сүлулықтар мен әсемдіктер, көріктер мен қиялдар Оның жәмалына, кәмалына сым-баты мен әдемілігін меңзеген әрі дәлелдері болып табылатын біреуді өзіңе Махбуб әрі Мағбуд, яғни жансүйер әрі Табынушы деп біл!

Әй адам! Оның есімдері мен сипаттарына тиесіл^ сүю қабілетінді басқа фәни болмыс-тарға ферме! Пайдасы жоқ мақүлықтарға шашпа! Себебі: туындылар мен мақұлықтар фәни болып табылады. Алайда сол туындылар мен мақүлықтар үстінде нақыштары, сәулелері көрініп турған Есма-и Хусна, яғни әсем есімдер, мәңгілік әрі шексіз. Әрі сол есімдер мен сыпаттардың әрқайсысында мыңдаған ихсан түрлері, сұлулық пен әсемдік, кемелдік түрлері мен сүйіспеншілік бар. Сен тек Рахман есіміне назар сал: Жәннат оның бір шағылысы, мәңгі бақыт оның бір сәулесі, ал дүниедегі барлық азықтар мен нығметтер оның бір үшқыны. Осы аталған теңеу және әхли-далалет пен әхли-иманның өмір салтын, тұрмысын, атқарар міндеті жағынан мәнісіне ишарат ететін

Сондай-ақ олардың ақыры немен тынаты-нына ишарат ететін:

 

Қасиетті Құран аяттарына зер салайық. Айтылған теңеуді қаншалықты маңызды түрде баяндайды десеңізші! Бірінші аят: Он бірінші Сөзде бұл аяттың шешендік әрі ижаз-дық жақтары егжей-тегжейлі баян-далғандықтан, бүны соған жүктеп отырмыз.

Екінші аят: бүл аят қаншалықты маңызды да мәнді ақиқатты білдіретініне қысқаша ишарат етеміз. Аталған аятты тура мағынасымен алып қарайтын болсақ, былай деп бүйырады: „Әхли-далалет, яғни азғындар өлген сәтте, жер мен аспан олар үшін жыла-майды". Керісінше алып қарайтын болсақ, былай шығады: „Имандылар дүниеден қайтқан кезде, жер мен аспан оларга қарап, жылайтын болады", яғни әхли-дадалет жер мен көктің атқарған міндеттерін бекерге шығарып, мән-мағынасын түсінбей, олардың қадірін тусіреді әрі ұсталарын танымайды. Сөйтіп, олардың намысына тиіп жауыздық жасайды, Сондықтан, әлбетте, жер мен көк оларға жылау былай турсын, керісінше, жиіркенетін болады. Олар арам қатқан кезінде көңілдері көншіп, рахаттанып қалады. Ал керісінше алатын болсақ: „Аспан мен Жер әхли-иман қайтыс болған сәтте жыламсырай-ды". Себебі Әхли-иман олардың атқарған міндеттерін бағалай біледі. Шын мәнісін мой-ындап, білдірген мағыналарын иман арқылы аңғарады. „Қалай керемет жаратылған, қалай ғана тым жақсы қызмет атқаруда" дейді. Өздеріне лайық бағасын береді. Оларға Ал-лаһу Тағала атымен, оның есімдерінің айнасы деп қарап, махаббат етеді, сүйсінеді. Осы сырдан барып: Әхли-иман дүниеден көшкен-дег аспан мен жер бейне бір жылап тұрғандай жабырқау күй кешеді.

Маңызды бір сұрақ. Махаббат пен сүйіспеншілік қолымда турған нәрсе емес. Жаратылысымнан мүқтаждығым бар тәтті тағамдар мен жемістерді жақсы көремін. Ата-анам мен балаларымды сүйемін. Өмірлік жол-дасымды сүйемін. Қимас достарды сүйемін. Пайғамбарлар мен әулиелерге сүйіспеншілігім бар. Өмірді, жастық шақты сүйемін. Көктемнің сүлулығы мен дүниені сүйемін. Бұларды қалай сүймеске? Бұл махаббаттар-дың барлығын Аллаһтың сыпаттары мен есімдбріне беру дегеніміз не? Бүл қалай болғанйі?

Жауаи: „Төрт нүктеге" құлақ сал.

Бірінші нүкте. Иә, махаббат қолда тұрған нәрсе емес. Бірақ махаббатты екінші бір сүйіктіге бұру өз қолыңда, Мәселен, сүйіктіңнің кемшіліктерін көру немесе шын сүюге лайық болған басқасын ұнату арқылы.

Екінші нүкте. Жоғарыдағы айтқан сүйіктілерді „сүйме" демейміз. Оларды Аллаһ үшін Аллаһқа деген махаббатың арқылы сүюдің орны басқа. Мысал үшін, тәтті тағамдар мен жемістерді Жәнаб-ы Хақтың нығметі деп білу - Аллаһтың „рахман", „мү'мин" есімдерін сүю деген сөз, Мүндай ма-хаббат тек қана нәпсі үшін емес, Аллаһ үшін екендігін көрсететін нәрсе - рұқсат еткен мөлшердегі адал еңбегің, қанағаттылық пен шүкір. Әрі ата-анаға деген махаббатың және олардың саған деген мейірімі, сені аялап асы-рап өсіруі Аллаһқа деген махаббаттан бастау алуда. Бұл сүйіспеншіліктің Аллаһ үшін болғандығына дәлел: олардың қартайған шағында, саған ешқандай да пайдасы қалмаған кезде, тіпті, сенің қолыңа қарап қалған күндерінде оларға деген қүрметіңнің арта түсуінде.

 

Аяттың баланың ата-анаға бес турлі қүрмет көрсетуі керектігін бүйыруы ата-ананың қаншалықты қүрметке лайық, хүқықтары-ның өте маңызды екендігін көрсетеді. Ал оларды құрметтемеу, қарсы келудің жат қылық екендігі баяндалады. Ата-ана балала-рының өзінен де жақсы болғандығын тілейтіні белгілі. Баланың әкеге қарсы шығуға хақысы жоқ. Олай болса, ата-анамен балалар арасында дау-дамай боларлықтай жаратылыс-тан келген себеп жоқ. Дау-жанжал қызғанушылық пен көре алмаушылықтан өрбиді. Ал ата-ана мен бала арасында ол жоқ. Не болмаса, әділетсіздіктен жанжал шығады. Ата-анаға қарсы шығуға баланың хақы жоқ. Демек ата-анаға қарсы келіп, оларды ренжітетін бала адам бейнесіндегі хайуанмен бірдей. Ал балаларды Зат-ы Рахим-и Кәрімнің сыйы ретінде сүю, оларды мейірімге бөлеу, қызғыштай қорғау Аллаһ үшін екендігін көрсететін дәлел: балалардың өліміне бет жыртып жылау орнына сабыр сақтап, шүкір ету. „Жаратқанның менің қамқорлығыма берген сүйікті бір қүлы еді, Аллаһтың берген уақыты да біттіг менен алып, бүдан да жақсы жерге жолдады. Менің бүл қүлда азғана пай-ым бар екені рас. Негізгі жаратушысы Ол, бәрі де Аллаһтың қолында" - деп мойынсүну.

Достарға деген махаббат: егер олар иман және Салих амалдары арқылы Жәнаб-ы Хақтың достары болса, „Әлхуббу Филлаһ", яғни Аллаһ үшін сүю сырымен, ол да Аллаһ атынан болып табылады.

Ал өмірлік жарыңды Рахмет-і Илаһидің жанға жақын әрі нәзік сыйлығы ретінде сүй, махаббатынды бер. Бірақ тез бүзылып, өзгеріп отыратын тән сүлулығы үшін қызықпа! Бар-лық махаббатынды тән сүлулығына байлама. Әйелдің ең тартымды, ең тәтті сүлулығы, әйелділігіне тән жүмсақтығы, нәзіктігі және ішкі мінезінде. Ең қымбат, ең шырын жәмалы шын көңілінен келген нүрлы мейірімінде. Мейірімділік жәмалы мен ішкі мінездері бол-са, өмірінің соңына дейін сақталып, тіпті, ар-та түспекші. Сондай нәзік те латиф әйелге деген махаббат еш уақытта азаймайды. Әлгі сүйіспеншіліктің арқасында нәзік әрі әлсіз әйелге деген қүрмет сақталып қалады. Олай болмаған жағдайда, ажары кетіп, нағыз мүқтаж кезінде бейшара өзіне тиесілі сүйіспеншіліктен мақүрым қалады.

Жәнаб-ы Хақтың сүйікті қүлдары болған Пайғамбарлар мен Әулиелерге деген махаббат - Аллаһ үшін сүю деген сөз. Өмірді сүю - Өмір Аллаһтың саған берген ең қымбат қазынасы екендігін түсіну әрі оны қору. Сол қазына арқылы мәңгі де бақытты өмірге же-туге болатындығын түсіну, оны Аллаһ үшін жасалған қызметтерге жұмсау - Аллаһқа де-ген маххаббаттың белгісі. Жайдары жастық шақтың әсемдігін, балғындығын Аллаһтың шырын нығметі деп біліп сүю, оны тиімді пайдалану, шүкір ету орынды сүйіспеншілік болып табылады. Көктемнің сүлулығы Ал-лаһтың нүрлы есімдерінің ең нәзік, ең сүлу нақыштарының парақтары, Сан-и Хакимнің өнерінің ең әсем безендірілген көрмесі екендігін түсініп сүю - Аллаһтың есімдерін сүю деген сөз. Бүл дүниені Ақыреттің бақшасы, егінжайы, Аллаһтың есімдерінің айнасы, хаты әрі уақытша мейманханасы түрғысында нәпсіге берілмей сүю - Аллаһқа деген сүйіспеншіліктің белгісі.

Қорыта айтқанда, дүниені және ондағы мақүлықтарды есімдік мағынасымен емес, харіптік мағынасы арқылы сүй. „Қандай та-маша жаратылған" де. „Қандай тамаша" деме. Жүрегіңе басқа махаббаттардың орнауына жол берме. Себебі жүректің ішкі сезімдері Аллаһтың Самед айнасы әрі оған тиісті.

Деп айт

Сонымен, жоғарыда айтып өткен махаб-баттар суреттегеніміздей болатын болса, әрі өкінішсіз, әрі ләззатты болып, Аллаһқа деген махаббатты арттыра туседі. һәм орынды ма-хаббат болып табылады. һәм ләззаты мол шүкір, һәм сүйіспеншілікке толы пікір.

Мысалы: жоғары мәртебелі патша саған бір алма сыйласа,(1) бұл алмада екі махаббат және онда екі ләззат бар. Біріншісі: тәтті алма болғандықтан, жақсы көресің, алмаға тән ләззаты да бар. Бұл махаббаттың патшаға қатысы жоқ. Алманы жеген адам патшаны емес, алманы жақсы көреді. Сыйлаушы пат-шаны үмыттырады. Кейде патша ондай нәпсіқүмар махаббатты үнатпай, одан жиіркенеді. Әрі алманың дәмі өткінші болғандықтан, ләззаты қашып, өкініш қалдырады. Екіншісі: алмадағы және оны сый-лаушы патшаға деген махаббат. „Үлкен ілтипаттың белгісі" деп, алманы басына көтерген адам Патшаға деген сүйіспеншілігін де көрсетеді. Патша ілтипатының белгісі болғандықтан, бір алма мың алмадан да артық тәтті ләззат қалдырады.

(1) Баяғы бір заманда екі ру басы патшаның алдына келіпті. Жоғарыдағы мысалды айтылған жағдай шынында да болған екен

 

Сол секілді барлық нығметтер мен жемістерді тек дүниеуи жағынан бағалайтын болсақ, мұндай сүйіспеншілік нәпсіқүмарлық. Ондағы ләззаттар да өткінші әрі өкінішті. Егер Аллаһтың мейірімділік ілтипаты мен жа-рылқаушылығының жемістері ретінде сүйсе, сый-сыяпат пен жарылқауларының ілтипат дәрежесінің қадірін түсіну арқылы тәбеті тәбеті ашылып, ләззат алса, онда әрі рухани шүкір, әрі өкінішсіз ләззат алуға болады.

 

Үшінші нүкте. Жәнаб-ы^Хақтың^есімдерще деген сүйіспеншіліктің бірнеше дәрежелері бар. Жоғарыда баяндалғандай, кейде жараты-лыстарға деген сүйіспЕйшілігі арқылы Аллаһтың есімдерін сүю, бағалау. Кейде Аллаһтың есімдерінің әрбірі Аллаһтың сыпат-тары екендігін тану арқылы оған деген ма-хаббатын арттыра түсу. Кейде адам баласы жаратылысынан көп нәрсеге мұқтаж болғандықтан, Аллаһтың есімдеріне мүқтаж екендігін түсініп, оған деген сүйіспеншілігі арта түседі. Мысалы, сенің жақсы көрген ту-ысқандарыңа және кедей-кепшіктерге және басқа да көмекке мұқтаж жандарға жаның ашып тұрған шағыңда, басқа бір кісі шығып сенің ойыңдағыдай игілік жасаса, оның мейірбандығы мен жомарттығына разы бо-лып, адамның жомарттығы мен игілігіне деген сүйіспеншілігің арта туседі. Сол сияқты Жәнаб-ы Хақтың тек қана Рахман және Ра-хим есімдерін ойлап, сенің жаныңдай жақсы көрген ата-бабаларыңг туған-туысқандарың мен барлық мұсылмандарды бұл дүниеде әр түрлі нығметтермен, Жәннатта әр түрлі ләззаттарымен ләззаттандырып, сені де сол мәңгі өмірде кездестіруші „Рахман" және „Рахим" есімдерінің қаншалықты сүюге лайық және адам баласының бұл екі есімге қаншалықты мұқтаж екендігін өзің тусін. „Әлһамдүлиллаһи әла Рахманиятиһи уә әла Рахимиятиһидің" қаншалықты орынды екенін біл.

һәм, сенімен кіндіктес, қайғыңа ортақ бо-лып жүрген, былайынша айтқанда, үйің, яғни дүниені және ол үйдің күнделікті қажеттіктерімен әшекей бұйымдары болып табылатын мақүлықтарды өте хикметті турде реттеп, қүрастырып, үйымдастырып отырған Аллаһтың „Хаким" есіміне және „Мүрәбби" есіміне қаншалықты мүқтаж, қаншалықты ынтық екеніңді толғансаң, тусінесің һәм қайғысына ортақ болып, қарым-қатынаста болған адамзатты, өлер алдында жойылудан қүтқарып, мына дүниеден әлдеқайда әсем бір жерге қоныстандырған Аллаһтың „Уарис, Ба-ис" есімдеріне, „Бақи, Кәрім, Мухии және Мухсин" лақаптарына рухың қаншалықты мүқтаж екенін зерделесең, аңғарасың.

Міне, адам баласының мәнісі зор, жараты-лысы күрделі болғандықтан, мыңдаған қажеттілік түрлері мен мыңдаған Илаһи есімдерге және әрбір есімінің көптеген мәртебелеріне әу баста мүқтаж-ақ. Ал аса қажеттілік - ынтықтылық. Аса ынтықтылық - махаббат. Аса махаббат болса, ғашықтық болып табылады. Рухтың дамуына байланыо ты болған махаббаттың түрлері Аллаһтың есімдерінің мәртебесіне қарай артады. Бар-лық есімдерге деген махаббатта ол есімдер Зат-ы Зүлжәлалдың лақаптары мен көріністері болғандықтан, шынайы махаб-батқа айналады, Енді, тек, мысал ретінде, мындаған есімдерден тек „Адл" және „Ха-кем41, сондай-ақ „Хақ" және „Рахим" есімдерінің мыңдаған мәртебелерінен бір мәртебені баяндап берейік. Былайша:

Хикмет пен әділ ішіндегі „Рахмәниррахим11 және „Хақ" есімдерін кеңірек тусінгің келсе, мына мысалға қүлақ түр.

Бір әскери гарнизонда төрт жүз үлттың өкілдері бар. Әр қайсысының киімдері басқа, жақсы көретін тамақтары бөлек. Өздерінің жақсы қолдана алатын қарулары да басқа-басқа болғандығына қарамастан, төрт жүз үлт бір-бірімен араласып тұрып жатыр. Бүлардың бәрін де өте мейірімді де қабілетті, білімді де әділ бір патша ешқайсысын үмытпай, арала-стырмай, бәріне бөлек-бөлек киім, тамақ, дәрі, қару-жарақтармен қамтамасыз етіп отырса, оның қаншалықты қабілетті, мейірімді әділ бір патша екендігі түсінікті. Себебі бір түменнің ішінде он үлттың өкілдерін бөлек-бөлек киіндіріп, жабдықтау қиын болғандықтан, бәрін де бірдей жабдықтармен қамтамасыз ететіндігі белгілі.

Сол секілді Жәнаб-ы Хақтың әділет мен Хикметке толы „Хақ" және „Рахман-ир Ра-хим" есімдерін көргің келсе, көктем маусы-мында жер жүзіне шатырларын тігіп, сап түзей қалатын төрт жүз мың түрлі үлт, өсімдіктер мен хайуанат қолына назар сал. Бүл тайпалардың бәрі де бір-бірімен араласып жатқанымен, әрқайсысының киімдері басқа, тамақтары бөлек, қарулары басқа, өмір шарт-тары басқа, тәлімдері басқа. Қажеттіктеріне қол жеткізуге қабілеті жоқг талаптарын айта-тын тілдері болмағанымен, Аллаһу Тағаланың олардың ешбіреуін үмытпай, араластырмай, тәрбие етіп басқарып отырғандығын біл. Ал-ланың „Хақ11, „Рахман", „Реззақ", „Рахим", „Керім11 есімдерін таны.

Таңқаларлықтай тәртіппен, жан-жақты өлшемдермен жасалған бүл істерге басқа біреудің араласа алуы мүмкін бе? Осындай өнер мен Рубубиетке Уахид-Ахад, Хакім-и Мутлақ, Қадир-и Кулли Шейден басқа кім қол сүға алады?

Төртінші нүкте. „Менің тағамдарға, жаны-ма, өмірлік жарыма, ата-анама, балаларыма, жақындарыма, пайғамбарлар мен әулиелерге, көктем мен дүниеге деген махаббатым мен сүйіспеншілігім Қүранның әмір еткеніндей болса, қандай нәтиже береді. Не пайдасы бар?"

Жауап: Барлық нәтижелерді баяндап шығу үшін, том-том кітап жазуға тұра келеді. Әзірге қысқаша ғана бір-екі нәтижеге мысал бе-рейін.

Әуелі дүниедегі нақты нәтижелері баянда-лады. Содан кейін ақыретте ортаға шығатын нәтижелері айтылады. Жоғарыда айтылған-дай-ақ, дүние үшін, нәпсінің құлқыны үшін көрсетілген сүйіспеншіліктің бүл дүниенің өзінде пәлекеттері мен өкініштері, машақаты • өте көп. Ләззаты мен рахаты аз.

Аллаһтың атына жасалмағандықтан, ақыретте пайдасыз қалады. Егер харамға кірген болса, азапқа айналады.

Сұрақ: Пайғамбарлар мен Әулиелерге деген сүйіспеншілік қалайша пайдасыз қалады?

Жауап: Христиандардың Хазреті Иса Алейһиссаламға және Рафизилердің Хазреті Алиге (р.а) деген сүйіспеншіліктерінің пайда-сыз қалғаны секілді.

Егер ол махаббат пен сүйіспеншілік, Қүран-ның үйреткеніндей, Жәнаб-ы Хақтың есебіне, „Рахман" атына болса, онда һәм бұл дүниеде, һәм ақыретте жақсы нәтижелері бар.

Бұл дүниеде тәтті тағамдарға, жемістерге деген сүйіспеншілігің нығметтерге шүкір болғандықтан, уайымсыз ләззат аласың.

Жаныңа махаббат: оған жаның ашу, тәрбие беру, зиянды жат қылықтардан аулақ ұстау. Сол кезде жаның сені қүлқынына тұтқын етіп, мойыныңа міне влмайды. Қайта сен оны жетектеп отыратын боласың. Оны; бос нәрселерге емес, Қүдайға бағыттайсың.

Өмірлік жарыңа деген махаббат: ішкі дүни-есінің сұлулығына, мейірімді мінезіне ғашық болып, Аллаһтың бір сыйы екендігін түсінсең, жарыңды шын көңіліңмен аяласаң, ол да саған аса құрмет көрсетіп, махаббатын саған арнайтын болады. Екеуіңіздің қартайған шағыңызда жаңағы махаббатарыңыз арта түседі. Әйтпесе, тән сүлулығына қызығатын болсаңыз, ондай махаббат баянды болмайды. Отбасының шырқы да бұзылады.

Ата-анаға деген махаббат: Жәнаб-ы Хақтың есебінен болғандықтан, ол да бір құлшылық ғибадет. Әрі олардың қартайған шағында қүрмет пен махаббатыңды арттыра түсесің.

Шын жүректен, жан сезіммен олардың өмірінің үзақ болуына дүға етерсің. „Оларға деген қызметтерімнің арқасында сауап алай-ын" деп, шын көңілден көрсетілген қүрмет рухани ләззат береді.

Егер нәпсің үшін, дүние үшін жақсы көрген болсаң, олардың қартайған шағында саған ешқандай да көмегі тимей, қайта сенің қолыңа қарап қалған кезінде, қарағың кел-мейді. Ал, өмірге әкелген аяулы жандарға өлім тілеу - барып тұрған хайуандық, рухани азғындық.

Балаларыңа деген махаббат: Жәнаб-ы Хақтың сенің бақылауың мен тәрбиеңе бер-ген аманаттары деп білу бір нығмет, Олай болса, оларға қараудан ешқандай ауырлық шекпейсің, қайтыс болғанда да үмітсіз өкінішке қалмайсың.

Жоғарыда баяндалғанындай, оларды Жара-тушы һәм Хаким, һәм Рахим болғандықтан, „Олар үшін бүл өлім бақыттылық11 дейсің. Оларды саған беруші Аллаһты ойлап, қайғы мен өкініштен қүтыласың.

Жақындарыңызға сүйіспеншілік: Аллаһ үшін болғандықтан, олардың ұзақтығы, тіпті, өлімі де сіздің сүйіспеншілігіңізге бөгет бола алмайды. Мағынауи махаббат пен рухани жақындығыңыз жалғаса береді. Бірге отырып жасаған бір кундік сұхбатыңыздың ләззаты Аллаһ үшін болмаса, жүз күндік кездесе алмаумен бірдей (1). Пайғамбарлар мен Әулиелерге сүйіспеншілік қапы қалғандар үшін қараңғы, қорқынышты көрінген берзах әлемі саған нүрлы кісілердің денесімен нұрланған қонақүйлері болып көрінгендіктен, ол әлемге кетуден қорықпайсың, қайта сүйсінетін бола-сың. Бүл дүниедегі өмір ләззатын да бұзбайды. Әйтпесе, оларға деген махаббат: өздерін мәдениетті деп есептегендердің атақты адам-дарға деген құрметі сияқты болса, мазарда шіритіндіктерін ойлап, бұл дүниенің қиыншылығына тағы бір азап қосып алады. „Сондай атақты адамдарды шірітіп жоқ қылушы мазарға бір күн мен де кіремін-ау" деп, зираттарға қорқа қарап, „аһ" ұратын бо-лады. Әуелгі көзқарастағы адам тәні мазарда қалғанымен, өздері берзах әлемінде рахат де-малатындығын ойлап, зираттарға жылы қарайды. Дүниедегі керемет жаратылыстарға „Қандай тамаша жаратылған!" деген мағынадағы сүйіспеншілік Аллаһ үшін екен. Ондай махаббаттан сұлулығына табынушы нәпсінің назарын одан да жоғары, одан да өткен киелі сұлулықтың көмбесіне аударады.

(1) Аллаһ үшін болған бір секунд сұхбат бір жылға тең, дүние үшін болса, бір жыл бір секундпен бірдей.

 

Себебі: ол тамаша туындылар Аллаһтың сүлу да әдемі істеріне назар аудартады. Ол жерден Аллаһтың есімдерінің сұлулығына, Аллаһтың сыпаттарының әдемілігіне, ол жерден де Зат-ы Зүлжәлалдың Жәмалына қарсы жүрегіңізге жол ашады.

Міне, махаббат осындай болғанда ғана ләззатты әрі ғибадет һәм толғану болып табы-лады. Жастық шаққа махаббат: Жәнаб-ы Хақтың нығметі ретінде көрсең, жастық шақтың күшін, әлбетте, құлшылыққа, ғибадатқа жұмсайсың. Бостан-босқа өлтірмейсің. Олай болса: Жастық шақта жа-саған қүлшылық - жастық шақтың мәңгілік жемістері. Жасың ұлғайған сайын мәңгілік жемістерді қолыңда үстап, жастық шақтың буынан, зияндарынан қүтыласың. Қартайған сайын қүлшылық ғибадеттерді көбейтіп, Ал-лаһтың мейіріміне жақындай түскеніңді ойлайсың. Қапы қалғандар секілді бес-он жылдық жастық шақтың ләззатына қарсы қартайған шағында: „Ойбай, жастық шағымыз, кетті!" - деп, байбалам салып жы-ламайсың. Осындайлардың біреуі:

 

яғни: мШіркін-ай, жастық шағым бір күн қайта айналып келсе ғой, Кәріліктің басыма қаншалықты қиын халдер әкелгендігі жайлы шағым айтар едім11 деген екен.

Көктемге деген махаббат: Аллаһтың өнеріне деген сүйіспеншіліктен бастау алғандықтан, көктем кеткенімен, оны тама-шалаудың ләззаты қалады. Себебі: көктем хат тәрізді оюлы жазу, мағыналарын әр уақыт та-машалауға болады. Сенің қиялың мен уақытың екеуі де кинолардың таспасы секілді саған көктемнің мағыналарын, сулулығын әр уақыт жаңадан қайталап отырады. Сон-дықтан сүйіспеншілік ләззаты сапалы болады.

Дүниеге деген сүйіспеншілік: Аллаһтың есебіне болғандықтан, дүниедегі қорқыныш беруші құбылыстар саған таныс достар сияқты көрінеді. Ақыреттің бақшасы, егінжайы ретінде танығандығың үшін, пайда-лы жемістер ала аласың. Бәлелер мен қайғылар сені қорқыта алмайды. Қиыншылықтары да саған салмақ бола ал-майды. Бұл қонақүйдегі саған бөлінген уақытты көңілді де рахат өткізесің. НеМесе қапы қалғандар секілді сүйіспеншілік кәрсе-тетін болсаң, саған жүз рет айтқанымыздай, азапты әрі жан қинайтын һәм нәтижесіз сүйіспеншілікке батып кетесің.

Міне, жаның сүйген кейбір нәрселерді Құранның үйреткен жолымен сүюдің игі жақтарының жүзден бірін ғана көрсеттік. Ол сүйіспеншілік пен махаббат Қүранның көрсеткен жолында болмаған жағдайда, жүздеген зияндарының біріне ғана ишарат еттік, Қазір де осы сүйіктілеріңнің мәңгілік бақыт жерінде, ақырет әлемінде Қүран-ы Ха-кимнің аяттарында ишарат еткен нәтижелерін естіп, тусінгің келсе, „Кіріспе" және „Тоғыз ишареттің" жүздеген пайдалары-нан біреуін қысқаша баяндаймыз.

 

 

КІРІСПЕ

Аллаһу Тағала өзінің жәлил Улухиетімен, жәмил рахметімен, кәбир рубубиетімен, кәрім рефетімен, азим қүдіретімен, латиф хик-метімен мына кішкене адам бойын мұншама сезімдермен, мұншама жиһаз, аспаптармен, сан-алуан мүше, қүрал-жабдықтармен, түрлі-түрлі ой-өріс, рухани байланыстармен қамтамасыз етіп әшекейлеген, ондағы мақсаты - өзінің шексіз сан-қилы қызметтерін, исхандарының түрлерін, рақымдылығының дәрежелерін әлгі адам ба-ласына бойындағы көптеген сан-алуан аспап-тарды қолдана отырып сездіру, білдіру, таттыру, таныстыру. Әрі мың бір есімнің сан-алуан құбылыстарын әлгі аспаптар арқылы адам баласына білдіру, таттыру, сүйсіндіру. Аталған адам бойындағы көптеген құрал-жаб-дықтар мен жиһаздардың әрқайсысының атқаратын бөлек-бөлек қызметі, өзіндік құлшылығы бар, сол сияқты бөлек-бөлек ләззаты, уайым-қайғысы, атқарар міндеті мен өзіндік ақысы бар.

Мысалға көзді алайық. Ол суреттердегі сүлулықтарды, қоршаған ортадағы қүдірет мұғжизелерінің түрлерін тамашалайды. Міндеті болса ғибратты назар салып, яғни Санинына, Үстасына толғана шүкіршілік ету. Назарға тиесілі ләззат пен уайым-қайғы мәлім болғандықтан, түсіндіріп жатудың қажеті жоқ.

Мысалға: қүлақ дауыс атаулының түрлерін, нәзік саздарын, дыбыстар әлемінде Аллаһу Тағаланың рахметінің күйлерін естиді. Басқа бір құлдығы, басқаша бір ләззаты, өзіндік бір сыбағасы бар.

Мысалға: Мұрын. Иістер әлеміндегі рах-меттің жүпар иісін сезеді. Өзіндік шүкір ету міндеті мен ләззаты бар. Әрине, алатын сы-бағасы да бар.

Мәселен: Тіл. Бүкіл тағамдардың дәмдерін тату арқылы көптеген шүкіршілік қызметін атқарады, т. с. с.

Адам бойындағы барлық жиһаздардың, яғни көңіл, жүрек, ақыл, рух сияқты маңызды сезімдердің атқарар бөлек-бөлек міндеттері, алатын ләззаттары бар. Міне, Жәнаб-ы Хақ, Хаким-ы Мутлақ адам бойындағы қолданы-лып жүрген осы аталған жиһаздардың әрқайсысына лайық ақыларын беретін бола-ды. Сан-алуан, түрлі-түрлі құштарлықтардың айтып өткен дүниедегі нақты нәтижелерін әркім-ақ сезіп жүр. Оны шүбәсіз мақұлдайды. Ақыреттегі нәтижелеріне келетін болсақ, олардың анық әрі іске асатындары жайында Оныншы Сөздің он екінші ақиқатымен қысқаша түрде және Жиырма тоғызыншы Сөздің алты дана негіздерімен дәлелденгені сияқты, Қасиетті Қүран қысқаша:

 

деген ашық аяттарымен түсіндіріп, көрсетіп, ишараттап бергендіктен, толық бекітілген, одан басқа айғақ ұсынып баяндаудың реті жоқ. Оның үстіне басқа „Сөздерде" әрі жүмақ жайында жазылған Жиырма сегізінші Сөздің арабша бөлімінің екі мақамында, сон-дай-ақ Жиырма тоғызыншы сөзде көптеген айғақтар баяндалған болатын. Бірінші ишарат. Тәтті тағамдар мен тіл үйіретін жемістерге деген шүкіршілік сарп етілген орынды махаббаттың ақыреттегі нәтижесі, Құранда айтылғандай, дәмді тағамдар мен әдемі жемістер болып жәннатқа лайық бір турде берілетін болады. Сол тағамдар мен жемістерге ынтыға құмарту, тіпті, дүниеде жеміс жер кезде айтылған „Әлхамдулиллаһ11 сөзі жәннат жемісі түрінде денеге айналып, қайтадан саған ұсынылатын болады. Мұнда жеміс жейсің, онда „Әлхамдуллаһ" жейсің. Әрі берілген нығметтерді, тағамдарды Аллаһтың жа-рылқауы, Рахманның ілтипаты деп білгендіктен, . сол ләззаты мол мағынауи шүкір, жәннатта өте тіл үйіретін дәмді тағам турінде саған берілетіні Хадис болсын, Құран-ның ишаратымен болсын, хикмет пен рах-метінің талабы болсын - анық.

Екінші ишарат. Дүниедегі жаныңа деген орынды түрдегі махаббаттың нәтижесі, оның әдемілігі емес, қайта нүқсандықтарын көріп, жанашырлықпен оның кемшілігін жоюға, тәрбиелеуге, жақсылыққа бағыттаудың нәтижесі; сол жанға сай хош нәрселер жәннатта берілетін болады,

Нәпсі дүниеде әуестік пен қумарлығын Құдай жолында дұрыс қолданған екен әрі жиһаздар мен сезімдерін тиімді түрде пайда-ланған екен, олай болса, Кәрім-і Мутлақ оған дүниедегі орынды әрі қулшылық ету жолында сарп етілген махаббаттың нәтижесі ретінде Жәннатта, жәннаттың жетпіс түрлі әдемілік пен нәзіктіктің өрнектері болып табылатын жетпіс алуан көйлек кигізіп, нәпсінің барлық құмарлықтарын қандыратын, көңілін көншітетін әсемдіктің жетпіс турімен бойын сылап; әр қайсысы тірі, шағын бір жәннат тәрізді хор қыздарын, әлгі мәңгі әлемде бе-ретіні көптеген аяттармен анықталып, дәлелденген,

һәм дүниеде жастық шаққа деген махаб-бат, яғни жастықтың күш-жігерін ғибадатқа сарп етудің нәтижесі - бақыт әлемінде мәңгі бітпес жастық шақ.

Үшінші ишарат. Жұбайына деген заңды махаббат, яғни оның мейірімділігіне, нәзіктігіне, әдемі мінез-қүлқына деген шы-найы сүйіспеншілік арқылы оны жат қылықтардан, басқа да күнәлардан сақтаудың ақыреттегі нәтижесі болса; Рахим-ы Мутлақ әлгі өмірлік жұбайын хор қыздарынан әлдеқайда сүлу, өте сәнді әрі көз тоймас көрікті етіп, зәулім мәңгі бақыт сарайында мәңгілік жолдас және бастан кешкен дүние-лік оқиғаларын бір-біріне шаттана айтып, ес-теліктерін, өткен күндерді ойлап сырласатын дос, сондай-ақ сезімтал да мәңгілік айырыл-мас жұбай, сүйікті де сүйкімді жансерік түрінде қайтарып беретінін уәделеп отыр. Әлбетте, уәдесін бүлтартпай орындайтын бо-лады.

Төртінші ишарат. Ата-анағаг балаға деген занды махаббаттың нәтижесіне келетін болсақ, Қасиетті Құранның айтқанындай, Аса қамқор бір Аллаһ, олардың мәртебелері әр түрлі болса да, ондай бақытты отбасын мәңгілік әлемінде қайта қауыштырып, пәк әрі қызықты сүхбат және жәннатқа лайық мусылманша қарым-қатынас сыйлайтын болады.

Сондай-ақ? он бес жасқа толмай, яғни хадд-ы булуғқа жетпей көз жүмған балалар   деп аталатын жұмақ балалары түрінде, жәннатқа лайық бейнеде, сүйкімді де әдемі пішінде жәннатта да ата-аналарының қүшағына берілетіні, ата-аналары да бала сүю құмарлығын басып, сондай мәңгі өшпес ләззат пен рахатқа бөленетіні тағы бар. Өйткені балалар діни жауаптылық арқаламағандықтан, мәңгі сүйкімді балалар болып қала береді. Дүниедегі әртурлі қызықты ләззаты көп нәрселердің ең жақсысы жәннаттан табылады. Ескі де тым тәтті балажандық, яғни балаларын сүйіп ерке-лету сезімі, жәннат нәсілді көбейту жері емес болғандықтан, жәннатта ондай. сезімге орын жоқ деп айтылып келді. Міне, мұндай жағдайда ол да болады екен. Енді бүл - бала-сы жастай өліп кеткен ата-аналарға сүйінші.

Бесінші ишарат. „Әл-хуббу филлаһ" үкіміне сай, жөнді, салих сүйікті жандарға деген ма-хаббаттың нәтижесіне келер болсақ, жәннатта   деп аталатын бір-біріне қарама-қарсы орна-ласқан жұмсақ орындықтарда отырып, тәтті сұхбат, жарасымды әңгіме-дүкен, көңідді оқиғаларды, ескі естеліктерді бір-біріңе айтып, шаттанатындары, әрі ол шаттық қоштасу дегенді білмейтін мәңгі ыстық сезіммен сүйікті жандарымен қауышатыны Қасиетті Қүранда нақты білдірілген.

Алтыншы ишарат. Құранның айтқанын-дай, Пайғамбарлар мен Әулиелерге махаббат-тың нәтижесі - әлгі Пайғамбарлар мен әулиелердің шапағатынан берзахта, хаширде пайдалана отырып, олардың жоғары мәртебелі дәрежелерінен, даналығы мен фейіздерінен әлгі махаббат саясында фейіз алу

Иә сырына орай, қарапайым адам жоғары мәртебеге, өзі сүйген жоғары мәртебелі кісінің арқасында оған тәуелді болу арқылы шығады.

Жетінші ишарат. Сүлу нәрселерге, қүлпырған, көктемге деген занды махаббатың - „қалай жақсы жасалған11 деген назармен сол жаратылыстардың арқасында жарату ісінің әсемдігін, реттілігін, сол жүйелі іс-әрекеттердің арқасындағы әсем есімдердің және сол әсем есімдердің арқасында сипат-тың әсемдігін сүюдің нәтижесі; мәңгілік әлемінде әлгінде көрген туындылардан әлдеқайда көркем түрде есімдердің көріністерін әрі сол есімдегі жәмал мен сипа-тын жәннатта көру. Тіпті, Имам-ы Раббани-дың (р.а) дегеніндей: „Жәннаттің әсемдіктері

- әсем есімдердің сәулелерінің денеге айналған түрлері." Ойлан!

Сегізінші ишарат. Дүние ақыреттің егін да-ласы, Илаһи есімдердің айнасы, деген. Міне, дүниенің осы екі әсем жүзіне деген толғана жасалған махаббаттың ақыреттегі нәтижесі; Дүниенің үлкендігіндей, бірақ фәни дүниеге ұқсамайтын мәңгі жәннат берілетін болады. Сондай-ақ дүниеде тек көмескі көлеңкелері көрінген есімдер, әлгі жәннәттың айналарын-да тым жарқын түрде көрсетілетін болады, һәм дүниені ақыреттің егін даласы деп сүюдің нәтижесі; Дүниені шыбықтай (питом-ник), яғни тек көшеттерді белгілі дәрежеге дейін өсіретін шағын бір алқабы ретінде сүйгенде, одан жәннат шығады. Ол жерде дүни-елік адам бойындағы ішкі-сыртқы сезімдер сезімдер шағын көшеттер болып, жәннатта өте керемет турде дамып, дүниеде тұқым тәрізді болған бейімділіктер, ләззаттар мен ке-мелдіктердің турлерімен бүршік атып, иесіне берілетіні Аллаһтың рахметі мен хикметінің талабы әрі Құранның ишаратымен бекітілген нәрсе.

һәм, ондай махаббат, барлық қателіктің анасы болған дүниеқүмарлық емес екен, керісінше, Аллаһтың есімдерімен, ақыретпен қатысты екі жүзін, есімдер мен ақырет үшін сүйген екен, әрі ғибадат ойымен әлгі жүздерді ретке келтірген екен; әлбетте, дүние үлкендігіндей ақы алуы, рахмет пен хик-меттің талабы, һәм оны ақырет үшін, оның егін даласы деп сүйген екен, һәм Аллаһу Тағалаға деген сүйіспеншілік арқылы оның есімдерінің айнасы деп сүюг әлбетте, дүние сияқты үлкен жақсылық қалайды. Ол да дүние сияқты кең Жәннат.

Сүрақ: Мұнша үлкен әрі кең байтақ жәннаттың керегі не?

Жауап: Мәселен, сен, жолын тауып қиял жылдамдығымен жер жаһанды, аспан әлемін кезсең, „Бүкіл әлем менікі" дей аласың. Ол жерде періштелер мен адамдар, жан-жануар-лардың болуы сенің ол ойыңа ешқандай әсер етпейді. Сол сияқты манағы жәннат та толы болса, „Бүл жәннат менікі" дей аласың, Хади-сте: „Кейбір әхли-жәннатқа берілген бес жүз жылдық жәннат" деген осы. Бүл Жиырма сегізінші Сөзде баяндалған болатын.

Тоғызыншы ишарат. Иман және Аллаһқа деген сүйіспеншіліктің нәтижесінде әхли-кәшф пен шыншылдар бір ауыздан былай дейді: Дүниеде мың жыл шаттық өмір сүру, жәннаттың бір сағатына жетпейді. Жәннаттың мың жылдық тұрмысы киелі де ұлы, нүқсандықтан ада, жәмал мен асқан кемелдіктің иесі Зат-ы Зүлжәлалды бір сағат тамашалауға жетпейді. Міне, осындай тамашаға куә болатындары (1) шүбәсіз хадистер және Құранның хабарымен расталған.

Хазіреті Сүлеймен (Ғ.С) сияқты ке-мелдігімен аты шыққан мәшһүр бірісін көруге қүмарту, Хазіреті Жүсіп (Ғ.С) сияқты көркімен аты шыққан біреуді көру қүштар-лығы әркімде бар. Апырым-ай, дүниенің бүкіл әсемдіктері мен кемелдіктерінен мың есе көркем жәннаттың барлық әсемдіктері мен кемелдіктері, жәмалы мен кемалының шағылысы болып табылатын Аллаһты тама-шалау неткен ғанибет, қызығарлық, әрі оны көру қаншалықты асқақ арман, ынтығарлық іс екенін таразылай алсаң қане...

 

 

(1) Хадиске сүйене отырып, сондағы тамаіпалау; жәннаттағы ләззаттардан әлдеқайда жоғары екені сондай, олар естен шығып кетеді. Тамашалаудың соңында көрген кісілердің көз тоймас көркі одан әрі артып, тіпті үйлеріне қайтқан кездерінде, отбасы оған күмәндана қарап, әрең танитын болады.

 

 

(Он төртінші лема)

Екінші бөлім

„Бисмиллаһиррахманирраһимньщ" мыңдаган сырларынан алты сыры баяндалмақ.

Ескерту: „Бисмиллаһты11 мейірімділік жағынан алып қарағанда, оның жарқын нұры күңгірт, таяз ақылыма үзақтан шалынды. Қолыма қалам алып, әлгі көргендерімді өзіме деп, нота түрінде түртіп қойғым келді. Сөйтіп, сол нүрға арнап жиырма-отыз сөз жазсам дедім. Ойым аулап, түсаулап қою. Алайда, өкінішті-ақ, ойымды толық іске асыра алма-дым. Жиырма-отыз деп жүргенімде, әзірге қолымда бес-алтауы ғана бар.

„Әй, адам" деген кезде, нәпсімді мегзеп отырамын, Бүл дәріс өзіме арналған болатын, бірақ жаныма жақын көзі ашық, көкірегі ояу жандарға, бәлкім, пайдасы тиер деген ниет-пен бүл жазбама „Он төртінші сәуленің екінші бөлімі" деп айдар тағып, зерек бауыр-ларым жөн көреді деп жіберіп отырмын. Бүл дәріс ақылдан гөрі көңілге қонады, дәлелден гөрі сезімге жақын.

 

Бұл бөлімде бірнеше сыр баяндалмақ.

Бірінші сыр: Бірде „Бисмиллаһиррахманир-рахимнің" жарқын сәулесін көрдім. Былайша:

Бүкіл әлемде, жер жүзінде, адам тұлғасында бір-бірімен тығыз байланысты, бір-бірінің үлгісі деуге болатын үш дана Рубубиет таңбасына куә болдым.

Бірі: Бүкіл әлемді жаппай алып қарағанда, араларында жәрдемдесу, арқа сүйеу, жақындық, байланыс көрінеді. Міне, бұл Улу-хиеттің таңбасы болып, „Бисмиллаһпен11 қатысты құбылыс.

Екіншісі: Жер бетіндегі өсімдік пен жану-арлар әлемін үйлесімді етіп, тәрбиелеп отырған басқарма істерінде көрінетін ұқсастық, үйлесімділік, реттілік, біркелкілік, жанашырлық пен мейірімділік. Міне, бүл - Рахманиеттің ұлы таңбасы „Бисмил-лаһиррахманмен11 қатысты қүбылыс.

Үшіншісі: Адамның толық мәнісін алып қарағанда, оның өзіндік тұлғасында қамқорлық, жанашырлық сезімі және Ал-лаһтың аса мейірімділік нурлары көрінеді. Міне, бұл - Рахимиеттің ұлы таңбасы. Ол - „Бисмиллаһиррахманиррахимдегі" „Әррахим-мен" байланысты қүбылыс. Демек, әлемді бір параққа теңейтін болсақ, „Бисмиллаһиррах-манниррахим11 парақтағы Әхадиеттің үш таңбасынан құралған нұрлы жолдың қасиетті лақабы болып табылады. Және ол - берік бір арқан, жарқын бір сызық. Басқаша айтқанда, „Бисмиллаһиррахманирахим11 жоғарыдан келіп, әлемнің жемісі әрі оның кішкене өрнегі болып табылатын адаммен ұштасады. Жерді ғарышпен байланыстырып тұрады. Ол - адамгершіліктің жоғары мәртебесіне бас-тайтын жол.

Екінші сыр: Қасиетті Құран толассыз мақүлықтардағы айқын Уахидиет сырын ойлаған ақылдар туңғиыққа батып кетпесін деп, әрдайым әлгі Уахидиет сырын баяндарда Әхадиет сәулесін көрсетіп отырады. Яғниг мы-салға, Күн өзінің сәулесімен шексіз нәрселерді қамтиды. Күнді жарық сәулесімен бірге толық зерттеу үшін, тым терең ой мен назар қажет болғандықтан, Күннің өзін умыт-тырмау үшін, әрбір жылтырақ нәрсе Күнді шағылыстырып көрсетеді. Әрбір жылтырақ нәрсе қабілетіне қарай куннің сәулесімен бірге оның жарық, жылу сияқты қасиеттерін көрсетіп отырады. Сондай-ақ әрбір жылты-рауық нәрсе куннің барлық сипатын өзінің қабілетіне қарай көрсететіні сияқты, күннің жарық, жылу және сәулесіндегі жеті тус секілді ерекшеліктерінің әрқайсысы барлық нәрселерді қамтып тұрады. Сол сияқты теңеуде қате болмасын - Аллаһтың Әхадиет пен Самедиет сипаттарының әрбір нәрсенің жүзінде, әсіресе, тіршілік иелерінде, оның ішінде адамның айна тәріздес жараты-лысында барлық есімдерімен бірге бір сәулесі болатыны сияқты, Уахдет пен Уахидиет жақтарымен де болмыс атаулымен байланыс-ты әрбір есімі болмыс атаулыны қамтып тура-ды. Міне, ақылдар Уахидиет сырын аңғарсын, көңілдер Зат-ы Ақдесті ұмытпасын деп, Уахи-диеттегі Әхадиеттің таңбасын әрдайым еске салып отырады. Сол таңбаның маңызды үш өзегін „Бисмилләһиррахманиррахим" көрсе-теді.

Үшінші сыр: Мына он сегіз мың әлемді жайнатып турған сөзсіз түрде қамқорлық яғни Рахмет. Әрі мына қараңғы әлемді құлпыртып отырған күмәнсіз түрде сол Рах-мет. Жоқтықтан ішегі айналған шексіз мақүлықтарды жетілдіріп, өсіріп отырған шүбәсіз тағы сол Рахмет болып табылады. Ағаш барлық тәнімен жеміске бағытталғаны сияқты, бүкіл әлемді адамның игілігіне бағыттап, жан-жақты бас идіріп, көмекке жіберіп отырған нақ Рахметтің өзі. Сондай-ақ мына шексіз кеңістікті және ессіз бос әлемді нұрға бөлеп, әшекейлеп, толтырып қойған Рахмет екені көзге көрінгендей айдан анық. Әрі мына фәни адамды мәңгілікке шақырып, оны ынталандырып және әзели де әбеди, яғни бастаусыз да шексіз біреуді тыңдаушы әрі оған дос жасаған, әлбетте, Рахметтің нақ өзі.

Әй, адам! Рахмет осындай қуатты әрі тар-тымды, сүйкімді әрі медет беруші жағымды ақиқат екен, олай болса „биссмил-лаһиррахмәниррахим" де. Осы ақиқаттан мықтап ұста! Сөйтіп, үрей мен қорқыныштан, мұң-мүқтаждықтың қайғыла-рынан құтыл! Әлгі Әзәл мен Әбед Сұлтаны-ның тағына жақында, әрі сол рахметтің мейірімімен, шуағымен сол Сұлтанға дос әрі тыңдаушы бол!

Рас, әлемдегі сан-алуан нәрселерді хикметті түрде адам баласының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, айналасына асқан реттілікпен, жүйелі түрде жинап, қол ұшын бергізу, бас идіру міндетті түрде екі жағдайдың бірі, я әлемдегі әрбір түр өздігінен адамзатты танып, бас иіп көмектесіп отыра-ды. Әрине, бұлай болуы - ақылға сыймайтын жөнсіздік. Адам сияқты өте дәрменсіз мақұлықта құдіреті күшті Сұлтанның қуаты болуы қажет. Не болмаса, мына әлемнің пердесінің артында бір Қадир-ы Мутлақ өзінің ілімімен мына демеуді жасап отыр. Демек, әлемдегі түрлер адамды танымайды, керісіншё, адамды танитын, білетін, жанашыр біреу оны таниды, біледі. Бұл соның айғағы.

Әй адам! Ақылға кел! Мақұлық атаулының турлерін саған бағыттап, көмекке жіберіп, оларды мұң-мұқтаждықтарыңа „Ләббәйк" дегізген Зат-ы Зүлжәлал сені білмеуі, таны-мауы, көрмеуі әсте мүмкін бе? Жо-жоқ, ол сені біледі, әрі білетінін мейірімділігімен та-нытуда. Олай болса, сен де біл. Білетініңді қүрметтеу арқылы білдір. һәм мынаны анық түрде біліп қой: сен сияқты мүлдем әлсіз, тым дәрменсіз, өте пақыр әрі фәни мақұлыққа алып әлемді қызметші, көмекші жасау, әлбетте, хикмет пен қамқорлық, ілім мен қүдіреттен тұратын Рахметтің ісіг оның ақиқаты, Әлбетте, мұндай бір рахмет, сенен ауқымды әрі шынайы шүкір және кіршіксіз де адал құрмет талап етеді. Сол шынайы шүкір мен адал қүрметтің тәржімесі әрі лақабы болып табылатын „бисс-милләһиррахмәниррахимді'1 айт. Оны рахмет-ке қауыштыратын үйтқы, әлгі Рахманның алдында шапағатшы жаса.

Иә, әлемде Рахметтің бар екені, онын, рас екені айдан анық көрініп тур. Қалай десеңіз, ортада орналасқан бір кесте жан-жақтан ке-летін жіптердің реттілік пен жүйелілігінен пайда болатыны белгілі, сол сияқты мына әлем атты үшы-қиырсыз кеңістікте мыңдаған Илаһи есімдерінің шуағынан ирілген нұрлы жіптер, әлемнің жүзіне Рахметтің таңбасының ішіне Рахимиеттің мөрін және қайырымдылықтың таңбасын тоқығаны сон-дай, ол таңба күннен бетер жарқылдап, өзін ақылдарға көрсетуде. Рас, Күн мен Айды, эле-менттер мен жер асты қазбаларын, өсімдіктер мен жануарларды бейне бір кес-тенің тоқыма жіптері тәрізді әлгі мыңдаған есімдердің шуақтарымен ретке келтіріп, тіршілікке қызмет еттіріп отырған және өсімдік болсын, хайуан болсын, олардың ана-ларындағы жанкешті мейірбандықтары арқылы өзінің асқан мейірімділігін көрсеткен, сондай-ақ тіршілік иелерін адамзаттың игілігіне, оның тіршілік етуіне қызметші етіп, сол арқылы Илаһи Рубубиеттің аса керемет, шырын әрі әдемі үльі нақышын,- адамның маңыздылығын көрсеткен және өзінің жарқын рахметін байқатқан Рахман-ы Зүлжәлал, әрине, өзінің тасыған байлығына тым мүқтаж тіршілік иелері мен адам баласы-ның жетуі үшінг өзінің рахметін қабыл болғыш бір шапағатшы жасаған.

Әй, адам! Адам болсаң, „бисс-милләһиррахманиррахим11 де. Әлгі ша-пағатшыны тап. Иәг жер бетіндегі төрт жүз мың сан-алуан өсімдіктер мен жануарлар әлемін, ешқайсысын үмытпай, жаңылыспай, дер кезінде, аса тәртіпті де хйкметті түрде, жанашырлықпен жетілдіріп, басқарып отырған, сондай-ақ Жер жаһанның жүзіне Әхадиеттің таңбасын басқан әлбетте шүбәсіз, міндетті турде ап-анық Рахметтің өзі. Аталған рахметтің бар екендігі мына жер жүзіндегі болмыс атаулының бар болғаны сияқты анық. Тіпті, жер бетінде қанша болмыс болса, рах-меттің бар екенін растайтын дәлелдер де сон-ша.

Расг осындай Рахмет таңбасы, Әхадиет мөрі жер жүзінде болғаны сияқты адамның мағынауи болмысында да сондай бір рахмет таңбасы бар. Ол таңба, жер бетіндегі мейірімділік таңбасы мен бүкіл әлем жүзіндегі Рахметтің ірі таңбасынан кем емес. Ол бейне бір мың бір есімнің шағылысының тусіп тұрған нүктесі тәрізді күрделі-ақ.

Әй, адам! Саған мына түлғаны берген, әрі ол тулғаға осындай Рахмет таңбасы мен Әхадиет мөрін басқан Аллаһ, сені бос қоя бе-руі, саған мән бермеуі, сенің жүріс-тұры-сыңды бақыламауы, саған мойынсүнған бүкіл әлемді түкке турғысыз босқа жаратуы, әрі са-пасыз бір шірік ағашқа айналдыруы әсте мүмкін бе? һәм, титтей де болсын шүбә жу-ытпайтын, нұқсандықтан ада, өзінің анық рахметін, жарқырап көрінген айқын хик-метін жоққа шығаруы мүмкін бе? Жо-жоқ мүмкін емес.

Әй, адам! Біліп қой! Әлгі Рахметтің шығу жолында бір мираж бар. Ол - „бисс-милләһиррахмәниррахим" болып табылады. Осы бір мираж қаншалықты маңызды екенін білгің келсе, Қасиетті Құранның жүз он төрт сүресінің бас жақтарына қара. Имам-ы Шәфи (Р. А.) тәрізді Ислам ғұламалары былай деген екен: „Биссмилләһты" өзінше бір аят деп қарайтын болсақ, Құран-ы Кәрімде жүз он төрт мәрте аян болған екен". Міне, бұл сөз биссмилләнің қаншалықты қасиетті екенін көрсетеді.

Төртінші сыр: Он сегіз мың әлем ішінде Уахидиеттің шағылысы, тек деген үндеу әркімге жеткіліксіз. Ои сан-саққа жүгіреді. Пікір бытырап кетеді. Жиын-тығындағы Уахдет артындағы Зат-ы Әхадиетті үғынып, деу үшін Жер шары көлеміндей бір жүрек қажет, Сондықтан үсақ нәрселердегі анық көрінген Әхадиет таңбасын көрсеткені сияқты, әрбір түрде Әхадиет таңбасын көрсе-ту және Зат-ы Әхадты үғындыру үшін, Рахма-ниет таңбасы ішінде бір Әхадиет таңбасын көрсетіп отырады, Ондағы мақсаты әркім кез-келген жерде қиналмастан деп, бірден Зат-ы Ақдеске үн қатып, оған бет бүрсын дегені. Міне, Қүран-ы Хаким осы бір ауқымды сырды іусіндіру үшін, бүкіл әлемнің кеңістігінен, мысалға, аспан мен жердің қалай жаратылғанын баяндағанда, кенет өте тар алаңнан әңгіме қозғайды. Ондағы мақсаты - Әхадиет таңбасын анық түрде көрсету. Мәселен, аспан мен жер туралы аят-та адамның жаратылысынан және оның дауы-сынан, тұлғасындағы нығмет пен хикметтің күрделіліктерінен әңгіме қозғайды, Осылайша пікір бытырамай, жүрек туншықпай, рух өзінің Мағбудын бірден таба қояды, Мәселен,

 

аяты, жоғарыда аталған ақиқатты мүғжизалы түрде көрсетеді. Рас, сансыз мақұлықтардағы және шексіз көп Уахдет таңбаларының өзара шеңберлер тәрізді ең үлкенінен бастап, ең кішкенесіне дейін түрлері мен мәртебелері бар. Алайда әлгі Уахдет, қанша дегенмен, көпшілік ішінде бір Уахдет болғандықтан, нағыз үндеу қызметін толық атқара алмайды. Сондықтан уахдет артында Әхадиет таңбасы болуы қажет. Сонда кесрет ойға келмейтін болады. Зат-ы Ақдеске қарай жүрекке тура жол ашылады. һәм, назарларды Әхадиеттің таңбаларына аудару, жүректі баурау үшін әлгі Әхадиет таңбасы үстіне өте тартымды бір нақыш әрі өте жарқын бір нүрг шырындай тәттілік, өте сүйкімді бір жәмал, өте күшті ақиқат болып табылатын Рахмет таңбасын қойған. Иә, сол рахметтің қуаттылығы ғой саналы мақүлықтардың назарын өзіне тартып әкететін әрі Әхадиет таңбасына жеткізетін. Әрі сол ғой Зат-ы Әхадиені үғындыратын, Осылайша деген аяттағы нағыз үндеуге бөлейді. Міне, „биссмилләһиррамәниррахим" Фатиханың мазмұны, Қүранның қысқартылған жиынтығы болғандықтан, осы аталған терең сырдың лақабы әрі тәржімесі болған. Бул лақапты иеленген адам рахметтің мәртебелерінде шалқақтай алады. Әрі осы тәржімені сөйлеттірген Рахметтің сырларын біліп, Рахимиеттің нұрлары мен мейірімін көреді.

Бесінші сыр: Бір киелі хадисте былай деп айтады:   (немесе осыған ұқсас). Бұл хадисті кейбір әхли-тарихат иман негіздеріне қайшы келетін оғаштау түрде тәпсір етіпті. Тіпті, олардың әхли-ғашық бірқатары адамның мағынауи тұлғасына Рахманның суреті деп қараған. Мұндай ғашықтар тобы, көбінесе истиғрақ әрі илтибас, яғни ауыстырып алушылар мен терең ойға шомып кетіп шатастырып жүретіндер, ақиқатқа керағар ойшылдар тусініктерінде бәлкім кешірімді, бірақ ақылы барлар олардың иман негіздеріне қайшы тусініктерін саналы түрде қабылдамауы қажет. Қабылдаса, қателеседі. Иә, бүкіл әлемді бейне бір зәулім сарай, бір үй тәрізді жуйелі турде басқарып отырған және жүлдыздарды молекулалар сияқты хикметті әрі оңай айнал-дырып, сонымен қатар кездіріп, әрі зәррелерді, яғни молекулаларды тілалғыш қызметшілер тәрізді жүмсап отырған Илаһи Зат-ы Ақдестің серігі, теңдесі, қарсыласы, үқсасы болмаған әрі болмайды, сол сияқты аятының сырына сүйене отырып, оның су-реті, жақыны, үлгісі мен өрнегі болуы мүмкін емес. Алайда аятының сырына және тәмсіліне сүйеніп, оның атқарған істеріне, сипатына, есімдеріне қарауға болады. Демек, іс-әрекетіне назар аудару мақсатымен, мысал, өрнек, тәмсіл келтіруге болады.

Енді әлгі киелі хадистің көптеген мақсаттарынан біреуін ғана алайық. Оның мағынасы: Адам Рахман есімін толық көрсе-тетін бейнеде. Рас, жоғарыда баяндалғандайг әлемнің тұлғасында мың бір есімнің шұғылаларынан шашыраған Рахман есімі көрінеді әрі жер жүзінің түлғасында да Илаһи мутлақ Рубубиеттің шексіз көріністерінен ша-шыраған Рахман есімі көрсетіледі. Сол сияқты адамның күрделі тұлғасы да шағын мөлшерде жер мен әлемнің тулғасы сияқты әлігі Рахман есімінің толық көрінісін көрсе-теді деген мағынада айтылған, һәм Зат-ы Рах-маниррахимның дәлелдері мен айналары болып табылатын тіршілік иелері мен адам сияқты шағылыстырушылардың Зат-ы Уажиб-ул Ужудты растайтын дәлелдері толық, анық әрі ашық болғаны сондай, мәселен, күнді шағылыстырып, оның үлгісін көрсететін жалтырақ айнаға, оның жылтырақтығына, дәлелдеуінің анықтығына ишарат ретінде „Мына айна, күннің өзі ғой" дейді. Сол сияқты „Адамның тулғасында Рахманның су-реті бар" дегені, оның дәлелдігінің анықтығына, тығыз байланыстылығына иша-рат ретінде айтылған, әрі айтылады да. Со-ндай-ақ, әхли-Уахдетүл Ужудтың жөні түзу тобыг „Лә мәужудә иллә һу" деген сырға сүйене отырып, әлгі дәлелділігінің қуаттылығын әрі сол байланыстықтың тығыздылығын мегзеп айтқан.

 

 

Алтыншы сыр: Әйг шексіз әлсіздік пен соңсыз пақырлықтың күйін кешкен бишара адам! Рахметтің қаншалықты қүнды бір үйытқы, неткен тиімді шапағатшы екенін мы-надан біл. Ол Рахмет - сондай бір Сұлтан-ы Зүлжәлалға үйытқы, Ол Сүлтан жүлдыздар мен молекулаларды бірге, асқан реттілікпен, өзінің қол астында мойынсүндыра қызмет еткізуде. Ол Зат-ы Зүлжәлал, ол Әзел мен Әбед Сүлтан ешкімге, ештеңеге мұқтаж емес, өзіне тән тасыған байлығы бар. Ол сөзсіз мол-шылық ішінде. Ол - қай жақтан болсын әлемге және болмыс атаулыға мүлдем мұқтаж емес бір Ғани-ы Аләл Ытлақ. Бүкіл әлем оның өміріне құлдық ұрып, оның әйбат пен ағзамет және билігінде шексіз имие жәлалы алдында бас иеді. Міне, әй адам! Рахмет сені Мүстағни-ы Аләл Ытлақтың, Сүлтан-ы Сәрмәдидің құзырына шығарады әрі оған дос қылады, Әрі оны тыңдаушы, әрі сүйкімді бір құл мәртебесіне шығарады. Бірақ сен күнге жете алмайтының сияқты, өйткені одан алыс-сың, әсте жақындай алмайсың, сол сияқты әлгі Зат-ы Ақдеске, сол бір Әбед пен Әзәл Шәмстен біз, негізінде, шексіз алыспыз, жақындай алмаймыз. Бірақ оның Рахметінің шуағы оны бізге жақындатып тұрады.

Міне, әй, адам! Бұл Рахметті тапқан адам мәңгі бітпес Нұр қазынасына ие болады. Ол қазынаны табу жолы - Рахметтің өте жарқын бір мысалы әрі өкілі және ол Рах-меттің өткір тілі әрі жаршысы болып табыла-тын әрі Құранда Рахмәтәнлилаламин деп аталған Расул-ы Әкрам Ғаләиссалату Уәссәләмның сүннеті және оған тәуелділік. Ал, осы Рахмәтәнлилаламин болған дене туріндегі Рахметке жетудің жолы Салауат бо-лып табылады. Иә, салауаттың мағынасы - Рахмет. Сод тірі әрі денеге айналған Рахмет үшін дуғасы болып саналатын салауат болса, әлгі Рахмәтәнлилаламинге жетудің жолы, Олай болса сен салауатты өзіңе манағы Рахмәтәнлилаламинге апаратын баспалдақ қыл. Ал оны Рахманның рахметіне ұйытқы қыл.

Бүкіл үмбет болып Рахмәтәнлилаламин болған Ғалейһиссалату Уәссәләмға арнап шексіз көп рахмет мағынасында салауат айту-лары Рахметтің қаншалықты қүнды бір Илаһи сыйлық және ауқымды кең екендігін жарқын түрде дәлелдейді.

Сонымен, Рахмет қазынасының өте құнды жауһары, күзетшісі Зат-ы Ахмәдие Ғаләһиссалату Уәссәләм болғаны сияқты, ең алғашқы кілті - „биссмилләһиррахманирра-хим". Кілттің де ең оңайы салауат болып та-былады,

 

 

Жиырма үшінші Сөз

(Бұл сөз екі бөлімнен түрады)

БІРІНШІ БӨЛІМ

 Иманның мыңцаған әсемдіктерінен тек бесеуін "бес нүкте" арқылы баяндаймыз. 

Бірінші нүкте:

Адам, иманның нұрымен ала-и иллийне шығады. Сөйтіп, жәннәтқа лайық қасиетке ие

болады. Ал, күпірліктің көрсоқырлығы болса оны іштей аздырып түкке жарамайтын пайдасыз етіп жәhәннәмға лайық күйге душар етеді. Өйткені, иман адамды Сани-ы Зүлжәләлімен байланыстырып тұрады. Иман бейне бір көпір. Олай болса адам Аллаhтың шеберлігін және әсем есімдерінің нақыштарын иманы арқылы бойына сіңіріп қадір-қасиеті артады. Күпірлік болса бұл байланысты түбірімен қопарып үзіп тастайды. Сабақтастықтың үзілуі нәтижесінде Раббани шеберліктер көрінбей көмескіленіп қалады. Қадір-қасиеті содан тек материалдық тұрғыдан бағаланатын болады. Материя болса тұрақсыз, фәни hәм жануарлардың өміріне тән болғандықтан қүны жоқ.

Бұл сырды тәмсіл арқылы баяндалық. Мәселен: өнер саласында материяның құны мен шеберліктің құны әр түрлі. Кейде екеуінің құндылығы қатарласып, кейде материя құндырақ көрінеді. Ал кейде бес тиындық бақыр сияқты шикізаттан бес теңгелік бұйым жасалады. Тіпті миллион теңгелік көне бұйым, бес тиындық шикізаттан жасалуы мүмкін. Міне осындай бір өнер туындысы антикварлық базарға апарылса, ол жерде өте ескі замандағы он саусағынан өнер тамған шеберұстасы мадақталып, біргетаныстырылса, манағы туынды миллион есе қымбатқа сатылар еді. Егер темір-терсек сататын дүкенге апарылса қүны көк тиын болары анық.

Мінекей адам, Жәнаб-ы Хақтың таңғажайып туындысы әрі өзі тым нәзік hәм құдіретінің мүғжизесі. Аллаhу Тағала адамды өзінің әсем есімдеріне бөлеп, нақыштарымен әшекейлеп, бүкіл әлемнің кішкене өрнегі ретінде жаратқан.

Егер оған иман нұры ұяласа, бойындағы терең мағыналы барлық нақыштар сол нұр арқылы оқылады. Оларды мүтминнің өзі де сана-сезімімен оқиды. Әрі сол нұр арқылы басқаларға да оқытады. Яғни "Мен Сани-ы Зүлжәләлдің туындысымын, мақұлығымын. Оның рақымы мен мейіріміне бөлендім" деген сияқты тұжырымдармен бойындағы Аллаhтыңшеберлігін көрсетеді. Демек Саниымен байланыстырып тұратын иман адамның бойындағы күллі шеберлікті жарыққа шығарады. Адамның құны Раббысының шеберлігімен бірге әрі Самәдани айна болуы жағынан бағаланатын болады. Сөйтіп мына елеусіз адам, әлгі байланыстың арқасында бүкіл мақұлықтардан жоғары мәртебеге шығып, Аллаhтың тыңдаушысы әрі жәннәтқа лайық Раббани қонақ болады.

Егер байланысты үзетін күпірлік адамның бойын жайласа, Аллаhтың күллі әсем есімдерінің нақыштарын қараңғылық тұмшалап оқылмайтын етеді. Расында Сани-ы ұмытылса оған қатысты мағыналар түсініксіз болып, бас-аяқсыз құбыжық тәрізді боп қалады. Манағы тамаша да көркем өнер мен керемет сырға толы нақыштардың көпшілігі ашылмай қалады. Қалған жақтары және көзге көрінетін түстары болса жәй себептерге, кездейсоқтыққа сондай-ақ табиғаттың еркіне беріліп ақырында қүты қашады. Әрқайсысы жалт-жұлт еткен алмас болса да күңгірт жәй шыныға айналады. Маңыздылығы тек "тірі зат" - деп бағаланатын болады. Адам баласына заттай тұрғыдан қарайтын болсақ және одан шығатын нәтиже: өмірі қысқа, жануарлардың ең бейшарасы әрі тым мұқтаж, ең мұңлы мақұлық. Солай бола тұра өте қысқа мерзім тіршілік етеді. Соңында шіріп жойылып кетеді. Мінекей, күпірлік осылайша адамгершілік қасиетті жойып, алмасты көмірге айналдырады. 

Екінші нүкте:

Иман: жарқыраған нұр. Ол, адамды нұрландырып бойындағы барлық Самәдани хаттарды оқытады. Сондай-ақ бүкіл әлемді де нұрға бөлейді. Өткен кезең мен болашақты қараңғылықтан сақтайды. Бұл хикметті түсінікті болу үшін, Қасиетті Құранның:

деген аятының бір ғана сырына қатысты тәмсіл көрген болатынмын, сол тәмсілді баяндап берейін. Қияли уақиға былай болатын: Бір-біріне қарама қарсы екі тау тұр екен деймін. Үстіне қорқынышты көпір тартылған. Көпірдің асты терең құз. Үстінде мен тұрмын. Дүниені қараңғылықбасқан, айнала тас-түнек. Оң жаққа қарап едім, қою қараңғылықта үлкен мазар көрінді яғни елестеттім. Сол жаққа қарап едім, тас түнек, алай-түлей дауыл соғып тұр. Сәлден соң апат болатындай көрінді. Еңкейіп төмен қарап едім, шыңырау құз көрінгендей болды. Мына қорқынышты қараңғыда пайдаланатын қалта фонарым бар болатын. Соны пайдаланып көмескі, әлсіз жарығымен айналама қарадым. Жағдай өте сесті. Тіпті алдымдағы көпірдің басында және айналасында айдаhарлар, айбарлы арыстандар сияқты жыртқыш аңдарды көріп: "Шіркін фонарым болмағанда ғой, мына қорқынышты күйлерді көрмеген болар едім!" деп іштей қынжылдым. Фонарымды қай жаққа бұрсам да алдымнан үрейлі көріністер шыға берді. "Қап, мына фонар басыма бәле болды!"деп фонарға ашуландым. Болмаған соң қалта фонарымды жерге бір ұрып сындырдым. Сол-ақ екен құдды оның сынуы дүниені жарық қылатын алып электр шамының қосқышына тиіп кеткендей, қараңғы түнексейіліп қоя берді. Ол шам айналаны нұрға бөледі. Әр нәрсенің ақиқатын көрсетті. Бақтым, жаңағы көрінген көпір әсем жазық даладағы жол екен. Ал, оң жағымдағы үлкен мазарлар болса, жайқалған бау-бақшалар болып шықты. Қорқынышты бейнелер нұрлы жүзді адамдардың әкімшілігіндегі сұхбаттасу, қызмет ету, құлшылық пен зікір салу мәжілістері екенін аңғардым. Сол жағымдағы боранды шыңыраулар дегенім әдемі, сұлу асқар таулар екенін көрдім. Оның арғы жағында үлкен қонақ асы, тамаша серуенжай, көңіл көтерулер бар екенін қиял аралас түйсіндім. Менің айдаhар деп қорыққан жыртқыш аңдарым болса, сүйкімді әрі момақан түйе, сиыр, қой, ешкі сияқты үй жануарлары екен. Дереу: "Әлхамдү-лиллаhи ала нурил иман" деп, Құраннан:

 

деген қасиетті аятты оқыдым, сол кезде оқиғада тамам болды.

Міне, манағы екі тау дегеніміз өмірдің басы мен соңы, яғни бұл әлем мен қабір әлемі. Көпір болса өмір жол, оң жақ - өткен жақ, сол жақ - болашақ. Қалта фонары болса өзімшіл, білгеніне жүгінгеннен аспайтын әрі Аллаhтың әмірін тыңдамайтын адам бойындағы менмендік. Жануарлар сияқты көрінген нәрселер болса, әлемдегі таңғажайып құбылыстар мен мақұлықтар.

Мінекей менменшіл, қырсыққаннан қапы қалып әрі құдайдан безіп адасқан адам, бұл оқиғадағы бастапқы хәліме ұқсайды. Құдайдан безген адам қалта фонары тәрізді шала-пұла әрі адасқандық сезілетін мағлұматтар арқылы өткен шақты үлкен мазарлық бейнесінде жойылу, өшу деп көреді. Болашақты; дауылды-соқпақты, кездейсоқтықтың қолындағы үрейлі кезең деп біледі. Һәм Хаким-ы Рахимның құбылыстар мен жаратылыстар сияқты тіл алғыш қызметшілерін қатерлі жыртқыш аңдар деп қалады. Сөйтіп, менменшілдік оны

- дейтін үкімге лайық етеді. Егер Аллаhтан хидает келіп, тура жолға түссе, көңіліне иман ұялап нәпсінің перғауындық қасиеті талқандалса, Аллаhтың кітабын тыңдаса, ол кезде оқиғадағы екінші хәліме ұқсайды. Бүкіл әлем күндізгідей жайнап, Аллаhтың нұрына толады. Әлем: 

 

деген аятты оқитын болады. Енді өткен шақты мазарлар бейнесінде емес, әр ғасырда пайғамбарлардың немесе әулиелердің әкімшілігімен қүлшылық жасаған рухы таза кісілердің өмірде өз міндеттерін аяқтай отырып: "Аллаhу Әкбар" деп, жоғары мәртебеге өрлегендерін және болашаққа саяхат жасағандарын жүрек көзімен көреді. Сол жағынан қарап; буырқанған теңіздей берзах пен ақыреттің ірі-ірі құбылыстарының тасасында жәннәттің бақшасындағы зәулім сарайларда әзірленген Рахмани қонақасының бар екенін иманның нүрымен алыстан сезеді. Дауыл мен зілзәлә, топан сияқты қүбылыстарды сенімді қызметшілер деп біледі. Көктемнің дауылы мен селдей жауатын жаңбыры сырттай жағымсыз, өңі суық көрінгенмен, ал шындығында өте нәзік әрі хикметтолы екенін сезеді. Тіпті ажалды, мәңгі өмірдіңкіріспесі, ал қабірді болса мәңгі бақыттылықтың баспалдағы деп біледі. Қалған жақтарын өзіңсалыстырып, ақиқатты мысалға теңе. 

Үшінші нүкте: 

Иман - нұр әрі қуат. Иә, ақиқи иманға қолы жеткен адам, бүкіл әлемге атой сала алады. Иманның қуаттылығына қарай құбылыстардың қыспақтарына төтеп береді. Ісін бір Аллаhқа тапсырып тәуекелге бел буады. Зор сенімімен өмір кемесіне мініп тасқынды толқындарға қарсы жүзіп сайран құрады. Барлық ауыртпалықты Қадир-ы Мутлақтың құдіретіне жүктеп дүниеде рахат өмір сүреді де берзахта тынығып алады. Содан соң мәңгі бақыт жері, жәннәтқа самғайды. Егер тәуекел етпей қасарысса, дүниенің ауыртпалықтары оның самғауы былай тұрсын керісінше тозақтың түбіне батырып жібереді. Демек иманға тәухид, тәухидқа тәслім, тәслімге тәуекел керекті, тәуекел болса, нәтижеде екі дүниенің бақытына бөлейді.

Бірақ мұны дұрыс түсін. Тәуекел дегеніміз шарттарды жаппай жоққа шығару емес. Қайта оларды құдіреттің перделері деп танып, ал шарттарын орындау болса іс-қимылмен жасалатын дұға деп, нәтижелерді тек Құдайдан тілеу және табысқа жеткізген Сол деп алғысын білдіріп, Оған қарыздар болу.

Тәуекел етіп, етпегендердің теңеулерін бір хикая арқылы баяндап берейін.

Бір күні екі адам арқаларына hәм бастарына ауыр жүктер артып, үлкен кемеге мінеді. Біреуі кемеге кірер-кірмес жүгін жерге қойып, үстіне отыра кетеді. Айналаны тамашалап көңілі жәй. Серігі болса ақымақ әрі тәкәббар болғандықтан керек жүгін жерге қоймай арқалап тұрды. Серігі оған:

- Жүгің ауыр ғой, кемеге қойып дем алсаңшы! - деп еді, ол:

- Жоқ болмайды. Мұны көтере алмайтындай маған не болыпты, тәйірі. Әрі жоғалып кетсе қайтемін, - деп жауап берді. Оған жаны ашығандар тағы да: "Бәрімізді көтеріп тұрған патшаның мына кемесі өте қуатты да сенімді әрі жақсы сақтайды. Бүйте берсең басың айналып, жүгіңмен бірге теңізге құлап кетесің. Уақыт өткенсайын әлсіреп, мына бүкірейген белің мен ақымақ басың ауыр жүкке шыдай алмайды. Кеменің қожайыны сенің мына түріңці көрсе, "алжасқан есуас неме, кемемнің сенімді екеніне күмәнданып тұр-ау. Мазақ қылуын қарашы, өзінің" деп қамап тастауы мүмкін. Һәм, баршаға күлкі боласың. Себебі, әлсіздігіңді көрсететін тәкәппәрлығың, бейшаралығыңды білдіретін көкіректігің, екі жүзділік пен мүсәпірлігіңді көрсететін жасанды іс-әрекеттеріңді көрген жұрт әжуәләп күліп жатыр" дегеннен кейін, әлгі бейшараның есі кірді. Жүгін қойып үстіне отырды да:

- Уф, Құдай қалауыңды берсін! Машақаттан, қамаудан, масқара болудан құтқардың -деп, серігіне алғысын білдірді.

Міне, әй тәуекелді білмейтін адам! Ақылға кел, тәуекел де! Сол кезде жаратылыс атаулыға тіленуден, оқиғалардан түршігуден, масқаралықтан, ахирет азабынан, тар дүниенің қыспағынан құтыласың. 

Төртінші нүкте: 

Адамды адам еткен иман. Тіпті сұлтан қылатын да сол. Олай болса адамның басты міндеті - иман мен дұға. Күпірлік - адамды нағыз хайуанға айналдырады.

Бұл мәселемізге мыңдаған дәлелдерден бір ғана дәлел: хайуан мен адамның дүниеге келу сәтіндегі айырмашылықтар.

Иә, адамзат иман арқылы адамзат атанғанын, адам мен хайуанның дүниеге келуіндегі айырмашылықтар көрсетіп отыр. Өйткені, хайуан дүниеге келген сәтте, бейне бір басқа әлемде жетілгендей бейімділігіне қарай кемелден түрде келеді, яғни жіберіледі. Екі сағатта, екі күнде немесе екі айда тіршілік заңдарын және қоршаған ортамен болатын қатынасын, өмір шарттарын түгелімен әп-сәтте үйреніп алады да іскер болып шыға келеді. Адамның жиырма жылда қолы жетпейтін табысы мен іскерлігін, торғай мен ара сияқты мақұлықтар жиырма күнде үйреніп алады, яғни оларға үйретіледі. Демек жануарлардың асыл міндеті, іздене отырып даму емес әрі білім жинай отырып жетілу емес, бейшаралығын көрсетіп көмек сұрау, дұға ету емес. Олардың негізгі міндеті; бейімділігіне қарай тіршілік ету мен амал жасау, іс-әрекеттері арқылы құлшылық ету болып табылады.

Адам болса дүниеге келгенде әр нәрсені үйренуге мұқтаж, өмір шарттарынан бейхабар тіпті жиырма жасына дейін оны толық үйрене алмайды. Керек десеңіз өмірінің соңына дейін үйренуге мұқтаж, hәм тым әлсіз, бейшара түрде дүниеге жіберіледі. Бір-екі жылда әзер дегенде аяғын басады. Он бес жасқа келгенде оң мен солын танып, өмір сүрген ортасының ықпалымен жақсы мен жаманды айыратын болады. Демек, адамның о бастағы міндеті талпыну мен жетілу және дұға мен құлшылық болып табылады. Яғни, "Кім екен маған жанашырлық жасап, хикметті түрде басқарып отырған? Қайырымы мол, нәзіктүрдеазықтандырушы, иелікетіп тәрбиелеуші кім болды екен?" деп ойлану, білу. Мыңнан біріне қолы жетпейтін қажеттіліктермен қамтамасыз етіп отырған Қади-үл-Хажатқа өзінің әлсіздігімен, бейшаралығымен жалбарыну, өтіну және дұға ету, яғни әлсіздік пен бейшаралықты қанат жасап құлдықтың ең жоғарғы сатысына самғау болып табылады.

Демек, адам бұл әлемге білім жене дұға арқылы дамып жетілу үшін келген. Әр нәрсе мәнісі мен бейімділігі жағынан ғылымға тәуелді. Ал нағыз ғылымдардың негізі мен қайнағы, нұры мен рухы - Марифетуллаh, ал оның ірге тасы Иман-ы Биллаh.

Сондай-ақ, адам баласы тым әлсіз, оның үстіне басына үйілген бәлелері, көптеген дұшпандары бар, олардан әрдайым соққы жейді. Өзі тым бейшара, кіріптар, шексіз талап-тілектері бар. Сондықтан болғандықтан, жаратылысынан атқаруға міндетті жұмысы - иманнан кейін келетін дұға болып табылады. Дұға дегеніміз құлшылықтың негізі. Мәселен: сәби өзінің қолы жетпеген нәрсесін алу үшін жылайды, я сұрайды, яғни іс-әрекетімен немесе тілімен әлсіздігін білдіріп дұға етеді. Осылайша көздеген мақсатына жетеді. Сол сияқты адам, бүкіл жануарлардың ішінде бейне бір нәзік, ерке сәби секілді. Ол, Рахманүр-рахимнің алдында өзінің әлсіз, бейшаралығымен жылауы немесе пақырлығымен, мұқтаждығымен дұға етуі тиіс. Оның бұлай дұға етуі, мақсатына жеткізеді немесе жасаған қамқорлыққа алғысын білдірген болып есептеледі. Әйтпесе кішкентай шыбыннан зәресі қалмайтын жылауық, ақымақ әрі тентек баладай: "Мен өз күшіммен, менен мың есе күшті, таңғажайып алып нәрселерді бағындырып отырмын. Сана-сезіміммен көзін тауып, бас идіріп отырмын", - деп, рақымдылықты жоққа шығару, адамгершілікке қайшы келетіні сияқты өзін ауыр жазаға лайық етеді. 

Бесінші нүкте: 

Иман дұғаны нақты міндет ретінде қажет ететіні және адамның жаратылысы оған мұқтаж болғаны сияқты, тіпті Жәнаб-ы Хақтың өзі "Дұғаңыз болмаса қандай қадірлерің бар"

деп бұйырады. Әрі оның

деген әмірі тағы бар.

 Егер: "Қайта-қайта дұға етіп жалбарынып жатамыз. Кейде қабыл болмайды. Алайда аят жалпыға ортақ, барлық

дұғаға бірдей жауап беріледі, дейді. Сонда қалай?" - дейтін болсаң, оған айтыларжауап мынадай:

Жауап беру басқа да қабыл алу басқа. Барлық дұғаның жауабы беріледі. Бірақ қабыл болуы және тілегені орындалуы Аллаhу Тағаланың хикметіне тәуелді. Мәселен: Науқас бала дәрігерге келіп: "Дәрігер!" - дейді. -"Иә балақай, айта ғой", - деп жауап береді дәрігер.

- Маған анау дәріні бересіз бе? - дейді бала. Дәрігер болса оның айтқанын я бұлжытпай орындайды, я оның жағдайына байланысты одан да жақсысын береді, не болмаса денсаулығына зиян екенін біліп ештеңе бермейді.

Сол сияқты Жәнаб-ы, Хаким-ы Муглақ бәрін көретін, білетін болғандықтан құлының дұғасын жауапсыз қалдырмайды. Оның жалғыздық пен қорқынышты күйіне өзінің жанашырлығымен жауап беріп, қайғысын қуанышқа айналдырады. Әрине адамның әуесқой нәпсісінің қалауына қарай емес, Раббани хикметінің талабына сай түрде тілігенін немесе одан да тәуірін береді. Я болмаса ештеңе бермейді.

Сондай-ақ, дұға дегеніміз құлшылық. Құлшылық жемісін ахиретте береді. Дүниедегі мақсаттар болса, сондай дұға мен құлшылықтың уақыттары болып саналады. Ол мақсаттар бір пайда көру үшін емес. Мәселен: жаңбыр намазы мен оның дұғасы құлшылық болып саналады. Ал құрғақшылық болса сол құлшылықтың уақыты. Әйтпесе, ол дұға мен құлшылық жаңбырды жаудыру үшін емес. Егер тек сол үшін болса, ол дұға мен құлшылық шын жүректен болмағандықтан қабыл болуға лайық емес. Мәселен, Күннің батуы ақшам намазының уақыты болып саналады. Сондай-ақ, Ай мен Күнніңтүгылулары күсүфжәне хүсүф деген намаздардың уақыттары, яғни бұл аталған екі құлшылық сол уақыттарға ғана тән. Себебі ол кезде түн мен күннің жарқын айғағы Ай мен Күн перделенеді де, Аллаhтың орасандығын жар салатын болғандықтан Жәнаб-ы Хақ құлшылықтың осы бір түріне құлдарын дәл осы уақыттарда шақырады. Аталған намаз (ашылуы әрі қанша уақытқа созылуы астрономиялық есеппен белгілі болған) тұтылған Ай мен Күнді ашу үшін емес. Сол сияқты құрғақшылық та жаңбыр намазының уақыты. Басымызға бәле-жаланың немесе қандай да бір қайғының келуі, өзіне тән кейбір дұғалардың уақыттары. Сондай сәттерде адам, өзінің әлсіздігін сезіп дұға арқылы Қадир-ы Мутлақтың алдына тізе бүге жалбарынады. Егер көп дұға еткеннің өзінде бәле-жалалар тыйылмаса "дұға қабыл болмады" демей, оның орнына "дұғаның уақыты бітпеді" деу керек. Егер Жәнаб-ы Хақ жарылқап қайғы-қасірет сейілсе, онда тіпті жақсы. Дұғаның уақыт да біткен болып есептеледі. Демек дұғада құлшылықтың сыры бар.

Құлшылық шын жүректен Құдай үшін жасалады. Құл өзінің әлсіздігін көрсетіп дұға арқылы жалбарынуы тиіс. Аллаhтың ісіне, оның рубубиетіне араласпауы керек, істің сәтті болып, болмауын оның қолында деп, хикметіне сеніп, мейірімділігіне кінә артпауы керек.

Сонымен күллі аяттардың баяндамасынан шығатын қорытынды мынау: жаратылыс атаулының өзіне тән тәсбихтері, құлшылықтары, өздеріне тән жасайтын сәжделері бар. Міне, бұлар олардың Аллаhқа деген дұғалары. Дұғалардың да түрлері бар. Бірі, бейімділік тілімен (өсімдіктер атаулы мен жануарлардың дұғалары сияқты, олар әрқайсысы бейімділігіне қарай Фәияз-ы Мутлақтан тур талап етеді. Аллаhтың есімдеріне бөленуді қалайды), бірі, мұқтаждықтілімен (жан-жануарлардың шамалары жетпейтін қажет-тілектеріне қол жеткізу үшін, мәжбүр болып жасаған дұғалары. Әрқайсысы бойындағы мұқтаждық тілімен Жәууад-ы Мутлақтан тіршілік етулері үшін азық секілді кейбір қажеттіліктерін талап етеді), бірі, шарасыздық тілімен дұға (қиын-қыстауда әрбір мақұлық, сиынудан басқа шарасы қалмағандағы дұғасы. Әйтеуір бір қамқоршыға жалбарынады яғни Рабб-ы Рахимін іздейді). Жоғарыда аталған үш түрлі дұға, қандайда бір - кедергі болмаса - әрқашан қабыл болады.

Тағы бір дұғаның түрі - кәдуілгі біздің дұғамыз. Бұл дұға да екі түрге бөлінеді.

Біріншісі: іс-қимыл, хәл-жағдай арқылы.

Екіншісі: жүрек (көңіл) пен тіл арқылы.

Мәселен, себептерге ұмтылу іс-қимыл арқылы жасалатын дұға. Себептер жиналып нәтижені жасамайды, қайта хәлін білдіре отырып нәтижені Аллаhтан тілеу үшін оны риза қылатын күйге енеді. Тіпті егін егудің өзі мейірімділік қазынасына өтініш жасау. Мұндай іс-әрекетпен жасалған дұға, Жәууад-ы Мутлақтың есім мен атағына бағышталғандықтан басым көпшілігі қабыл болады.

Екінші түрі: жүрек пен тіл арқылы жасалатын дұға. Кейбір қол жетпеген талаптарын айту. Бұл дұғаның маңыздылығы, таптырмайтын мақсаты мен балдай тәтті жемісі мынадай: дұға жасап, тіленуші адам, өзін тыңдайтын біреу бар екенін, ол мұның жүрегінің түкпіріндегіні естіп бәріне шамасы жететінін, барлық талап-тілектерін орындай алатынын, бейшаралығына жаны ашып медет беретінін түсінеді.

Тыңда, әй әлсіз, бейшара адам және пақыр адамзат! Мейірімділік қазынасының кілті мен таусылмас қуат қайнағы болып табылатын дұғаны уысыңнан шығарма. Дұға арқылы адамгершіліктің ең жоғары мәртебесіне шық. Сұлтан атан да бүкіл әлемнің дұғасын өзіңнің дұғаңа қос. Құлдардың ең абыройлысы атанып, баршаның өкілі сияқты

деп айт. Сөйтіп, бүкіл әлемге тамаша өнеге бол!..

 

ЕКІНШІ БӨЛІМ

Бұл бөлімде адамды бақытқа немесе бақытсыздыққаұшырататын келелі себептердің бес түрі баяндалады.

Адам ахсен-і тақуим түрінде жаратылып, әрі өте бейімді болғандықтан азғындықтың ең төменгі сатысынан кемелденудің ең жоғарғы сатысына қарай, яғни жерден көкке, атом бөлшегінен күнге дейін созылып жатқан дәрежелерге, мақамдарға және мәртебелерге өрлей немесе құлдырай алатын жолдары бар сынақ алаңына жіберілген. Оның алдында биікке өрлеу мен төменге құлдырау сияқты екі жол жатыр. Міне ол, Құдайдың құдіретінің мүғжизесі, әрі жаратылыстың нәтижесі және шеберліктің таңғажайыбы болып мына дүниеге жолданған.

Адамның осындай керемет дамуы мен құлдырауының құпия сырын "Бес нүкте" арқылы баяндалық.

Бірінші нүкте:

Адам баласы бүкіл әлеммен өзара тығыз байланысты, әрі көптеген нәрселерге мұқтаж. Мұқтаждықтары әлемді қаптап, талап-тілектері ұшан-теңіз. Жаны гүлді қалағаны сияқты, көктемнің келуін де қалайды. Бақшаны аңсағаны сияқты, мәңгілік жәннәтті де аңсайды. Досын көруге құштар болғаны сияқты Жәмил-і Зүлжәләлді де көруге құмар-ақ. Басқа жерде тұратын сүйіктісін сағынып, есігін қаққысы келетіні сияқты, қабір әлеміне аттанған жүзден тоқсан тоғыз туысқандарымен мәңгілікке қоштасқысы келмей, оларға кіріп шығу ниетімен қу дүниенің есігін жауып, баршаның оралатын жері болған ақиреттің есігін ашатын, дүниені бұзып, орнына ахиретті құратын Қадир-ы Мутлақтың алдына жалбарынуға тым мұқтаж-ақ. Міне осындай күйдегі адамның Ма'буды, әлбетте барлық нәрсенің тізгіні қолында, әр нәрсенің қазынасы қасыңсіа, барлығын көруші, барлықжерде болып, мёкенге тәуелсіз, құдіретті күш иесі, кемшілікс/із, нұқсансыз біреу ғана бола алады. Мұндай сипаттарға ие жалғыз Қадир-ы Зүлжәләл, Рахим-ы Зүлжәмал, Хаким-ы Зүлкәмал ғана. Себебі адамзаттың шексіз қажеттіліктерін және мұқтаждықтарын өтеу, тек қана шексіз құдірет пен мұхиттай білім иесіне тән. Олай болса, табыну мен жалбарыну тек соған арналуы тиіс.

Сонымен әй, адам! Егер тек оған ғана құл болсаң, бүкіл жаратылыстың үстіндегі мәртебеге шығасың. Егер құлшылыққа қарсы шығып, одан бас тартсаң әлсіз мақұлықтарға қорланған құл боласың. Менменшілдігіңе, күш-қуатына сеніп, тәуекел мен дұғаны қойып, тәкәббарланып, дауласатын болсаң, онда игілік пен бірдеме жасауға келгенде кәдуілгі ара мен құмырсқадан да дәрменсіз, өрмекші мен шыбыннан да әлсіз боласың. Ал бәлі мен жамандық жасауға келгенде тау мен теңізге жеткізбей, бәрінен асып кетесің.

Әй, адам! Расында сенде екі жақ бар. Біріншісі: бірдеме жасау, болмыс (бар болу), жақсылық, жағымды және қимыл. Екіншісі: бұзу, жоқ болу, жамандық, жағымсыз және толқу яғни әсер алу.

Бірінші жағыңа келсек: кәдуілгі арадан, торғайдан дәрменсіз; шыбыннан, өрмекшіден тым әлсізсің.

Екінші жағыңа келсек: көк пен жерден, таудан асып кетесің. Олардың әлсіздік көрсетіп, тайсалған жауапкершіліктерін мойныңа алып, олардікінен ауқымдырақ алаңға иелік етесің. Өйткені, сен игілік және бірдеме жасағаныңда, тек қолың жететін жерде шамаңа қарай жақсылық, бірдеме жасай аласың. Ал жамандық пен бұзықтық жасасаң ол кезде сенің жасаған жамандығың, әбестігің мен бұзықтығыңұлғайып, жайылып кетеді.

Мәселен: Күпірлік - өте жаман нәрсе. Ол бір бұзақылық, мойындамау. Сонымен қатар бүкіл әлемді қорлау, әрі Аллаhтың барлық есімдеріне кір келтіру және адамзаттың абыройын төгу болып табылады. Себебі, бізді қоршаған барлық нәрселердің жоғары мәртебелері, маңызды міндетгері бар. Қалай десеңіз, олар Раббани хаттар, әрі Субхани айналар сондай-ақ, Аллаhтың қызметшілері. Күпірлік болса, о баста оларды айналық етуден аластатып, міндетін және мағынасын жойып, әбестік пен кездейсоқтықтың ойыншығына айналдырады. Әлемдегі айна тәрізді жаратылыстың бетіндегі Аллаhтың есімдерінің нақыштарын, көріністерін, әсемдіктерін жоққа шығарып, мазақ қылады. Әрі Аллаhтың есімдерін тамаша түрде жариялайтын "адамгершілік" атты әсем шығармасын, яғни мәңгі жасайтын ағаштың жиhаздарын қамтыған дән тәрізді Қүдайдың құдіретінің туындысы сондай-ақ, үлкен аманат арқалап жер мен көкке үстемдік еткен, періштелерден де жоғары мәртебеге ие болған, жер жиhанның ұлы мәртебелі ханзадасы атанған адамзатты мүсәпір әрі фәни хайуаннан да бетер мүсәпір, тым әлсіз әрі пақыр санап, өмірден өте шығатын малғатеңеп әбден құлдыратып жібереді. Мағынасы жоқ мәні жоқ, бас-аяқсыз әрі өшіп қалатын түкке тұрғысыз боп қауқа деп масқара қылады.

Сонымен, жүгенсіз нәпсі; бұзу мен жамандыққа келгенде сұмдық жауыздық жасай алады, бірақ бірдеме жасау мен жақсылыққа келгенде қолынан келетіні шамалы. Расында да, үй тұрғызу қиын, оны бұзу оп-оңай. Бір күнде бұзуға болады, ал тұрғызу үшін жүз күн керек. Алайда, менменшілдікті тастап, жақсылықты, бар болуды (болмысты) аса қамқор Аллаhтың таупығынан тілесе және жамандықтан, бұзу мен қасарысудан бас тартып тәубаға келсе, ол кезде

сырына бөленеді. Бойындағы жамандыққа деген шексіз қабілеттер, жақсылыққа деген шексіз қабілеттерге айналады. Ахсен-і тақуим құндылығына ие болып, аса қадірлі, мәңгі жасайтын, жоғары мәртебеге ие болады.

Мінекей, әй, қапыда қалған адам! Жәнаб-ы Хақтың асқан мейірімділігіне қара! Бір жамандықты мың жазу, бір жақсылықты бір жазу немесе түк жазбау әділдік болса да, бір жамандықты бір жазып, бір жақсылықты он, кейде жеті жүз, тіпті кейде мың жазады. Осыдан барып түсін, анау от шашқан жәhәннәмға түсу амалыңның табысы, әрі өте әділ іс. Ал, жәннәтқа тап болу Аллаhтың мейірімі түсіп жарылқауы.

Екінші нүкте:

Адамның екі жағы бар. Біріншісі: менмендік жағы, онымен мына дүниеге қарайды. Екіншісі: құлдық жағы, онымен ахиреттік мәңгі өмірге қарайды. Бірінші жағынан алып қарағанда, бейшара мақұлық. Оның бар таянғаны еркіндік атаулыдан тек тырнақтай ерік және құдіреттен алар сыбағасы шағын бір кәсіп, көзді ашып жұмғанша өте шығатын өмір, көпке шыдамайтын болмыс. Хәлі осындай мүшкіл бола тұра әлемдегі барлық жаратылыспен салыстырғанда өте нәзік, әлсіз дара тұлға.

Екінші жағынан, әсіресе құлдыққа қатысты әлсіздік пен пақырлық жағынан алып қарағанда, алаңы кеңіп зор маңызға ие болады. Өйткені Фатыр-ы Хаким, адамның рухани жаратылысына соңсыз әлсіздік пен шексіз пақырлық жерлестірген. Ондағы мақсаты құдіреті соңсыз Қадир-ы Рахимның, байлығы шексіз, асыл қазына иесі Ғани-ы Кәрімнің соңсыз көркемдігін қамтитын жинақы айна жасау.

Иә, адам бейне бір дән секілді. Дәнге, құдірет тарапынан рухани әрі маңызды жиhаздар және тағдыр тарапынан шағын әрі құнды бағдарлама берілген. Мақсат, соларды пайдаланып жер астында тырбанып, тар әлемнен кең де жарық ауа әлеміне шығу. Жаратқан Иесінен ағаш болуды қалап бейімділік тілімен жалбарыну. Сөйтіп кемелденіп өзіне лайық түрге енеді. Егер дән, өзіне берілген рухани жиhаздарды теріс әрекеттерімен орынсыз жұмсап, жер астындағы зиянкес заттарды жинауға жұмсаса, сол тар жерде пайдаға жарамай шіріп кетеді. Егер дән, манағы рухани жиhаздарды

дейтін тәкуин әмірін өнеге тұтып тиімді пайдаланса, ол кезде тар да қапырық әлемнен шығады да зәулім ағашқа айналады. Сөйтіп дәндегі шағын ақиқат пен мағынауи рух, зор ақиқатқа айналады. Дәл сол сияқты адам баласына үлкен мән беріліп, құдіреттен маңызды жиhаздар, тағдырдан құнды бағдарламалар берілген. Егер адам баласы, жер асты тәрізді мына тар дүниеде және тұрмыста манағы рухани жиhаздарды нәпсінің құмарлығына жұмсаса, шіріген дән тәрізді өткінші ләззәттармен, қысқа өмірде, тар жерде өткінші күй кешіп, дән шіріген дән сияқты өте шығады.

Ал, егер адам, дән тәрізді бейімділігін Исламның нәрімен суарып, иманмен жарық беріп, құлдық атты топыраққа егіп мағынауи жиhаздарын Құранның әмірлеріне сай, шынайы мақсаттарға пайдаланса, әлбетте әлем-і мысалда және берзахта өркен жаятын сондай-ақ ахирет пен жәннәтте жеміс беретін мәңгі ағаштың дәні, мәңгілік ақиқат жиhаздары жинақталған таңғажайып машина, әрі әлем атты ағаштың мүбәрәк нұрлы миуасы болады.

Иә, нағыз даму деп, адамға берілген жүрек, рух, ақыл, көңіл тіпті қиял және басқа да сезімдердің мәңгілік өмірге бағытталып, әрқайсысы өзіне тән құлшылықтарымен шұғылдануын айтады. Әйтпесе, хақ жолдан тайғандардың даму деп жүргендері; дүниелік өмірдің қыр-сырына үңілу, рахатқа батудың барлық түрлерін тіпті ең жиіркеніштісін тату үшін барлық сезімдерін, көңіл ой-санасын жүгенсіз нәпсіге ноқталап, құлқынының құлына айналдыру, ол даму емес қайта құлдырау. Осы бір ақиқатты қиялы оқиғада мына бір тәмсіл арқылы көріп едім. Тәмсіл былай болатын:

Көп қабатты зәулім сарайлары бар үлкен шәhарда жүр екенмін. Кейбір сарайлардың ауласы жайнап тұр. Жалт-жұлт еткен шамдар, театр тәрізді еріксіз көз тартады. Баршаның көңілін көтеретін ойын-сауықтар ұйымдастырылған. Сондай бір үйге көз түсіп кетіп еді, үйдің қожайыны төменге түсіп, есік алдында итпен ойнап жүр. Ханымдар болса, бейтаныс жігіттермен көңілді сұхбаттасуда. Бойжеткен қыздар кішкентай балалардың ойындарын қызықтап әрі жөнге салып басқарып жүр. Үйдің күзетшісі болса оларды басқарып тұрғандай әкім киімін киіп алыпты, бейне бір артист дерсің. Сонда барып, мына зәулім сарайдың іші бос қаңырап қалғанын білдім. "Ие, барлық маңызды міндеттер қараусыз қалған екен. Ахлақтары бұзылған ғой шамасы, түрлері мынау" деп, одан әрі жүріп едім, тағы бір зәулім сарайға тап болдым. Ескі алдында тапжылмайтын, ісіне адал ит пен сұсты да салмақты күзетшіні көрдім. Аулада қою тыныштық бар болатын. "Мынау неге мұндай, анау неге ондай" деп білгім келіп, ішіне кірдім. Қарасам үйдің іші жайнап тұр. Әрбір қабатта үй тұрғындары өз міндеттерімен шұғылдануда. Бірінші қабаттағылар сарайдың басқарма істерімен айнылысуда, оның жоғарысында қыздар мен балалар сабақ оқуда. Оның үстіңгі қабатында ханымдар ою-өрнектермен нақыштап кесте тоқуда. Ең үстіңгі қабатында қожайын телефон арқылы патшамен байланыс құрып, халқының қамы үшін әрі өзін де дамытып жетілдіру үшін жеке басына қатысты және ортақ әрі өзекті мәселелермен айналысып отырғанын көрдім. Олар мені көрмегендіктен ешкім ештеңе демеді. Емін-еркін әбден араладым. Содан сыртқа шығып айналама қарасам, шәhарда екі түрлі сарайлар бар екен. Себебін сұрап едім: "Анау ауласы жайнап тұрған, іші бос сарайлар атақты кәпірлер мен хақ жолдан тайғандардікі. Ал, басқалары зиялы мұсылман ғұламаларыныкы!" - деп жауап берді. Содан бір бұрышта тұрған сарайға көзім түсті. Маңдайшасында "Саид" деген жазуды көріп алаңцай бердім. Үңіле түсіп едім өз бейнемді көргендей болдым. Сасқанымнан айқайлап жіберіппін, есімді әреңжидым.

Осы бір қиялы оқиғаны саған жорып берейін, Аллаh қайырын берсін!

Тәмсілдегі шәhар болса, адамдардың қоғамдық өмірі мен мәдени тұрмысы. Әрбір сарай бір адам. Сарай тұрғындары дегені, адамдағы көз, құлақ, жүрек, рух, ақыл-ой, нәпсіқұмарлық пен әуестік сияқты сезімдер. Адамдағы барлық сезімдердің өзіне тән әр түрлі құлшылық міндеттері, жеке-жеке ләззәттарі, өзіндік қайғылары бар. Нәпсі мен әуестік, құмарту мен сақтану сезімдері ит пен күзетші тәрізді. Міне, аталған құнды сезімдерді нәпсіқұмарлық пен әуестіктің еркіне беріп, ноқталап беру, оларды асыл міндеттерінен босату әрине даму емес қүлдырау, жетілу емес азғындау. Қалған жақтарын өзің жорып ал.

Үшінші нүкге: 

Адам, іс-әрекет, амал жасау және өзін материалдық жағынан қамтамасыз ету тұрғысында әлсіз жануар, әрі бейшара мақұлық. Оның бұл тұрғыда иелік жасау мен билік жүргізу алаңы өте тар. Тар болғаны сондай ана басында түрып, қолын созса мына басына тиіп тұр. Тіпті адамның асыранды үй жануарлары оның әлсіздігі, бейшаралығы және жалқаулығынан әсер алғаны соншалық, оларды жабайы тұқымдастарымен салыстырғанда үлкен айырмашылықтар байқалады. (Үй ешкісі мен тау ешкісі, жылқы мен жабайы жылқы т.с. с) Алайда, адам баласын, әсер алу, мақұлдау, дұға ету мен тілену тұрғысынан алып қарағанда, ол мына "дүние" атты қонақжайда қадірлі жолаушы болып табылады. Жолаушылап түскен үйінің қожайыны өте мейірімді, жомарт, Кәрім болғаны сондай, оған өзінің теңдесі жоқ туындылары мен қызметшілерін бағындырып, сарқылмас қазынасын алдына жайып тастаған. Қонағының дем алып тынығуына, қызықтауына әрі пайымдалануына әзірлеген алаңының үлкендігі сондай, адамның көзі тіпті қиялы жеткен жеріне дейін созылып жатыр.

Міне, егер адам, менмендікке салынып дүниелік бәз өмірді қиядап әрі өкінші өмірдегі ләззәттар үшін еңбек етсе, тар алаңда булығып өте шығады. Оған берілген күллі жиhаздар мен құралдар, құнды сезімдер хаширде оның үстінен шағым жасап дауа салатын куәгерлерге айналады. Ал, егер өзін қонақпын деп білсе, иелігін қонақжай иесі Зат-ы Кәрімнің рұқсат еткен алаңында жұмсаса, иелік алаңы кеңіп, мәңгі өмір жолында адал еңбек ететін болады. Тынығып дем алған соң ала-и иллийне бет алады. Әрі оған берілген күллі жиhаздар мен құралдар өздерінің ризашылықтарын білдіріп, ахиретте оны жақтайтын куәгерлергеайналады. Рас, адамға берілген күллі ғажайып жиhаздар мына түкке түрғысыз дүниелік өмір үшін берілмесе керек, олар өте маңызды мәңгі өмір үшін берілген. Өйткені адам баласын жануарлармен салыстырғанда жиhаздар мен құралдар жағынан өте бай. Хайуаннан қарағанда олар жүз есе көп. Хайуандық өмір сүру мен түрмыста рахатқа бату тұрғысында жүз есе нашар әрі төмен. Себебі татқан әрбір ләззәті өзінен кейh мыңдаған қайғылы ізі қалдырады. Өткен күндердің өкініштері, келешектің қорқыныштары тіпті әрбір ләззәттің аяқталу сәтіндегі өкініш пен қайғы, оның қуанышын су сепкендей басады. Жүрегін сыздатып орнына дақ қалдырады. Бірақ хайуан мүндай емес, мүңсыз ләззәтқа батып уайымсыз рахаттанады. Өткен күндердіңөкініштері, келешектің қорқыныштары оның мазасын алмағандықтан маңғаздана ішіп-жеп Халиқына шүкір етеді.

Демек, ахсән-і тақуим түрінде жаратылған адам, фәни өмірді басты мақсат түтса, жиhаздар жағынан жүз есе бай болса да құс екеш қара торғайдан жүз есе төмендеп кетеді. Бұл ақиқатты басқа жерде бір тәмсілмен баяндаған болатынмын. Сол бір тәмсілді қайталаудың реті келіп отыр, тәмсіл де былай болатын:

Баяғыда бір мырза екі қызметшісін шақырып, біреуіне он алтын ұсынады да, оған: "Мынаған өзіңе арнап тиісті матадан бір қабат киім тіктір!" деп бүйырады. Екіншісіне мың алтын және жазуы бар бір жапырақ қағазды қалтасына салып, екеуін базарға жолдайды. Әуелгі қызметші он алтынға тәуір матадан өзіне шақ, әдемі киім сатып алады. Екінші қызметші болса, ақымақтық жасап, әуелгі қызметшіге еріп, қалтасындағы есеп-қисап қағазына қарамастан сатушыға мың алтынын беріп, бір қабат киім өтінеді. Нысапсыз саудагер мұны түсіне қойып, оған матаның ең шірігінен тігілген бір қабат киімді ұстата салады. Бейбақ киімді алып қожайынына келеді. Қожайынын ашу кернеп оны ауыр жазаға тартады.

Міне, ана екінші қызметшіге берілген мың алтын, тек бір қабат киім үшін емес, үлкен сауда жасау үшін берілгендігін азғана ақылы бар адам аңғарған болар.

Дәл сол сияқты адамдағы мағынауи жиhаздар мен құнды сезімдердің әрқайсысы жануардағы сезімдермен салыстырғанда жүз есе артық. Мәселен: сұлулықтың барлықтүрін айыратын көз, тағамдардың сан-алуан дәмдерін сезетін тіл, ақиқаттардың егжей-тегжейін зерттейтін ақыл, әсемдік атаулыға тым құштар жүрек(көңіл) сияқты тағы басқа толып жатқан жиhаздар мен сезімдер қаншалықты керемет десеңізші! Оның қасында жануарлардың өте қарапайым, бір-екі саты ғана жетілген сезімдері түкке тұрғысыз емес пе? Араларындағы айырмашылық болса жануар өзіне тән іс-қимылында - кейбір жануардың кейбір мүшесі ғана - жақсы дамиды. Алайда ол даму тек өзіне тән.